Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 13002 0 пікір 2 Қазан, 2010 сағат 18:14

Ә.Рахымқожаева. Қазақстанға шаруалардың қоныс аударуы

(ХІХ ғасырдың аяғы - ХХ ғасырдың басы)

Артта қалған елдерді басып алып, отарға ай­нал­дыру, осы елдердің бүкіл байлығын тонау - пат­шалық Ресейдің негізгі саясаты болды. Оның шет­кі аймақтардағы халықтарға деген саясаты тек тонау­шылық және қанаумен ғана емес, әскери-отаршылдық тәртіппен де сипатталды. Реакциялық патша үкіметі орыс тұрғындарын ұлттық облыстардағы халықтарға төменгі нәсіл ретінде өктемшілдікпен қарауға тәр­биеледі.

Патша үкіметінің отаршылдық саясатының мақ­са­ты - орталық губерниялардағы жерсіз «артық» шар­уалардың помещиктерге қарсы наразылығын бәсеңдету үшін оларды шеткі ұлттық аймақтарға көшіру еді.

1861 жылғы реформадан кейін жерсіз қалған шаруалар жер үшін помещиктермен революциялық күрес жүргізген еді. Бұл күрес патша үкіметінің не­гізін шайқалту қаупін туғызды. Осы күресті патша үкіметі шаруаларды шеткі аймақтарға көшіру арқылы әлсіреткісі келді. Патша үкіметінің шаруаларды қоныс аудару бағыты түрлі кезеңдердегі экономикалық және тарихи жағдайларға байланысты өзгеріп отырды.

ІІІ Мемлекеттік Думаның екінші сессиясында социал-демократиялық фракцияның атынан сөйлеген депутат Войлошников түрлі кезеңдердегі патша үкі­метінің қоныс аудару саясатына мынадай сипаттама бер­ді:

(ХІХ ғасырдың аяғы - ХХ ғасырдың басы)

Артта қалған елдерді басып алып, отарға ай­нал­дыру, осы елдердің бүкіл байлығын тонау - пат­шалық Ресейдің негізгі саясаты болды. Оның шет­кі аймақтардағы халықтарға деген саясаты тек тонау­шылық және қанаумен ғана емес, әскери-отаршылдық тәртіппен де сипатталды. Реакциялық патша үкіметі орыс тұрғындарын ұлттық облыстардағы халықтарға төменгі нәсіл ретінде өктемшілдікпен қарауға тәр­биеледі.

Патша үкіметінің отаршылдық саясатының мақ­са­ты - орталық губерниялардағы жерсіз «артық» шар­уалардың помещиктерге қарсы наразылығын бәсеңдету үшін оларды шеткі ұлттық аймақтарға көшіру еді.

1861 жылғы реформадан кейін жерсіз қалған шаруалар жер үшін помещиктермен революциялық күрес жүргізген еді. Бұл күрес патша үкіметінің не­гізін шайқалту қаупін туғызды. Осы күресті патша үкіметі шаруаларды шеткі аймақтарға көшіру арқылы әлсіреткісі келді. Патша үкіметінің шаруаларды қоныс аудару бағыты түрлі кезеңдердегі экономикалық және тарихи жағдайларға байланысты өзгеріп отырды.

ІІІ Мемлекеттік Думаның екінші сессиясында социал-демократиялық фракцияның атынан сөйлеген депутат Войлошников түрлі кезеңдердегі патша үкі­метінің қоныс аудару саясатына мынадай сипаттама бер­ді:

«Патша үкіметінің қоныс аудару саясаты - үкіметтің бүкіл аграрлы саясатының бір буыны. Помещиктерге арзан жұмыс күші ретінде әлсіз шаруалар керек болғандықтан, үкімет шаруалардың қоныс аударуын тоқтатып, оларды барынша Ресейде қалдыруға тырысты. Бұл аз болғандай, патша үкіметі шаруалардың өз бетімен қоныс аударуын тоқтату үшін күресті. Біртіндеп тұрғындардың саны өсіп, уақыт өзгерді: наразы пролетариат пен аштыққа ұшыраған шаруалар саны көбейді. Патша үкіметі қоныс аударуды өзінің аграрлы саясатының негізіне айналдырды...» [1].

Патша үкіметінің шеткі аймақтарға қоныс аудару саясаты дворяндармен қатар Ресей буржуазиясының да мүддесін қорғады.

Өз мүддесін іске асыруда Ресей буржуазиясы Қазақстандағы феодализмнің мықты сарқыншақтарына ғана емес, орта ғасырдың күшті сарқыншағы Ресейдегі патша үкіметіне де сүйенді. Отар елдердің халықтарын тонау мен қанауда патша үкіметі мен буржуазия арасындағы біртұтас майдан қалай құрылған екен?

Бұл сұраққа жауапты біз В.Лениннен, оның «Ресейде капитализмнің дамуы» деген еңбегінен та­бамыз: «Капитализм өзінің билік ауқымын үнемі ке­ңейтпей, жаңа елдерді отарламай және капиталистік емес ескі елдерді дүние жүзілік шаруашылық аймағы­на тартпай өмір сүре алмайды» [2].

Осылайша ол капитализмнің терең және кең даму мәселесін көрсетті. «Нарықтың құрылу процесі капитализмнің екі жағын көрсетеді: капитализмнің терең дамуы, яғни нақты,шектелген территорияда капиталистік жер шаруашылығы мен капиталистік өнеркәсіптің дамуы және капитализмнің кең дамуы, яғни капитализм билігінің жаңа территорияларда тарауы» [3].

Ресей капитализмінің кең даму процесі шеткі аймақтарды, оның ішінде Қазақстанды патшалық Ре­сейдің отарына айналдыру процесі болды. Қазақстан басқа да шеткі аймақтардағы елдер сияқты орталық Ресейдің фабрикалық өнімдерін өткізу және шикізат қорына біртіндеп айнала бастады.

Капитализмнің империалистік сатысында Ресей Қазақстанға капитал шығара бастады. Бұл капитал Қа­зақстан жерінде шикізат қорын ашып, табиғи ре­сурстарды тонап, арзан жұмыс күшін пайдалану үшін қолданылды.

Жүз мыңдаған орыс шаруаларын Ре­сейдің шеткі аймақтарына қоныс аударудың басты себебі - 1861 жылғы крепостной правоны жойғаннан кейінгі Ресейде қалыптасқан аграрлық қатынастар еді. Аталған реформа шаруалардың жағдайын жақсарта алған жоқ. Керісінше, басыбайлықтан босаған шаруалар жердің жетіспеуін сезінді. Сөйтіп олар амалсыз шеткі аймақтарға көшуге мәжбүр болды.

Жердің жетіспеуі 1858 жылға санақ бойынша соңғы үш жылда дүниеге келген ер адамдарды ес­кермеуде болды. Сонымен қатар уақыт өткен сайын тұрғындардың саны өсе түсті. 1861 жылы Ресейдің ауыл тұрғындары 50 млн.адам болса, 1900 жылы 86 млн. адамға жетті. Яғни тұрғындардың саны 72 % -ға өсті [4].

Егер осы есептен кулак шаруашылықтарын алып тастасақ, шаруалардың кедей бөлігінің жерінің аздығы анық көрінеді. В.Лениннің «ХIХ ғасырдың аяғындағы Ресейдегі аграрлық мәселе» деген еңбегінде ХIХ ғасырдың аяғына таман Еуропалық Ресейде жер аздығының көлемін көрсетеді. Шаруалардың қоныс аудару қозғалысының басты себебі жердің аздығында жатыр. Өндіргіш күштердің деңгейін қарастырмай шаруалардың қоныс аудару себебін тек жердің аз­дығымен түсіндіру жеткіліксіз. Себебі бірдей жер участогі түрлі жағдайда түрлі нәтиже береді. Олай болса шаруа шаруашылығының өндіргіш күштері қандай деңгейде болды? Қарапайым соқа мен ағаш жыртқыш, бұдан туатын жерді қарапайым өңдеу және астықтың төмен өнімділігі, жиі болып тұратын қуаңшылық пен егіннің шықпай қалуы шаруа шаруашылығы өндіргіш күштерінің төменгі деңгейін көрсетеді. [5]

Реформадан кейін шаруалар помещиктер жері­не қарағанда сапасы төмен жерлерге ие болды. Он­дай жерлерде шаруа өз отбасын асырай алмады. Ер­кек басына шаққанда жер көлемінің өте аз болуы шар­уалардың жайылым жерлерді игеріп, егін егуіне алып келді.

Бұл мал санының қысқаруына алып келді. Мал аздығынан жер тыңайтылмай тез тозып отырды. Шаруа жерінде орман алқабының аздығынан олар отын ре­тінде тезекті пайдаланды. Бұл жағдай тыңайтқыштың көлемін одан да төмендетіп жіберді.

1861 жылғы реформадан кейін Ресейде жеке жер иеленушілерге қолайлы жағдайлар туды. Жерге деген үлкен сұраныс жалға беру бағасын көтерді. Ал мұндай жағдай шаруа шаруашылығын жеке жер иеленушілеріне кіріптар етті. Шаруалар неғұрлым кедей болған сайын, соғұрлым жалға беру құны жоғары болды.

1896-1902 жж. аралығында жалға беру бағасының өсіп отырғандығын мына кестеден көруге болады: [6]

Жылдар

Ақшалай жалға беру

Жер иеленушіге өнімнің белгілі бір бөлігі берілді %

Күздік егістік

Жазғы егістік

1/2

2/3

1/3

1896

1899

1901

1902

6,83

10,75

13,22

14,16

6,26

9,61

12,27

13,58

73

86

91

-

5

3

1

-

22

11

8

-

 

Шаруалардың жерге зар болуы оларды по­мещиктерге кіріптар етті. Өздерінің жер телімдерін кеңейту үшін шаруалар жерді сатып алып та отырды. Бірақ сатып алған жерлердің көлемі онша үлкен бола қойған жоқ.

Профессор Каблуков 1896 жылы 1 қаңтарға шейін шаруалар 3,2 млн.десятина жерді сатып алғандығын анықтады. Шаруалардың жерді сатып алуы шаруа банкі арқылы өткізілді. Бұл банктер көбіне деревня кулактарына қызмет етті.

1912-1913 жж. банк арқылы шаруалардың жеке жер иеленушілерден сатып алған десятина жерлері: [7]

Телімдер көлемі

Абсолютті санда

%

6 десятинаға шейін

7-ден 10 десятинаға шейін

11-ден 20 десятинаға шейін

21-ден 100 десятинаға шейін

100-ден 200 десятинаға шейін

53,448

62,211

111,099

135,167

838

14,7}

17,1}=31,8

30,7}

37,3}=68,2

0,2

Барлығы

362,763

100,0

 

Бұл кестеден жері аз шаруалардың қолына 14,7 % жер, анағұрлым ауқатты шаруалардың қолына 31,8%, бай топтарға жердің 68,2% түсетіндігі көрінеді. Шаруа банкі шаруаның жерін кеңейтіп, олардың Ресейдің шет аймақтарына көшуін тежеу міндетін орындай алмады.

Мұның бәрі шаруа шаруашылығында өндіргіш күштердің күрт төмендеп кетуіне алып келді. Нәти­жесінде тұрғындардың саны өспесе де, деревняда жұмысшы күшінің саны өсті. Он мыңдаған адамдардың өмірін алып кеткен аштық, ауру мен эпидемияға қарамастан ауыл тұрғындарының саны өсті.

С.Корольковтың мәліметі бойынша, ХIХ ғ. со­ңында Ресейде 5 млн. артық жұмыс күші болды. Оның 2,5 млн. басқа да кәсіппен айналыса алды. Бұл тек ауыл шаруашылық пролетариаты ғана емес, жартылай кедейлене бастаған ұсақ өндіруші-шаруа болды.

Шаруаны қанаумен өмір сүріп отырған помещик, қайыршылық пен осы ұсақ өндірушінің кедейленуін өзіне кіріптар ету үшін пайдаланды. Ұсақ өндірушілер­дің көптігі помещикке жерді жалға беру бағасы мен жердің бағасын өсіруге, ауыл шаруашылық жұмыс­шыларының жалақысын төмендетуге мүмкіндік берді.

Осы факторлар шаруалардың қалың бұқарасын көшуге итермеледі. Шаруаларға мемлекет тарапынан түрлі салықтар салу олардың жағдайын одан әрі нашарлатып жіберді.

Кейбір губернияларда салық жердің түсімінен бес және одан да көп есе болды. Мұндай сәйкессіздік шаруа шаруашылығын мемлекетке қарыздар етті.Мысалы, 1891 жылы мемлекеттік бюджет бойынша қарыз мынадай пайызды құрады: Самара губерниясында - жылдық еңбекақының 306 %-ы, Уфада - 249,4 %, Орынбор - 245 %, Қазан - 202,3 %, Нижгород - 95,2%. Түрлі төлемдердің өсуі шаруалардың әр күз сайын астығын төмен бағамен сатуға, ал қыста және көктем бойы оны өзінің қажеті мен көктемгі егіс үшін жоғары бағамен сатып алуға мәжбүр болды [8].

Революцияға дейінгі деревня таптық құрылымы жағынан біртекті болған жоқ,  таптық тұрғыдан жік­телді. Онда бір жағынан шаруалардың қалың бұқа­расы қайыршыланып, кедейленсе, бір жағынан сол кедейленген шаруалардың есебінен деревня бур­жуазиясы - кулактар байыды.

Кедейлер мен орташа шаруаларды помещикпен қатар өсімқорлар да қанады. Олар кедей шаруаның көктемде қарызға алған бір пұт астығын, күзде екі, үш есе қайтарып отырды. Әбден қайыршыланған шаруаға жұмыс табу мақсатында Ресейді кезіп, помещиктер мен кулактарға жалданып жұмыс істеуге, басқа кәсіппен айналысу үшін қалаға кетуден басқа амалы қалмады. Осылай кеше ғана крепостной езгіден құтылған патриархалды деревня, капиталдың қанауына берілді.

Мұндай ауыр жағдайда шаруалардың шеткі ұлттық аймақтарға қоныс аударуы, аштықтан өлу қаупінен құтылудың жалғыз жолы болды. Сол себептен, жыл сайын, еуропалық Ресейдің ондаған мың шаруалары отырған жерлерін тастап, Сібір мен қазақ далаларынан «бос» жерлерді іздеуге шықты.

Қазақ далаларын шаруалардың отарлауы ХІХ ғасырдың 60-жылдары Ақмола облысында бірінші поселкелердің пайда болуымен басталды. Шаруаларды жер шаруашылығымен айналысуға ың­ғайлы, климаты жұмсақ Көкшетау, Атбасар, Петро­павл, Ақмола уездері қызықтырып, бұл жерлерде поселкелердің пайда болуына алып келді.

Қоныс аудару басқармасының мәліметі бойынша қоныс аударушылар көбіне төрт далалы Ақмола, Торғай, Семей, Орал облыстарына көшті. Олар Ресей­дің оңтүстік губерниялары - Воронеж, Волынь, Полта­ва, Саратов, Харьков, Херсон, Киев, Черниговтың тұр­ғындары болды [9].

Қазақ даласына қоныс аударудың бастапқы ке­зеңі қазақ тұрғындары мен қоныс аударушылардың арасында жерді жалға беру келісімімен шектелді.

Қоныс аударушылардың саны жылдан-жылға өсе түсті. Мұндай жағдай патша үкіметін қоныс аудару мәселесімен айналысуды және оны реттеу шараларын жүргізуге мәжбүрледі. Сонымен қатар 1881 жылы болған аштық кезінде шаруалар қозғалысының өсуі патша үкіметінің бұл мәселеге ескі көзқарасын өз­гертуге алып келді.

1881 ж. аяғында патша үкіметі қоныс аудару туралы уақытша ережені енгізді. Бұл ереже бойынша шаруалар тиісті билік органдарының рұқсаты болған жағдайда ғана шеткі аймақтарға қоныс аудара алды. Алайда бір жылдан кейін 1883 жылы шаруалардың Қазақстанға қоныс аударуы тоқтатылды.

1889 ж. қоныс аудару туралы заң шықпастан бұрын, оған үлкен дайындық жұмыстары жүргізілді. Бұл мәселе жөнінде бірнеше комиссиялар құрылып, мәселе жалпы кеңестерде талқыланды.

Ал заң шыққанда қоныс аудару ісі үкімет орган­дарының қолында қалатыны, жеке тұлғалардың көшуі­не мемлекеттік мүлік министрінің рұқсат қағазының болуы, осындай рұқсат қағазы жоқ шаруалар өз бетімен қоныс аударушылар деп есептеліп, тіркелген жеріне әкімшілік тәртіппен қайтарылатыны көрсетілді. Заңда шаруаларға бөлінетін жер көлемі, берілетін жеңілдіктер де болды. Бұл заңның мақсаты - дамып келе жатқан қоныс аудару қозғалысын тежеу және оны бюрократтық іс шеңберінде қалдыру.

Патша үкіметі халық бұқарасының қоныс аудару қозғалысының толқынын тоқтата алмады. Осы заңның негізінде 1892 жылы қоныс аударуға 17289 жанұяға рұқсат берілген болса, шын мәнінде қоныс аударған жанұяның саны 28911-ге жетті. Бұдан біз патша әкімшілігінің сан қилы әрекетіне қарамастан, қоныс аударушылардың көбі оған бағынбағанын көреміз.

Қоныс аудару ісі Сібір темір жолы салынғанға дейін осындай болды.

 

«Қазақ тарихы» журналынан

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5300