Сәрсенбі, 27 Қараша 2024
Жаңалықтар 9911 0 пікір 14 Қаңтар, 2011 сағат 04:05

Гүлмира Әбдірайымова. Жастардың субмәдениеті – үлкендер әлеміне жасалған қарсылық

Жаңа заман көптеген дүниелердің даму шыңына жеткен, жаңа лептің бастау алған кезеңі болды. Ол тек техникалық жетістіктер, ғылыми ашылуларға ғана байланысты емес. Сонымен қатар рухани, мәдени жаңашылдықтың да белең алған уақыты. Сондай заман нәтижелерінің бірі - фанатизмнің (табынушылықтың), психологиялық талғамдағы ұқсастықтың белгілі адамдарды ұлтына, жынысына қарамай, бір идея толқынына біріктіруі, яғни «субмәдениет» ұғымының қалыптасуы. Бұл үрдіс көп кешікпей Қазақстанға да келді. Субмәдениет өкілдерін, қала көшелеріне шықсаңыз, міндетті түрде көресіз және бірден танисыз. Өйткені олардың киім киістері де, өздерін ұстауы да, сөйлеулері де өзгеше. Жастар оларды көргенде «керемет» деп тамсанады, қызығып, еліктейді, ал үлкендер «жастар қайда барады» деп күрсінеді, енді біреулер «бәрі ерекшелену үшін» деп жақтырмай да жатады. Осылайша, сан қырлы пікірлер кете береді. Егер сіз, қадірлі оқырман, көшеден жүріс-тұрысы мен киім киісі, жалпы мәдениеті басқалардан оғаш көрініп тұратын өзгеше жандарды байқасаңыз, қандай пікір ұстанып, нендей ой түйер едіңіз? Біз мұны ғылыми-психологиялық, әлеуметтік тұрғыдан қарастыруды ұйғарып, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әлеуметтану және әлеуметтік істер жөніндегі кафедра меңгерушісі, әлеуметтану ғылымының докторы, профессор Әбдірайымова Гүлмира Серікқызының кейбір пайымдарын оқырман талқысына ұсынуды жөн көрдік.

• Жастардың арасындағы субмәдениет ту­ралы сөз қозғамас бұрын, алдымен бұл түсінік астарында не жатқандығын анықтап алу керек. Айқындап алуға деген қажеттілік қазіргі күнде тек «жастар субмәдениеті» ұғы­мына ғана қатысты емес, сонымен қа­тар «жастар», «субмәдениет» тү­сініктеріне де өзіндік талдау, түсіндірулердің көбейіп кет­кендігінен туып тұр. Жалпы, субмәде­ниет - жас адамдардың ресми емес қаты­нас­тарының, олардың ерекше өмір сүру стилі мен тәртіптерінің, белгілі бір қағи­далары мен құндылықтарының нәтижесі және «МЕН-­ОЛАР» жүйесіндегі өздерін көр­­се­ту­дің, дамытудың бір жолы.

• Жастар субмәдениетінің өзіндік құн­ды­лықтары мен тәртіп нормаларын культ­қа айналдыруға уақыты жеткілікті жас адам­­дар аса көп шоғырланған үлкен мега­по­листерге тән феномен екендігін айта кет­кен жөн. Мұны «жастарға арналған мә­дениет» (кино, әртүрлі жаппай көңіл кө­те­ру, бизнес, сән, телехикаяттар т.б.) пен жас адамдардың контрмәдениетімен (дәс­түр­лі нормаларға қарсы тұру секілді) ша­тастырмаған жөн.

Жалпы алғанда, Қазақстандағы ресми емес қозғалыстарға белгілі бір стильдер мен бағыттардың араласып келуі тән. Қоғамдағы біркелкіліктің қаншалықты бол­мағандығына байланысты мәдени мұ­ралар элементтерінің де соншалықты сан­қыр­лылығы байқала түседі.

Соңғы жылдары музыкалық суб­мә­дениет (поп, рок, рэп), гедонистік субмә­де­ниет (байкерлер, рейверлер және т.б.), спорт­тық субмәдениет (паркуршілер, сноу­бордшылар, скейтбордшылар) ай­рық­ша даму үстінде. Готика, эмо, анимэ та­­бынушылары секілді спецификалық суб­­мәдениеттің түрлері бізде бар бол­ға­нымен, Ресей және басқа да шетелдермен са­лыстырғанда өте сирек кездеседі. Соңғы аталған ресми емес бірлестіктер негізінен оқушылар, студенттер арасында пси­хо­ло­гиялық қалыптасу кезеңі мен ата-ана та­ра­пынан болатын олқылықтардың қа­тар­ласуы салдарынан орын алады.

• Жастар субмәдениеті - жастардың үлкендер әлеміне толықтай бейімделуі жүр­геннен соң, әрі қарай өз мәнін жоятын да­мудың белгілі бір кезеңі, яғни жеке адам дамуының өтпелі сатысы. Жастардың рес­ми емес қатынастары және олардың өз­деріне ғана тән мақсаттарын табуы жеке суб­мәдениеттің қалыптасуының себебіне ай­налады.

Жастар субмәдениеті - киген киімнен, сөй­леу мәнерінен, жаргондардан және ай­р­ықша әуестенулерден көрініс табатын үл­кендер әлеміне, қоғамның ережелері мен құндылықтарына деген өзіндік қар­сы­лық.

Белгілі бір субмәдениеттің өкілі болып та­­былатын жастардың психологиялық ерек­­шеліктеріне келер болсақ, ол мына бір жайттардан көрініс табады: ата-ана­ла­ры мен мектеп тарапынан болатын ба­қы­лау­лардан босауға деген ұмтылыстан, эмо­­цияға аса берілгіштіктен, жасөспірімдік әсі­­релеушіліктен, өмірге қатысты ой­ла­ры­ның тым мінсіздігінен, адамгершілік ұс­та­ным­­дарының тұрақсыздығынан, жеке ада­ми құндылықтарының қалыптас­па­уы­нан.

• Жастардың өмір сүру қалпы және тір­шілік ұстанымы контрмәдениет шең­бе­­рін­де болуы мүмкін емес сияқты. Ай­талық, хиппи құбылыс ретінде алғаш АҚШ-та 60-жылдардың басында өзгеріп кеткен қажеттіліктер мен оны қанағаттан­дыра ал­мау­шылық мәселелері негізіндегі контр­мә­дениетті көңіл күйдің көрінісі ретінде пай­да болды. Ал Батыс және Шығыс Еу­ро­па елдеріндегі «тақыр басты» жастар қоз­ғалысының пайда болуы, оның Ре­сей­дегі қатыгездену және сая­сат­тану тарихы - бұл да жастар субмәде­ние­тінің емес, кон­тр­мәдениетінің көрінісі. Қазақстан - бел­гілі дәстүрлер мен жа­ңа­шыл­дықты өзі­не жинақтаған ерекше мем­лекет. Біздің жас­тар, бір жағынан, қоғамның ин­но­ва­циялық потенциалы болып табылады жә­не білім алуда, жаңашылдықты қа­был­дау­да, мамандығы бойынша өсіп-өр­кен­деу­де және өмірдің басқа да салаларында жеткілікті белсенді. Бірақ сонымен қатар тәрбие мен құнды­лықтарды мұра ретінде қабылдаудағы дәстүрлерді де ұмытпайды. Дәл осы са­надағы дәстүрлілік пен діл ерек­шелігі жас­тардың ерекше суб­мә­де­ниетінің қа­лып­тасуын тежеп тұр.

• Негізі, жас адамдардың наным-сенім, өмір, бақыт, туыстарына деген махаббат, ден­саулық, отбасы секілді құндылықтарға қа­рым-қатынастары оның рухани-адам­шылық ішкі күйзелісі мен өмірлік мақ­сат­та­рын асыра бағалауымен байланысты.

Біріншіден, жастар субмәдениеті жас адамдардың өз қолдарымен жастар үшін құрылады. Одан барлық адам бірдей өт­пейді және субмәдениет қазіргі әлеу­меттік-мәдени ұстанымдарды жоюға емес, керісінше, жастарды сол қоғамның бөл­­шегі етуге негізделеді.

Субмәдениет - бұл қоғамның жай кедергі жасамауына болатын жастардың әлеуметтік белсенділігінің алаңы. Менің жоғарыда айтып кеткенімдей, контр­мә­де­ниет­ке қатысты әңгіме басқа. Міне, қо­ғамның мәдени аясын, өрісін және адам­ның өзін де осы бұзады (сөз әртүрлі діни ағымдар, жүйесіз топтар туралы). Қазіргі жастардың жеке, өзіндік өмір­ге бүгінгі аса қиын және динамикалық (қозғалысты, көп сырлы) кезеңде аяқ басатындығын ұмытпауымыз керек. Олар­ға нағыз өмір туралы нақты кеңестер бе­ріп, уақытында өз өмірлік тәжірибемізбен бө­лісіп, олардың бастан кешіргендеріне сыйластықпен қарауымыз қажет. Буындар арасындағы түсініспеушілік, негізінен, сол кезеңнің әлеуметтік құрылымдарын, өмір тарихтарын білмегендіктен туындайды. Тарихтың белгілі бір кезеңіне қазіргі ғы­лыми биіктен қарап, бүгінгі түсініктер тұр­ғы­сынан саралап, дәуір психологиясын ес­кермей, мәселені сол заман адам­дарының қандай көзқараспен таны­ған­дығын назардан тыс қалдырып жатамыз.

Бүгінде мектеп, университет және от­басы жастарға жай «бақылаушы» по­зи­ция­сын ұстанбаулары керек, керісінше, же­ке адамның бүкіл қоғам мүддесін игеру үшін жарыс мүмкіншілігіне тең дәрежеде ұм­­тылу позициясын қамтамасыз ету ке­рек.

Нәркес Балтоғаева

«Алаш айнасы» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1551
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3346
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6195