Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2461 0 пікір 27 Қазан, 2010 сағат 04:37

Жемқорлыққа қарсы қанша соққы берсек те, жеңістің ауылы жеткізер емес

Қазақ билігінің елдегі жемқорлықпен «аяусыз» күресіп жатқанының жемісі болса керек, Қазақстан жемқорлық жайынан жасалған тізімде 178 елдің ішінде 105 орынға табан тірепті. Абырой болғанда, Ресей мен Қырғызстандағы жемқорлық бізденде сорақы екен. Тізімде көрші елдер біздің артымызда шаң қауып қалыпты.

Сөз болып отырған тізімді «Трансперенси Интернешнл» ұйымы 178 елде сарапшылар мен іскер адамдар арасында сауалнама жүргізіп, соның негізінде жемқорлық бойынша жылдық есебін жариялаған. Тізім 0 дан 10 балға дейінгі көрсеткіш бойынша есептеледі. 0 жемқорлықтың жемтігіне айналған дегенді білдірсе, 10 жемқорлықтың аздығын көрсетеді. Осы көрсеткіш бойынша алғанда алғашқы ондыққа Дания, Жаңа Зеландия, Сингапур, Норвегия, Швеция, Финляндия, Канада, Нидерланды, Австралия, Швейцария елдері кірсе, атақты Америка - 22 нші орында тұр. Қазақстан - 105 нші орынды Молдавиямен бөліскен екен. Совет өкіметінің боданынан босаған елдер арасында жемқорлықтың жеміне айналмай жанталасып күресіп, жетістікке жетіп келе жатқан Эстония - 26 ншы, Литва - 46 ншы, Латвия - 59 ншы, Грузия - 68 нші орынды иеленген. Ал, Қазақстанның шаңына ілесе алмай қалған елдердің ішінде Әзербайжан және Украина - 134 нші,  Армения - 123 нші, Белоруссия - 127нші,  Ресей - 154нші, Қырғызстан - 164 орынға жайғасса, Түркімения мен Өзбекстан - 172 орынды ағайыншыласып бөлісіпті.

Сонымен, жемқорлыққа қарсы он соққы түйені түгімен, жылқыны жігімен қылғытқандарды есеңгіретіп, жемқорлыққа қарсы күресте биліктің бишігінен ызғар естіртіріп тұрғанын бүгінде ел біледі. Және бұл күрес қаржы полициясын қоғам назарына ерекше іліктірді. Бірақ, елдегі баспасөз жемқорлықпен күрес науқанға айналды, бұл күресте айран ішкендер құтылып, шелек жалағандар тұтылып жатыр деген пікірді де көлделең тартып келеді. Тіпті, жемқорлыққа қарсы күресті өз пайдасына асырып, қарсыласынан кек алып, жем тауып жүргендер де баршылық дейді баспасөзге сенсеңіз. Әйтеуір, қалай болғанда да, елде жемқорлыққа қарсы күрес жүріп жатыр. Қайырын берсін Сіздерге...

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5437