Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2337 0 пікір 21 Қазан, 2010 сағат 10:59

Мырзахан Айсарин. Туыс емеспіз, дулатпыз!

"Время" газеті қазақ билігінің жоғары эшелондарындағы қарым-қатынастар мен қақтығыстар туралы хабардар басылымдардың бірі. Газетті сол жақта қажетті ақпаратпен қамтамасыз ететін, ал қажет болса оған ара түсетін мықты құрылтайшылары да жоқ емес. Сондықтан да болар қазақ баспасөзі бара алмайтын көптеген ащы тақырыптарды еркін қозғай береді. Сондай тақырыптардың бірі билік орындарындағы тамыр-туыстық һәм рушылдық мәселесі.

Жақында газетке танымал журналист Геннадий Бендицкийдің "По семейным обстоятельствам" деген мақаласы жарияланды. Онда Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының судьясы Гүлнар Сағынбекованың "белсенді қызметі" туралы айтылыпты. Барлығын топшылай келе, "Времяның" журналисті Гүлнар ханымның үстінен біраз арыздардың түскенін, олардың барлығы дерлік қараусыз, нәтижесіз қалып жатқанын тілге тиек етіпті. Бұның "сиқырын" Бендицкий мырза осы кейіпкердің Жоғары соттың төрағасы М.Әлімбеков пен Бас прокуратурадағы дөкейлерге жақындығымен түсіндіруге тырысқан.

Мысалы, дейді Бендицкий, Гүлнар Сағынбекова кезінде Жамбыл облыстық Ішкі істер басқармасын басқарған генерал Мейірхан Жаманбаевтың туған қызы-мыс. Оның шешесі қазіргі Жоғары сот төрағасы Әлімбековтың туған қарындасы екен. Әлімбеков өз кезегінде қазіргі Бас прокурор Қайрат Мәмиге құда болып келеді дегенді естіп жатырмыз. Олай болса Сағынбекова ханым да прокуратураға жау болмас деп түсінеміз.

Қойшы, не керек, әйтеуір сот жағындағылар осының барлығын тізіп жазған "Время" газетіне өлердей боп өкпелейді. Жай ғана өкпелемейді, осының барлығын теріске шығаруды талап етеді. Соттар мен прокуратурдағы шен-шекпенділердің атынан осындай хатты Алматы қалалық сотының төрағасы Т.Барпыбаев жазыпты. Біз үшін бар қызығы осы хатта.

Барпыбаев мырза Бендицкийдің мақаласындағы фактілерді жоққа шығарғандай болып, ақырында ең "мошный" дәлел келтіріпті. Онысы былай (цитата): "Более того, совершенно необоснованно в статье указано о якобы родственных отношениях судьи Сагынбековой Г.М. с Председателем Верховного Суда РК Алимбековым М.Т. и "высокопоставленными чиновниками" Генеральной Прокуратуры. Если обратиться к истории, то действительно в Х-ХI веке можно найти общего родственника между Председателем Верховного Суда РК и судьи Сагынбековой Г.М. - Дулата, в XI веке у которого было четыре сына Жаныс, Шымыр, Ботпай, Сикым. При этом, Алимбеков М. Т. является потомком Ботпая, а мать судьи Сагынбековой Г. М. - потомком Жаныса".

Бәрімізде қазақпыз. Қазақ болған соң шыққан тегіміз бар, шежіремізді білуге тырысамыз. Алайда, ешқайсымыз да шежірелерімізді төлқұжатымыз бен жұмыстағы анкетаға қосып жатқанымыз жоқ. Щежіре сот үшін де, заң үшін де дәлел болып табылмайды. Ол адамның жақсы-жамандығының да, алыс-жақындығының да кепілі бола алмайтынын жақсы түсінеміз. Сондықтан да болар, Барпыбаевтың ресми хатын оқып, оны жазғандардың да, оған қол қойғанның да есі дұрыс па деп ойланып қалдық. Егер шынымен де Сағынбекова ханым асқан маман болса, онда неге оның жұмысының көрсеткіштерін, кәсіби маман екенін аңғартатын деректерін көрсетпейді? Осындай "Біз тума-тамырлас емеспіз, бірақ біз бір руданбыз" деген "қисынсыз" хаттармен адамды ақтай алмайсың, керісінше, қаралайсың, мазақ қыласың. Қазағың бөлінсе ауылдың ішінде де бөлінеді, қосылса Адам ата мен Нұх пайғамбардың өзіне дейінгілерді ағайын етіп жібереді емес пе? Осыны аңғарған "Времялықтар" да қарап қалмапты: жазылғандардың барлығын сот алдында дәлелдеп береміз, шежіреге келетін болсақ біздер он бірінші ғасырда өмір сүрген жоқпыз, ештеңе айта алмаймыз деп.

Айналып келгенде Алматы қалалық сотының төрағасы Барпыбаев сол "Время" газеті сынаған қазақ билігіндегі рушылдық пен тума-тамырластықтың кең орын алып отырғанын мойындап отыр емес пе? Егер ондайы болмаса бір рудың ішіндегі екі үлкен атаның арасына он ғасыр салып ажырастырғаны қай сасқаны? Тіпті таң қалдық: бұл судья заңдардан гөрі басшылары мен қызметкерлерінің шежіресін тереңірек біле ме деп? Рушылдық, руға бөліну осындай "есеп-қисаптан" басталмай ма? Егер Сағынбекова керемет маман, сұрапыл заңгер болса Әлімбековке орынбасар болсын Оған титтей де қарсылығымыз жоқ. Бірақ, аталған газет жазғандай оның жұмысына қатысты қисынды сұрақтар туындап жатса, кешіріңіздер, сотқа жақындауына қақы жоқ. Бұл орайда, әрине, Жоғары сот басшылығына да заңды сұрақтар пайда болатыны ешкімге де жұмбақ болмас. Оның үстіне ру мәселесі ресми құжатқа енсе, ертең бара-бара Конституциямыздан бірақ шықпасына кім кепіл? Онсыз да парламентті, билік органдарын рулық принциппен құрайық деген надандар табылып жатыр. Бұлай кете берсек, инновациялық, зайырлы, зерделі мемлекет емес, феодалдық далбаса қоғамның қотанында отырып даңғырлайтын боламыз! Жиырма бірінші ғасырға әупірімдеп жеткен ұлтымызды Барпыбаев айтқан он бірінші ғасырдан бірақ шығарып жүрмейік!

Не болса да ісімізге де, сөзімізге де сақ болайық, ағайын! Абай болайық!

"Абай-ақпарат"

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502