Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2307 0 пікір 28 Қазан, 2010 сағат 06:38

Қазақстан «Чуркестан» емес!

Қарағанды облысындағы іскер әйелдердің бірі Ирина Бардаченко мен құрбысы Ксения Филимонова екеуі еліміздегі шен тағып, шекпен киген шенеуніктердің бойында бір шөкім намыс пен ұлттық мүдденің қалғанына шексіз күмәнданып отыр. 2009 жылдың маусым айында маусым айында Иринаның көлігін көзінше орыс әскери базасының «уазигі» келіп соғады.  Көлік тізгінінде Ресей әскерінің қатардағы қызметкері Илья Урбанцев отырыпты. Куәгерлер көп болғандықтан әуелі кінәсін мойындаған орыс әскері әйелдер құжатын сұрап, полицияға хабарласпақ болған кезде құтырынып шыға келген.

- Сендердің Чуркестандарыңда маған ешнәрсе істей алмайсыңдар! Полигон командирінің жеке жүргізушісімін. Құжаттарымды көрсетіп, полициямен сөйлесетін уақытым жоқ, - деп бастаған Урбанцев былапыт сөздерді боратып кете барады.

Осыған шамданған Ирина Бардаченко Урбанцевтің ұрынып сөйлеген ұсқынсыз сөздерін негізге алып, оған куәгер тартып, дүйім қазақ азаматттары мен өзіне келген моральдық және материалдық шығын өтеу туралы сотқа арыз түсіреді.

Бір қызығы, ел мен жердің намысын қорғау үшін құрылған сот аяқ астынан Ресей әскери қызметкерінің жағына тайқып шыққан.

Мәртебелі, ЕҚЫҰ-ның толеранттылығына сай төзімді сотымыздың судьясы Бағдат Серғалиев  Отанымыздың намысын қорлаған орыс әскериін моральдық тұрғыдан кінәсіз деп тауып, Ирина Бардаченкоға 85 мың теңге көлемінде материалдық шығынын төлеуі туралы үкім шығарған екен. Соттың үкіміне сенсек, «Чуркестан» сөзі орыс әдеби тілінің аясына сыйып, ол балағат және басқада нормативті емес лексиканың құрамына жатпайды екен. Сөйтсек, орыс жаргондарының сөздігінде «Чуркестан» деген сөзге нақты анықтама бар екен. Сол сөздік бойынша жоғарыдағы сөз «Чурка» деген сөзден шыққан екен. Оның бірінші баламасы - есуас, нақұрыс адам да, екіншісі - Қапқаз және Орта Азия тұрғыны-мыс.

Ал, моральдық шығын қайда қалды?! Бұны сұрап жүрген қазақ зиялылары емес, кәсіпкер замандасымыз Ирина Бардаченко: «Мен сот шешімінде «Чуркестан» деген сөздің Қазақстан деген сөздің әдеби синонимі дегеніне үзілді-кесілді наразылығымды білдіремін. Бұл шешімді конститутцияға қайшы және абсурдты екенін мәлімдей отырып, осыған қатысты тиісті құқықтық шаралардың қабылдануын талап етемін!» - деп отыр.

Сот шешіміне қатысты наразылығын Бардаченко ханым Президент әкімшілігіне, Парламент депутаттарына, Бас прокуратураға және әділет министрлігіне үшбу хат етіп жолдапты. Өкінішке қарай, олардан мардымды жауап ала алмапты.

Өз кезегінде Қарағанды облыстық прокурорының орынбасары Мәдениет Ертісбаев сот шешімінің өзінің заңды күшіне еніп, оған ештеңе істей алмайтынын айтып отыр. Президенттің «бұлбұлы» атанған Ермұхамбет Ертісбаевтың аттасы да, прокуратураның басқа да қызметкерлері бұл үкімге қатысты ештеңе істей алмайтындарын айтып отыр. Ендігі жерде, патриот әйелдер Қазақстанның саяси партиялары мен қоғамдық күштеріне үндеу салудан басқа амалдары қалмағанын айтады.

Егер, Қазақстанның заңдарының толыққанды орындалуын, оның атына дақ келмеуін қамтамасыз ету үшін құрылған прокуратура органдары осындай бейшаралық пен немкеттілік танытып отырса, онда елдің, жердің, мемлекеттік атымен, абыройын кім қорғамақ? Әлде билігіміз бар, өзіміз бар Чуркестан екенімізге мойынұсынып кеттік пе?!

Әлде қазақтың намысы тек Ирина Бардаченко сияқты отандастарымызға ғана керек пе?! Қарағандылық қазақ баспасөзі мен зиялылары қайда қарап отыр?

Жалпы алғанда, Приозерск қаласында орын алған осы бір кішкентай оқиғаның өзі қазақ жерінде орналасқан шетелдік әскери базалардың құқы мен статусы жөніндегі заңнамалар мен келісімдерді қайта қарап, барлығын орын-орнына қоятын уақыт жеткенін көрсетеді. Қазақ топырағында жүрген кез келген жат азамат осы елдің заңын, арын, намысын қастерлеуі һәм сыйлауы тиіс! Болмаса есі бар да елін тапсын!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415