Мұхтар ШАХАНОВ. Ұлтсыз ұстаздар мен жалтақ жазушылар
«...Қала басшылары былтыр да, биыл да біз «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясын өткізетін күнге «Қала күнін» мерекелеуді дәстүрге айналдырып алды. ...Акцияға Өнер Академиясы мен ҚазМҰУ-ден келген студенттер өздеріне жатақханадан шығуға тыйым салынғанын, М.Шаханов ұйымдастырып отырған жиынға бармау керектігі туралы үгіт жүргізіліп: «егер бұған құлақ аспайтындар болса, оқуларымен қоштаса берсін» деп күш көрсеткенін айтты. Кейбір жоғары оқу орындары декандарының акция өтетін жерді төңіректеп, өз студенттерінің келген, келмегенін бақылап жүгендері де әйгіленіп қалды. Міне, осылайша билік тарапынан жүргізілген айла-шарғылар Республикамыздың әр адамына азаматтық міндет боп есептелетін «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясына келушілердің жолын кесті. Алайда біз оған мойымаймыз. Өйткені тілді, ұлтты қорғау ешкімнің жеке мүддесі емес...»
(«Мемлекеттік тілді қолдау» акциясына
қатысушылардың мәлімдемесінен.
«Жас Алаш», 21 қыркүйек, 2010 ж.)
«...КСРО-ның кезіндегі Қазақстан Жазушылар Одағы қандай еді? Сол кезде бұл Одақ тіркелмеген ұлттық партияның рөлін атқарды... Жазушылар Одағы қазақ халқының сүйеніші, таянышы болды...
Қазіргі кез - қазақ жазушыларының да, Қазақстан Жазушылар Одағының да беделінің әбден төмендеген, құлдыраған кезі...

Ұзын сөздің қысқасы, біз Қазақстан Жазушылар Одағының бұрынғы беделін қайтаруымыз, қайта қалыпқа келтіруіміз керек».
Қабдеш Жұмаділов,
Қазақстанның халық жазушысы
(«Қазақстан Жазушылар одағының бұрынғы
беделін қайта қалпына келтіруіміз керек»,
«Жас Алаш», 21 қыркүйек, 2010 ж.)
«...Жазушылар Одағының жарғысына өзгерістер енгізбексіздер. Ол бойынша бұрынғы төраға Құрметті (мәңгілік) төрағаға айналмақ және ол қамқоршылар кеңесін басқарып, жазушылар сайлаған секретариаттың шешіміне вето қою құқығын иеленбекші. Біріншіден, Жазушылар Одағы ерікті түрдегі қоғамдық ұйым. Барлық шешім көпшіліктің ұйғарымымен қабылдануға тиісті. Ал бәрінің үстінен қарайтын, сайланған секретариаттың шешіміне вето қойып отыратын Құрметті төраға ешқандай қисынға келмейді. Ондай авторитарлық жүйе шығармашылық ұйымның табиғатына жат нәрсе!»
Төлен Әбдік,
ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
(Қазақстан Жазушылар Одағының 75 жылдық мерейтойы
аясында өткен Пленумында сөйлеген сөзінен.
22 қыркүйек 2010 ж.)
«...Қазақстан Жазушылар Одағы басқаның бәрі қызметтен кетсе де, тек Нұрлан Оразалин ғана өз тұғырын сақтап қалатын «Құрметті төраға» дегенді ойлап тауыпты. Бұл үлкен басшылар армандап жүрген «мәңгілік төрағаның» төменгі билік арнасынан бой көрсетуі емес пе? Жазушылар Одағының осындай шешім қабылдауын және онысын кейбір қарсыластарынан үркіп, баспасөзде жарияламауын қалай түсінеміз? «Құрметті төраға» өте қажет болса, онда бұл рухани лауазымға Қазақстан Жазушылар Одағының тұңғыш төрағасы Ілияс Жансүгіровты бекітейік. Әрине, олардың мұндай қадамға бет бұрмасы анық. Өткендегі «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясына Жазушылар Одағының мерекелік тойына жиналған қаламгерлердің үштен бірі барған болса, ұлттық мүдде қандай биікке көтерілген болар еді. Ұлт, тіл жойылса сол жазушыларыңыз және олардың кітаптары кімге керек? Осы қарапайым қағиданы түсінбейтіндеріне қайранмын. Менімше билік зиялыларды мәңгүрттендіру процесін тікелей Жазушылар Одағының өзінен бастаған секілді...»
Дулат Исабеков,
жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
(Телеарнада сөйлеген сөзінен.)
Біз Алматы қаласында,
От пен өсек арасында
«Мемлекеттік тілді қолдау» акциясын өткіздік.
Тіл өлсе ұлт қалмайтынын,
Рухсыз бақыт болмайтынын
Космополиттенген билік құлағына жеткіздік.
Бірақ, бірақ, институттарда, мектептерде...
Тапсырмамен кілең қазақ ұстаздары бірлесіп,
Рухсызданған билік-атқа мінгесіп,
Жанын салды сол жиынға жібермеуге жастарды.
Тілге, ұлтқа қарсы күрес ұстаздардан басталды.
Осы ма еді ел күткені,
«Ұлтшылдарды» жеңдік деді,
Ол сорлылар шыққандай бір абыройлы белеске.
Бұл, әрине, қызметі үшін ұлтын сату емес пе?
Бес жүздей тіл жанашыры әр қырынан билікті
Қатал сынға ап шүйлікті.
Ешкім мұны «өткен жиын дей алмайды ат үсті».
Әйтсе де оған елім деген,
Ұлт мұңынан жерінбеген
Он-ақ қазақ жазушысы қатысты.
Үш күннен соң Жазушылар Одағының керемет
Мерекелік бір тойы өтті, даңғойлықты өрелеп.
Ал сол тойға мыңға жуық қаламгерлер жиналып,
Жеңісті айтып, табысты айтып алға асқан,
Тіл тағдырын есіне де алмастан
Өз басшысын мадақтады сөз таба алмай қиналып.
Қазір әрбір «ТЖ – басшы» тұру керек санада,
Нақ сол күні сайлады оны етіп «мәңгі төраға».
Иә, сөйтсе де Оразалин Қоразалин болмады.
Тек биліктің тарландарын тау көріп,
Тіл мүддесін көтергенді жау көріп,
Тауықалин, Шөжеалиннің деңгейінде самғады.
Сөйлесе де жағы талмай,
Қораздық күш таныта алмай,
Тілге жаны ашымайтын мүскіндерді қолдады.
Намысы өлген рухсыздар тоқтығы,
Және үркек «Шөжеалиндер» шаттығы
Халқымыздың күрескерлік парасатын қорлады.
«Мемлекеттік тілді қорғау – орыстың да борышы,
Неміс, ұйғыр, татарға да ол міндет ісі, ар ісі...»
Ендеше одан неге қашты талай қазақ «арысы?»
Ұлтсызданған басшыларға жалтақ-жалтақ қараумен,
Және олардың кезектесе «туфлиін жалаумен»,
Көбісінің мүлдем өліп қалды ма екен намысы?
Ұлт дегенде жасырынар, мұңы жұртқа қосылмай,
Жүрегінде шындық оты ойнамайтын жасындай,
Тіпті сатқын басшыны да қабылдайтын досындай
Бір кездегі «табанды ердің»,
Бүгінгі үркек қаламгердің
Бұл замандық құнсызданған бет-бейнесі осындай.
«Ұл-қызыма, немереме тие ме деп – зияны»
Бұғып қалды кейбір ұлтқа жаны ашитын зиялы.
Өз шаттығы үшін олар ұлт мүддесін қияды,
Мұндай мінез тек сатқындық ауқымына сияды.
Қазір елге телпек емес, еркек керек табанды.
Ұлтын, тілін қорғамайтын
Қорғағанды қолдамайтын адамды,
Ұлт, тіл үшін күреспейтін,
Күрескенге ілеспейтін адамды
Көрсем болды елестетем
Дәнін біреу иеленген сабанды...
....................................................
Күн туа ма оятатын мәңгүрттенген қоғамды?
Түпнұсқадағы тақырып -
ҚЫЗМЕТІ ҮШІН ҰЛТЫН САТҚАН ҰСТАЗДАР
немесе
ТІЛДІ ҚОЛДАУ АКЦИЯСЫНА ЖАЗУШЫЛАР НЕГЕ КЕЛМЕДІ?