Сәрсенбі, 11 Желтоқсан 2024
Ақмылтық 11548 46 пікір 20 Сәуір, 2017 сағат 12:38

Мәскеудің мысы құрыды. Орыс тілі ықпалынан айырылды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "латын әліпбиіне" көшу туралы тапсырмасынан кейін ел ішінде қызу талқы басталып кетті.

Әсіресе, бөтен елдің ішкі саясатына араласпаса басы ауырып, балтыры сыздайтын Ресейдің жорналшылары мен прокремльдік дезинформаторлар Президент Назарбаевты нөпір сынның астына алуда. Қазақтың латынға қайтып оралуын сатқындық деп ашық айыптап, қала берді территориялық қысым жасауға бейіл екендіктерін байқатты.

Жә, орыс тілді ортаның оқыра тигендей осқырынуының тағы бір себебі бар екен. Соңғы 20 жылда посткеңестік кеңістікте орыс тіліне сұраныс азайыпты. Financial Times басылымы солай дейді. Бұл туралы Стив Жонсон жазады.

-Орыс тілі Орта Азияда ықпалынан айырылуы - Ресей Президенті Владимир Путиннің қарулы агрессиясына қарамастан Мәскеудің мысы құри бастағанын көрсетеді, - дейді Стив Жонсон.

Енді Financial Times жасаған статистикаға көз жүгіртсек, орыс тілін көп қолданатын елдің бірі Қазақстан екен. Бұл елде 2016 жылғы дерек бойынша 20,7 пайыз тұрғын үйінде орысша сөйлейтінін айтса, 1994 жылы бұл көрсеткіш 33,7 пайыз болған.

Эстония мен Латвияда жағдай осыған ұқсас. Бұл жақтарда орыс тілділердің саны 1994 жылмен салыстырғанда 10 пайызға азайып кеткен.

Украинада орыстілділердің саны 1994 жылы 33,9 пайыз болса, былтыр 24,4 пайызға дейін азайған.

2008 жылы Ресеймен соғысқан Грузияда орыстілділердің саны 6,4 пайыздан 1,1 пайызға қысқарған.

Тек Беларусияда орыс тілді қолданып жүргендердің саны елдегі халықтың жартысынан асып түскен. Мұнда былтыр елдің 71 пайызы орыс тілін үздіксіз пайдаланатын болып шықты.

Financial Times басылымы біріккен ұлттар ұйымының деректері мен Euromonitor International зерттеу ұйымы жинаған ұлттық халық санағына сүйеніп отыр.

Бұл ретте, Дуванов дейтін журналист "Қазақстанда қазақ тілінсіз карьера құруға болады, орыс тілінсіз жоқ" деп жазады.

"Иә, қазақ тілінде сөйлейтіндердің саны артып келеді. Дегенмен, негізгі жұмыс итілі орыс тілі болып тұр. Қазақ тілінсіз карьера құруға болады, орыс тілінсіз бұл мүмкін емес", - дейді Сергей Дуванов.

Орыс журналистінің мына сөзі ащы болса да шындық.

"Қазақ тілінің ең үлкен проблемасы - ол мемлекеттік тілі бола алмай жатыр", - дейді.

Сіз не дейсіз, оқырман?

Нұрзат Тоқажан

Abai.kz

 

46 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1640