Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3681 0 пікір 20 Қаңтар, 2011 сағат 08:27

Нұрбек Матжани. Алаштың Әлімханы

Ұлт қайраткері Әлімхан Әбеуұлы Ермековтің туғанына 120 жыл

Міне еліміздің мойынынан бодандық қамыты түсіп, тәуелсіз ел атанғалы 20-жылға таяп қалды. 20 жылдың ішінде еңсемізмізді көтеріп, етегімізді жиіп, тарихта кеткен ұпайымызды түгендеп, ұмыт болған ұлыларды ұлықтауға кірістік. 20 жылдық тәуелсіздікпен қатар, сол тәуелсіздіктің негізі болатын, ұлтымыздың құс ұшса қанаты талатын, ұлан-ғайыр атырабымыздың құжатқа бекітуге себепші болған Әлімхан Ермековтың туғанына 120 жыл.

Қазақтың бағы үшін қам жеген асыл азаматтарымыз, ардақтыларымыз көп екенін бәріміз білеміз. Солардың жарқын өкілдері әсіресе «Алаш» зиялыларының ішінен көптеп шықты. Қоғамдық қайраткердің эталоны іспетті, ұлтқа жан-тәнімен беріліп жұмыс істеген «Алаш» зиялыларынның аты қазақ тарихында алтын әріппен жазылды. Сол плеяданың ішінде есімі дәріптелмей жүрген Әлімхан Әбеуұлы Ермековтың өмір жолы, азаматтық болмысы жайында сөз қозғасақ.

Замана жүгін арқалау, ұлтқа қызмет істеу, бабалар аманатына қиянат жасамау әркімнің қасиетті борышы. Осы борышқа адал болған, қазақтың тұнғыш математикадан профессоры Әлімхан Ермеков 1891 жылы осы күнгі Қарағанды обылысы, Ақтоғай ауданы, Бөріктас деген жерде дүниеге келеді. Әкесі Әбеу халыққа қадірлі, озық ойлы, орысша сауаты бар, өз дәуіріндегі зиялылардың бірі болған.

Ұлт қайраткері Әлімхан Әбеуұлы Ермековтің туғанына 120 жыл

Міне еліміздің мойынынан бодандық қамыты түсіп, тәуелсіз ел атанғалы 20-жылға таяп қалды. 20 жылдың ішінде еңсемізмізді көтеріп, етегімізді жиіп, тарихта кеткен ұпайымызды түгендеп, ұмыт болған ұлыларды ұлықтауға кірістік. 20 жылдық тәуелсіздікпен қатар, сол тәуелсіздіктің негізі болатын, ұлтымыздың құс ұшса қанаты талатын, ұлан-ғайыр атырабымыздың құжатқа бекітуге себепші болған Әлімхан Ермековтың туғанына 120 жыл.

Қазақтың бағы үшін қам жеген асыл азаматтарымыз, ардақтыларымыз көп екенін бәріміз білеміз. Солардың жарқын өкілдері әсіресе «Алаш» зиялыларының ішінен көптеп шықты. Қоғамдық қайраткердің эталоны іспетті, ұлтқа жан-тәнімен беріліп жұмыс істеген «Алаш» зиялыларынның аты қазақ тарихында алтын әріппен жазылды. Сол плеяданың ішінде есімі дәріптелмей жүрген Әлімхан Әбеуұлы Ермековтың өмір жолы, азаматтық болмысы жайында сөз қозғасақ.

Замана жүгін арқалау, ұлтқа қызмет істеу, бабалар аманатына қиянат жасамау әркімнің қасиетті борышы. Осы борышқа адал болған, қазақтың тұнғыш математикадан профессоры Әлімхан Ермеков 1891 жылы осы күнгі Қарағанды обылысы, Ақтоғай ауданы, Бөріктас деген жерде дүниеге келеді. Әкесі Әбеу халыққа қадірлі, озық ойлы, орысша сауаты бар, өз дәуіріндегі зиялылардың бірі болған.

Әлиаға 1899 жылы Қарқаралыдағы қалалық училищеге оқуға түседі. Мектеп қабырғасында зейінді, алғыр болған Әлімхан мектепті үздік бітіріп, 1905 жылы Семейдегі ерлер гимназиясына түседі. Осы оқу орнын 1912 жылы алтын медальмен бітіріп, Томск технология институтының тау-кен факультетіне қабылданады.

Томскте оқып жүріп орыстың озық ойлы ойшылдарымен, ғалымдарымен танысады. Шоқан Уалихановтың досы Григорий Потанин Әлімханның бойындағы білімге деген талпынысты көріп, тәнті болады. Қарт Потанин Әлімханға ағалық ақыл беріп, оған: «Әлімхан сенің білімің - ол қазақтың білімі. Сол себепті жақсы оқы және өзгелерді оқыт» - деп, үлкен үміт артқан. Осы сөздерді Әлімхан аға өмірлік ұстанымына айналдырып, ақтық демі қалғанша ұлтымызға еңбек етті. Григорий Потанин Ермековке бекер назар аудармағанын уақыт дәлелдеді. Әлімхан ағамыз өз қолымен толтырған анкетарларда ағылшын, неміс, француз, итальян тілдерін білетінін көрсеткен. Қызметтес болған, шәкірт болған, әйтеуір Әлімхан Ермековпен өмір жолы тоғысқан тұлғалардың барлығы дерлік Әлиаға жайынды жылы лепес білдірген. Терең білімді, көркем-мінезді Әлімхан ағамызға замандасы Сұлтанмахмұт келесі өлең жолдарын арнаған:

Әлімхан Ермекұлы жас жігіттен,

Келеді екінші болып бұл ретпенен.

Қазақта мұндай жігіт көрмедім, - деп,

Ардақты қарт Потанин лепес еткен.

 

Томдағы инженерлік сабағында,

Жетеді біл жылдан соң тамамына.

Өткізбекші өмірін ілім үстінде,

Бір түрлі биіктік бар талабында.

 

Сөйлеп кетсе, қозғалар бойда жаның,

Тас болса да ерітер жүрек қанын.

Шындығы, тереңдігі, әділдігі,

Тусаң ту осылай, - дегізер жанның бәрін.

Адалдық, ақжүректік, ақтығына,

Бір ауыз қарсы айта алмай құрыды әлің.

 

Меніңше Ермеков - деген бала,

Ұқсайды ұшқыр қыран қаршығаға.

Сөз, білімін сынайтын жер ілгері,

Әзір адал кісі ғой, жеке дара,

Томскідегі оқуын 1917 жылы тастауға мәжбүр болып, Орынборда өтіп жатқан І жалпықазақ съезіне қатысады. Осы уақыттан бастап Әлімхан ағамыздың қоғамдық-саяси өмірі басталады, яғни қазақ зиялылары бас қосқан «Алаш» партиясының құрамына кіреді. Ол аумалы-төкпелі заманда, ертеңі не болары белгіз, ортағасырлық мешеуліктен айықпаған, әлемнің көшінен әлдеқайда артта қалып бара жатқан, отарлық езгіден қаймыққан ұлтын даму жолына Алаш қайраткерлерімен бірге жетелемек болып, «Алашорда» Үкіметінің құрамына енеді.. Амал нешік. Заманынан озып туған Алаш атты арғымақтың тұяғына жауларымыз тұсау салды. Орындалмаған арман, кәдеге жарамаған жоспар...

Ойлағандары іске аспаған алаштықтар енді өзгеше іс-қимылға көшті. Халықтың керегіне жарау үшін Қеңес Үкіметінің түрлі салаларында қызмет атқарды.

Әлімхан 1920 жылы мамыр айында Семей губревкомның атынан Кирвоенкомның орталығы Орынборға жіберіледі. Кирвоенкомның 1920 жылғы 18 мамырдағы қаулысы бойынша Әлімхан Ермеков №2043 мандат беріп, «Қазақ өлкесінің жағдайы мен оның шекарасын белгілеу  жөнінде» - баяндама жасау үшін Мәскеуге арнайы жіберіледі. Мәскеуге келгеннен кейін Лениннің төрағалығымен өткен мәжілісте Әлімхан ағамыз баяндама жасап, бүгінгі қазақ халқы үшін өте маңызды жерлерді, яғни Каспийдің солтүстік жағалауын, Коростылев өлкесін, Ақмола және Семей облыстарын қызу талқыда қорғап қалады. Бұл мәжілісте Әлімхан ағамызға қатысушылар көптеген қарсылықтар келтіреді, алайда өзінің білімдігінің арқасында және мән-жайды жетік білуінің арқасында Лениннің қолдауына ие болып, нәтижесінде өз дегеніне жетеді. Мәскеудегі сапары 4-айға созылып, Әлиағамыз көптеген қызу-қанды талқылауларға қатысып, Қеңес Қазақ Автономиясының құрылуына тікелей ат салысады.

1921 жылы Әлімхан Ермеков Қарқаралыда 2 сатылы мектеп пен педагогикалық училище ашады. Осы оқу орындарын қазақтың белгілі ғалымдары Ақжан Әл-Машани мен Орынбек Жәутіков бітіреді. Дәл осы жылы Әлімхан Ермеков Томскідегі сабақ берген ұстазы Михаил Антонович Усовтың денсаулығы сыр бере бастағанын естіп, ол кісіні жазда жайлауда қымыз ішіп, сауығуға қазақ өлкесіне алып келеді. Баян- Ауылда халық судьясы болып жүрген Әлімханның досы Қаныш Сәтбаевты профессор Усовпен таныстырады. Осы танысу Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың өмірін өзгертеді. Тұңғыш Қазақ Ғылым Академиясының президентінің  мамандық таңдауына Усовтың әсері зор болады. 22 жастағы Қаныш Сәтбаев профессор Усовтың ұсынысымен  Томск институтына түседі. Қаныш ағамызға түсуіне көмектескен, дәл айтсақ математикадан тәлім берген Гарифулла Неометуллов Әлімхан Ермековтың әйелінің ағасы еді. Әлімхан ағамыз профессор Усовты алып келмегенде, бәлкім бүгінгі біз білетін Академик Сәтбаев болмас па еді. Сәтбаевтің өміріндегі бұл оқиға  Медеу Сәрсекенің «Ғибрратты ғұмыр» сериясында, профессор Усовтің күнделігінде және Томск институтының түлектерінің тағдырын зерттеген И.Т. Лазовскийдің Әлімхан Ермековтің ұлы Мағауияға арнаған хаттарында көрініс тапқан.

Қазақ АССР-ның көптеген жауапты лауазымда қызмет атқарып, халық шаруашылығын көтеруге күш-жігерін жұмсайды.

1926 жылы Ташкентте ашылған Қазақ педагогикалық институтына арнайы шақырылып, сол оқу орнында 1927-1928 жылдар аралығында математика пәнәнен дәріс оқиды. Институт ректоры Темірбек Жүргеновпен (Темірбек 1927 жылы Әлімханның қарындасы Дәмеш Әмірханқызы Ермековаға үйленеді) Әлімхан аға өте жақын араласады.

1928 жылы ҚазПИ алматыға көшіріледі. Сол жылы 1 қыркүйектен бастап Қазақ Мемлекеттік Университетіне жұмысқа орналасады.

1930 жылы  Алматы Зооветинститутында кафедра басқарады.

1935 жылы ашылған Алматы тау-кен институтына (бүгінгі ҚазҰТУ) математика және теориялық механика кафедрасының меңгерушісі және жалпытехникалық факультетінің деканы болып тағайындалады. 1935 жылы КСРО ЖАК-ның шешімімен (ВАК СССР) Әлімхан Ермеков математиканың профессоры атанады. Жол жылдары Әлімхан математика терминдерін қазақ тіліне аударып, «Жоғары математика курсы» деген қазақ тіліндегі еңбегі жарыққа шығады.

1937 жылы репрессия толқыны Алматыға да жетеді. Әлімхан аға дос тұтқан жараңдары абақтыға жабылады. Олардың ішінде профессорлар Санжар Асфендияров және Құдайберген Жұбанов, ағарту жөніндегі халық комиссары Темірбек Жүргеновтер бар еді. Сол жылы ол Мәскеуге барып, Куйбышев жаспарлау институтына жолдама алады. 1938 жылдың 17 наурызына дейін осы институттың матетаматика кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарады. Содан кейін жалған жазалармен репрессияға ұшырайды. 1947 жылы ол түрмеден босап, Шымкенттегі химия-технология институтына жұмысқа тұрады, бірақ бостандықтағы өмірі ұзаққа созылмайды. Аз уақыттан кейін Әлімханды НКВД қайтадан темір тордың арғы жағына тығады. 1955 жылы ол азаттыққа шығып, 1957 жылы толық ақталады. 1955 жылы бостандық алған Әлімхан аға Қарағанды қаласына келіп, жаңадан ашылған тау-кен институтына (бүгінгі ҚарМТУ) математика пәнінің аға оқытушысы болып орналасады. Бұл оқу орнында 1958 жылға дейін қызмет атқарып, зейнеткерлікке шығады.

1970 жылы 22 маусым күні, 79  жасында «Алаш» ардақтыларының соңғысы мәңгілік сапарға аттанды. Жүрегі мәңгіге тоқтағанымен, өмірлік жолы алаш жұртына мәңігіге үлгі болып қала бермек. Қаралы митингте сөз алған академик Ебней Арыстанұлы Бөкетов: «Өмірден қазақ ұлтының керемет ұлдарының бірі өтті. Ол барлық жерде «бірінші» болып, қазіргі мемлекеттік құрылымға аянбай қызмет етіп, оның орнығуына үлкен үлес қосса да, өмірінің 17 жылын түрмеде өткізді» - деді.

Көзі тірісінде Қеңес Үкіметі тарапынан  қошемет пен құрметке ие бола алмауының себебі түсінікті болса, тәуелсіз Қазақ елінде ерлігі ескерілмеуі, еңбегі тиісті деңгейде еленбеуі түсініксіз. Ұлыларымызды тек мерейтой қарсаңында жарылқайтын әдетіміз бар ғой, сол әдетімізге салып, Алматы қаласында көшенің есімін берсек, жұмыс істеген оқу орындарында ең болмағанда мемориалды тақта орнатсақ, конференциялар ұйымдастырсақ жөн болар еді. Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ерлер шықпайтыны бешенеден белгілі. Сол себепті есіл ерлерімізді үлгі тұтып, дәріптеу мына біз бен сіздің қасиетті борышымыз деп ұғынайық.

Бабалардан қалған аманатқа өткен ғасырдың басында Әлімхан Ермеков ағамыз қиянат жасауға жол бермеді. Аға ұрпақ өз аманатын абыроймен арқалап, келесі ұрпаққа дәстүр бойынша тапсырып кетті. Аманатқа қиянат жоқ десек - аманатыңа берік бол, алаш баласы!

«Абай-ақпарат»

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5504