Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2361 0 пікір 8 Қараша, 2010 сағат 19:37

... Малибу

... Малибу. Территориялық бөліністе АҚШ-тың Лос-Анжелес округына қарайтын, ал жағрапиялық жағынан Тынық мұхиттың тамаша жағалауына ұмсына жайғасқан атақты «пляждың» атағын енді қазақ ауылы асқақтата түспек. Қалай десеңіз, мұнда қазақтың көшпелі мәдениетімен таныстыратын "Kazakh Land" атты этникалық саябақ  біраздан бері америкалық ағайынның қызығына айналыпты. Киіз үйдің ішінде малдас құрып, саумалды сапырып-сапырып ішеді. Саябақ ішінде атпен серуендейді. Құсбегілер, қазақша күрестің майталмандарын, қолөнер шеберлерін, бәрін-бәрін - Малибуден табады екенсіз-мыс.Тіптен, клиент қалап тұрса, өзіне ұнаған жерден бір-екі сағатта киіз үйін құрып береді. «Бесбармақ» дәмханасында тек қазақтың ғана емес, өзбектің, ұйғырдың, орыстың дәстүрлі асханасынан дәм тата аласыз дейді. Каспийдің қара уылдырығын қара нанға жағып жеп, қаласаңыз мұздан құйылған бокалдан арақ ішеді екен. Арақтың қазақтың ас мәзіріне қалай түсіп кеткенін білмедік, бірақ эксклюзивтің бірі осы... Әйтеуір, бұрын-соңды көрмеген экзотикаға шетелдіктер шыбындай үймелеп жатса керек. Анджелина Джоли да осы саябақта болып, киіз текеметте аунап, домбыра шертіпті деген өсек желдей есіп жүр. Бірақ... бірақсыз әңгіме бола ма? Бірнеше сайт жариялап жіберген мына суреттердегі пейзаж Малибудың келбетіне келмейді-ау, келмейді. Онда қайдағы қарағай, қайдағы самырсын?

... Малибу. Территориялық бөліністе АҚШ-тың Лос-Анжелес округына қарайтын, ал жағрапиялық жағынан Тынық мұхиттың тамаша жағалауына ұмсына жайғасқан атақты «пляждың» атағын енді қазақ ауылы асқақтата түспек. Қалай десеңіз, мұнда қазақтың көшпелі мәдениетімен таныстыратын "Kazakh Land" атты этникалық саябақ  біраздан бері америкалық ағайынның қызығына айналыпты. Киіз үйдің ішінде малдас құрып, саумалды сапырып-сапырып ішеді. Саябақ ішінде атпен серуендейді. Құсбегілер, қазақша күрестің майталмандарын, қолөнер шеберлерін, бәрін-бәрін - Малибуден табады екенсіз-мыс.Тіптен, клиент қалап тұрса, өзіне ұнаған жерден бір-екі сағатта киіз үйін құрып береді. «Бесбармақ» дәмханасында тек қазақтың ғана емес, өзбектің, ұйғырдың, орыстың дәстүрлі асханасынан дәм тата аласыз дейді. Каспийдің қара уылдырығын қара нанға жағып жеп, қаласаңыз мұздан құйылған бокалдан арақ ішеді екен. Арақтың қазақтың ас мәзіріне қалай түсіп кеткенін білмедік, бірақ эксклюзивтің бірі осы... Әйтеуір, бұрын-соңды көрмеген экзотикаға шетелдіктер шыбындай үймелеп жатса керек. Анджелина Джоли да осы саябақта болып, киіз текеметте аунап, домбыра шертіпті деген өсек желдей есіп жүр. Бірақ... бірақсыз әңгіме бола ма? Бірнеше сайт жариялап жіберген мына суреттердегі пейзаж Малибудың келбетіне келмейді-ау, келмейді. Онда қайдағы қарағай, қайдағы самырсын? Мұндағы көрініс тура Көкшетаудың, турасы Шығыс Қазақстанның табиғаты тамылжыған бір жерлерін еске салады. Солай болуы да ғажап емес... Әйтеуір, дерекке сенсек те, суретке сеніңкіремей тұрмыз. Сіз не дейсіз?

Ө.Кенжебек

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1498
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5632