Абай Асанкелдіұлы. Шетелдіктер бізді кім деп ойлайды?
«Айшылық алыс жерлерден, Көзiңдi ашып-жұмғанша, Жылдам хабар алғызатын» бүгінгі интернет жүйесін пайдаланбайтын адамдар кемде-кем.
Мен де бос уақытымда агент арқылы жаңа достар табуға арнаймын. Соңғы кездері Skype пен Yahoo жүйесіне көшкен мен шетелдерден көптеп достар таптым. Сол агенттік достарым маған Қазақстанның атын ғана естігендіктерін айтады. Оларға бар білімімді сарқа Қазақ елі туралы жан-жақты мағлұмат беруге тырыстым. Қазақстанның жер көлемі бойынша әлемде тоғызыншы территорияны алатындығы шетелдік достарымды айрықша таңғалдырды. Алайда, «тоғызыншы территорияда» небәрі 16 миллион халық тұратыны олар үшін үлкен жаңалық болды. Шетелдік замандастарыма «біздерде мынадай бар, мынадай бар» деп, еліміздің шикізатқа бай екенін, сыртқа мұнай мен бидайды көптеп экспорттайтынын мақтанышпен жеткіздім.
Бізде мұнай мен бидайдан басқа не бар өзі... Мақтануын мақтандым-ақ, алайда бидай мол, нан - қымбат. Мұнай жеткілікті, десекте жанармай қымбат. Оны қалай айтамын оларға. Тілім байланып қалды. Қоршаған ортаның бәрі Қытайға айналып барады. Тұтынатын заттардың басым көпшілігі Қытайдан тасымалданады. Көшеде жүрген автобуста солардың конвейерінен шығады. Одан қалса, Түркияның, Еуропаның тауарлары. Абай хакімше айтқанда, «Бағанағы мақтан, бағанағы қуанған, күлген сөздеріміз қайда?»

«Екуол» деген бүркеншік есімді финляндиялық 25 жастағы жігіт Қазақстанды көп «стандардың» бірі ретінде көреді екен.
« - Сәлем!
- Сәлем! Қайдан боласың?
- Қазақстаннан. Өзің?
- Мен Финляндияданмын, Қазақстанның атын ғана біледі екенмін. Сендер әлі күнге дейін атпен жүресіңдер ме? Моңғолдар сияқты.
- Жоқ. Бізде елдің бәрі мәшинемен жүреді. Мәшине болғанда қандай, керемет мәшинелер».
Бізде «иномаркі» атаулының неше атасы бар екенінен фин жігіті бейхабар болып шықты. Әйтпесе, Алматының өзінде 2 000 000 доллар тұратын мәшинелер зырлап жүр емес пе. Ауылдағылардың тақымында да немістердің, жапондардың ескілеу болса да, бір-бір «темір тұлпары». Финдер шығаратын «Нокиамен» ауылдағы шал-шауқандар байланысқа шығатынын айтпай-ақ қояйын. Екуолдың айтқаны кәдімгідей көңіліме келіп қалғаны, «әлі күнге атпен жүресіңдер ме?» Біз деген ғарышқа өз спутнигімізді ұшырғалы жатқан елміз. Рас, біріншісі «адасып» кетті, енді «ҚазСат-2» өз жолын табатыны сөзсіз...
Вашингтон қаласының тұрғыны 36 жасар Сиб есімді азамат Қазақстанды атышулы Борат арқылы біледі екен. Оған Қазақстанның дамыған мемлекет екенін айтамын деп, біраз насихат жүргізуіме тура келді. Астананың көркемдігін айтып, біраз суреттерін жібердім. «Қазақтар жеті атасына дейін қыз алыспайды» деген ыңғайда, жеті ата туралы америкалықтың санасына біраз ақпаратты құюға тырыстым. «Бізде құстың сүтінен басқаның бәрі бар» деп мұхиттың арғы бетіндегілер бекер мақтанады екен. Сиб өмірінде киіз үйді көрмепті. Қазақтардың киіз үйінің суретін көрген ол таңданысын жасыра алмады.
- Менің Қазақстан туралы ойым 180 градусқа өзгерді. Болашақта сендердің елге қыдырып барамын.
- Есігіміз әрқашан ашық...
Норвегиялық 20 жасатағы бойжеткенмен әңгіме мені үлкен ойға қалдырды.
- Сендердің елдеріңде христиандар көп дейді ғой. Мұсылмандардың өздері христиан дінін қабылдап жатыр деп газеттерде жүр.
- Біздің елдің 70 пайыздан астамы мұсылмандар. Уақыт өткен сайын мұсылмандар қатары артып келе жатыр...
Деуін десем де, кәдімгідей ойланып қалдым. Неліктен Еуропа Қазақстанды мұсылман елі ретінде танығысы келмейді? Көздеген мақсаты не? www.cia.gov сайтының деректері бойынша Қазақстанда мұсылмандар -47%, ортодоксты шіркеуі өкілдері - 44%, протес-танттар - 2%, қалған дін өкілдері 7% деп көрсетіліпті. Қазақстан мұсылман елі деп мәз болып жүрсек, қарт құрлықтағылар еліміздегі мұсылмандар қатарын 50 пайызға да жеткізбепті. Бізді мұсылман емес дегісі келіп тұратыны, дәтіне берік, иманы кәміл халықты мойындағысы келмей тұратыны анық қой. Бізге ой салатын-ақ, пікір.
Үндістандық Арихан есімді 19 жастағы бойжеткен шәкіртақы алмайды екен. Айтқанына қарағанда, оқу орындарының да жағдайы мәз емес секілді. Оларға қарағанда бізде көш ілгері екенбіз. Студенттердің шәкіртақысы үстіміздегі жылы 30 пайызға көбейді. Үндістан жастары да біз секілді Голливудтың атыс-шабысын көргенді ұнатады екен. Болашақта дәрігер мамандығын алатын қыз осылай сыр шертеді. Өкінішке қарай, Арихан да Қазақстан туралы жақсы білмейді екен. Оның себебін өзінің кедей қалада тұратындығымен түсіндірді. Байғұс қыз ақталып-ақ жатыр. Басқа сұхбаттастарым да мардымды ештеңе айтпады Қазақстан туралы. Тек Әзірбайжан тілдер университеті студенті Айша ғана көңілімді қанағаттандыратындай жауап берді. Шетелдік достарыма өкпем қара қазандай болды. Атағы дардай мемлекеттің жастары географиядан түк хабары жоқ екен.
Ойлана келіп мынандай қорытындыға келдім. Қазақ жастары өзгелерге қарағанда білімді, сауатты екен. Ең кемі үш тілді еркін меңгерген. Қай саладан алып қарасаң да, шемішкеше шағатындар жеткілікті емес пе.
«Нұр Астана» газеті