Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4463 0 пікір 30 Қазан, 2010 сағат 13:54

ҰЛЫ ЖҮЗ. ҚЫРҒЫЗ-ҚАЙСАҚТАРЫ ТУРАЛЫ

Іле алқабын Ұлы жүздің негізгі екі тайпасы албандар мен дулаттар, біраз бөлігін Іленің оң жағалауына ешқашан аяқ баспаған шапыраштылар жайлаған. Шығыс тарапта Іле алқабына кейде Ыстықкөлдің оңтүстік-шығысын мекендейтін бұғу тайпасының қара қырғыздары келсе, батыста дәл осы өзеннің оңтүстік-батысын жайлайтын, әрі Бішкектің (ташкенттіктерге қарайтын, Шудың арғы бетіндегі бекініс) маңында орналасқан солты және сарыбағыш рулары көшіп келеді. Албандардың батыс шекарасы Түрген өзені, олар тіпті Қытай иеліктерін аз мөлшерде ақша төлеп мекендей береді. Албандардан батыста, яғни, Түргеннің батысында дулаттар мен шапыраштылар араласып көшіп жүреді. Олар Шудың басы мен Талас өзенінің арғы бетіне, ташкенттік қалалар мен бекіністерге дейін барады.

Дулат қайсақтары Ұлы жүзде басқа тайпалардың барлығынан өздерінің көптігімен, жауынгерлігімен, байлығымен ерекшеленеді. Олар Ұлы жүздің басқа ұсақ тайпаларын айтпағанда, албандардан бес есе, жалайырлардан үш есе көп. Дулаттар мен албандардың кейбір ұрпақтары және шапыраштылардың біраз бөлігі Іленің оң жағалауында да көшіп-қонып жүреді. Бұл екі ру әрі қарай тағы да бөлінеді, оларды тарату реті келгенде сөз етіледі1.

Іле өлкесінің қайсақтары өзгелерге қарағанда Ташкент билігінің ықпалында көбірек болған және тәуелсіз халық - қырғыздармен көршілес болғандықтан, олармен соғысып тұруға мәжбүр болған, орыс әскерлері Іле өлкесіне келгенге дейін бұл жерді қырғыздар (қара қырғыздар) Іле өлкесінде жасырынып, жазасыз қалатын жер деп санап келді. Қазірде Іледе орналасып, қылмыстары үшін қудаланған соң, асау тайпалар тыныш тапты.

Іле өлкесіндегі көне үйінділер мен қорғандар мұнда ертеде белгісіз бір халықтың болғанын байқатады. Үйсін, ұйғыр, жоңғарлардың билігі кезек-кезек ауысып тұрды2. Соңғыларын 17553 жылы қытайлықтар жаулап алды, ал ол халықтың барлық иелігін Қытай империясы өз жеріне қосып алды.

Талас пен Ташкент аралығында көшіп қонған Ұлы жүздің рулары Абылай ханның басшылығымен шығысқа жылжып, ұзақ әрі сәтті шайқастан кейін оларды Кіші Алатаудан асырып, өздерінің ертедегі мекенін иеленді. Сонымен, қайсақтардың айтуынша, бұл мекендерді қалмақтардан Ұлы жүз қайтарып алды, демек қытайлардың бұл жерге таласуы орынсыз, [себебі] түпкілікті тұрғындар келгеннен бері ол тәуелсіз болып қалды. Орыс әскерлері қырдың осы бөлігіне келгенге дейін де 1824 жылдан бері Ұлы жүз Ресейдің қарамағында саналғанымен, қытайлықтар Іле өлкесіне 1840 жылға шейін болмашы салым салық жинау үшін әскерлерін жіберуін қоймады, ақыры олардың әскері Тереңөзек сайында шапыраштылардан масқара боп жеңіліп қайтты.

Қол үш мың қытайдан тұрған, олар жасақ жинап, келіссөз жүргізу үшін ташкенттік ақсақалға өтіп кетпек болған. Әлі күнге дейін қытайлар бұл жеңілістерін ұмытпайды және шапырашты руынан шыққан қайсақтар туралы бас шайқай әңгіме етеді.

Сонымен бірге батыстан Ұлы жүзді олардың діндестері қоқандықтар мазалап, зекет жинады. Бұл қайсақтарға үлкен салмақ салды, сондықтан қоқандықтарға Ұлы жүз қайсақтарын өз еркімен салыққа көндіру оңай болмады. Олар бұл үшін әскери күшті пайдаланды. Сонымен қоса, қоқандықтар әскери күшпен Алатау қырғыздарын да зекет төлеуге мәжбүрлемек болды, бірақ олар қатты қарсылық көрсетіп, тауда көшіп-қонып жүретіндіктен, тәуелсіздіктерін сақтады. Мен Ыстықкөлдің жоғарғы жағында көшіп жүретін қара қырғыздар туралы айтып отырмын.

Ташкенттің танымал және ақылды билеушісі Күшпектің өзі Ұлы жүзге және қырғыздарға үлкен жасақпен баратын. Ол бірнеше бекіністер салдырды, оған дейін Іле өлкесінде Қаскелең өзенінің маңында Ташкент мыңбасысы 1778 жылы қорған салған болатын, бірақ белгілі сұлтан Рүстем4 әскерлерді қырып, қорған тас талқан етіп қиратылған болатын. Сол қорғандардың үйіндісі Іле өлкесінде әлі күнге дейін анық байқалады.

Нәтижесінде тек бір ғана Тойшыбек бекінісі5 қалды, ол кейінгі кезде жаңартылып, сол жерден зекет жинау ісі жүргізілді. Бірақ оны да 1851 жылы казак полковнигі Карбышевтің басқаруымен орыс әскерлері талқандады. Бұдан кейін зекет жинау жасақтар арқылы және Шу өзені маңында ғана жүргізілді.

Тойшыбек бекінісі қиратылғанға дейін онда үнемі 50 сарт*10 тұратын, олар бекіністің қауіпсіздігін сақтау орнына, өздері керуендерді тонаумен айналысатын.

1853 жылы орыстар Ілеге берік орныққан соң, мұндағы тәртіпсіз-діктер мүлдем тоқтады, енді Құлжа, Қашғар мен тау қырғыздарына апаратын маңызды жолдарды жалғастырған бұл аймақ жақын уақытта байлығымен және саудасымен өркендейді деп үміттенуге болады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5345