Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2537 0 пікір 14 Қазан, 2010 сағат 05:15

Ғаббас ҚАБЫШҰЛЫ. Намыссыздан намыс іздегенше Гоби шөлінен қамыс ізде

Гоби шөлін ауызға алмай-ақ қоюыма болар еді, өйткені кесіртке көлеңке таба алмайтын құм дала Қазақстанда да жеткілікті. Бірақ бізде соңғы жылдары алыс-жақын шетелдердің анаусы мен мынаусына жатып-тұрып тамсанатын  «жаңа дәстүр» қалыптасты. Соны «силап», Гоби шөлінен бір-ақ шықтым. Екіншіден, таңдайымызды сора сол тамсануымыздың бір куәсі - Алматының Көктөбесіндегі баяғы «Битлз» тобына ескерткіш тұрған серуен көшенің (аллеяның) екі жағына тізілтіп тамаша ағаштар отырғызылғанын естіп, ол «тарихи салтанатқа» қатыса алмаған «өкінішімнің» орнын осы мақаламмен толтырудан басқа шарам қалмады. Қаланың дізгін-шылбырын ұстап отырған жайсаңдар мен қасқалар, олардың көпшіктерін құшақтап жүрген басқалар сол топтың көкесі болған Джон Леннон марқұмның аруағы алдындағы парыз-қарыздарынан құтылған екен. Ал Джокеңе құран бағыштап па, жоқ па, - оны сұрау есіме келмепті. Мәселе қыздырма әншінің мұсылман болған-болмағанында емес, аруағына бас июшілердің еркінде ғой.

«Битлздықтарға» ескерткіш  көктен топ етіп түскендей қойыла салған кезде жағамызды ұстап, Алматы қаласының шегінде қазақтың күй атасы Қорқыт пен бұлбұлы Күләшке, Ақан сері мен Біржан салға, Әміре мен Құрманғазыға...  немесе, ең болмағанда, Қожанасыр мен Алдар көсеге, Тазша балаға ырымға жоқ белгінің жателдік желкілдек-селкілдектерге бұйырғанын ашынып айтқанбыз да, жазғанбыз да. Ол орынды наразылығымыз «мәселе шешкіштеріміздің» құлағына шалынып, «құпталып», көп ұзамай Таразда анау «Сәттілік серкелері» («Джентельмены удачи») кинофильмінің кейіпкерлеріне ескерткіш орнатылғанын естідік. Кейіпкерлерінің біреуі: «Я из Джамбула» дегені үшін. «Ғажап», ә?!.  «Ғажап» болғанда қандай,          Крыловтың «Васька құлағын түріп қойып жей бердісі»  болды да шықты.
Ескерткіш дегенде еске түсетін жәйттер жеткілікті және көбі жұртшылықтың талап-тілегіне кереғар. Мысалы, сонау жылдары, Алматыда Сәкен Сейфуллин даңғылы ашылғанда, Сәбит аға Мұқанов бастаған оншақты ақын-жазушы Қазақстанның партия мен үкімет басшыларына хат жазып («Қазақ әдебиеті» гәзетінде жарияланды), даңғылдың ыңғайлы бір тұсына Сәкенге ескерткіш қойылса екен деген тілек айтты.  Ол тілекті қолдаушылар аз болмады. Бірақ ескерілген жоқ. Орталық стадионға Қажымұқан Мұңайтпасов аты беріліп, алдына балуанның ескерткішін орнату сұралды. Ескерілмеді.
Тәуелсіздік алдық. «Бар пәле сонда!» деп білетін Кремльден құтылдық. Ақмола Астанаға айналып, апыл-ғұпыл өзгеріс басталды, қыруар құрылыс қолға алынды. Шаруа біраз еңсерілгеннен кейін ескерткіш мәселесі қолға алынды. Көше бойлары мен алаңшаларға жан-жануарлардың мүсіндері қойыла бастады: көкала, қызылала, жасылала жылқылар мен түйелер көбейді. Бейнелі топ ескерткіштің ортасына президент Н. Назарбаевтың тік тұрған кейпі ораластырылды. Керей мен Жәнібек хандардың ескерткіші «әләуләй мен хәләуләй» болып, ақырында тиянақ тапты. Өзім әлі көрген жоқпын, ал көргендердің айтуына қарағанда, екі ханның біреуі дулығасын киіп, бөркін қолына ұстап тұрса керек.  Неткен «тапқырлық» десеңізші!
Иә, тәуелсіздік бұйырғалы он тоғыз жыл болды. Осы мерзімде Астанада: не Абылай мен Бұқарға, не Қабанбай мен Бөгенбайға, Көкжал Барақ пен Наурызбайға... Шәкәрім мен Махамбетке... немесе Алаш арыстарына ескерткіш қойылмады. Кенесары ескерткіші болса, қала ортасына жолатылмай, өзеннің жағасында тұр. Бұл «жұмбақтардың» да шешуін іздеп, талай айттық та жаздық, - билік жақ жым-жырт.
Бұл жәйттердің бәрі билік басындағылардың, Көктөбе мен Таразды жайлаған қалталылардың қазақы намысына байланысты. Бар намыс ешқайда қашпас еді-ау, бірақ жоқ болып тұр ғой! Гоби шөлінде ну қамыс пайда болғанша тосатын шығармыз, сірә.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5440