Жұма, 29 Қараша 2024
5491 7 пікір 27 Сәуір, 2018 сағат 12:01

Қазақстандағы емес, сырттағы қазақтың жан саны өсіп келе жатыр

 

Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министр­лігінің деректеріне сүйенсек, өткен жыл­дың қорытындысы бойын­ша республикаға 9 989 отбасы не­месе 18 605 этностық қазақ қо­ныс аударып, оралман мәр­те­бесін алды, деп хабарлайды «Егемен Қазақстан» газеті. 

Оралғандардың көбісі немесе 45,6 пайызы – Өзбекстаннан, 43,6 пайызы – Қытай Халық Республикасынан, 3,2 пайызы – Түрікменстаннан, 2,4 пайызы – Моңғолиядан, 1,8 пайызы – Ресейден және 3,4 пайызы басқа елдерден ат арытып жеткен. Ресми мәліметтерге қара­ғанда, оралмандар негізінен Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жам­был, Шығыс Қазақстан, Маңғыс­тау облыста­ры мен Ас­тана қалала­рының аумағына шоғыр­ланған.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстан халқының саны  18 миллион 177 мың (18 наурыздағы есеп, 2018 жыл) болды. 1991 жылдан бергі өсім бір жарым екі миллионды құрайды. Ал, көрші өзбек халқы сол 1991 жылдан бері қарай табиғи өсімінің арқасында 32 миллионнан 979 мыңға жетті. Жан саны аз қырғыздың өзі екі үш миллионға көбейген.  Ал, біз Атажұртына қоныс аударған ағайындардың есебінен ғана ілгері басып отырған көрінеміз. Және бұл - шындыққа әбден сәйкесетін дерек. Алайда, елімізде табиғи өсім ауыз толтырып айтатындай емес. Есесіне алыстағы ағайынның қарасы молайып келе жатқанға ұқсайды. Дүниежүзі қазақтары қауым­дас­тығының бас хатшысы Ра­хым Айыпұлының деректеріне қар­ағанда, тәуелсіздік жылдары елі­мізге 1 млн астам қандасымыз түпкілікті қоныс аударғанымен, сырттағы қазақтардың табиғи өсімі, демографиялық ахуалы өте жоғары деңгейде сақталған.

Мәселен, 90-шы жылдары Қы­­тайдағы қазақ саны 1 млн 200 мың­ның айналасында болған. Сол уақыттан бері олардың 250 мыңы атажұртқа көшіп кел­гені­мен, аталған көршілес елдегі қа­зақ­тың саны қазір 1 млн 700 мың­ға жуықтайды. Бұл – табиғи өсім. Ресей, Өзбекстан, Моң­ғо­лия, Түркия мен Ирандағы қан­дас­тарымыздың шоғыры әлі де басым. Ал Ауғанстандағы жүздеген от­басы сол елдегі қақты­ғыс­тардың сал­дарынан өзге араб елдеріне ауып, бас сауғалап жүр­генге ұқсайды.

Мұрат Рахымжанов

Abai.kz

 

 

 

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1581
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3395
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6613