Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 2648 0 пікір 16 Ақпан, 2011 сағат 06:59

Шымкент индустриалды аймағының алғашқы кәсіпорны өз өнімін жеткізе бастады

Шымкент. 16 ақпан. ҚазТАГ - Шымкент индустриалды аймағының алғашқы кәсіпорны өз өнімін жеткізе бастады, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысының (ОҚО) өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасы (ӨКБ).

«АБД-Сервиз» ЖШС алғашқы өнімін шығарды. Бірінші желінің қуаты - жылына 90 мың дана европалетпен табандық. Кәсіпорын өз өнімін «HILL»ЖШС, «Азия Керамика»ЖШС мен «Рахат-Шымкент»ЖШС-іне жеткізе бастады, - деп мәлім етті басқарманың өкілі Асқар Әбубәкіров.

Оның атап көрсетуінше, жақын уақытта екінші кезекті іске қосу жоспарланған. «Сонда өндірістің қуаты жылына 450 мың европалетке жетеді», - деді А. Әбубәкіров.

Бұрын хабарланғандай, 2010 жылы Шымкентте бұрынғы фосфор зауытының аумағында индустриалды аймақ құрылды. Оған бұрынғы фосфор зауытыныңбүкіл 337 гааумағы енгізілді. «Шымкент қ. индустриалды аймағы» МКК дирекциясына жердің 114,4 гектарыберілді. «Құқық қорғау органдары мұнда кезінде ашылған кәсіпорындарды тексеріп жатыр. Жұмыс істемейтін ұйымдар жер телімдері мен ғимараттарын мемлекеттің меншігіне қайтаруда», - деп хабарлайды ӨКБ.

Сонымен қатар, дирекция жаңа жобаларды да қарап жатыр. «37жобаның 17-сі қолдау тапты. Оларға деген инвестициялардың жалпы сомасы Т9,6 млрдқұрайды. Іріктелген жобаларды жүзеге асыру үшін аймақ аумағынан 34,3 га жер бөлінді», - деді А. Әбубәкіров.

Оның айтуынша, аталған жобаларды жүзеге асырудың нәтижесінде өңірде 1 мың 655жаңа жұмыс орны құрылады. Жаңа кәсіпорындардан бюджетке Т800 млн-нан аса салық түсімдері болжанып отыр.

Инфрақұрылымды жаңарту жұмыстарын ОҚО әкімдігі өз мойнына алды. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша облыс бюджетінен Т601,5 млн бөлінді. ӨКБ мәліметтеріне сәйкес, бұл қаржыға 2,5 мың метр кәріз желілері тартылып, индустриалды аймақтың аумағы қоршалды, 2 шақырым су құбырлары, 8,6 шақырым электр желілері тартылып, 587 мың тоннадан аса құрылыс және өндірістік қоқыс шығарылды.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1092
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2638
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 765
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 730