Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2937 0 пікір 8 Қараша, 2010 сағат 18:38

Интернет-конференциямыздың қонағы - Ғаббас Қабышев

Қалам ұстаған қауымның ішінде айтар ойын бүкпей, ұлт мәселесі дауға түскен тұстарда Алаш жұртының қасынан табылып жүретін ақсақалымыз Ғаббас Қабышұлы ақпарат құралының бүгінгі озық саласы - ғаламторды пайдалануды ғадетіне айналдырғалы біраз болып қалыпты. Ғабең ешкімге жалынбай-ақ, газет-журналдардың электорынды мекен-жайына жазған мақалаларын жіберіп отырады. Ол біздің порталдың да тұрақты авторы. Тұрақты авторымыз Ғаббас Қабышұлы Abai.kz ақпараттық порталының оқырмандарымен бүкпесіз ой алысуға ықылас танытып отыр. Сауалдарыңызды әдеттегідей  Abai-akparat@mail.ru  поштасына немесе форумға жолдай берулеріңізге болады.

Өмір-дерек

Ғаббас Қабышұлы 1935 жылы 9 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Ұрынхай ауылында  дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң облыстық "Коммунизм туы" газетінің редакциясында біршама уақыт жұмыс істейді. 1966 жылы республикалық  "Қазақ әдебиеті" газетінің редакциясына ауысып, жауапты хатшының орынбасары, көркем әдебиет, әдеби сын бөлімдерінде меңгеруші болып істеді. 1968 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде сырттай оқып, жоғарғы білім алды. 1974 жылы КСРО Әдеби қоры Қазақ бөлімшесінің директоры болып тағайындалады. Алғашқы әңгімелері 1966 жылы "Шұғыла" атты жас жазушылардың жинағында басылды. 1967 жылы оның  "Яков Ушанов" атты очерктер кітабы жарыққа шықты. Орыс әдебиетінен А.Чехов, Д.Ленч, С.Михалковтың, украин әдебиетінен О. Вишняның, серб әдебиетінен Б.Нушичтің әңгімелерін, түрік әдебиетінен Ә. Несиннің "Футбол королі" сықақ романын, таңдаулы әзіл-сықақ әңгімелерін  қазақ тіліне аударды.

Ғаббас Қабышұлының қаламынан туған «Конгресс Холл»,  «Тірі жүректегі өлі қыл», «Қоңыр дәптер», «Мен оймын» «Кто чем берет?», «Бақай бата», «Жігіттер-ау, қыздар-ау!», « «Әсем» дейміз, «әттең»... демейміз, ә!», «Бажаммен бажылдастым» атты сатиралық шығармалар бар.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5627