Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2103 0 пікір 17 Қараша, 2010 сағат 04:10

Сымбат Сұлуова. Орыс патриархының ойындағысы не болды екен?..

Қазақ «сопы» мен «уахаб» болып бөлініп, құбыласының қай жақта екенін анықтай алмай жүргенде, Қазақстандағы Орыс православ шіркеуі өзінің тірлігін үн-түнсіз атқаруға кірісіпті. Таяуда орыс патриархаты Қазақстандағы православ христиандарының «мұң-мұқтажы мен тілек-талаптарына сай» тағы да үш епархия (яғни діни аймақ) ашып, олардың санын алтыға дейін жеткізді. Бүгінгі күні орыс православие шіркеуінің епархиялары Астанада, Алматыда, Оралда, Қарағандыда, Қостанайда және Керекуде құрылып бітті.

Енді міне, орыс православ шіркеуінің патриархы Кирилл жаңа епархиялардың басшыларын сайлау үстінде. Өткен аптаның аяғында Мәскеудегі орыс православиесінің бас шіркеуі - Құтқарушы Христос шіркеуінде осыған дейін 30 жыл діни қызмет атқарған епископ Варнаваға архиерей атағын табыстап, оны «Павлодар епископы» етіп тағайындады.

53 жастағы епископ Варнаваға Кереку мен Шығыс Қазақстан облыстарындағы орыс халқының рухани қорғаны болу табысталып отыр. Оған «бата берген» кезде Патриарх Кирилл: «Сіз баратын жерлерде о бастан казактар қоныс құрған. Олар қашанда ерлік танытып, сөзімен де, ісімен де Отан мен Дінге әділ қызмет еткен адамдар. Православие діні ғасырлар бойы бұл өңірге мәдениет пен білім нұрын шашқан, дәстүрлі құндылықтарды орнатқан. Сіздің мақсатыңыз осы мұраны қабылдап, әрі қарай байыту» - деп қадап айтыпты.

Өз кезегінде Варнава әкей орысша Патриархқа алғысын білдіріп, осы мақсаттар үшін аянбай еңбек етуге әзір екенін мәлімдеді.

Орыс шіркеуі ойыншық емес. Оның қасында біздің діни басқармамыз далада қалатыны анық. Арасы Гарвард пен ауылдың бала-бақшасындай! Орыс православ шіркеуі де, оның басшысы Кирилл де мемлекетшіл идеологияны терең меңгерген, қажетті жағдайда Кремльден де бетер жұмыс істеп кете алатын күшке ие. Діни басшылыққа  тағайындалған  әр адамы талай сүзгіден өтіп, керемет дайындықпен келеді. Осы Варнаваның Қазақстанға, оның ішінде  Кереку мен Шығыс Қазақстанға баруында бір үлкен гәп болуы ықтимал. Патриархтың бұл жерлерді «казактар мекендеп отырған жерлер» деп атауы да тегін емес сияқты. Олай болса, ертеңгі күні солтүстіктегі казактар «о бастан қоныс құрған» жерлерінен желігіп шыға келсе, таң қалудың керегі жоқ!

Не болса да алашшыл болайық, абай болайық, ағайын!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1502
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3273
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5701