Ғ. Базарбеков. Аякөз сыртқы округының құрылуы
Аякөз туралы аңыз-әңгімелер көп екені белгілі. Шығыс деректерінде Аякөз өзенін «Сұлу өзен» деп атаған. Шоқан Уәлихановтың өзі бұл жерді жақсы көргені мына сөздері дәлелдейді: «Я очень люблю и восхищаюсь Аягузом; может быть поэтическая легенда о любви прекрасной Баян к золотоволосому Козы Корпеч, дейсвия которой происходили на этой реке, есть немаловажная к тому причина...» [1, 230 б.]. Енді осы жердің Ресей құрамындағы сыртқы округ болып құрылу тарихына тоқталайық.
1836 ж. 4 тамыздағы Омбы облыстық басқармасының Батыс Сібір генерал-губернаторына сұлтан Сардаковты қол астындағы халқымен Аякөзді Көкпекті округыне өткізу туралы мәлімдемесінде былай деп жазылған: Батыс Сібірдің бұрынғы генерал-губернатор мырзасына облыстық басқарма мырзасының 24 желтоқсан № 5335 мәлімдемесінен белгілі Ресей құрамына белгіленген тәртіп бойынша Көкбекті округы құрамымен Матай болысының сұлтаны Қалдықожа Сардаковты қол астындағы қазақтармен Көкбекті округтык басшысына беру туралы айтылғаны Сізге белгілі. Осының негізінде сұлтан Қалдықожа Сардаковты сотник Нюхалов сенім бодандығын қабылдағаны үшін отрядқа шақырылған, Нюхалов мырзаға өзімен бірге Матай руының Арық және Қожамқұл руларының 200 түтінін бодандыққа кіруге шақырған [2].
Аякөз туралы аңыз-әңгімелер көп екені белгілі. Шығыс деректерінде Аякөз өзенін «Сұлу өзен» деп атаған. Шоқан Уәлихановтың өзі бұл жерді жақсы көргені мына сөздері дәлелдейді: «Я очень люблю и восхищаюсь Аягузом; может быть поэтическая легенда о любви прекрасной Баян к золотоволосому Козы Корпеч, дейсвия которой происходили на этой реке, есть немаловажная к тому причина...» [1, 230 б.]. Енді осы жердің Ресей құрамындағы сыртқы округ болып құрылу тарихына тоқталайық.
1836 ж. 4 тамыздағы Омбы облыстық басқармасының Батыс Сібір генерал-губернаторына сұлтан Сардаковты қол астындағы халқымен Аякөзді Көкпекті округыне өткізу туралы мәлімдемесінде былай деп жазылған: Батыс Сібірдің бұрынғы генерал-губернатор мырзасына облыстық басқарма мырзасының 24 желтоқсан № 5335 мәлімдемесінен белгілі Ресей құрамына белгіленген тәртіп бойынша Көкбекті округы құрамымен Матай болысының сұлтаны Қалдықожа Сардаковты қол астындағы қазақтармен Көкбекті округтык басшысына беру туралы айтылғаны Сізге белгілі. Осының негізінде сұлтан Қалдықожа Сардаковты сотник Нюхалов сенім бодандығын қабылдағаны үшін отрядқа шақырылған, Нюхалов мырзаға өзімен бірге Матай руының Арық және Қожамқұл руларының 200 түтінін бодандыққа кіруге шақырған [2].
Жүздік Нюхалов шыққан тегіне қарағанда бұл екі ру оның басқармасында болу керектігін білген; алайда олар Ресей бодандығын алғаннан кейін және Аякөз приказы 1830 жылдан басқаруында болғандықтан Көкбекті округінде қалғанын жөн көрді, ал Сардаковқа аталған екі ру бодандықты қабылдаған және Аякөз приказының басқармасында деп түсіндіргенде, Сардаковтың өзі ант қабылдауға асықпады, өйткені басшыға Сардаков бұл екі руды Көкбекті округі басқармасына бағындыру таралы айтуы ыңғайсыз, себебі бұл екі руды халықтың өзі қалайды әрі қыстаулары Көкбекті округының ортасында жайғасқан.
Осы жылдың 4-ақпанындағы № 24 қорытындысымен сотник Нюхаловтың мәлімдемесін алғаннан кейін, егер сұлтан Сардаков Ресей бодандығын және олар сұраған Аякөз приказындағы екі руды қабылдаса, онда олардың бәрі бір болысты құрайтын еді, ал ол екі руды беру мүмкін болмаса, онда Сардаковты бұрынғысынша қалдыру керек, өйткені Көкбекті округының сеніміне қабылданған сұлтан Сыбанқұлдың үлгісіне қарағанда оған жақын халық Аякөз приказында Ючин сұлтандардың басқармасында, өз тілегі бйынша өз басқармасында ұстағысы келеді, өзі округтердің ар жағында қалды, Аякөз округіндегі көптеген қазақтарды бас тартқызды, ұрлық жасалды, сондықтан мен Аякөз округтік приказына былай деп мәлімдеймін: шынында да 200 түтін Арық және Қожамқұл руаларының қазақтары сұлтан Сардаковтың қарамағында болғысы келе ме және Көкбекті округінде қоныстары бар ма, өйткені 14-шілдеде № 1208 мәлімдемеге қарағанда Матай болысының басқарушысы сұлтан Дауыт Мамырханов арқылы 200 түтіні бар аталған екі ру шын мәнісінде сұлтан Сардаковтың басқармасына кіргісі келеді, ал қыстаулары мен жайлаулары болса Көкбектіден алыс емес жерде орналасқан [3].
Сұлтан Сардаковтың қарамағына істерді беруді тоқтатып, Сіздің Мәртебеңіздің қарауына мына мәселелерді ұсынамын: 1. Көкбекті округы әлі ашылған жоқ, және маған әлі белгісіз, екі ұсыныстың қайсысы бекітілетіні белгісіз, яғни ол Аякөзбен шектесе ме, немесе ерекше округ бола ма; 2. Аякөз округын енген қырғыздар (қазақтар. Б.Ғ.) қазынаға жасақ (яғни салық Б.Ғ.) төлеуі керек. Ал Арық және Қожағұл руларының 200 түтінін қосып, Көкбекті округын ашқанда қырғыздар қолданған жеңілдіктер қандай болса, соны қолданады, демек, олар Аякөз округы құрамына енген жолдастарына қарағанда артықшылықтары болады, сондықтан өздерінің азиаттықтары арасында тәртіпсіздік болады, тіпті бағынбауы мүмкін, осыған байланысты мен жоғарыда аталған қырғыздарды сұдтан Сардаковтың басқармасына енгізбеуді жөн көрдім, оның тілегіне орай ешқандай күш қолданбай Көкбекті округыне енгені жөн, бұл округтың ашылуына дейін оған кігісі келетін қырғыздаың тілегіне орай ешқандай тапсырма берудің қажеті жоқ, жалпы менің ойымша, қырғыздардың бір округтан екіншісіне ауысуға тиым салған жөн [4]. Мұндай істер даладағы басқарма тәртібін тежеп қана қоймай, басқрманың өзін заң бойынша өз міндетін орындауда қиын жағдайға әкеледі, ал жасақ жинағанда тіпті қиын, барлық азиаттарды қандай да бір тәртіпке үйрету мүмкін емес, болашақта мен сізден қолдау күтемін.
Бөлім басқарушысы ретінде Капустиннің қолы, үстел бастығы ретінде Иван Наумовтың қолы қойылған.
Ш. Уәлиханов Аякөз округіне кіретін мына болыстарды көрсеткен: 1) Чого-Уақ, 2) Сарман-Уақ, 3) Тума, 4) Есенқұл-Садыр, 5) Байкөбек-Сыбан, 6) Жанкөбек-Сыбан 7) Жанқұлы Семіз Найман, 8) Қаракерей Семіз Найман, 9) Болатшы, 10) Тоғылбай Садыр, 11) Аталық Матай, 12) Кенже Қапшағай Матай [5, 196 б.].
Мұрағат құжаттарында қарағанда 1844 ж. Аякөз сыртқы округының статистикалық сипаттамасы былай берілген:
1842, 1843, 1844 жылдардағы жасалған құрылым бойынша Аякөз округының құрамына мына болыстар кіреді: 1) Бакол-Матай, онда [жан] ер адамдар [жынысы] - 1942, әйел адамдар -1525, жылқылар - 2249, ірі қара [мал] - 1567, қой мен ешкі - 6098, 2) Қолжы [жан] ер адамдар [жынысы] - 1132, әйел адамдар - 1002, жылқылар - 4663, ірі қара [мал] - 1116, қойлар-15946, 3) Байгөбек-Сыбан [жан] ер адамдар [жыныс] - 1870, әйел адамдар - 1782, жылқылар - 6386, рогатого [скота] - 1658, баранов и коз - 28724: 4) Жангөбек-Сыбан [жан] ер адамдар [жыныс] - 1931, әйел адамдар - 1648, жылқылар - 5889, ірі қара [мал] - 1875, қой мен ешкі - 28949; 5) Жанғұлы-Семізнайман [жан] ер адамдар [жан] - 2140, әйел адамдар - 1972, жылқылар - 14231, ірі қара [мал] - 2676, қой мен ешкі - 6542; 6) Есенқұл-Садыр [жан] ер адамдар [жынысы] - 1473, әйел адамдар - 1365, жылқылар - 2406, ірі қара [мал] - 1380, қой мен ешкі - 17390; 7) Тумын [жан] ер адамдар [жыныс] - 1978, әйел адамдар - 1955, жылқылар - 8510, ірі қара [мал] - 3027, қой мен ешкі - 47685; 8) Болатшы [жан] ер адамдар [жынысы] - 2364, әйел адамдар - 2025, жылқылар - 5927, ірі қара [мал] - 3372, қой мен ешкі - 42313; 9) Каракерей-Семізнайман [жан] ер адамдар [жынысы] - 936, әйел адамдар - 820, жылқы - 4272, ірі қара [мал] - 1504, қой мен ешкі - 19642; 10) Түгелбай-Садыр [жан] ер адамдар [жынысы] - 2147, әйел адамдар - 1933, жылқылар - 5889, ірі қара [мал] - 2294, қой мен ешкі - 33941; 11) Кенже-Қаптағай-Матай [жан] ер адамдар [жынысы] - 1455, әйел адамдар - 1304, жылқылар - 7375, ірі қара [мал] - 1870, қой мен ешкі - 28559; 12) Аталық-Матай [жан] ер адамдар [жынысы] -1240, әйел адамдар - 1229, жылқылар - 2985, ірі қара [мал] - 2171, қой мен ешкі - 22242; 13) Ақымбет-Керей [жан] ер адамдар [жынысы] - 2389, әйел адамдар - 1986, жылқылар - 1974, ірі қара [мал] - 1430, қой мен ешкі - 3995; 14) Барман-Уақ [жан] ер адамдар [жынысы] -1727, әйел адамдар - 1493, жылқылар - 2196, ірі қара [мал] - 764, қойлар - 2735; 15) Чогол-Уақ [жан] ер адамдар [жынысы] - 2135, әйел адамдар - 1864, жылқылар - 4623, ірі қара [мал] - 1166, қой мен ешкі - 7876 және 16) Қалды руында [жан] ер адамдар [жынысы] - 134, әйел адамдар -118, жылқылар - 262, ірі қара [мал] - 280, қойлар - 1752.
Округ бойынша барлығы: [жан] ер адамдар [жынысы] - 26993, әйел адамдар - 24021, жылқылар - 79899, ірі қара [мал] - 28200, қой мен ешкі - 373742 [6].
Жайлаулар мен қыстаулардағы қоныстар туралы, қандай жергілікті жерлерде және жоталарда орналасқан және қандай болыстарды иемденгені туралы мұрағат құжаттарында былай жазылған:
Аякөз округының болыстарының қоныстары мына жерлер мен урочищах орналасқан: 1) Бакол-Матай [қоныстар]: жазғы: Шар, Қызылсу, Кокбукты, Ағанықат, Былқылдақ, Үшбұлақ, Еріл өзендері бойында; Қаратау, Қоңыртөбе, Қаражал және Қалба жотасында; қыста - Жіңішке, Бөкен, Ағанықат, Балтағар, Былқылдақ, Еріжеп, Шар, Шыбынды, Жұбай өзендері бойында; Караджалу, Делбегетей, Балакараджалу, Қызылжал, Тыстау, Бишкарачоку, Найзатау, Жанғұр, Қызыл-Адыр, Айрыкезен тауларында; по Шүргүткөл көлі маңындағы Құямағаш бұлағы;
2) Қолжы [қоныстар]: жазғы - Көкбекті, Қызылағаш, Жіңішке, Шар, Шыбынды, Құрметті, Кендікті, Бүрле, Аякөз, Нарын, Чанырты өзендері бойында; Куженичок, Теректі таулары; қыстаулар - Куженечоку, Логбе, Сандықтас, Қаражал, Қайыңд, Жаманашат, Архарлы, Жыланды, Құсмұрын, Шұбартөбе, Обол, Қаракөл, Қарагиман, Алақ, Қызнид-жал, Үшқара, Тоғал, Ақшоқы, Қоңыр-Көшкұр, Сартау-Әулиекөл таулары; Егінбұлақ, Кезеншілік, Сары-Бұлак бұлақтары және Бестамас мен Боранбай жоталары;
3) Байгөбек-Сыбан [қоныстар]: жазғы - [өзендер бойы] Аякөз, Балтағара, Күп, Көкбекті, Құсмұрын, Қоңыршәулі, Ақшәулі; Шыңғыс, Алжан, Қандықатай, Керегетас, Дөненжал және Қыржы-Адыр, Жамантеліп, Токайрык, Қорашоқ, Аккөлді, Қа¬ражал, Көлғұтты, Утияр, Балтатарақ таулары баурайында; Жарлы, Тере-Айрық өзендерінің бойы және Сарыбұлақ бұлағының маңы;
4) Жангөбек-Сыбан [қонысы]: жазғы - по речкам Аякөз, Нарын, Ащысу, Ұржар, Қаракөл өзендері бойы, Акшәулі және Қоңыршәулі тауларының баурайы; қысқы - Балтатарақ, Көлгұтты, Шыңғыс, Бөрлі, Қоңыршәулі, Шақарыт, Инрикт, Дөненжал, Өкпекті, Қарашоқы, Қарасыдыр тауларында, өзендер [бойында] - Мұқыр, Тақыр, Аякөз, Құндыз, Бөлте, Сарыөзек, Қостөбе, Қалгұтты және Сарыбұлақ бұлағы;
5) Жанғұллы-Семізнайман [қоныстар]: жазғы - по рекам Денсалы, Мамырсу, Аякөз, Нарын, Таңсық, Аю, Қаракөл, Игинсу, Ұржар, Жіңішке, Лепсі, Қурайлы, Шілікті, Құялы, Шыңжалы өзендері бойы; Сандықтас, Қалгұтты, Төрткөл, Сарапан, Колле, Акшатау, Жамантапгу, Тарбағатай таулары; Сарыкөл көлі, Шатырау құдығы; қыстаулары - приказ жерінен Аякөз өзенінен бастап Жүзағаш жотасына дейін, Қаракөлден бастап до Жалғызағашқа дейін, Көксалы, Бақанас, Ащыбұлақ, Майбұтақ өзендерінен, Қойтас, Құтжалы, Жыланды, Ақтоғай, Жүзағаш жоталары және Арғанаты, Бөрлі, Белосекжол, Ақтөбе тайларының етегі;
6) Есенқұл-Садыр [қоныстары]: Алатау тауы, Жамантағып жотасында; қыстаулары - Лепсі, Кыскачу, Көктерек және Науалы өзендерінде;
7) Тума [қоныстары]: жазғысы - Тарбағатай, Қызылқы-Көтеме, Түлкілі, Ақшоқы, Тоқта-Барлық, Танашы, Кайкана, Қара-Бұлақ, Жабық тауларында, Қаракөл, Канпе-Қарақатты өзендерінің бойында; Сазы жотасында; қыстаулары - Тарбағатай, Тақтабарлық, Қайқын, Арғанат, Қарғалы тауларының етегінде; Үшбұлақ, Қаражал, Лепсі, Сарыкөл өзендерінде; Қарақұм, Көл, Майбүйрек, Ишал, Көпе жоталарында;
8) Болатшы [қоныстары]: жазғы - Тарбағатай таулары мен осы таудың екі жағында; Ұржар өзені, Тұлақұлы жотасында, Сарыбұлақ бұлағында; қыстаулары - Лепсіге құятын Мақаншы өзенінде, Қоңыр шалақ, Қызылжеле, Тарбағатай, Шұбар-Айғыр тауларының екі жағында; Аю, Қырық-Байталы, Ұзынбұлақ және Қаракөл өзендерінде;
9) Қаракерей-Семізнайман [қоныстары]: жазғы және қысқы - Тақтабарлық тауынан Ақсу өзеніне және Тоқта жотасына дейін; речкам Тентек және Лепсі, Аякөз, Қаракөл өзенінің бойлары; Ақшәулі және Қоңыршәулі таулары; қысқы - Балта-Тарақ, Күнғұтты, Шыңғыс, Бөрлі, Шақарт, Инректі, Дөнейлі-Өкпекті, Қарашоқы, Қаралсыдыр тауларында; Мұкұр, Тақыр, Аякөз, Құндызды, Шат, Сарыөзек, Қостөбе, Қалғұтты өзендері және Сарыбұлақ бұлағы;
10) Жанғұл-Семізнайман [қоныстар]: жазғы -Денсалы, Мамырсу, Аякөз, Нарын, Таңсық, Аю, Қаракө, Игынысы, Ұржар, Жіңішке, Лепсі, Қурайлы, Шілікті, Күләш, Шынжалы өзендерімен; Сандықтас, Қалгұт, Төрткөл, Сарапан, Ақшатау, Жамантас, Көл, Тарбағатай таулары; Қаракөл көлі, Шатырау құдығы; қыстаулары - приказдың орналасқан жерден бастап Аякөз өзенінің төменгі жағынан Жүзағаш жотасына дейін, Қара көлінен Жалғызағашқа дейін, Көксалы, Бақанас, Ақбұлақ өзендерінде, Майбұтақ, Қойтас, Қожа¬лы, Жусалы, Актоғай, Жүзағаш жоталарында; Арғанат, Бөрлі, Белесекжол және Ақтөбе таулары;
11) Есенқұл-Садыр [2-ші] [қоныстар]: жайлау және қыстаулары - Тақтабарлық тауынан до реки Ақсу өзеніне және Тоқты жоталарына дейін, Таңсық және Лепсі өзендері бойында;
12) Түгелбай-Садыр [қоныстары]: жазғы - в отрогах Алатавских гор, при урочи¬щах Ойержащы, Суық-Жайляу, Көк-Жанты, Қойтас, Жолды-жерүй, Жамантайын; қысқы - Лепсі, Бөрлі өзендерінде, Арқарлы және Қысқалы тауларында;
13) Кенже-Каптағай-Матай [қоныстары]: жазғы - Сарқан, Ақсу, Биен, Көлденең өзендерінде; қысқы - Жөнкі, Алатау таулары; Қоңырлы, Басқан, Ақсу, Жанасу өзендері, Марқа жотасы және шығыс жағынан Балқаш көліне жақын жерде;
14) Аталық-Матай [қоныстары]: жазғы - Сарқан, Ақсу, Күлженен өзендерінде, Биен; қысқы - Жөңкі, Ақыстау таулары; Қоңырлы, Бейсқан, Ақсу, Жанасу өзендері; Марқа жоталарында және шығыс жағынан Балқаш көліне жақын жерде;
15) Сарман-Уақ [қоныстары]: жазғы - Шар, Ащысу өзендерінде; Аршалы, Арқат және Алжан таулары және Ертіс өзенінен бастапқы далаларда; қысқы - Көкон тауларында, Арқалық, Қоянды, Қазалы, Қорғанбай, Сарыбұлақ, Қаракөлшоқтан Ертіске, Семей қаласына дейін;
16) Чогол-Уақ [қоныстар]: жазғы - Ащысу, Шаған, Мұқұр өзендерінің жағасы және Ертіске жақын Доған өзенінде; қысқы - таулар: Көкон, Аршалы, Чанбайтемір, Самал, Қоянды, Казалы және Сарыбұлақ өзенінде.
17) Ақымбет-Керей [қоныстар]: жазғы - по речками Шар, Ащысу, Қызылсу өзендерімен және Балықкөл көлі; қысқые - Жартас, Қосүмбет, Арқат тауларында және біраз бөлігі Ертіс өзені бойында;
Қалды руының қысқы және жазғы қоныстары Қаракерей-Семізнайман болысымен бірге болды [7]. Соңына Андрей Серебрин мәжілісті жүргізуші ретінде қол қойған, хатшының фамилиясы жазылмаған.
Қорыта айтқанда, Аякөз сыртқы округының құрылуы патша өкіметінің отарлау саясатын терең жүргізу барысында құрылып, әкімшілік жағынан Қазақстанды өзіне бағындырудың жолы болды.
-----------------
1. Валиханов Ч.Ч. Собр.соч. - Алматы, 1961. Т. 1.
2. ҚР ОММ. 3 - қор. 1- тізбе. 1475 - іс. 3-п .
3. ҚР ОММ. 3 - қор. 1- тізбе. 1475 - іс. 4-п.
4. ҚР ОММ. 3- қор. 1 - тізбе. 1475- іс. 5-п.
5. Валиханов Ч.Ч. Волости, составляющие Аягузский, Кокпектинский и Внутренний округа Семипалатинской области // Валиханов Ч.Ч. Собр. соч. в 5 т. Т. 4. - Алма-Ата, 1985.
6. ҚР ОММ. З74 - қор. 3- іс. 43-п.
7. ҚР ОММ. З74- қор. 1- тізбе. 3- іс. 45-48-п.
http://www.iie.kz/magazine/11/20.jsp