Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2340 0 пікір 21 Қазан, 2010 сағат 11:04

Ассамблеядан шашу: Зәһаров патриот екен!

«Орыстарсыз қазақтар мемлекет құрып отыра алмайды» деп сарнап жүрген Юрий Зәһаров  еліміздің патриоты екен. Зәһаровты Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасарлығынан алып тастардың алдында біздегі саны аз ұлттардың біріне айналып келе жатқан орыс қауымдастығының басшысы Юрий Бунаков Елбасымыздың атына ашық хат жазып Зәһаровқа тиспеңізші деп зар илепті. Бунаков әлгі хатында «Юрий Филиппович еліміздің нағыз патриоты, Президентке шын берілген қоғам қайраткері» дейді. Еліміздің «патроиты», Елбасына шын берілген «қоғам қайраткері» жуырда не деп еді? Былай деген болатын:

«Орыстарсыз қазақтар мемлекет құрып отыра алмайды» деп сарнап жүрген Юрий Зәһаров  еліміздің патриоты екен. Зәһаровты Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасарлығынан алып тастардың алдында біздегі саны аз ұлттардың біріне айналып келе жатқан орыс қауымдастығының басшысы Юрий Бунаков Елбасымыздың атына ашық хат жазып Зәһаровқа тиспеңізші деп зар илепті. Бунаков әлгі хатында «Юрий Филиппович еліміздің нағыз патриоты, Президентке шын берілген қоғам қайраткері» дейді. Еліміздің «патроиты», Елбасына шын берілген «қоғам қайраткері» жуырда не деп еді? Былай деген болатын:
«- Біз 20 жылдың ішінде талай жағдайды бастан өткердік. Тіпті тәуелсіздіктің алғашқы жылдары әсіре ұлтшылдықты да көрдік(Әсер ұлтшылдар. Олар кімдер? Қай ұлттан шыққан әсіреұлтшылдар?-«Абай.кз») Қателікке де бой алдырып, дауласып та жүріп, ақырында барлығымыз біз кемеде жүргенімізді түсіндік. Қазақтардың орыстарсыз мемлекет құра алмайтынына көзі жетті.  Өз күшімен мемлекет құру үшін олар әлі 18 миллионға көбеюі керек. Президент, орыстардың жүздер (Зәһардың ойынша біз әлі ұлт емес екенбіз.-«Абай.кз») арасындағы татулықты сақтауға қағылған сына екенін жақсы түсінеді. Өйткені орыстар қазақтардың өзара қырықпышақ болуына жол бермейді. Біз осындай ұстаныммен алға жылжып келеміз. Бізге үнемі қолдау көрсететін жиырмаға жуық шенеунік бар (көрдіңіз бе, әңгіме қайда жатыр?-«Абай.кз»). Олар орыстардың жақсы өмір сүруіне ең алдымен қазақтардың өздері мүдделі болуы керектігін жақсы біледі. Ал Ресей елшілігі бізді түсінгісі келмейді. Олар бірнәрсені білуі тиіс. Қазақтар ешқашан өз жерінде Ресейдің мемлекетін құрмайды (дәмесін қарай гөр.-«Абай.кз»). Әйтпесе, егемендігі жоғалады. Бірақ Қазақстан халқының 35 пайызын құрап отырған орыстарға билік органдарында жол ашылуы тиіс. Заңда осы мәселе қаралуы керек. Егер орыстардың саны 30 пайыз болса, олардың биліктегі үлесі де сондай болуы қажет».
Осылай да осылай деп осқырына сөйлеп жүрген Зәһаровты қорғап Елбасына хат жазған Бунаковтың қатарынан тағы да Олажас Сүлейменов табыла кетті. Олжастың қасында ұйқысынан ұлтшыл болып оянып, Күн төбеге көтерілгенде космополиттердің дастарханынан түстеніп, кешке үйіне қазақы ұлтжандылығынан ұялып қайтатын Мұрат Мұхтарұлы Әуезов бар. Екеуі де «е-е» деместен қазақты қорлап, қазақ мемлекетін күстаналап сөйлейтін, пиғылы теріс Зәһаровтың күйін күйттеген хатқа қол қойыпты! Әйткенменде, Зәһаров Ассамблея төрағасының орынбасарлығынан қағылып орнына Юрия Тимошенко тағайындалды.
Тимошенконың қоғамдық жұмысына сәттілік тілей отырып ойлаймыз: неге осы ел ішін алабүлікке бастайтын сөз басқа емес, Елбасының өзі жанына тартып жағаттап жүрген жандардың аузынан шығады? Мысалы, «патриот» Зәһаров күні кешеге дейін орыс диаспорасымен жұмыс істеген болып жүріп не демеді? Сонда ол  қай елдің патриоты атанып, қай мүүденің сойылын соқты? Патриотымыздың парқы осы болғаны ма сонда? Қазақстандағы патриоттар лабароториясы -  Ассамблеяге кімдер жиналған? Олар кімдер? Олар мынау ақжал толқын атқан замандағы Қазақстан халқының  бүтіндігін, амандығын, ынтымағын ойлаған адамдар ма, әлде, салтанатты сарайларға жиып әкеліп жүк сияқты үйе салған  жасанды бейнелер ме? Әлемде жоқ деп әспеттесек те осы Ассамблеяның бір жан сүйсінетін тірлігі көзімізге түсер емес. Кешелі бері өтіп жатқан жиынның нұсқасы  баяғысынша ұлт көшбасшысын жарыса мақтаудан, жамырай сөйлеулен аса қойған жоқ. Бір кәріс шығып алды да аузы басы жыбырлап «Нүреке, елді билей беріңіз» деді жыпылықтап. Нүрекең күлді. Күлмегенде қайтсін? Сосын әлгінің сөзін әзілге айналдырғандай «Кореяда адамды қартайтпайтын дәрумен бар екен, соны жеткізіп берсең, 2020-дейін жылы орнымды суытпаймын» деді. Ас пен тойдың асабасы сияқтанып кеткен ассамблеяшыларымыздың құрылтайы құдды бір ертегі сияқты: ертегі есіңізде ме, мәселен, Күн астындағы Күнекей! Патша жетім баланы жоқ нәрсеге жұмсап сергелдең етеді емес пе? Бірақ, тумысынан пысық, басына бақ дарыған бала бәрін тауып әкеле береді. Сөйтіп Күн астындағы Күнікей қызға жолығады. Біздің ассамблеяшыларымыз да сол жүгермекке ептеп ұқсайды. Бірақ, ойларында не барын Құдайым білсін. Әйтеуір, әрненің басын бір шалып Елбасымыздың көзіне ерен идеялармен көрінуге, сөйтіп жағынуға шебер. Өткенде Қызылжар атауына қазылкеңірдіктене дау айтқан Башмаков деген депутат-ассамблеяшы «Ұлт көшбасшысы деген заңды Конституияға енгізу керек» деп балпылдады. Ал, Елбасымыз болса: «Барлық қазақстандықтар қазақша сөйлеуі керек. Бірақ оған уақыт қажет», - деді.
Әрине, Уақыт қажет, бірақ біз уақыттың не үшін қажет екенін ұмытып қалғанға ұқсаймыз. Уақыт-уақыт деп жүріп ұққанымыз - еліміздің патриоттары зәһаровтар екен.    Тоқсан ауыз сөздің түйіні, тойдан шашу деген осы болады.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5504