Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 1945 0 пікір 15 Қараша, 2010 сағат 05:40

Шығыс Қазақстанда заманауи технологияларды қолданған үлгілік омарталар құрылуда

Өскемен. 15 қараша. ҚазТАГ – Шығыс Қазақстанда ара және марал шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында заманауи технологияларды қолданған үлгілік омарталар құрылуда, деп ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасынан хабарлады.

«Биыл біз қарқынды технологиялары бар омарталарды құруды бастадық. Егер Финляндияда бір омарташы 3 мың ара ұясына қызмет көрсетсе, біздің облыста әзірге оның саны 40-50-ге жетеді», - деп мал шаруашылығы мен ветеринария бөлімінің бастығы Игорь Миронов мәлім етті.

Басшының айтуынша, Еуропа мен Америка омарташыларының жоғарғы өнімділігі механизация мен ара ұясының құрылымында заманауи технологияларды қолдануының арқасында мүмкін болып отыр.

Мысалы, И. Мироновтың айтуынша, ұяға полиуританнан жасалған көп бөлікті жеңіл корпустар қолданылса, ара ұяларын алаңдарға қозғау үшін күн қуатын пайдаланатын генераторлары бар павильондар қолданады.

«Ондай жабдықтар саудада бар, онымен біздің омарташыларды қалай жұмыс істеуге болатынын үйретуіміз керек», - дейді жетекші.

Қазіргі уақытта қазақтың Алтайында Виталий Рузановтың 500 ұялық омартасы үлгілі болып отыр. Бұл ретте, мамандардың айтуынша, омарташы тоқпен жұмыс істейтін бал айырғышты қолданады. Ол бірден 70-80 тордан бал айыруға арналған. Ол сондай-ақ жылжымалы платформалар мен бірқатар авторлық қондырғыларды қолданған.

«Бүгінге мұнда ең жоғарғы өнімділік бар. Біз ескі әдіспен жұмыс істеп жатқан барлық омарташыларды Рузановтың шаруашылығында болып, жаңа тәсілдерді игеруге үгіттеп жатырмыз», - дейді И. Миронов.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1503
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3275
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5716