Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2748 0 пікір 28 Қазан, 2010 сағат 11:27

Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ. НАМЫС АЯҚҚА ТАПТАЛДЫ

Естерiңiзде болса, бiз бұған дейiн газетiмiзде "ЭФЕС-Қарағанды" сыра зауытының Алматы филиалында супервайзерлiк қызмет атқарған (бүгiнде бұл қызметiнен босатылған) Надежда Бендзьдiң қазақ жұмысшыларына зауыт iшiнде қазақ тiлiнде сөйлеуге тыйым салып, қоқан-лоққы көрсеткенiн ашып жазған едiк. "Қазақ тiлiнде тек еден жуатын шүберекпен ғана сөйлесесiңдер" деген өктем сөздi естiп, намыстан өзегi өртенген қазақ жұмысшылары мұны сол күйiнде қалдырмауға тырысып, Қарасай аудандық сотына шағым түсiрген. Жетi талапкердiң арызы бойынша Надежда Бендзьге қатысты азаматтық сот процесi бiрнеше отырысқа созылып, апта басында нүкте қойылды. Алайда, аудандық сот моральдық зиян шегiп, құқығы бұзылған жұмысшылар талап еткен 7 млн. теңгенi қанағаттандырған жоқ. Турасын айтқанда, тiл үшiн күресте қазақ жұмысшыларының тауы шағылып, қазақ тiлi жетiм баланың күйiн кештi. Соңғы сот отырысы ұзаққа созылды. Бұл жолы Надежда Бендзь өзiмен бұрын жұмыс iстегендерден мiнездеме алып келiптi. Тiптi, куәгер ретiнде екi-үш қазақ әрiптестерiне сөз беруiн өтiндi. Онысы түсiнiктi де. Өйткенi, олар Надежданың қазақ жұмысшыларымен ара-қатынасы жақсы болғандығын, мұндай сөздi бетке басуға дәтi бармайтындығын айтудан танбады.

Естерiңiзде болса, бiз бұған дейiн газетiмiзде "ЭФЕС-Қарағанды" сыра зауытының Алматы филиалында супервайзерлiк қызмет атқарған (бүгiнде бұл қызметiнен босатылған) Надежда Бендзьдiң қазақ жұмысшыларына зауыт iшiнде қазақ тiлiнде сөйлеуге тыйым салып, қоқан-лоққы көрсеткенiн ашып жазған едiк. "Қазақ тiлiнде тек еден жуатын шүберекпен ғана сөйлесесiңдер" деген өктем сөздi естiп, намыстан өзегi өртенген қазақ жұмысшылары мұны сол күйiнде қалдырмауға тырысып, Қарасай аудандық сотына шағым түсiрген. Жетi талапкердiң арызы бойынша Надежда Бендзьге қатысты азаматтық сот процесi бiрнеше отырысқа созылып, апта басында нүкте қойылды. Алайда, аудандық сот моральдық зиян шегiп, құқығы бұзылған жұмысшылар талап еткен 7 млн. теңгенi қанағаттандырған жоқ. Турасын айтқанда, тiл үшiн күресте қазақ жұмысшыларының тауы шағылып, қазақ тiлi жетiм баланың күйiн кештi. Соңғы сот отырысы ұзаққа созылды. Бұл жолы Надежда Бендзь өзiмен бұрын жұмыс iстегендерден мiнездеме алып келiптi. Тiптi, куәгер ретiнде екi-үш қазақ әрiптестерiне сөз беруiн өтiндi. Онысы түсiнiктi де. Өйткенi, олар Надежданың қазақ жұмысшыларымен ара-қатынасы жақсы болғандығын, мұндай сөздi бетке басуға дәтi бармайтындығын айтудан танбады. Ал, ананың ақ сүтiмен дарыған туған тiлiн қорғаған жұмысшылар "Қазақ тiлiнде еден жуатын шүберекпен ғана сөйлесесiңдер" деп сес көрсеткен Надежда Бендзьдiң айтқан сөзiн диктофонға жазып алса да, сот төрағасы айыпталушы тараптың "үнтаспаны журналистер алдында тыңдамағанымыз жөн болар едi" деген ұсынысын қабыл алғанын түсiнбедiк. Неге десеңiз, сот процесiнде ең негiзгi айғақ ретiнде ұсынылып отырған - осы аудиожазба болатын. Соған қарамастан, сот соңғы отырыста талапкерлердiң өкiлi Әдiлбек Тұрғымбаевтың "Сот шешiмi барысында басты дәлелдеме - аудиожазбаны есепке аласыздар ма?" деген сұрағына Қарасай аудандық сотының төрағасы Жантөре Ғалиев "есепке алынады" деп басын изеген едi. Бiрақ та, сот шешiмiн оқыған төраға: "Iс барысында заңсыз жолмен жазып алынған аудиожазбаның нақты айғақ бола алмайтындығын" айтты. Бiр айта кетерлiгi, Надежданы бұрын танымайтындар да аудиожазбаны тыңдаған кезде оның дауысын бiрден ажыратқаны сөзсiз. Сол дауыс, сол екпiн, сол тембр. Тiптi, арғы жағындағы қарсылық танытқан жұмысшылардың "Неге өз тiлiмiзде сөйлей алмаймыз?" деп ашынған әңгiмесi де анық естiледi. Сөйтсе де, Надежда Бендзь тiл үшiн шырылдаған азаматтарды ақша табуды көздеп жүрген қараниеттiлерге теңеп, өтiрiк жала жауып отыр деп азар да безер болды. Ол аздай, "мен бұл сөздердi күнде емес, бiр-ақ рет айттым ғой" дегенi жанға батар сөз. Оның ойынша, "қазақ тiлiмен тек шүберекпен ғана сөйлесесiңдер" деген сөздi бiрнеше рет айтқанда ғана адамның намысына тиюi керек пе? Бұл ауыр сөздi жаны мен жүрегi қазақ деп соғатын азамат бiр рет естiгеннiң өзiнде, адами құқының қорланып, қазақ тiлiнiң аяққа тапталғанын iштей сезiнедi емес пе? Талапкер Данияр Ахметов өз сөзiнде: "Надежда бiздi осындай жолмен құқымызды қорғауға итермеледi. Ол бiзге айтпағанды айтты, тiлiмiздi аяққа таптады. Қазақ тiлiне қарсы айтқан сөздерiнiң бәрi намысымызға тидi. Бiздiң көкейiмiздi тесiп тұрған ақша емес, намыс күйдiрiп барады. Айтыңызшы, неге бiз өз тiлiмiзде сөйлемеуiмiз керек?" деп қыстығып, көзiне жас алғанда олардың нағыз тiл үшiн шайқасып жүргенiне көзiмiз жеттi. Ал, Надежданы қорғауға келген зауыт өкiлi Сейдолла Уайсовтың айтқан уәжi тiптен қызық. "Талапкерлер Алмас Жұбанышев пен Асхат Баймұсанов Надежданың алдында жұмыс кестесiн өзара қазақ тiлiнде талқылайды. Бiрақ Надежда қанша рет "Өндiрiс мәселесiн қазақша емес, орысша айтыңдар" деп өтiнгенде, олар керiсiнше iстеген. Надежда бастық болғандықтан, барлық ақпаратты бiлiп, қадағалап отыруы керек. Ал, бұлар болса Надежданы ашындырып, әлгiндей сөздер айтуға итермеледi" деп қазақ тiлiн өндiрiстiң тiлiнен аластатқысы келген сыңай танытты. Шынында да, Надежда Бендзь супервайзер екен деп бiр топ жұмысшы соның ығына жығылып, бiр ұлт өкiлiнiң ғана қамын ойлауы керек пе едi?! Тiптi, осыған дейiн астамсыған Надежда мемлекеттiк тiлдi неге игермеген? Басқа басқа, бұл оның кәсiби қызметiне керек болғаны көрiнiп тұр ғой... Мұны қалай түсiнуге болады? Соның өзiнде Надеждаға тиiмдi жолды таңдап берген талапкерлер сот отырысын орыс тiлiнде өтуiн сұраған. Себебi, Надежданың "қазақ тiлiн түсiнбеймiн деп сот отырысын созбалаңға салып жiберуi мүмкiн" екенiне күмәнданбайтын жұмысшылар оның ойын емiн-еркiн жеткiзуiне мүмкiндiк бердi. Алайда, қайығы судан өткеннен кейiн доқ көрсеткен Надежда Бендзь "Егер қазақ тiлiн қорғаймын десеңдер, неге сот отырысының қазақ тiлiнде өтуiн талап етпедiңдер?!" деп күстаналай сөйлегенде, қашан да жат жұртқа жалпақшешейлiк танытатын қазекем тағы да өз бармағын өзi тiстеп қалды. Сонымен, қазақ тiлiне қатысты сот отырысында талапкерлердiң шағымы ескерiлмедi. Жеңiс мемлекеттiк тiлдi аяққа таптағысы келген Надежданың жағында болды. Осындай шешiм шығарған сот арбаны да сындырмады, өгiздi де өлтiрмедi. Бiрақ Қарасай аудандық сотында өз шаруасымен жүрген қазақ ақсақалы Надежда Бендзьдi көре сала, "Қазақ тiлiн қорлап жүрген сен бе едiң? Мен саған емес, тiл үшiн шырылдап жүрген жетi азаматқа сенемiн" деп түйген ойларын жайып салды. Ал, сот отырысы жөнiнде "ЭФЕС-Қарағанды сыра зауыты" АҚ Алматы филиалының директоры Сабыржан Белгiбаевтың ойын бiлгiмiз келгенде, ол бұл процестiң тiл туралы еместiгiн жеткiзуден бастады. - Сiзге жұмысшылар тарапынан "қазақ тiлiнде тек шүберекпен ғана сөйлесесiңдер" деген Надежда туралы айтылды ғой... - Құрал-жабдықтарды шүберекпен жуу олардың жұмысы. Негiзi бұл тiркестi контекстен дұрыс аудармаған. Соны түсiну керек. Ең бiрiншi, бұл тiлдiк емес, өндiрiстiк шиеленiс. - Сонда бұл жерде қазақ тiлiн қорлауға байланысты еш мәселе жоқ па? - Жоқ деп ойлаймын. - Жұмысшылар жазып алған үнтаспадағы Надежданың айтқан сөздерiн тыңдап көрдiңiз бе? - Тағы да қайталап айтам, ол жазып алынған дауыс заңсыз. - Бiр адам емес, 7 азамат шағым түсiрдi ғой. Сонда оларды жәй ерiккендерге теңеп отырсыз ба? - Тағы да айтам, бұл басқа мәселе. Ешкiмдi де ақтағым келiп жатқан жоқ. Бiрiншiден, зауытқа келдiк екен, жұмыс iстеуiмiз керек. Ата Заң бойынша, адам қай тiлде сөйлесем десе өз еркi. Бiрақ өндiрiстiк процесс кезiнде түсiнiктi тiлмен айту қажет. Мысалы, сiз жұмысқа келгенде, жаныңыздағы орыс болса қайтесiз? Надежда технологиялық процестiң тiлiмен айтқан. Қазақша түсiнетiн адам болса, қазақша сөйлессiн, әңгiме жоқ. - Өзге ұлт өкiлi қазақ тiлiн бiлмейдi деп, солардың ығына жығыла бересiз бе? Қазақ жерiнде тұрады. Осы күнге дейiн мемлекеттiк тiлдi үйренетiн уақыты болған жоқ па? - Ол оқып жатыр. Мақсет Жамашев, талапкер: - Бiзде дәлел болса да, екi жақты теңдей қылды. Бұл бiз үшiн үлкен соққы болды. Нелiктен өз ана тiлiмiздi аяққа таптатып жүрмiз? Өз туған тiлiмiзде сөйлей алмасақ, неге өмiр сүрiп жүрмiз? Соттың шешiмi әдiл емес деп ойлаймын. Бiз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Алмас Жұбанышев, талапкер: - Сот барысында бiздiң жақтан барлық айғақ ұсынылды. Басшылық та алғашқы кезде көмектесемiз деп, сөзiнен тайқып кеттi. Қазақ елi сот процесiн бiзбен бiрге бақылады. Кiмнiң рас, кiмнiң өтiрiк айтқанын бiр Құдай бiледi. Бiз шындықпен әрi қарай баруға дайынбыз. Қазақ болсақ та, қазақ тiлiн өз жерiмiзде қорғай алмасақ, не болғанымыз? Бiз өз дегенiмiзге жетемiз деп сенемiн. Данияр Ахметов, талапкер: - Қазақ тiлiн қорлап қоюға дәтiм бармады. Өз құқымызды пайдаланбасақ не үшiн жүрмiз? Бiздi тiптi елемегендей болды. Аппеляциялық шағым түсiремiз. Жоғары сотқа барамыз, бұл iстi аяғына жеткiземiз. Әдiл шешiм сол кезде болады деп күтемiн. Надежда Бендзь, жауапкер: - Олар сөздi дұрыс ұқпаған. Издевались. Бәлкiм сiзде де, ұрыс арасында бiр сөздердi айтып, артынан өкiнетiн кездерiңiз болатын шығар. Мен оларға ақша керек пе, әлде шындық қажет пе, бiлгiм келдi. Сот отырысында: "Егер, мен бiрдеңе айтып ренжiтсем, кешiрiм сұрауға дайынмын" деп едiм, олар: "Жоқ" деп шықты. Демек, түсiнiктi әу бастан оларға ақша керек болған. Айтыңызшы, егер олардың шағымы маған қатысты болса, неге "ЭФЕС-тi" де сотқа тартты? Себебi, менiң жалғызбасты әйел екенiмдi, ақшамның жоқ екендiгiн бiледi. Ал, "ЭФЕС" - бай, шетелдiк компания. Олар менiң жоғары жалақымды да кесiп тастауға итермеледi. Солардың кесiрiнен қызметiм де төмендеп қалды. Менiң фамилиямды қазiрдiң өзiнде бәрiне араластырды. P.S. Талапкерлер бiрауыздан мұнымен тоқтап қалмайтындығын жасырған жоқ. Олар қазақ тiлi үшiн соңына дейiн бел-шеше күресуге дайын. Ал, зауытта мемлекеттiк тiлдiң қолданылуына тыйым салғысы келген Надежда Бендзьге қатысты сот қоғамда қазақ тiлiне мұрын шүйiре қарайтын кейбiр азаматтардың бетiн қайтаратын анық мысал болды. Әзiрге жеңiс толықтай мемлекеттiк тiл жағында болмай тұр. Сот шешiмi бойынша, талапкерлердiң моральдық шығын көлемiндегi 7 млн. теңге мен өкiлдiң көмегiне деген 300 мың теңгенi Надежда Бендзьден және "ЭФЕС-Қарағанды" сыра қайнату зауыты Алматы филиалынан өндiру туралы талап-арызын қанағаттандырусыз қалдырылды. Сондай-ақ, Надежда Бендзьдiң М.А.Жамашев, А.Д.Баймұсанов, Д.А.Бейсембеков, А.Ж.Жұбанышев, А.Ж.Нұрлыбаев, А.О.Әбуов, Д.А.Ахметовке қарсы жазған талап-арызын да қанағаттандырусыз қалдырды.

"Түркістан" газеті

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406