Бейсенбі, 28 Қараша 2024
Жаңалықтар 2397 0 пікір 9 Қараша, 2010 сағат 23:30

Бақыт Жаншаева. Қытай компаниясына қазақ жұмысшысының құқы бес тиын

Қытай инвесторлары ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстап отырған Ақтөбедегі «СНПС- Ақтөбемұнайгаз» компаниясындағы қазақ жұмысшылары заңды құқын талап етіп шырылдап ашық жазыпты. Қытайлық компанияның  директорлар кеңесінің төрағасы Ван Чжун Цайға және осы кәсіпорынның бас директоры Сюй Кэцянге 874 қазақ жұмысшылары қол қойып, хат жазып, қытайлық инвесторлардың басқаруындағы кәсіпорындағы қазақ жұмысшылары мен шетелдік яғни қытайдан келген жұмысшылар арасындағы теңсіздікті жойып, жұмысшыларға заңда көрсетілгендей тең құқықты жағдай жасауын талап етіп отыр.

Жұмысшылар ашық хатта ұжымдағы моральдық климатты жақсартуды, өзара сенім мен әділдік орнатуды сұраған. Сонымен бірге, шетелдік және қазақстандық жұмысшылардың жалақыларын теңестіруді, шетелдік жұмысшыларға  жылдық еңбек  демалысына шығарда төленіп жүрген 2300-ден 3000 АҚШ доллары көлеміндегі жол шығынын өтеуді тоқтату немесе қазақстандық мамандарға да сондай көлемде еңбек демалысы ақысын төлеуді талап етеді.

Ал, ашық хатта жазылған мына сорақылықты қалай түсінуге болады?! «Қытай Халық республикасының ұлттық мәдениетін насихаттау мақсатында Ақтөбеде құрылысы басталған  «Пекин палас»  қонақүйлер кешенін қазақстандық компания қаражатының есебінен емес, Қытай мемлекетінің бюджетінен қаржыландыруды талап етеміз! Осы мәселеге  орай, акционерлер Қытай мемлекеттік мұнай компаниясына бес жұлдызды «Пекин палас» қонақүй кешенін өз балансына алуды өтінген.

Сөйтіп, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның құрылысты салуға және пайдалануға деп шығарған шығынын өтеуді сұраған. Онсыз да Қытай мемлекеттік мұнай компаниясына дивиденд ретінде қазақстандық компанияның орасан зор қаржысы  кетіп жатыр» делінеді жұмысшылардың ашына жазған ашық хатында.

Қытай компаниясы қуғынға салған тракторшы

Компания басшылығы тарапынан бұрынғы тракторшы Қарлыбай Толыбаев пен  көлік жүргізушілері Серік Бітікбаев және Қосайын Құлмұратовтар заңсыз наразылық ұйымдастырды деген айыппен   қуғынға ұшырады.

Биыл  жазда Жаңажол мұнай кенішінің 400 жұмысшысы наразылық акциясын өткізіп, айлықтарын 200 мың теңгеге дейін өсруді талап еткен болатын. Содан Мұғалжар ауданының әкімімен облыс әкімдігінен өкілдер барып, екі күнге созылған наразылықты тоқтатқан еді. Нәтижесінде, АҚ жұмысшыларының айлығы тек 15-20 пайызға ғана көтерілді. Ал, компания наразылық  акциясын ұйымдастырды деп үш жұмысшыны жұмыстан шығарды. Тракторшы Қарлыбай Толыбаев: «Жұмыстан шығаруын  заңсыз деп санаймын.Сол күні мен барлық 400 адаммен бірге наразылық акциясына шықтым.  АҚ басшылығы тек үшеумізді шығарды. Сондықтан, қарсы арыз жаздым», - дейді.

Екі күн бойы техниканың тұрып қалуы себепті  компанияға 9,7 млн теңге шығын келді деп, осы  үш жұмысшыдан  3 млн теңге өндіріп алмақ болып, сотқа берген. Алайда, ашық хатқа қол қойған 874 адам  АҚ басшылығының бұл 3 жұмысшыны қудалауы, басқаларға қоқан -лоқы көрсетуі деп түсінеді. Бұл қарапайым жұмысшыларды одан әрі ызыландырып, қытайлық инвестормен  жұмысшыларға деген жеккөрінішін ұлғайтады деп санайды.Сондықтан,  қудалауды тоқтатуды, жұмыстан шығарылған үшеуді қайтаруды талап етеді.

Ашық хатты алып барған кезде «СНПС -Ақтөбемұнайгаз» АҚ бас директоры Сюй Кэцян орнында болмай шыққан. Қытайда жүрген бас директор келесі аптада Ақтөбеге оралады екен. Қытай компаниясының баспасөз қызметкері Ғалия Жалдыбаева ашық хатқа  байланысты компанияда ешкімнің ешнәрсе айта алмайтындығын мәлімдеп, барлық мәселе  Сюй Кэцян келген соң қаралатынын айтқан.

Жұмысшылардың жан айқайы жазылған ашық хат үкімет басшысына, «Нұр Отан» партиясына, Ақтөбе облысы әкіміне жолданған.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1562
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3367
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6408