Жұма, 22 Қараша 2024
Тарихтың бір күні 15293 155 пікір 27 Қазан, 2017 сағат 09:48

Президент Жарлыққа қол қойды. Латын қаріпінің жобасы қабылданды

Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруге қатысты талқы бітіп, Президент жарлық шығарды. Әліпбиді кириллицадан латын графикасына көшіру туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы "Ақорданың" ресми сайты мәлімдеді.

2017 жыл. 26-қазан. № 569 жарлық. Бұл жарлық бекітілді. Қазақ қоғамында қызу талқыға түскен латын графикасының екі нұсқасының ішінде Елбасының көңілінен шыққаны апостроф арқылы түзілген екінші нұсқа болып шықты.

Сонымен жарлықта не жазылды? Көз жүгіртейік.

Қазақ тілі әліпбиінің кириллицадан латын графикасына көшірілуін қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия құрсын;

-қазақ тілі әліпбиінің 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшуін қамтамасыз етсін;

-осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де, соның ішінде ұйымдастырушылық және заңнамалық сипаттағы, шаралар қабылдасын.

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті                                                                   Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2017 жылғы 26 қазан.

Латын әліпбиінің қазақ тіліне ыңғайластырылған нұсқасын әзірлеу міндеті жүктелген мамандар ұсынып, Президент мақұл көрген әм қабылдап, бекіткен нұсқа мынау:

Жаңа әліпбиде барлығы 32 қаріп болса, оның 9-ы апостроф арқылы жазылады.

Айта кетейік, күні кеше ғана Президент Назарбаев Президент Әкімшілігінің Басшысы Әділбек Жақсыбеков пен  Президент Әкімшілігінің Басшысының бірінші орынбасары Марат Тәжинді қабылдап, латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің жобасын бекіту туралы жарлық әзірлеу керектігін айтқан еді.

Abai.kz

155 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3227
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5284