Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4083 0 пікір 12 Желтоқсан, 2010 сағат 09:16

Әсет Пазылов.Ұлт көсемі – Кенесары

Кенесарының тұлғалық бейнесі мен билеушілік танымын және саяси ахуалды кеңінен сипаттап, отандық тарихтың беттерінен орын алуына бірден-бір себепкер болған Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының (1858-1931) "Қара мес" деп аталатын еңбегі екені ақиқат. Онда бірнеше жеке адамдар: хандар, батырлар, билер, т.б. тарихын бір хронологиялық-шежірелік жүйе ретімен баяндай отырып, ел тарихын жан-жақты танытуға ұмтылады. Бiз үшiн Мәшһүр Жүсiп Көпейұлының "Мес" деп аталып кеткен 30 томдық жинағы iшiнен Қазақстан тарихы туралы жазылған қолжазбалары құнды болмақ. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының өз қолжазбасының көпшілігі Қазақстан Ғылыми академиясының Ғылыми кітапханасының сирек кездесетін қорындағы №1170, 1177 папкаларда сақтаулы. Ал Мәшһүр Жүсiп Көпейұлының «Қазақ түбі» деп аталатын тарихи мұрасының түп нұсқалары мен көшiрмелерi үш жерде сақтаулы:
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясындағы Орталық ғылыми кiтапхана қолжазба қорындағы (ОҒКҚҚ), №1170(а), №1170(б), №1171, №1176, №1177, №1178, №1645 папкаларда. Көшiрмелерi: №228, №334, №378 , №657, №664, №829, №1173, №1174, №1327, №1623, №1661 папкаларда;
- М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты (ӘӨИ) қорындағы, №131, №334, №479 , №599 папкаларда;
- Қ.П.Жүсiповтар әулеттiк мұрағатында (КПЖӘМ) сақтаулы тұр.
Сонымен бiрге « Қазақ түбі» еңбегiнiң тағы бiр нұсқалары:

Кенесарының тұлғалық бейнесі мен билеушілік танымын және саяси ахуалды кеңінен сипаттап, отандық тарихтың беттерінен орын алуына бірден-бір себепкер болған Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының (1858-1931) "Қара мес" деп аталатын еңбегі екені ақиқат. Онда бірнеше жеке адамдар: хандар, батырлар, билер, т.б. тарихын бір хронологиялық-шежірелік жүйе ретімен баяндай отырып, ел тарихын жан-жақты танытуға ұмтылады. Бiз үшiн Мәшһүр Жүсiп Көпейұлының "Мес" деп аталып кеткен 30 томдық жинағы iшiнен Қазақстан тарихы туралы жазылған қолжазбалары құнды болмақ. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының өз қолжазбасының көпшілігі Қазақстан Ғылыми академиясының Ғылыми кітапханасының сирек кездесетін қорындағы №1170, 1177 папкаларда сақтаулы. Ал Мәшһүр Жүсiп Көпейұлының «Қазақ түбі» деп аталатын тарихи мұрасының түп нұсқалары мен көшiрмелерi үш жерде сақтаулы:
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясындағы Орталық ғылыми кiтапхана қолжазба қорындағы (ОҒКҚҚ), №1170(а), №1170(б), №1171, №1176, №1177, №1178, №1645 папкаларда. Көшiрмелерi: №228, №334, №378 , №657, №664, №829, №1173, №1174, №1327, №1623, №1661 папкаларда;
- М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты (ӘӨИ) қорындағы, №131, №334, №479 , №599 папкаларда;
- Қ.П.Жүсiповтар әулеттiк мұрағатында (КПЖӘМ) сақтаулы тұр.
Сонымен бiрге « Қазақ түбі» еңбегiнiң тағы бiр нұсқалары:
- Ресей Федерациясы Санкт-Петербург қаласындағы Шығыстану институтының қолжазба қорында;
- Татарстан Республикасы Қазан қаласының Орталық мұрағатында;
- Татар жазушысы Наки Исәнбеттiң жеке әулеттiк мұрағатында т.т. сақталулы тұр.
Әсіресе, Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының Кенесары Қасымұлына қатысты жинақтаған деректері ҚР ҰҒА Орталық ғылыми кітапханасы қолжазба қорындағы № 1170 «А» папкасында:
- «Кенесарының өлеңі» (129-136-б.). Басы: «Айтамын, айт дегеннен, ау, жарандар!» Соңы: «Дін-мұсылман быт-шыт боп, жаман бүлген!» Қара: Радлов В.В. (282-286-б.);
- «Кенесары жыры» (136-137-б.). Басы: «Қыстың бір алтауы өткен соң (136-137 б.). Соңы: «Хабар берді Рахпан!». Қара: Радлов В.В. (286-287-б.) т.б. деректер сақталған.
Сонымен бірге № 1176 папкада:
- «Кенесары жорығы соңы» (86-90-б.). Басы: «Бұл қырғыздардың Кенесарыға қарсыласып жатқандығы: 1846 жылы патша үкіметі Аягөзден Кенесарымен соғысуға Нухалов деген жасауылды қосын қылып шығарған.» Соңы: «Ас-сусыз үш күн соғысып, аты да, адамы да болдырып, титығы құрып, қолға түскен;
- «Кенесары кезіндегі Қоқан ханы мен Ұлы жүз байланысы» (90-92-б.). Басы: «Үйсін: отыз ұлды Байзақ Қоқанға қарағанда, Қоқанның ханы Мәделіхан...» Соңы: «Алатаудың бір өзені: «Қызылсусамыр»- деп аталатын деректер сақталған.
1837-1847 жылдар аралығындағы ұлт-азаттық көтерiлiс Мәшһүр-Жүсіптің «Қазақ түбі» нұсқаларында Кенесары заманы ретiнде қарастырылады. Мәселен: « Қазақ түбі» нұсқасының № 1170 "б" (795-849-беттер), № 1176 (78(73)-93(87)-беттер), № 1177 (190(238)-193(240), 261-263-беттер) папкаларында жинақталған құнды мағлұматтар да соның айғағы болмақ. Сондықтан болар Е. Бекмаханов /1/ пен Д.И.Дулатова /2/, Галузо П.Г. /3/ Кенесары көтерілісін, қазақтардың тәуелсіздік жолындағы күресінің бастамасы ретінде қарастырылады. Ал Кенесарытанудың негізін қалаған Мәшһүр-Жүсіп болса, аталмыш ұлт-азаттық көтерілістің ақтаңдақтары Е.Қ. Жүсіповтың оқу құралында жан-жақты қарастырылған /4/.
Сарыарқаның тарихын сипаттай келе Мәшһүр-Жүсіп: «Біздің бұл Сарыарқадағы қазаққа «қазақ бізге бағын, қара» деп, «ақ патшадан жарлық алып шықтым» - деп, Ибан Сыманыш деген бөлкебай келді. Сонда оныменен талас Қытайдан да елші келді, «қазақ саған қарамайды, маған қарайды» деп. Ол екеуінен патшаға қазақтың өз ішінен төреден Кенесары, Наурызбай шығып, келіп айтты:
Бағынба қазақ орысқа,
Бағынсаң қазақ орысқа.
Осы бастан амандас,
Сарыарқа деген қонысқа.
Береке кетер асыңнан,
Билік кетер басыңнан.
Інгеннен інген күйерсін,
Күйдіруші табылып.
Көршілес жақын қасыңнан,
Қызығып тұрсың байқамай.
Күйгеннен зарлап айттым-ай,
Көрінісі орыстың,
Текеметтің бозындай.
Ойлағаны жамандық,
Жарадан аққан іріңдей,
Абақты деген үйі бар,
Қазулы даяр көріңдей.
Қызыл қарын жас бала,
Обалына қаларсың
Кейінгі үрім-бұтақтан,
Қарғыс бір нәлет аларсың,
Ап кетейін бір жаққа,
Соңымнан ерші ерінбей!
Сонда сол замандағы қазақтың жақсылары кеңесті де Кенесары, Наурызбайдың сөзін қостамады және қытай елшісіне де сөйлеспеді. Жерімізге тимесең, баладан солдат алмасаң саған қараймыз деп, ғәдәләтшілік бар деп, ақ патшаны өз ықтиярларымен қарап бағынды. Теріге жаздырып уағда хат алды.» /5/,-деп Кенесары мен Наурызбайдың өз қара басы үшін емес, ұлт болашағы үшін тер төккенін сипаттайды.
«Кенесары жорығы» деген бірінші нұсқасында Мәшһүр-Жүсіп: «Наурызбай төренің мінезі ауыл арасында әншейін жүргенде, періштедей екен. Жауға шапқанда, суықтығы албастыдай көрінеді екен...» /6/,-деп Наурызбайдың тұлғалық бейнесіне оң бағасын бере отырып, «Кенесары жорығына қатысты үшінші дерек» деген нұсқасында: «Кенесары ханның жылы қоян еді. Сегіз жыл ханлық дағуасын қылды» /7/,-деп Кенесарының дәуірін Абылай ханн билігінің жалғасы ретінде қарастырады.
Нысанбай жыраудың Кенесары тұсындағы және одан кейінгі халық тіршілігін сипаттап салыстыра айтқан жыры Мәшһүр-Жүсіптің «Кенесары-Наурызбай» дастаннының екінші нұсқасында кездеседі. Онда жырау:
Кене ханның тұсында
Қарт баурадай жарадық.
Жауған қардай борадық.
«Абылай-лап!»-ат қойып,
Дұшпанның алдын орадық.
Кене хан жазым болған соң,
Бет-бетімен тарадық.
Көрінгенге қорғалып,
Кісі аузына қарадық.
Өзіміз шапқан Созақтан
Бір шақта ақыл сұрадық.
Бастан ауды бағымыз.
Иесіз қалды тағымыз /8/,-деп орынды баға береді. Ал Кенесарыдан кейінгі отарлау саясаты туралы Н. Абуев: «50-60-х годы XIX в. были годами активной военно-казачь¬ей колонизации Казахской степи. Началась она сразу же после подавления восстания под руководством Кенесары Касымова и преследовала цель освоить богатства края», - деп жазады. Ал Н. Коншин «После смерти Кенесары Касымова его скопище частью рассеялось, частью бежало в Туркестан вместе с сыновьями Кенесары. Соединяясь с кипчаками, они несколько раз пытались отомстить каракиргизам за смерть отца и покорить юсунонцев, но успеха не имели. Сибирские киргизы и торговцы также не мало терпели от сыновей Кенесары и живших с ними сыновей его брата Саржана. Так, в 1850 г. шайка под предводительством Джафара Кекесарина производила баранту в Акмолинском округе; в следующем 1851 году тот же Джафар и его братья Омар и Оспан опять вторглись в русские пределы, но шайка их скоро была разбита и сам Джафар попался в плен. В 1856 г. кокандские киргизы с сыновьяни Кенесары и Саржана ограбили караваны петропавовских купцов и угнали у акмолинских киргиз 15 т. голов скота. Высланный для преследования их отряд шг.-кап. Соловцова с султаном Нуралы Абулхаировым и батыром Ерденом Сандыбаевы подвергся на р. Чу нападению кокандского отряда с Ахметом Кенесаримым, причем Соловцов был убит. В 1860 г. скрывавшиеся в Коканде Ханхожа и Байменды Саржановы опять вторглись в западно-сибирские округа для баранты. Последнее имеющееся у меня сведение о бывших сподвижниках Кенесары относится к 1871 году, когда в Сарысуйском уезде был арестован султан Кошкарбай Саржанов.
Взятый в плен в І851 г. Джафар Кенесарин при допросе показал, что семейство его отца состоит из 8 сыновей: от одной жены, бывшей в плену у русских - его, Джафара, Тайяра(?), Ахмета и от другой жены - Омара, Оспана, Абубакира, Садыка и Джандайдосы (?), из которых последнему 11 л. Все они жили около Азрета. Джафар был сослан в г. Березов» /10,-деп көтерілістен кейін халықтың ғана емес Кенесарының ұрпақтарына да ауыр күннің туғанын баяндайды.
Кенесары туының астына Орта жүз бен Кіші жүз рулары мен Қыпшақ, Төртқара, Жағалбайлы, Шекті, Алшын, Керей, Жаппас, Арғын т.б. рулардан шыққан мыңдаған сарбаз жиналды. Сондай -ақ қарақалпақ, қырғыз, өзбек түрікмен өкілдері де болды.
Көтерілісті қазақ даласындағы ел-жұрттың бәрі қолдады деп топшалау қиын.
Себебі Ақмола округының аға сұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендин, Кіші жүздің басқарушы сұлтандары Ахмед пен Мұхамед Жантөриндер, сұлтан Баймағанбет Айшуақов, Әли мен Сүйік т.б. отаршылдық әкімшіліктің қолдауына сүйенгендер Кенесарыға қарсы болды.
1837 ж. үлкен ағалары Саржан мен Есенгелді өлгеннен кейін Кенесары Ақмола округiне келiп көтерілісті басқарады.
1838 ж. көктемінен бастап Кенесары жасақтары патша әскеріне қарсы жоспарлы күрес жүргізді. Ақмола қаласын қиратты. Қоңырқұлжа аулын шапты.
1840 ж. күзде Ырғыз бен Торғай маңында патша әскеріне, бай-шонжарларға күрес бастады. Қоқан хандығының иелігіне баса көктеп еніп, одан бірқатар ірі қазақ руларын күшпен бөліп алады.
1841 ж. қыркүйекте Кенесарыны халық хан етіп сайлады. Ол құрған мемлекет феодалдық мемлекет болды.
1841 ж. тамыз айында Кенесарының қолы Ташкентке аттанды. Алайда сарбаздар арасында жұқпалы аурудың таралуы бұл жорықты тоқтатты.
1841-42 ж. Кенесары жасақтары қоқандықтарға қарсы соғыс жүргізді. Созақ, Сауранды алды. Қоқандықтар Кенесарымен келіссөз жүргізуге мәжбүр болды.
1843 ж. Орынбор ген-губернаторы Перовский кетіп, орнына Обручев келді. Ол Горчаковпен бірге Кенені қуғындауға кірісті. Кенеге қарсы орыс соғысы 27 маусымда басталды. Тамыз айында Кенесарыға қарсы сұлтандар Жантөрин, Айшуақов, полковник Генс және Бизянов бастаған бес мың әскер де жіберілді. 1-7 қыркүйекте екі жақ арасында соғыс жүрді. Екі жақта бір-бірін жеңе алмады. Күз түсе патша әскері Ор бекінсіне қайта оралды.
1843 жылы 17 маусымда патша Николай I Кенесарыға қарсы кең көлемде соғыс жорығына рұқсат берді. Әскери старшина Лебедев 300 адамнан тұратын отряды алдыңғы соққы беретін күш болды, кейін оның отряды 1500 адамға жетті.
1843 ж. тамызда А. Жантөрин мен Б.Айшуақов сұлтандар бастаған екінші топ жасақталады. Осы жылға 7 тамыздағы шайқас үкімет үшін нәтижесіз болды. Жантөрин отряды талқандалды, Наурызбай мен Ақбай батырлар Екатерина бекінісін басып алды.
1844-45 ж. көтеріліс өрледі. Оған Сыр бойының, оңтүстіктің қазақтары қосылды. Кенесары өз әскерінің санын 20 мың адамға жеткізді.
1844 ж.жазында Кене жасақтарын құрту, халық қозғалысын басу үшін Ор бекінісінен, Ұлытаудан, Тобыл өзенінен патша әскерінің үш тобы шықты.
1844 жылы 14 тамызда Екатеринск (Атбасар) бекінісін тіке шабуылмен басып алды.
1844 ж. Кенесары табысы оның даңқын асырды. Кенесарымен келіссөз жүргізу үшін патша үкіметі Долгов бастаған бір топ адамды жіберді. Кенесары оларды екі ай ұстап, Орынбор генерал-губернаторына хат жазып, оларды аттандырып жіберді. Ол хатында патша бекініс-қамалдарды бұзып, зорлықты тоқтатса, Ресейге бодан болуға әзірлігін білдірді.
1845 ж. Кенесары Ұлы жүзге қоныс аударды.
1845 ж. қазан-қараша айларында Кенесары әскері Қоқан хандығына жорыққа аттанды. Қорған, Жаңа Жүлек, Созақ бекіністерін алады. Ақмешітті қоршайды. Бірақ жұқпалы ауру шығуға байланысты кері қайтады.
1846 ж. жазда Кене мыңдай жасағымен Қырғызға бет алды. Хан солтүстік қырғыз манаптарынан өзіне бағынуды талап етті. Қырғыз манаптары Орман, Жантай, Жанғараш тайпалар құрылтайын шақырды. Сарыбағыш, Бұғы, Саяқ, Солто, Шерік тайпалары қазақ ханының бұйрығын орындаудан бас тартты.
1846 ж. жазда Кенесары Балқаш көлінің жағалауындағы Қамал түбегін басып алды, мақсаты - жау күшіне соққы беру және өз жағына жаңа ауылдарды тарту болды. Бұл кезде Кенесарының 10 000-дай жасағы болды, зеңбіректері бар еді. Қосылғысы келмеген ауылдарға күш көрсетті.
1847 ж. сәуірде Кенесары жасақтарымен қырғыз жеріне басып кірді. Қырғыздармен соғыс Ыстықкөлдің тау шатқалы қойнауында, Шу өзенінің бас жағында өтті. Кенесары Тоқмақтың маңында Кеклік сеңгірі деген жерде қамауға түсті.
Кенесары ел билеу тәртібін өзгертті. Алым-салық реформасы іске асырылды. Егіншілікті дамытуға, көрші елдермен сауда-саттық, керуен салық алынатын болды. Мемлекеттік құрылыс өзгерді. Хандық кеңес құрылды. Кеңесіп шешетін жоғарғы органдарға ханға берілгендер кірді. Жасақтар жүздіктерге, мыңдықтарға бөлінді. Кенесары орыс үкіметімен тату көршілік жасауға тырысты.

1.       Е. Бекмаханов. Қазақстан XIX ғасырдың 20-40 жылдарында. Алматы, 1994.
2. Туркестан-колония. С.82-95.
3. Историография дореволюционного Казахстана. Алма-Ата, 1984. С.62, 68-69.
4. Мәшһүр-Жүсіп - тарихшы. Павлодар, 2002.
5. Мәшһүр Жүсіп Көпеев. Сарыарқаның тарихи әңгімесі, Сарыарқаның кімдікі екендігі. Қазан, 1907.
6. ОҒКҚҚ №1176-папка, 78-80 және 86-90.
7. ОҒКҚҚ №1178-папка, 34-бет.
8. «Мәшһүр-Жүсіп» шығ. жинағы 9-том. 214-бет. Павлодар: «ЭКО», 2006.
9. Историческая правда и вымыслы социальный состав населения.
10. Н. Коншин. Материалы для истории казахского края.

Әсет Пазылов,
«Мәшһүр-Жүсіп» мұражайының
ғылыми қызметкері

«alash.kz» сайты

 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1489
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5529