Ерқоян Қамысбек. «Балапан» саған айтам, балам сен тыңда
«Құдайға шүкір! Барлығы да жақсы. Біздер үшін жанын берген, бабаларымыздың өнегелі өсиеттерін жадымызды сақтап, даналықтарын өмірімізде пайдаланып ғұмыр кешіп келеміз», - деп айтасақ, қып-қызыл өтірікші боламыз. Неге дейсіздер ғой?
«Ел боламын десең бесігіңді түзе», - деген өсиетке көңіл бөліп, балаларына дұрыс тәрбие беріп, өмірдің қыр-сырын түсіндіріп ұясынан ұшыратын ата-анаға биыл бір жеңілдік болды. Ол қандай жеңілдік? Ата-ана балаларының тәрбиесін «Балапан» арнасына тапсырды. Аты айтып тұрғандай «Балапан» арнасы еліміздегі алғашқы қазақ тіліндегі жас балаларға арналаған телеарна.
Ел боламын десең экраныңды түзе...
Қуаныштымыз! Балалар өз ана тілінде бағдарламалар көреді. Арна қазақ тілді болғаннан соң ұлттық құндылықтарды ұрпақ санасына сіңіретін болды. «Шрек», «Человек паук», «Мадагаскар» деген пайдасыз мультфильмдерді көруді тоқтатып, енді қарадомалақтарымыз «Алпамыс» «Махамбет», «Қобыланды», «Ертөстік» көріп, қайсар, батыр, ақын бабаларымызға еліктеп өседі», - деп қалың жұртшылықтың көңілі көтерілді.
Армандыпсың ақ тоқты, қысты күні көк шөпті

Үмітіміз ақталмады. Бірақ жалп етіп өшіп қалған да жоқ. Белгісіз жел, шетелдің қара бұлтын айдап алып келді. Сүйтті де әлсін-әлсін маздап тұрған ұлттық мүддемізге суық жауынды себелетті. Махамбет, Алпамыс, Ертөстікті көреді-ау деген балаларымызға «Балапан» арнасы шетел мультфильмдерін қазақшаға аударып, елге - арзан, пайдасыз өнім ұсынды. Тек мультфильм емес, бірнеше американдық киноларды ата тілімізге аударыпты. Түсінбедім... Неге?
Тіл күшейсе де.........
«Балапанның» тілі ғана қазақша болғаны қайран қалдырды. Балаларға бүкіл шет елдік өнімдерді ана тілімізге аударып ұсынсақ та, бүлдіршіндерімізді ұлтын сүйетін, тілін құрметтейтін, бабалар дәстүрін дәріптейтін азамат етіп қалыптастыра алмасымыз айдан анық. Бүгінгі ұлттығымыз әлсіреген уақытта ұрпағымыздың тілін емес, ділін тәрбиелеуіміз қажет сияқты. Солай болуы да керек. Ал, «Балапан» оны қалай ұмытты? Бұхар, Абай, Ыбырайлыр жайлы кино, мультфильм неге түсірмейді. Қазақтың даралары да даналары солар емес пе? Болашағымызға жанымыз ашыса, даналардың дара сөздерін ұрпақтың саналарына неге дарыптайды? Жоқ әлде «Балапанның» мақсаты басқа ма?
Айға қолды созбайық...
«Енді ғана ашылдық, әлі техникалар жетіспейді», деген сылтауды естімейміз деген үміттеміз. Шет елдік өнімдерді сатып алуға кеткен қаржының көлемі, батырларымыз жайлы жүздеген мультфильмдер, бағдарламалар жасауға жететіні көзі ашық адамға түсінікті дүние. Енді ғана жұмыртақыны жарып шыққан «Балапаннан» мұндайды күтпеген едім.
«Абай-ақпарат»