Астана аспанын Мәскеу қорғайды
Қазақстан мен Ресей бірлескен әуе қорғаныс жүйесін құруға уағдаласты. Екіжақты келісімге сәйкес Мәскеу Астанаға бірнеше С-300 әуе қорғаныс жүйесін береді деген ақпарат таратты Jamestown («Джеймстаун») қоры.
Шыны керек, біршама жеңілдетілген бағамен Қазақстан да бұған дейін Ресей қаруларын алып келген. Бірақ бұл жолғы келісімнің жөні мүлде бөлек боп тұр. Өйткені қару сатып алу мен «бірлесіп қорғанудың» мәнін түсіну қиын емес. «Кім қорғайды, кімнен қорғайды?» - деп, «Азаттық» радиосы сауалға сарап жасауға тырысуда.
Енді осы жерде әуенің «билігін» неге орыстарға ұстаттық дегеннен гөрі, Ресей неге Қазақстан аспанын қорғауға құштар деген сауал төңірегінде ойланған жөн секілді. Естеріңізде болса, АҚШ пен Қазақстан Каспий бағдарламасы шеңберінде бірлескен әуе кеңістігін құру, теңіздік шекара аймағында бақылау орнату, Иранмен шекарадағы қауіпсіздікті күшейту турасындағы ынтымақтастықтың жай-күйін талқылау жөнінде (2008 жылы) келісімге келген. Міне, осы келісім Ресейдің қитығына тиюі әбден мүмкін.

Алайда Қазақстан Әуе қорғанысының басшылары «бірлесіп қорғану» ұсынысы Ресейден шықты дегенді ашып айтпай отыр. «Біз Беларусь пен Ресей арасындағы келісім сияқты, Ресеймен бірлескен аймақтық әуе қорғанысы желісін құруға қол жеткіздік. Енді Қазақстанның әуе қорғанысы күштері Ресеймен шекаралас аймақтардағы әуе кеңістігін де қорғайды. Бұған қоса, Астана Мәскеуден заманауи С-400 әуе қорғанысы жүйесін алуға да ынталы», - деп көсіледі Қазақстан Әуе қорғанысының басшысы, генерал-лейтенант Александр Сорокин.
Сорокинге салсаңыз, бұл шара - Қазақстанның «қол жеткізген» жетістігі. Дегенмен елдің бәрі осылай ойлай ма? Әрине, жоқ. Нағыз шындық Финляндиядағы Халықаралық қатынастар жөніндегі институттың аға ғылыми қызметкері Игорь Торбаковтың сөзінен табылатын сияқты. Ол былай деді: «Мәскеу Астананы әуе қорғанысы мәселесінде келісімге келуге ақыры бір көндіретін еді. Ресей енді ТМД-ның басқа мемлекеттерімен де осындай келісім жасасуға күш салады».
Дәл осы мәселеге байланысты пікір білдіргендердің арасында Барселонадағы Халықаралық істер жөніндегі орталықтың сарапшысы Николас де Педро да бар. Оның айтуынша, Ресей мен Қазақстанның біріккен әуе қорғанысы ортақ қауіпке қарсы тұра алады деу күмәнді. Бұл келісім Қазақстанның төңірегіндегі қауіп-қатерге қарсы тұруына сеп болады деу де тым сенімсіз. Неге? «Өйткені көршілес мемлекеттердің көбінің әскери саладағы ұстанымы бөлектеу», - дейді Николас де Педро. Осы жерде Педроның жұмсартып айтқан сөзінің астарына үңілсек, «екі елдің әскери саладағы ұстанымы бөлек» емес, Ресей баяғы үстемдігінен әлі арылмаған. Және сол пиғылын іске асыру жолында барын салып бағуда.
Аңдасаңыз, Ресей осы ниетіне апарар жолда екінші қадамын да сәтті жасады. Біріншісі - Кедендік одақ. Қағаз жүзінде ғана тәуелсіз Қазақстан экономикалық тұрғыдан Ресейге бағынышты кейіпті қазірден-ақ бастан кеше бастады. Халықты сүліктей сорған қымбатшылықтың да бір себебі, індете берсеңіз, сол Кедендік одаққа барып тіреледі. Екіншісі, мінеки... енді қорғанысты де орыстарға беріп қойдық. Сонда қалғаны не? Екі көзді тарс жұмып алып, жетпіс жыл илеген Ресейдің қойнына қайтадан қойып кету. Одан басқа түк те емес.
«D»