Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2000 0 пікір 16 Қазан, 2010 сағат 06:13

Қазына қаражатын жымқырған деп айыпталып, Обнинскіде қолға түскен қазақстандықты Ресей Қазақстанға бермекші

Алматы. 16 қазан. ҚазТАГ –Ресей ҚР қазына қаражатын жымқырған деп айыпталған Қазақстан азаматы Владимир Свирскийді  Калуга облысының Обнинск қаласында ұстап,  Қазақстанға бермекші, деп Калуга облысының прокуратурасы хабарлайды.

«Обнинскіде қолға түскен Қазақстан азаматын қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін ол өз елінің құқық қорғау органдарына тапсырылады», - делінген қадағалау органының сайтында.

Хабарда айтылғандай, Обнинскідегі ІІБ қызметкерлері ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында аса ірі мөлшеде қаражат жымқырған деп айыпталып, Қазақстан құқық қорғау органдарымен халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Владимир Свирскийді 4-ші қазанда ұстады. Қылмыс жеті жыл бұрын Астанада жасалған.

Прокуратура мәліметтерінше, 2003-ші жылғы желтоқсаннан бері В. Свирский ҚР ІІМ тергеу органдарынан Омбы, Самара, Мәскеу облыстарында жасырынып жүріп, кейін Калуга облысының Обнинск қаласына тоқтаған.

В. Свирский 2002-2003-ші жылдары «ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында басқалармен бірге жалған фирмалардың есепшотына Астана қазына басқармасының ақшасын аудару арқылы ұрлық жасаған» деп айыпталады.

Сол ұрлықтың нәтижесінде қазынаға $1 млн және Т40 млн (шамамен 40 млн рубльге барабар)сомадағы шығын келген, делінеді прокуратура сайтында.

«Свирскийді экстрадициялауға ешқандай кедергінің жоқтығы себепті облыс прокуратурасы қылмыстық қуадалау мақсатында оны Қазақстан Республикасының құзыретті органдарына тапсыру үшін Ресей Федерациясының бас прокуратурасына тиісті құжаттарды жіберді», - деп Калуга облысының қадағалау органдары хабарлайды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475