Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2693 0 пікір 27 Қазан, 2010 сағат 12:42

Ермұрат БАПИ. ...Ә?

«Жасартатын дәрі керек дейді, ә?».

Қызық. Енді табиғаттың сағатын да алдап соққысы келеді! «Құнанбайды алған бұл өлім, сабыр қылсақ керек-ті», - деген Абайды білмейді-ау, сірә.

Бір мемуардан оқығаным бар: жас ұзарту мәселесімен айналысқан Александр Богомолец деген украиндық ғалым болған. Ол өз зерттеулері барысында адамның 150 жасқа дейін өмір сүру мүмкіндігі бар деген тұжырым жасапты. Осыны естіген Сталин жас ғалымның еңбегіне жағдай жасап, зерттеулеріне ақша аямапты. Ол қырықтан асар-аспасында Украина ғылымының академигі, елуге жетер-жетпей, КСРО академигі атанып, сталиндік сыйлық, Социалистік Еңбек Ері атағын алады. Содан 1946 жылы 65 жасында академик кенеттен қайтыс болып кеткенде, Сталин:

-Вот, жөлік, алдап кетті! - деген екен.

Қара да тұр, бұны да алдап кетеді.

Кім дейсіз бе?

Жасартатын эликсир іздеп жүргендер!

Өткенде бір кәріс шал сол эликсирге эксперимент жасаймын деп шәйіт болды, марқұм. Енді Роман Ким деген көп «кімнің» тағы біреуі іздеп кетті. Таппайды. Тапса, тағы бір «кім» Ир Сен өлер ме еді? Ол түгілі, ежелгі қытайдың қырық буын дәрісіне шомылған Маоның «қош» дегеніне қырық жыл болды.

Сонда да эликсирге емеуріні күшті, ә?

Жөн ғой енді: жан тәтті, жиған-терген малдың қызығы да тәтті, қайтсін-ай! Астанадан ашылған жаңа университетіне де адамды жасартатын технология табуды тапсырыпты.

Бірақ деймін-ау, сонда, біздің қазақты жазылмайтын  «жаман ауру» жалмап жатқанда, жасартатын дәрі не сәнім?! Кез келген қазақтың есігін қағып: «Рактан өлген кімің бар?» - деші, көлдей тізім жасап береді. Тіпті ол жеткен жетпіс түгілі, қырқында қыршынынан қиылған жастар кетіп жатыр. Бәлкім, эликсирден гөрі, обырдың осы ойранын тоқтатар дәрі іздетсе, ілуде біреуге дәру болар ма еді, ә?

Ал құрт ауруы құртқан қазақтың қамын жеген сөзін естідіңіз бе? Мен естімедім. Ресми деректер бойынша, Қазақстанда туберкулез өліміне душар тоқсан мың адам бар екен. Ал биресми ақпарды айтқызбайды. Себебі, имиджімізге нұқсан келеді: бүкіл әлемнің алдында ойқастап бара жатқан ел үшін ондай дерек «дөрекі» көрінеді екен.

«Ақ қан», «қызыл қан» деген қан қақсатқан аурудың есебін алған адам жоқ. Оның есебі «фронтовой сводкадан» жаман. Бес жасар баласына шетелде операция жасату үшін, үш бөлмелі жалғыз пәтерін сатқан қазақты білемін. Қазір баласы азамат болып қалды. Бірақ баспанасыз, ағайындарының «времянкасында» тұрады.

Қайсыбірін айтасың: мыңғырған мысал көп. Ал өзі жетпісіне жетіп алды. «2020-ға дейін кетпеймін!» - деп отыр. Знашит - сексен!

Отырсын! Отырсын-ау, егер доғдыр жазып берген бес дәрінің біреуін бес күн алуға ақшасы бар қазақтар көбейсе, отыра берсін. Тоқсанында да түспесін. Шәкер ақын айтпақшы, жүзіне де барсын, боқ жеп. «Өлім барда қорлық жоқ» - деп Абай атам айтқандай, қайысқан қазақ құтылар бір күні өліп, ит тірліктен. Ә?..

 «Общественная позиция»

(проект «DAT» № 38 (75) от 27 октября  2010 г.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5417