Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2924 0 пікір 26 Қараша, 2010 сағат 03:18

Думан Әли. Көрші елдің көлеңкесі

Қырғызстанда 150 діни ұйым, 2500 мешіт бар екен. Сарапшылар олардың соңғы 3-4 жылда екі есе өскенін айтады. Көрші елдегі көлеңке түсірерліктей ұлғайып кеткен «әсіре діншілдік» Қырғызстандағы кешегі саяси оқиғалар кезінде өз «үлесін» қосты. Бұл туралы сарапшылардың пікірлері түрлі ақпарат құралдарында ұдайы жарияланып отыр. Бұдан ТМД елдеріндегі діни ахуалдың күрделілігі, Қырғыз еліндегі діни фактордың жіті назарға алынғанын көреміз. Шекаралас елдердегі дін тақырыбын Қазақстан жағдайымен салыстырып қарау көп жайттың бетін ашатыны анық. Бір айта кетерлігі, Қазақстандық БАҚ-та діни экстремизм тақырыбының кеңірек талқылануы, әсіресе, қазақ тілді ақпарат құралдарының әсіре діншілдерді батыл сынауы және парламенттің қос палатасы депутаттарының мәселені сөз етуі елде бұл салада нақты қадамдар жасала бастағанын көрсететіндей. Алайда, діни фактордың даму динамикасы әр елде әр түрлі болғандықтан олардың жұмыс нәтижелері де әр алуан екені белгілі. Сондықтан медиа кеңістіктегі ақпарат құралдарын шолып шығып, сараптағанда Қазақстандағы дін тақырыбы салыстырмалы түрде қай сатыда тұрғанын байқаймыз.

«Қазақстандық діни экстремизм»

Қырғызстанда 150 діни ұйым, 2500 мешіт бар екен. Сарапшылар олардың соңғы 3-4 жылда екі есе өскенін айтады. Көрші елдегі көлеңке түсірерліктей ұлғайып кеткен «әсіре діншілдік» Қырғызстандағы кешегі саяси оқиғалар кезінде өз «үлесін» қосты. Бұл туралы сарапшылардың пікірлері түрлі ақпарат құралдарында ұдайы жарияланып отыр. Бұдан ТМД елдеріндегі діни ахуалдың күрделілігі, Қырғыз еліндегі діни фактордың жіті назарға алынғанын көреміз. Шекаралас елдердегі дін тақырыбын Қазақстан жағдайымен салыстырып қарау көп жайттың бетін ашатыны анық. Бір айта кетерлігі, Қазақстандық БАҚ-та діни экстремизм тақырыбының кеңірек талқылануы, әсіресе, қазақ тілді ақпарат құралдарының әсіре діншілдерді батыл сынауы және парламенттің қос палатасы депутаттарының мәселені сөз етуі елде бұл салада нақты қадамдар жасала бастағанын көрсететіндей. Алайда, діни фактордың даму динамикасы әр елде әр түрлі болғандықтан олардың жұмыс нәтижелері де әр алуан екені белгілі. Сондықтан медиа кеңістіктегі ақпарат құралдарын шолып шығып, сараптағанда Қазақстандағы дін тақырыбы салыстырмалы түрде қай сатыда тұрғанын байқаймыз.

«Қазақстандық діни экстремизм»

«Мasa.kz» сайтының 2010 жылғы қарашаның 17-і күнгі жаңартылымында «Қазақстанды Халифатқа айналдырмақ екен...» атты Шәріпхан Қайсардың мақаласы жарық көрді. Онда Құрбан айт күндері Астанада халифат орнатқысы келетін экстремистік топтың құрықталғаны туралы айтылады. Естеріңізде болса, осындай жағдай 2003 жылы Құрбан айт күні Алматыдағы орталық мешіттің алдында болған. Онда бір топ бүлікшіл жас мешітке келген адамдарға қауіп тудырған. Артынан полиция оларды тұтқындаған болатын. «Бізде діни ахауал қалыпты» деп есеп беріп келгенімізбен, сол жеті жылдың арасында діни жағдай одан сайын күрделене түскені көрінеді.

«Астана прокурорының бірінші орынбасары Есенжан Досановтың «Экспресс К» газетіндегі сөзіне сенсек, ислам дінін бет перде еткен экстермистік топ дастархан басында мәслихат құруды, қатар тұрып намаз оқуды сылтау етіп, жалдап алған пәтерлерде жиі бас қосқан». Бұл туралы сол «Масадағы» мақалада айтылады. «Ислам дініне бас имегендердің басын алу керек, күштеп сәждеге жығу керек» деген сияқты бесіктегі бала шошып оянатындай қорқынышты сөздер айтылып келіпті», - дейді Ш.Қайсар.

Автордың мәліметінше, «жасырын топ Астанадағы полиция қызметін басып алып, қаржы минситрлігі мен Елорданың рәмізі іспеттес «Бәйтеректі» жарып жіберуді жоспарлаған. Сөйтіп, Астанада аласапыран жасамақ болған халықаралық экстермистік топтың мүшелері көзге ілініп, тұтқындалды» делінген онда. Мақала соңында ол: «Қазір жұрт Жаратқанның хақ діні - исламның ішіне түскен жегі құрттардың әлемді дүрліктірген әрқилы әрекеттерінен түңіліп бітті. Тығырықтан шығар жол қайсы?» - деп сауал тастайды.

Қарашаның 22-сі күні «zonakz.net» сайтында «Ұлттық құндылықтарымызға қарсы «Асыл арна» атты мақала жарық көрді. Мақалада аталған арнаның дәстүрлі дінді мансұқтап, қауіпті «уаххабшыл» идеяны таратып отырғанын ашынып жазады.

«Діни фанаттардың бұл қимылына тоқтау салмаса еліміздің ертеңі қорқынышты. Бұған осы арнаға бас көз болып, қаржыландырып отырған Дін істері жөніндегі комитет не дер екен?..» - дейді шарасыз автор.

«Діни бассыздық тоқтатылмаса Яссауидің кесенесі әжетханаға айналуы мүмкін» деген мақала 12-қарашада «Жас қазақ үні» газетінде жарияланды. Аталған басылым «Әулие Ағаш өртенген кезде бізде де сол бір қатерлі тарихтың басталғанын ұққандай болдық. Енді, Арыстан баб, Қожа Ахмет Яссауи, Айша бибі, Қарахан, Райымбек сияқты тұлғалардың мазарларына шабуыл жасалуы мүмкін» деп жазады. Сондай-ақ мақалада: «Тіпті, Қожа Ахмет Яссауидің кесенесін іш босатар «мәдениет үйі» етсе де, таң қалмайсыз. Өйткені, пайғамбарымыздың туған үйін әжетхана еткендер (уаххабилер) ештеңеден тайынбайды», - делінген.

Бұл автор да: «Бұған тиісті билік орындары мен Дін істері жөніндегі басқарма не дейді екен? Ал зиялы қауым ше?», - деген сауалмен сөзін тәмәм етеді.

Ал, 3-қарашада еліміздің бас газеті «Егемен Қазақстан» сенатор Өмірбек Байгелдінің «Қазағым қайда барасың?» деген мақаласын жариялады. Сенатор өзінің мақала жазуына түрткі болған, Ақтаудағы түрмеден қашқан 21 баланың ойраны екенін айтады. «Осының артынша "Жас Алаш" газетіне шыққан солардың ішіндегі бір баланың әкесінің жанайқайы, біздің де бойымызға бойлап, жайылып бара жатқан дерттің пайда болғанына көзімізді ашып, жағамызды ұстатты. Ауруыңды жасырсаң, өлім әшкере қылады дегендей, алғашқысы ауыр да болса жоғалған дүние еді. Ал мынау денеге жайылып бара жатқан ауру ғой», - дейді сенатор.

Өмірбек Байгелді: «Мұндай әртүрлі ағымдар кіріп алған мемлекеттердің бәрінде де тіршілігінде береке жоқ, елі аш-жалаңаш, күнде қырғын, оның бәрін өздерің көріп, естіп отырсыңдар. Олардың саны біраз ел болып қалды қазір. Қарақтарым-ау, іздегендерің осы ма? Бізді неге осындай жағдайлар ойлантпайды?», - дейді.

Өзіңіз байқағандай, барлық мақалада авторлар тек, сауалмен, сұрақпен ойларын аяқтауға мәжбүр болған. «Пәле мүйізін арбитып келмейді» дегендей қауіпті діни экстремизмнің тамырын табу керектігі енді айқын болса керек...

Алатоодағы алабөтен ұйымдар

Қырғызстандағы ақпарат құралдарын сараптап көргенімізде мәселенің әлдеқайда тереңдеп кеткенін байқадық. Бұл елдегі дін атын жамылған топтардың жұмыстары «жеміс» бере бастаған. БАҚ беттеріндегі мақалалардан олардың барынша саясатқа ене бастағанын көреміз.

2010 жылы қарашаның 12-сі күні «Сentrasia.ru» сайтында жарық көрген Қаныбек Жекшеновтің «Хизб-ут-Тахрир» Қырғызстанды жаулауда. 1-бөлім» және одан екі күн өткесін «Хизб-ут-Тахрир» Қырғызстанды жаулауда. 2-бөлім» атты мақаласы көп жәйттен хабар береді. Қ.Жекшеновтың сарапшылардың пайымына сүйнене отырып айтқан пікірі елеусіз қалатын сөз емес. Ол қырғыз еліндегі діни ахуалдың күрделілігін, исламдық радикалдық топтардың мемлекеттік органды біртіндеп жаулап алып жатқанын айтады.

Қ.Жекшенов: «Хизб-ут-Тахрир» ұйымының Қырғызстанның саяси көшбасшыларымен арадағы байланыстары жолға қойылған. «Бірқатар саяси партиялар «Хизб-ут-Тахрир» ұйымының идеяларымен сабақтасатын бағдарды ұстанады. Олардың ішінде Қырғызстанды мұсылмандық ел деп санайтын «Таза дын харакати» (Таза дін әрекеті) және «Акыл эс, рух, ыйман» (Ақыл-ес, рух, иман) партиялары жатады». «Хизб-ут-Тахрир» Қырғызстандағы билікті жаулап алу үшін өздерінің өкілдерін мемлекеттік құрылымдарға кіргізіп жатыр. Ұйымның мүшелері құзырлы органдар, қырғыз милициясы қызметкерлері есебінен күрт көбейген. Сондай-ақ, оның ішінде аудандық билік өкілдері, ауылдық басқарма мен педагогтары да бар. Қатерлі ұйымның қатарында көптеген зиялы адамдар бар - «парламент депутаттары, белгілі кәсіпкерлер, үкімет шенеуніктерін тарту арқылы, олар өздерінің істеріне қаржылық, моральдық және басқа да түрдегі көмек алып отыр. Соның әсерінен «Хизб-ут-Тахрир» мүшелері үкіметтің көмегі арқылы өздерін Қырғызстандағы радикалды емес ұйым ретінде көрсету мақсатын көздеп отыр!», - дейді.

«Хизб-ут-Тахрир» мүшелерінің сайлау барысында кандидаттарға жәрдемдесу арқылы олармен болашақтағы өз жоспарларын іске асыру үшін әдейі келісімге келген жерлері бар екенін айтады.

Сондай-ақ, мақалада «Қырғызстанда «Хизб-ут-Тахрирдің» мүшелерімен жақтастарының да саны күрт артып жатқаны, 2006-2008 жылдары ұйымды қолдаушылар үш есеге дейін өсіп, 15 мың адамға жеткені» айтылады.

Ал, «Испандық «Eurasia Review» басылымының эксперті Гринфильдтің айтуына қарағанда, үкіметтің ықпалды мүшелері де саяси мүдделеріне діни экстремистердің қолдауын пайдаланғысы келеді.

Жекшенов: «Қырғызстан үкіметінің өкілдері «Хизб-ут-Тахрирден» төнетін қауіпті онша елемейтін сияқты. Ел ішінде радикалды ұйымдардың белсенділігі артып, дәстүрлі ислам дағдарысқа ұшыраған. Бұдан былай әлеуметтік саясат істерін жүргізуде қателіктерге ұрынса, діни радикалды ұйымдардың беделі артып, Қырғызстан үкіметі біржола абыройынан айырылатын түрі бар», - деп қорытынды жасайды.

Байқап отырсаңыз, Қырғызстандағы «діни» ұйымдардың жұмысы «жеміс» бере бастағаны - әзірге алдын алу шараларымен шектеліп отырған біздің елге сабақ болуы керек.

Қазақстанда бүгінгі күні ресми мәлімет бойынша 1700 мешіт бар. Оның тек, 200-і ғана Әділет министрлігіне тіркелген. Соңғы екі жылда мешіт саны арта түскені туралы әңгіме көп. Әсіре діншілдеріміздің содыр әрекеттері туралы да гулеп тұрған сөз көп...

Мақалаға орай:

  • «Хизб-ут Тахрир» партиясы деп аталатын сектаны Палестинада дүниеге келген Такиу-д-Дин Набхани (1908-1977жж) құрды. Т.Набхани Әл-Азхар университетін бітіргеннен кейін Палестинаға оралып, мұғалім, судья болып жұмыс істеді. 1952 жылы өз партиясын құрып, оны басқаруға, партияның мәдени және идеологиялық бастауы болып табылатын кітаптар мен кітапшалар шығаруға өмірін арнады. (Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат департаментінің алғы сөзімен шығарылған «Хизб-ут-Тахрир» исламның жолы емес» кітапшасынан алынды. 2008ж.)
  • Ұлыбритания Отарлау министрлігі басқарып және әр мемлекетке жіберіп отырған мыңдаған тыңшылардың бірі болған Хемфер 1125 (м.1713) жылы Басра қаласында қолға түсірген 14 жастағы Нәждтік Мұхаммедті көп уақыт бойы алдап, «Уаххаби» ағымын құрды және тағы сол министрліктің әмірімен 1150 (м.1737) жылы бұл ағымды жария етті. («Ағылшын тыңшысының мойындаулары», М.Сыддық Гүміш, Алматы, 2010ж. )
  • «Ғылыми еңбектерде салафизм ағымының «Әл-Қаида», «Талибан», «Өзбекстан ислам қозғалысы», «Орталық Азия моджахедтер жамағаты», «Хизб-ут Тахрир», «Таблиғи жамағат» сияқты лаңкестік ұйымдардың идеологиялық негізі болғаны толық дәлелденгені белгілі» (Тойрджанға «тәйт» дейтін қазақ бар ма?, zonakz.net)

www.masa.kz cайты

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1492
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3261
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5584