Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3329 0 пікір 16 Желтоқсан, 2010 сағат 11:57

Тамыр

Абайдың «Ескендір» поэмасы және «Көрұғлы» жырындағы көшпелі сюжет пен ұқсас ұғымдар туралы пайым

Абай және фольклор. Данышпан баба­ның бұл саладағы қарымы туралы кезінде Ахмет Байтұрсынов, Мұхтар Әуезов, Сә­бит Мұқанов жақсы пікірлер айтқан бола­тын. Кейінгі дәуірде Зәки Ахметов, Рах­манқұл Бердібай, Мекемтас Мырзахмет, Сейіт Қасқабасов, Жабал Шойынбет секілді зерттеушілер осы тақырыпқа те­реңі­рек қозғау салды. Әсіресе, Сейіт Қасқа­басов «Абай және фольк­лор» атты зерттеу жұмысында ақын­ның көптеген өлең­дері мен поэма­ларының фольклормен біте қайнасып жатқанын дәлелдеді. Ал, біз бүгін түркі халықтарына ортақ фольклор­лық мұра саналатын «Көрұғлы» жыры мен Абай­дың «Ескендір» дастанының сю­жеттік ұқсастығы мен ерекшеліктерін екшеп көрмекпіз.

Ежелден шығыс халықтарының фольк­лорында Ескендір Зұлқарнайын туралы аңыз-әңгімелер кең етек жайған. Тіпті, бұл тұлға хақында қасиетті Құран-Кәрімнің Кехф сүресінің 83-97 аяттарында да баян­далады. Яғни, Ислам әлемінде қос мүйізді Ескендір туралы әпсананы естімеген адам жоқ десек те болады. Әйткенмен, белгілі фольк­лортанушы Сейіт Қасқабасов шы­ғыс халықтарында Ескендір жөнінде үш топқа негізделген, яғни, әпсана мен хикаят және жыр жанрында кең таралған мұра­ның бар екенін алға тартады:

Абайдың «Ескендір» поэмасы және «Көрұғлы» жырындағы көшпелі сюжет пен ұқсас ұғымдар туралы пайым

Абай және фольклор. Данышпан баба­ның бұл саладағы қарымы туралы кезінде Ахмет Байтұрсынов, Мұхтар Әуезов, Сә­бит Мұқанов жақсы пікірлер айтқан бола­тын. Кейінгі дәуірде Зәки Ахметов, Рах­манқұл Бердібай, Мекемтас Мырзахмет, Сейіт Қасқабасов, Жабал Шойынбет секілді зерттеушілер осы тақырыпқа те­реңі­рек қозғау салды. Әсіресе, Сейіт Қасқа­басов «Абай және фольк­лор» атты зерттеу жұмысында ақын­ның көптеген өлең­дері мен поэма­ларының фольклормен біте қайнасып жатқанын дәлелдеді. Ал, біз бүгін түркі халықтарына ортақ фольклор­лық мұра саналатын «Көрұғлы» жыры мен Абай­дың «Ескендір» дастанының сю­жеттік ұқсастығы мен ерекшеліктерін екшеп көрмекпіз.

Ежелден шығыс халықтарының фольк­лорында Ескендір Зұлқарнайын туралы аңыз-әңгімелер кең етек жайған. Тіпті, бұл тұлға хақында қасиетті Құран-Кәрімнің Кехф сүресінің 83-97 аяттарында да баян­далады. Яғни, Ислам әлемінде қос мүйізді Ескендір туралы әпсананы естімеген адам жоқ десек те болады. Әйткенмен, белгілі фольк­лортанушы Сейіт Қасқабасов шы­ғыс халықтарында Ескендір жөнінде үш топқа негізделген, яғни, әпсана мен хикаят және жыр жанрында кең таралған мұра­ның бар екенін алға тартады:

Осылардың ішінде әпсанаға жата­тын әңгімелердің қысқаша мазмұны бы­лай болып келеді: Ескендір патшаның ба­сын­да мүйізі бар. Сол мүйізін ешкімге көр­сетпеуге тырысып, шашын алған адам­дар­ды түгел өлтіріп отырған. Сондай шаш­таразшылардың ішінен біреуі тірі қала­ды. Күндердің бір күнінде білетін құпиясын жасыра алмай, ол құдыққа барып: « - ...Ескендірдің мүйізі бар!» - деп айқайлайды. Құдықтан қамыс өсіп шы­ғады. Ол қамыстан бір қойшы сы­быз­ғы жасап, ойнайды. Сөйтсе, сыбыз­ғыдан шыққан дыбыс «...Ескендірдің мүйізі бар!» - деген ән болып, Ескендір патша­ның құпиясы елге жарияланып кетеді.

Қазақ арасына тараған Ескендір жай­лы шығармалардың екінші тобы хи­каятқа жатады да, оның сюжеті төмен­дегі­ше болып келеді:

Ескендір өзінің Қызыр және Ілияс деген жолдастарын ертіп, Зұлматқа өлмес суды іздей келеді. Бірақ ол суды алға қарай озып кеткен Қызыр мен Ілияс тауып ішеді де, соңынан Ескендір келіп жеткенде, әлгі су ғайып болып кетеді, немесе ол суды қарғалар ішіп қояды.

Ал үшінші топты құрайтын шығар­ма­лар мына сюжетке құрылған:

Ескендір патша жорықта келе жа­тып, керемет бұлаққа тап болады. Бұ­лақ­ты бойлай жүріп, ол жұмақтың қақ­па­сына жетеді. Патша қақпаны аш деп бұ­йырады, бірақ қақпаны ешкім ашпай­ды. Оған қақпаның арғы жағынан ора­мал­ға түйілген адамның бас сүйегін тастайды. Оның мәнісін түсінбеген Ескендір ашу шақырады. Сол кезде әмір­шінің қасындағы Қызыр бас сүйекті таразыға салдырып, өлшетеді. Ол сү­йек­ті еш нәрсе баса алмайды. Сол уа­қытта таңданған патшаға данышпан:

- Адамның көзі дүниеге тоймайды, тек топырақ қана баса алады! - деп, бір уыс топырақты сүйектің көзіне салады. Сол сәтте таразының бас сүйек тұрған жа­ғы көтеріледі де, бұл мысалдан ғиб­рат алған Ескендір патша жаһан­герлік райынан қайтады.

Абайдың «Ескендір» поэмасының сю­жеті осы үшінші топқа жатады. Бі­рақ, Шығыс аңыздарында қолбасшы әс­керінің елсіз жерге тап болып, судан қа­та­лағаны айтылмайды. Ал Абай жыр­лаған поэмада Ескендірдің кенезесі кеуіп, қатты сусағаны баяндалады. Яғни, бұл жерде судың тапшылығы мен қа­сиетіне мән беріледі.

Ескендір туралы хикаяттың бірінде де ол қасына Қызыр мен Ілиясты ертіп өл­мес суды іздеп шығады. Алға озып кеткен Қы­зыр мен Ілияс ол суды ішеді де, Ескендір келгенде су көзден бұл-бұл ұшып, ғайып болады. Яғни, бұл хикаяда да су культі ерекше маңызға ие ретінде суреттеледі.

Енді «Көрұғлы» жырына келейік. Мұндағы Пертеу Наили жинаған Элазиз нұсқасында су культіне қатысты эпизод­тар көрініс береді. Бір күні Көрұғлы құс аулап, оларды тазарту үшін бір бұ­лақ­тың басына келеді. Құстардың қана­ты сол суға тие салысымен ұшып кетеді. Әрі бұлақ бірден қырық бөлшекке бөлініп, қырық тармаққа айырылады. Осы сәтті Көрұғлы әкесіне баянда­ға­нын­да, әкесі: «Сол судан іштің бе?», - деп сұрайды. Ол Гираттың ішкенін, өзінің ішпегенін айтады. Әкесі сол су­дың мәңгілік жанды су екенін айтады. Аңыз бойынша сол суды ішкен Гират әлі тірі екен-мыс.

Ескендір хикаясындағы және Пертеу Наи­ли жинаған Элазиз нұсқасындағы Ги­рат ішкен мәңгілік өмір суының мо­тивінің бір екенін аңғарамыз. Ал, Абай жырлаған Ескендір поэмасында бұл мотив көрініс бермегенімен, судың тапшы­лығы Ескендір мен оның жер қайысқан қолын тығырыққа тірегені жан-жақты жырланады. Жырланып қана қоймайды, бұлақтың бастауында ішіне жан баласы кіре алмас жұмақ қамалы орныққан­ды­ғы айтылады. Поэманың өзегі осы жұ­мақ қамалының ішінде жатқан хикметке негізделген. Ол жерден алынған бас сүйек­ті безбенге салғанда алтын мен жауһар, қару-саймандарды басып кетеді. Аристотель жерден бір уыс топырақ алып бас сүйектің көзіне салғанда ғана таразының екінші басы көтерілгені жыр­лана­ды. Ақын осылайша Ескендірдің пен­деуи ашкөздігін сынайды. Яғни, мұн­да ше­шуші рөлге ие емес болғанымен, су культі екі хикаяның да сюжеттік өзіндік бояуын беріп, оқиғалар өрісінің қарқы­нын арттыра түседі.

Ескендір сүйектің қасиетін көрген­нен кейін ашкөздіктен тыйылып, жер-дү­ние­ні жаулап алудан бас тартады. Бы­лай­ша айтқанда мансап-мақамды тәрк етеді.

Ескендірдің дүние-мансаптан бас тарт­қаны секілді «Көрұғлы» жырының әзірбайжан нұсқасында кейіпкерді атақ-даңқтан бас тартқызатын сюжет бар.

Аббас шаһ Көрұғлының атақ-даңқын естіп, оған бас қолбасшылық қызмет ұсы­нады. Ал ол болса, бұл мансаптан бас тар­тады. Бұған ашуланған шаһ Көрұғлының басын әкелген адамды бас қолбасшы етіп тағайындайтынын хабарлайды.

Жалған дүниені жалпағынан басып, аса­рын асап, жасарын жасаған Көрұғлы бір күні серіктерін шақырып, орнына Ай­базды тағайындайды. Қылышын майы­рып, енді соғыспаймын деп ант береді. Ол енді қажылыққа аттанбақ болады. Жолдастары Казлы көлге дейін шығарып салып, осы жерде олармен қош айтысады. Бұдан бұрын ол Шамбылбелге келіп, жанарынан жас ағып, өлең оқыған болатын.

Аббас шаһтың Ілияс хан және Бахрам хан атты екі құлы бар еді. Сапарда келе жатып Көрұғлы оларға кезігіп, қо­нақ бо­лады. Сол күні кеште Ілияс хан мен Бахрам хан Қыратты өлтіреді. Қы­ра­тынан айы­рылған Көрұғлы екі жан­дайшапқа қар­сылық көрсетпестен мо­йын ұсынады. Жандайшаптар батыр­дың басын Аббас шаһқа алып барады. Көр­ұғлының басы­нан бір тамшы қан шаһ­тың етегіне тама­ды. Аббас шаһ Ілияс хан мен Бахрам хан­ның Көрұғлыны ерлікпен емес, қаскөй­лік­пен өлтіргенін іші сезіп, Шамбыл­бел­ден үш адамды куәға тартады. Олардан шындықты біліп, бәрінің көзінен жасы ағып, екі құл­ды қылышпен турап өлті­реді. Айбазды Көрұғлының өсиетіне сай Шамбыл­белдің әкімі етіп таға­йындайды.

Яғни, Абай жырлаған поэмада Ескендір жорыққа аттанып, жұмақ бекетіне кезігіп, ол жерден алған бас сүйектің хикметін сезініп барып, ашкөздігінен қай­тса, ал, әзірбайжан нұсқасында Көрұғ­лы жасы ұлғайып барып, ақылы толысып, мансап пен атақ-даңқтан бас тартады. Сөйтіп, оқиға өрісі ұқса­ма­ғанмен, мұндағы дүние қызықшы­лы­ғынан тәрк етушілік ұғымы екі туын­дыда да мазмұндас болып келеді.

Абай батыс және шығыс өрке­ниетімен сусындаған дәстүрлі қазақ мә­дениетінің ірі өкілі. Яғни, данышпан ба­баның дүние­таны­мы­на қазақтың жыр-дастандары мен шешендік өнері әсер етумен бірге орыс пен араб жә­не парсы қайнар-көздерінің де ықпалы бол­ған. «Көрұғлыны» қазақ даласында кеңінен жырлаған Жамбыл және Май­лықожа се­кілді ақындар Абай өмір сүр­ген дәуір­дің өкілдері. Демек, Абайдың Майлы­қожа мен Жамбыл және өзге де жыр­шылар жырлаған «Көрұғ­лы­ны» естімеуі мүмкін емес. Сондықтан, Абай­дың «Ескендір» поэмасы мен «Көрұғ­лы» жы­ры­ның белгілі бір сюжеттік ұқ­састығы бар екеніне күмән келтірмейміз.

Ахмет АЛЯЗ, «Қазақстан-Заман» газетінің бас директоры. Алматы.

http://www.egemen.kz/23585.html

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5532