Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2587 0 пікір 8 Қараша, 2010 сағат 10:08

Нұра Матай. Кеденсіз шекара бодандыққа бастау ма?

Бұл қалай болды сонда? Қазақ билігінің мұнысын қалай түсінуге болады? «Кедендік одақтың құрылуы Тәуелсіздікке қауіп төндіреді» деген қазақ қоғамының ышқына айқайлаған жан дауысын құлағына қыстырмаған биліктің әрекеті қоғамның болжамын бұрысқа шығара алмайтын болғаны ма?

Не болды деп отырған шығарсыз. Не болушы еді, екі де бір болды. Біз тағы бәрін мансұқ етіп, орға жүгіріп бара жатқан сияқтымыз. Мәселе былай болып тұр: кедендік одақ аясында жүргізіліп жатқан іс-шаралардың бірі ретінде еліміздің Ресей шекарасындағы кеден бекеттерінің көбісі жабылады деген шешім шығыпты! Солтүстік шекаралардағы мыңдаған кеденшілер оңтүстікке ауысып жатыр. Енді, солтүстіктегі кедендсіз шекарадан Ресей қазақ жеріне не әкелемін, кімді кіргіземін десе де еркі болды! Мұны бір деңіз. Екінші, біртұтас кеден аймағын құруды о баста 2012 жылы бастаймыз деген еді енді 2011 жылы осы істі бір жақты етейік деп жанталасып жатқан көрінеді. Ал, 2011 жылы Қазақстанның Ресейдің бодандығына мойынұсынғанына 280 жыл толады. Ресей дәл осыны межелеп отырмасына кім кепіл?! Ертең сайлауға түсе қалған Ресейдің президентіне кандидаттар онсыз да шовинистік санамен уланып отырған ормандай халқына «баяғы бодандарды қайтаруға бел шеше кірістік сенбесең, көршінің кеденсіз шекарасына қара» демесіне дәлел бар ма?!

Тәуелсіздіктің ең әуелгі белгісі әрі негізі болып табылатын мемлекеттік шекара кеденсіз қалу деген сөз, «Ал, тәуелсіздігіміз ше?» деген сұрақты төтесінен тудырады. Қазақстанның бүгінгі шекаралық аумағына негіз болып отырған жерді 1920 жылы Мәскеуде Әлихан Бөкейхан мен Ахмет Байтұрсынов және Әлімхан Ермеков бастаған Алаш зиялылары құжатпен бекіттірген. Бүгінгі біздің бар болып, тәуелсіз мемлекет құрып отырған ұланғайыр жер сол ат төбеліндей арда азаматтардың еңбегі және табыстап кеткен аманаты болатын. Аманатқа қиянат жасамайды деуші еді...

Бүгінгі қазақ билігі - қулығы мен ішінің қырындысына дейін білетін Ресейге неге сонша алабөтен махаббатпен қарайтынын және Ресей үшін бәріне даяр тұратынын түсіну бізге қиын. Бәлкім, Сіздің ақылыңыз жетер...

«Абай-ақпарат»

Әлімхан Ермековтің қазақ жерінің шекаралық аумағын құжаттау жөніндегі 1920 жылы Мәскеуде Лениннің басқаруымен өткен комиссия отырысында жасаған баяндамасы туралы айтқан сөзінен үзінді. Бұл таспаны Нөгербек Мағзұм алпысыншы жылдары Әлімхан Ермековтің өз аузынан жазып алған.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1498
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5636