Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3093 0 пікір 20 Қазан, 2010 сағат 19:57

«СЕН САЛАР ДА МЕН САЛАР...»

«Дала мен Қала» газетінің 18-қазанда жарық көрген №41 санында әріптесіміз Қалмаханбет Мұқаметқали   «ЕСIМОВ ҮМБЕТОВТЕН НЕГЕ ҮЛГI АЛМАЙДЫ - 2?» деген сауал тосыпты. Алдымен аталған газеттегі автордың шолуына көз жүгіртіп шығайық.

 

«Бірден басын ашып алайық: біздің Алматы әкімімен арамызда алты аласы, бес бересіміз жоқ. Әрі дәл осы тақырыппен «Дала мен Қаланың» бетінде бұған дейін жарық көрген мақаламызды қайталмақ ниеттен де адамыз (Қараңыз, «ДмҚ», №22, 8-маусым, 2009 жыл, «Есімов Үмбетовтен неге үлгі алмайды?»).Бірақ...

«Дала мен Қала» газетінің 18-қазанда жарық көрген №41 санында әріптесіміз Қалмаханбет Мұқаметқали   «ЕСIМОВ ҮМБЕТОВТЕН НЕГЕ ҮЛГI АЛМАЙДЫ - 2?» деген сауал тосыпты. Алдымен аталған газеттегі автордың шолуына көз жүгіртіп шығайық.

 

«Бірден басын ашып алайық: біздің Алматы әкімімен арамызда алты аласы, бес бересіміз жоқ. Әрі дәл осы тақырыппен «Дала мен Қаланың» бетінде бұған дейін жарық көрген мақаламызды қайталмақ ниеттен де адамыз (Қараңыз, «ДмҚ», №22, 8-маусым, 2009 жыл, «Есімов Үмбетовтен неге үлгі алмайды?»).Бірақ...

Арғы аптада қазақ басылымдары Алматы ескерткіштеріне қатысты әңгімеге кезек берді. Мәселен, «Иә, халқымыздың шетелдік өнер жұлдыздарына деген құрметі ерекше. Ескерткіштері Көктөбеден күліп қарайды. Джон Леннон, Пол Маккартни, Ринго Старр... Ал «Самал» ықшамауданында Джон Леннон атындағы көше бар. Рас, тұрғындар ол үшін қала әкімдігіне ұсыныс тастап та жатпаған, «Джон Леннон көшесі» деп жазған да, іліп қойған. 30-тамыз күні, халқымыз Конституция күнін мерекелеудің орнына «Астана» алаңында «Битлздің» 50 жылдығы мен Джон Леннонның 70 жылдығын тойлады...»-деп жазды «Айқын» газетінің тілшісі Нұрболат Аманжол. Ал, «Алматы ақшамы» «Ленин қалғанымен, Леннон қалмай келеді» деді. «Алаш Айнасы» «Рок-жұлдызға алея бүйырған Алматыда Алаш арыстарының саябағы қашан ашылады?» - деп сұрау салды. Дәл осы ескерткіштен басталған дауға интелегенция да үн қоса кетті.Жазушы Ғаббас Қабышұлы айтыпты: «Қаланың тізгін-шылбырын ұстап отырған жайсаңдар мен қасқалар, олардың көпшіктерін құшақтап жүрген басқалар сол топтың көкесі болған Джон Леннон марқұмның аруағы алдындағы парыз -қарыздарынан құтылған екен...» деп («Abai.kz» ақпараттық порталы).

Әрине, мәдени астананың мұқым шаруасының бәріне әкім жауап беруге міндетті емес шығар, әрі ат бауырынан ақша сауып үйренген көп пысықтың әрекетіне қала басшысын кінәлау да артық болар. Бірақ, біздің елдегі идеологиялық насихаттың ақы иесі атқарушы билік қана еді ғой, осыдан келіп Смағұлұлының сынға ұшырайтыны анық сөзсіз. Мейлі, көшіп те, қашып та кететін мәселе емес екен, жалғыз-ақ пәрменмен жөнделетін, керек болса күреп, сүйреп тастайтын қара тасқа бола азаматтың алтын басына сонша сөз айтқанымыз жөн болмас деп жұбанғымыз да келген... Алайда, дәл осы қол басындай қара тастан құйылған ескерткіштің өзін елдік мұратқа негіздеп орнатып жатқан ағайынның тірлігін көріп, «қап» демеске кәдік не? Мысалы, өткен жұмада Алматы облысының Кербұлақ ауданындағы Алтынемел ауылында Тезек төре мен Бөлтірік шешенге қойылған ескерткіш белгінің ашылу рәсіміне арналған шаралар өтті. Ал, келесі күні Қапшағай - Бақанас автожолының бойында Қабан жыраудың кесене-күмбезі салтанатты түрде ашылып, бабаға арнап ас берілді. Сәл әріде ғана облыс орталығында Нұрғиса Тілендиевке ескерткіш қойылды. Мұны қомсынсаңыз, Талдықорғанның табалдырығында айқара құшақ ашып тұрған тарих атасы Қадырғали Жалаиридің биік тұғырдағы бейнесін, қала төріндегі қара найзасына сүйенген Қаракерей Қабанбай батырдың ескерткіштерін еске салайық, ендеше...

Ендеше, Есімов Үмбетовтен неге үлгі алмайды?»

 

P.S. Жоғарыдағы жолдардың үтір нүктесіне дейін «Дала мен Қала» газетінен көшіріп басқан соң біз мынандай ойға келдік: Есімовтың есігін шалқайта ашып, екілене айқайласаң да ол Үмбетовтен ескерткіш мәселесінде үлгі алмайды.  Жуық арада: «Серік Әбікеныш не істеп жүр-ей!» - деп елең етер сыңайы және байқалмайды. Ендеше, «қашпаған сиырдың уызынан» дәметкендей болмайық. Біздің жағымыз талғанша сөйлеп-сөйлеп, соңынан жағалай қирап жататынымыздың себебі де - осы: болмас істің артына түсіп болдыратынымыз. Сондықтан, «Құдайсыз қурай басы сынбайды» деп қол қусырып қана отырмай іске кірісу керек. Мысалы, Ғабеңе - Ғаббас Қабышұлына, «Әнуар Әлімжанов атындағы» аллея ашып, неге тал екпеске?.. Әкесі шау тартқан  қу малшыға жарып келе жатқан қазақы тәсілімізге салып ақсақалдарды осындай бір игі іске «жұмсап алуды» жөн көрдік. Неге? Өйткені, қазақтың шаруасын біреу келіп істеп бермейді. Қазақтың тілегіне иіліп, тілін түсінетіндер де керенау қабақты кеңселерден табыла бармейді. Жаз. Жаз. Және жаз - бәрібір. Әрине, пікір туғызып, мәселеге ел мен ел үстінен күн көріп жүрген атқамінерлердің назарын бұрып жазған да дұрыс, жабыла қимылдаған тіпті дұрыс. Дегенде, Ғабең қасына тілеулес інілерін ілестіріп қалалық әкімшілкке бір барып қайтса қалай болар екен... Аллея ашудың жөн-жосығын Мэлс Елусізовтан сұрап біле салу қиын емес шығар. Кімге, қалай жолығу керек, өтінішті қалай жазу керек, тағы не істеу керек, қазақтың бір баласы ғой, Елеусізов ерінбей түсіндіруден қашпас, сірә. Әрине, «абайшылдар, аңқытып ақыл айтқанша өздерің неге өнеге көрсетпейсідер!» деп сөгетін көптің ішін біліп отырмыз. Бірақ біздікі ақыл айтудан бұрын ой тастау. Шынында, ауызбірлік танытып, талап етсек, әкімге бір, әркімге бір сілтемей нақты жоба жоспар құрып қимылдасақ (әңгіме тек Әнуәр Әлімжановтың атында аллея ашуда ғана емес) істің беті бері қарар. Орыстілді жұрттың ойнап айтқанына жүгіріп кететін атқарушы билік қазақпен де санасар деген дәме ғой біздікі. Әйтпесе, есіл күндеріміз «сен салар да мен салар, атқа жемді кім салармен» өтіп барады емес пе?..

 

 

«Абай-ақпарат»

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1486
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5515