Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2818 0 пікір 17 Ақпан, 2011 сағат 23:10

Ғаббас Қабышұлы. Түсінгісі келгендерге түсінік

«Қазақ альманағының» былтырғы  6-санынан Тұрсын Жұртбайдың маған қарата айтқан айыптаушылық сөзін, Олжас Сүлейменовке қарата айтқан адвокаттық сөзін оқып («Бізде президенттікке мұрагер іздеу қылмыспен пара-пар саналады» атты сұхбатынан), мен де  ініміздің «мақсаты не, соны түсінбедім». Әлде түсіндім бе?..  Қалай болғанда да, Тұрсын да, альманахтың және мына Abai.kz. сайтының оқырмандары да  күтулі жауабымды ортаға салайын.

Семей полигонының зұлымдығы туралы сөз ол орнаған кезден бастап айтылған. Оның бір айғағы  қаламгер Әнуар Әлімжановтың 1990-жылы Ұлы Британия парламентінің Қауымдар палатасында былай дегені (үзінді):

«... Мырзалар, мені дұрыс түсінгейсіздер! Мен ядролық қаруларды пәлен жерде сынауға болады, түглен жерде сынауға болмайды деп тұрған жоқпын. Ол қаруларды қай жерде болсын сынау - адамгершілікке жат, адамзатқа қарсы іс. Сөз ыңғайына қарай айта кетейін:  әлгібір әзірде мен атаған жазушы Әуезов пен ғалым Сәтбаев  радиация улаған сол жерлерде 50-жылдары бірнеше  рет болды, жерлестерінің хал-ахуалын біліп, әңгіме-сөздерімен жұбатып бақты және, әрине, онымен тынбай, тоталитарлық жүйеге қарсылық білдірді. Олар сол үшін «ұлтшыл» деген жалған айыпқа ұшырап, қуғын көрді, ақырында қатерлі ісік сырқатынан қайтыс болды...».

«Қазақ альманағының» былтырғы  6-санынан Тұрсын Жұртбайдың маған қарата айтқан айыптаушылық сөзін, Олжас Сүлейменовке қарата айтқан адвокаттық сөзін оқып («Бізде президенттікке мұрагер іздеу қылмыспен пара-пар саналады» атты сұхбатынан), мен де  ініміздің «мақсаты не, соны түсінбедім». Әлде түсіндім бе?..  Қалай болғанда да, Тұрсын да, альманахтың және мына Abai.kz. сайтының оқырмандары да  күтулі жауабымды ортаға салайын.

Семей полигонының зұлымдығы туралы сөз ол орнаған кезден бастап айтылған. Оның бір айғағы  қаламгер Әнуар Әлімжановтың 1990-жылы Ұлы Британия парламентінің Қауымдар палатасында былай дегені (үзінді):

«... Мырзалар, мені дұрыс түсінгейсіздер! Мен ядролық қаруларды пәлен жерде сынауға болады, түглен жерде сынауға болмайды деп тұрған жоқпын. Ол қаруларды қай жерде болсын сынау - адамгершілікке жат, адамзатқа қарсы іс. Сөз ыңғайына қарай айта кетейін:  әлгібір әзірде мен атаған жазушы Әуезов пен ғалым Сәтбаев  радиация улаған сол жерлерде 50-жылдары бірнеше  рет болды, жерлестерінің хал-ахуалын біліп, әңгіме-сөздерімен жұбатып бақты және, әрине, онымен тынбай, тоталитарлық жүйеге қарсылық білдірді. Олар сол үшін «ұлтшыл» деген жалған айыпқа ұшырап, қуғын көрді, ақырында қатерлі ісік сырқатынан қайтыс болды...».

«Қатерлі ісіктен» бе, әлде: «Бұдан құтылуымыз керек!», деген  саяси ісік алып  кетті ме, оны бір құдай біледі.

Облыстық партия комитетінің сол 50-нші жылдарғы бірінші хатшысы Мұхаметқали Сужиков, пікірлесі Жұмабай Тәшеневпен ақылдасып, полигонды жабуды өтіне 1958-жылы  Мәскеуге, Н. Хрущевқа хат жіберіпті  де, Қорғаныс министрі Р. Малиновскийге телефон шалыпты. Олардан қандай жауап келгені белгісіз, алайда арада үш ай өте бере «Правда» гәзетінде Сужиковке облыстың ауыл шаруашылығын ақсатты деген айып тағылып, ол қызметінен босатылыпты.

Семей қаласына қызмет бабымен барып жүрген бір сапарымда сол жәйтті естідім, бірақ мән бермедім, өйткені полигон жайында бірдеңе жазу ойым жоқ еді. Ал ғалым, жазушы Қайым Мұхамедханұлының мерейтойын өткізуге барғанымда дәмханада үш кісі келіп, аты-жөндерін айтып танысты да: - Біз, семейліктер, Олжас Сүлейменовтің: «Семей полигонын біздің «Невада -Семипалатинск» қозғалысы жапты!» дей беретініне, басқаларды, мысалы, полигонға қарсы ресми күресті бастаған Кешірім Бозтаевты есіне алмайтынына қатты ренжуліміз. Ал мынаны оқып шықсаңыз, Олжастың кім екенін білесіз» деп көлемді конверт ұсынды. Не екенін сұрасам: «Олжас пен сыбайластарының «Невада-Семипалатинск» акционерлік қоғамындағы  жемқорлықтары туралы КРУ Минфиннің 1993-жылы жасаған актісі. Полигоннан зардап шеккендерге қажетті жәрдем жасаймыз деп жүздеген миллион доллар жинап алып, семейліктерге бір тиын да бермей, бәрін өздері бөліп алғандары әшкереленген акт, бірақ актіні оның күшті достары жауып тастады, осыны сіз алып, орталық гәзеттерге жариялатыңыз» десті. Бұрын «Бірлесу-Единение» деген кішкене гәзетте жарияланса да, қозғау болмағанын айтысты. Мен ол ыңғайсыз жағдайдан: «Ағайындар, қазакем: «бөріктінің намысы бір» деген ғой, мен Олжаспен жолдаспын, қызметтеспін, оған қарсы әрекет жасамаймын. Сол орталық гәзеттерге өздеріңіз жазыңыздар, барыңыздар, ал маған ренжімеңіздер» деп құтылдым.  Семейде келесі жылы  болған сондай «әңгімеміз» тағы солай аяқталды.

Осы жерде Ә. Әлімжановтың 1989-жылы полигонды жабу жөнінде Семей қаласында өткізілген халықаралық конференцияда айтқан бір пікірін еске түсірелік. Ол былай деген:

«Әлбетте, ядролық жарылыстарға қарсы күрес толастамауға тиіс десек, күресті нығайту үшін қор ұйымдастыру, оның есеп-шотын ашу да дұрыс, тек ол қорға жиналатын ақшаны жұмсаудың жоспарын алдан ала жасау керек. Таза мақсатқа жиналған қаржының таза қолда болғаны жөн. Керісінше болса, денсаулығынан айрылған халықтың, бәрінен жұрдай болған халықтың енді қалтасын қағу адамгершілікке  жатпайды!». Танымал қаламгер әлі негізделмеген «Невада-Семипалатинск»  акционерлік қоғамының семейліктерге «қызметі» мынау актімен аяқталарын  күні бұрын білген дерсің!

Арада алты-жеті жыл өтті. Бірде кітап дүкенінен Кешірім Бозтаевтың «Семей полигоны» деген кітабын  сатып алдым да («Қазақстан» баспасынан 1992-жылы шыққан), Семейдегі «құдалықтар» есіме түсіп, ынта қоя оқып шықтым. Семей полигонының шежіресі екен. Олжастың полигон туралы сөздерінде Бозтаевтың аты аталмайтынын да ескеріп, әділдікті айту қажет деген оймен «Жас алаш» және «Централ Азия Монитор» гәзеттеріне мақала жаздым. Оған тек Олжас дереу қарсы шығып, Кешірім туралы:  «...Да, он был первым секретарем обкома, но не более того. И уж во всяком случае, среди первых борцов за закрытие полигона его не видели» деді («Казахстанская правда» гәзетінде).  Бір «қызық» жәйт: Тұрсынның мынау сұхбатынан да сондай «леп» сезілді. К. Бозтаев полигонды қорғаштап сөйлепті, онысын естіген куәлар бар көрінеді, ал сынаудың улы газын Тұрсын байқап, О. Сүлейменовке барып айтып, содан біраз уақыттан кейін олар Мәскеудегі, Алматыдағы ең жоғары басшыларға хат жазып, полигон мәселесін көтеріпті. К. Бозтаев  Мәскеуден комиссия келгенде ғана бетінен қайтып, полигонға қарсы шығыпты. Олай болса, мұндай ауызша «дәлелді» қоя тұрып, сол тұстардағы құжатқа үңілейік. Жоғарыда аталған кітапта         К. Бозтаевтың полигондағы сынауларды азайту, тоқтату, полигонды басқа жаққа көшіру талабымен Кремльге шифрлы жеделхат жөнелткені 1989-жылғы 20-ақпанда; Мәскеуден комиссия келгені 28-ақпанда. Яғни, К. Бозтаев «полигонды құптаған көзқарасынан» комиссия келген соң ғана айныған болса, одан бір апта бұрын  Мәскеуге жеделхат жолдап, басына пәле тілеп несі бар?

Кешірім жеделхатының бір-бір данасын: КСРО Министрлер Кеңесінің төрағасы Н. Рыжковқа, Жоғарғы Кеңестің төрағасы А. Лукияновқа, Бейбітшілікті қорғаудың кеңестік комитетінің төрағасы Г. Боровикке, Жоғарғы Кеңес мүшесі З. Пуховаға (Денсаулық сақтау комитетінің төрағасы), Мәскеуде, КСРО халық депутаттарының мәжілісінде жүрген       О. Сүлейменовке жіберіпті. Ақын сол хат бойынша Жоғарғы Кеңеске 24-ақпанда депутаттық сауалнама жолдапты («Ядерные испытания СССР: современное радио-экологическое состояние полигона» (кол. авт. под руководством  проф. В.А.Логачева. Изд. АТ. 2002»). Сонда: олжастардың Мәскеуге полигон мәселесімен одан бір жыл бұрын (1988) жазған  хаттары қайда қалды екен?

Тұрсынның сұхбаттағы ауызша «негізгі дәлелдерін» Мәскеу комиссиясы мен Семей облыстық партия комитетінің бюросы өткізген мәжіліс стенограммасындағы мына екі фактімен салыстырайын (үзінді аталған кітаптан алынды):

«Букатов. Біздің комиссия облыстық партия комитетінің жеделхаты бойынша СОКП ОК Бас хатшысының тікелей тапсырмасымен келді...»;

«Бозтаев. Генерал Бредихин дабыл қақпаса, 12-нші ақпанда не  болғанын біз анық білмес те едік. Ондай пәленің бұрын да болмағанына кім кепілдік бере алады? Ведомостік мүдделердің халыққа қамқорлықтан жоғары қойылып келе жатқаны өкінішті...».

Мұндағы Букатов В. А. - комиссияның басшысы, КСРО Министрлер Кеңесі құзырындағы Әскери-өнеркәсіп комиссиясының төрағасы; Бредихин  П. Т. - Шаған әскери бөлімшенің командирі.

Сонда: Тұрсын қаққан дабыл, Олжас  ұшқышының хабары із-тұссыз қайда кетті екен?

Ал Олжастың Семейге алғаш баруы, ол жақтан КСРО халық депутаты болып сайлануы десек, ол Алматы қаласының Калинин ауданынан КСРО халық депутаттығына кандидат болды. Участокке Жазушылар одағынан «Простор» жорналының бір қызметкері екеуіміз бақылаушылыққа жіберілдік. Дауыс беру, бюллетень санау таза атқарылды (қазіргі сайлаулардағыдай  ухит-сухит  жоқ  кез). Ақын ұтылып қалды.

Ертеңінде жұмысқа барсам: бірінші хатшының кабинеті алдында қызметкерлеріміздің төртеу-бесеуі  тұр.  «Олжастың кабинетінде концерт болып жатыр» дейді. Кірсем: бір топ кісінің ортасында маған бейтаныс бір тапал әйел табанымен шоқ басып алғандай тыпырлап, еріні сүйреңдеп, шаңқ-шаңқ етеді. «...Бақылаушылар болған жоқ! Оларды жазалау керек!..» дейді. Мен сол жерде парткомымыздың хатшысы Ахметжан Ашировке дереу мәлімдеме жазып, сайлау участогінде біздің болған-болмағанымызды тексеруді, көргенсіз өсекшінің жаласынан қорғауды талап еттім. Бірақ ешқандай тексеру жүргізілмеді.

Сол күндері не болғанын Кешірім кітабында анық жазған: «Алматыда дауысқа түскен Олжас қиындыққа ұшырапты. Министрлер Кеңесінің төрағасы Н. Ә. Назарбаев маған телефон шалып, жағдайды айтып,           О. Сүлейменовті Семей облысынан депутаттыққа өткізуімізді өтінді. «Сүлейменов сізге көмектеседі, полигонға қарсы күресте жақсы жәрдемші болады», деді Нұрсұлтан Әбішұлы. Ертеңінде Г. В. Колбин телефон соғып, ол да сондай тілек айтты».  Ол тілектер, әрине, қабыл болған.

Енді К. Бозтаевтың полигонды жабудағы еңбегіне берілген екі бағаны оқылық (Кешірімнің жасы 60-қа толуына орай жолданған жеделхаттардың түпнұсқаларынан үзінді).

Н. Назарбаев: «...Принципиальность, требовательность к себе и другим, забота о людях, чуткость и внимание к ним снискали Вам заслуженный авторитет и уважение в республике. Неоценим Ваш вклад в решение проблем, связанных с закрытием Семипалатинского ядерного полигона, с созданием системы социальной защиты населения, пострадавшего от испытаний атомного оружия...».

О. Сүлейменов: Уважаемый Кешрим Бозтаевич! Мы знаем Вас как крупного общественного и государственного деятеля, очень много сделавшего для процветания народа Казахстана. Вся Ваша жизнь - это добрый и назидательный пример для молодого поколения...

В те нелегкие годы борьбы за прекращения ядерных испытаний на Семипалатинском полигоне Вы проявили стойкость бойца за интересы народа и мудрость истинного народного лидера.

Мы знаем, что в эти трудные годы Вам пришлось особенно нелегко и на Вашу долю выпали тяжкие испытания, но Вы сумели найти верный путь и сделать немалый личный вклад в долгожданную победу - закрытие Семипалатинского ядерного полигона.

В день Вашего шестидесятилетия, дорогой Кешрим Бозтаевич, мы выражаем Вам свое глубокое почтение и говорим благодарное спасибо! Олжас  Сулейменов».

Демек, бізде бір емес, екі Олжас бар. Біреуі К. Бозтаев туралы: «...Да, он был первым секретарем обкома, но не более того. И уж во всяком случае, среди первых борцов за закрытие полигона его не видели» деді емес пе?! Сонысын айтқаныма ол: құттықтау жеделхат болған соң, оқымастан қол қоя салып едім депті. Бозтаевтың полигонға қарсы күреске «қатысы жоғын» біле тұра, тілі жеткенше дәріптегені қалай? Мүмкін Нұрсұлтан Әбішұлы да оқымай-ақ қол қоя салған шығар?

О. Сүлейменов  Мәскеуден Семейге комиссия келетін күні (бір күн не ерте, не кеш емес!), 28-ақпанда, құрған «Невада-Семипалатинск» қоғамдық қозғалысының Семей полигонын жабуға үлкен үлес қосқанын кітабында Кешірім жақсы атаған (сөз ретіне қарай айта кетейін: ядролық сынауды тоқтату, полигонды жабу талабымен ірі қимыл жасаған басқа да бірнеше қозғалыс болды. Мысалы, М. И. Есенәлиев бастаған «Азат» қозғалысының барлық облыстан барған жүздеген өкілі полигонды қоршап алып, бірнеше сағаттық жиын өткізгені жайында ресми құжат бар, бірақ Олжас ондай шаралар туралы ауыз ашпайды). Алайда шындыққа жүгініп: "...Полигонды жаптыру күресімнің басталуынан аяқталуы әлдеқайда қиын болды. Әу баста жұртшылыққа арқа сүйеп, өзімді қолдайтынына нық сеніп, қуаттанып кіріскен едім. Енді өзім мүддесін қорғағандардың, өкіметпен текетіреске бірге шыққандардың көздеріне сүйел бола бастағандаймын. Өкпек желдің қай жақтан соққанын сездім. Ол ең алдымен қоғамдық қозғалыс жетекшілерінен басталды. Олардың кейбіреуі, тіпті Семейге ат ізін бірінші рет салса да, баяғы Юлий Цезарьша: - Бардым, көрдім, жеңдім! - деп шыға келді...  «Бұл кімнің еңбегі?» деген сұрақ сампылдай бастады. Баспасөз бетін жауып кеткен жарияланымдарда еңбек  «Невада-Семей» қозғалысынікі, тек қана соныкі делінді. Қозғалыстың әрбір әрекеті мейлінше кең насихатталды. Өздерін өздері дәріптеу сияқты біржақтылық өршіді... Жиі-жиі жиын жасау, жалаң ұрандау әдетке айналдырылды...». Бұл не? «Жаны кейіген құдайын қарғайды» емес пе? Әрине! Еңбегін еш қылғысы келгенге  «менің  айыптаушым» Тұрсын да алғыс айта қоймас. Десем де, «менің айыптаушымның» мына бір «еңбегін» еш етпеуге лажым жоқ: «...Алайда сол еңбектерінде бір-ақ сөзбен «Семей-Невада» қозғалысы қолғабыс тигізді» деп өте шығыпты» депті ол. К. Бозтаевтың екі кітабын оқыған соң  шығарған «үкімі» осындай. Бұл - кітапты оқымаған кісінің сөзі. Кешірім кітаптарында Олжаспен екеуінің әуелде бірлесе қалай қимыл жасағандарын, қай жерде қандай кездесу өткізгендерін, Олжасқа кімдердің нендей теріс қылық көрсеткендерін жазған. Егер Тұрсын  «Семей полигоны» атты кітаптың: 46, 53. 55-беттерін оқыған болса, өлі  Кешірімге жала жаппас еді.

Сондай-ақ, бұл жерде бір сұрақ тұр: Кешірімнің кітаптары қазақ, орыс тілдерінде 1992 - 1993-жылдары шықты, Олжасқа білдірген орынды наразылығы  бадырайып тұрды, бірақ ол кезде ақын үндемеді (өзі оқымаса да, төңірегіндегілердің жеткізгендері сөзсіз). Неге? Өйткені Кешірім тірі, шындықтың жүзі өткір. Бүгінде Кешірім жоқ, оның шындығы кімге керек?

Тұрсынның кәдесіне жарауы мүмкін болмаса да, артықтық етпес мына бір материалды ұсына отырайын:

Олжас Сулейменов перебирает в хвастовстве

Лично в моем восприятии Олжаса Сулейменова есть два периода. Первый - советский. Тогда он писал приятные стихи, выдавал оригинальные мысли (книга «Аз и Я»), боролся против Семипалатинского полигона. Второй - время независимости. Лег под Нурсултана Назарбаева и восхищается всем подряд, от успехов строительства демократии до застройки Астаны.

А тут посмотрел по телевизору передачу с участием Евгения Велихова (физик-ядерщик), и первый период Олжаса Сулейменова у меня тоже зашатался. Ученый высказался в том смысле, что Сулейменов к закрытию полигона имеет крайне незначительное отношение. Так, мимоходом - артикуляция и шумиха для начала и сопровождения переговоров между Москвой и Вашингтоном.

Главная идея контроля над прекращением ядерных испытаний заключалась в допуске советских специалистов в Неваду, а штатовских в Семипалатинск. Каждый устанавливает свою специальную аппаратуру и держит друг у друга руку на ядерном пульсе. Евгений Велихов утверждает, что все переговоры с Госдепартаментом, Конгрессом, Пентагоном вел он и высшие офицеры КГБ и ГРУ. И никакого Олжаса Сулейменова там не было. То есть все решалось на оси Москва - Вашингтон, а движение «Невада-Семей» было не больше чем цветок на обочине дороги.

Я Евгения Велихова толком не знаю, но вроде как он в политику не лезет, а потому и врать ему особо не за чем. А ведь Сулейменов закрытием полигона гордится больше, чем своим почетным посольством в Италии. Только вот заслуженно ли?  ( Газета Zonakz. 07.02.2008 г.) ».

Осымен мазмұндас пайымдар К. Бозтаевпен үзеңгілес болған обком және облатком қызметкерлерінің  естелік жазбаларынан табылады деп білем.

О. Сүлейменовке сырттай адвокат болған Тұрсын мені ақын ағасының қыр соңына түсіп алды, қолдан қарақшы жасауға әуес деп айыптапты. Оның дұрысырақ аңғарғаны, - рас, Олжасқа қарата мақала жазып жүргенім, ал аңғармағаны - менің бір ғана фактіні айтып жүрмегенім, Олжас қай мәселеде болсын анық қате пікір білдірген сайын қарсы жазатыным. Ол қандай қателікке ұрынғанын Тұрсын білмесе (менің мақалаларымды түгел оқып, теріске шығара ширығып жүрген «айыптаушымның» білмеуі мүмкін емес!), оған бірер мағлұмат берейін. Олжас: орыс тіліне мемлекеттік мәртебе беруді әу бастан бүгінге дейін талап етіп келеді; Алматыда іс қағаздарын қазақ тіліне - заңды мемлекеттік тілге көшіруге бірінші болып қарсы шықты;  қазақта шекара болмаған, бүгінгі жерінде мемлекеті болмаған деді; қазақ - қалыптаспаған халық деп «теория» соқты; демократияны біз де қайте қоямыз, шет елдерде автократияны жөн көре бастағандық бар деді; тәуелсіз жорналшының: «Жұртшылықтың Ғалымжан Жақияновты түрмеден босату талабына қосыласыз ба?» деген сұрағына: «Е, ол не үшін? Демократияны күшейту үшін бе?» деп кекетті; 1932- 33-жылдардағы аштық туралы қазақ әдебиетінде бір ауыз сөз жоқ деп, қазақтың әдебиетін, кезінде аштық жайында мақала, өлең, дастан жазған, сол үшін қуғын көрген өлі-тірі ақын-жазушыларымызды тәлкек етті. Ең болмаса: «міне, орыс жазды!» деп  В. Михайловтың «Хроника великого джута» деген деректі хикаясын да атамады.

Айтпақшы, тәуелсіздігіміздің алғашқы күндерінен бастап биліктің жаршысы болып алған Олжас 1992-жылы ма, «Қазақстанның халық конгресі» деген партиясын құрғанында оның бағдарлама жобасын жасауға қатысқан  профессор, «Казахская правда» гәзетінің редакторы Алдан Айымбетовтің былай деп жазғаны бар: «...Я, оказалось, занял место прямо напротив О. Сулейменова. За несколько дней до этого нам были розданы тезисы программы будущей партии. Мне достался национальный вопрос. Материал готовил очень серьезный, как мне казалось, не уступающий «Комманифесту» Маркса и Энгельса. Но когда дошел до тезиса «возрождение казахской нации», Сулейменов поднялся, немного полюбовался собою, затем директивным тоном потребовал убрать «возрождение казахской нации». Я впервые оказался в такой близости от «великого человека». Но преодолел робость и почти заорал на него: «Какого черта мы собираемся в партию?! Я буду бороться против антиказахской  партии!» («Олжаса Сулейменова как антиказаха я раскусил сразу, еще тогда», газета «Казахская правда», №17, сентябрь, 2005 г.).

«Қолдан қарақшы жасауға» назар аударсақ, әрине, ол «менің айыптаушым» Тұрсынның шабыты қозып кетіп айтқаны шығар, ал менің Олжасқа: «Мына пікірің қате ғой?!» дегеннен өзге қатқыл сөзім: «Кешірім Бозтаевтың еңбегін аяқасты етуге хақың жоқ! Оның аруағынан аттай беруің мұсылманшылыққа жатпайды!» болды.

Шабыт қысқан Тұрсынға және бір ескертерім : семейліктер жоғарыда атаған актіні, алдыңғы жылы әлдекім поштамен салып жіберген соң, шолып шығуыма тура келді. Иә, «Невада-Семипалатинск» акционерлік қоғамы кәдімгі ұйымдасқан жемқорлықтың ұясы болыпты.  Бүгінгі миллиардерлер: Машкевич, Шодиев, Ибрагимов, т. б. сол «ұядан түлеп ұшыпты»! Сан түрлі түзу-қисық жолдармен жиналған аса мол қаржы бетпақ бөліске салынып, полигоннан зардап шеккен семейліктерге соқыр тиын да бұйырмаған. Ол сұмдықты не деу керек? «Адамгершіліктің асқан көрінісі, ақынның Ақын ғана емес, Азамат екендігінің айғағы!» дейік пе?

Кейбір «білгіштер»: «Полигонда сынау тоқтатылар кезде Бозтаев жұртшылыққа: - Мәскеу талап етіп отырған соңғы екі сынауға рұхсат берейік! - деп өтініш  жасаған болатын» деп жүр. Рас, ол бірер жиында сөйледі.  Бірақ онысы  еркінен тыс әрекет болған. Полигоннан айрыларын білген Мәскеу әуелі шамырқана шарт қойып, соңынан «алдыңғы-соңғы сынаулардың бәрі үшін ақыны мол береміз» деп айла-шарғы жасаған. Республика басшылығы Кремльдің қабағын баққан. Солардың салмақ салуымен «өзіне өзі қарсы шыққан» Кешірім шын мәнінде райынан қайтқан жоқ еді. Оның «үгітті» қулықпен жүргізгеніне бір дәлелді «Азат» гәзетінің 1991 жылғы 16-санынан таба аламыз. Танымал жорналшы Жұмаш Көкбөрі «Полигонды кім жапты?» деген мақаласында былай деген: «...25-тамызда Семей қаласында Қазақстанның азаматтық «Азат» қозғалысы ұйымдастырған үлкен митингі болып өтті... Бізге жетіп жатқан хабарларға қарағанда, Бозтаев жарылыс жанашыры еді. Бірақ митингіде сөйлеген сөзі мүлдем керісінше әсер етті... Бұл арада да  К. Бозтаев  жарылыс жанашыры емес, керісінше, қасірет шеккен жерлестерінің жағында екенін айқын байқатты... Кейін білгеніміздей, әскери өндірістік кешеннің алпауыттары полигонға қарсы шыққан облыс басшыларына небір қоқан-лоққы, зымиян әрекеттер жасауға дейін барған екен». Бұл пікір «Азат» қозғалысының (кейін «Азат» партиясының) сол кездегі басшылары, танымал саясаткерлер  М. Есенәлиев пен  Б. Дәрімбетовтің сөздері мен мақалаларында да бар.

Көзірін түгел ашып тастау әдетінде жоқ К. Бозтаев «ақырғы екі сынақ» жайында жоғарыдан болған сұмдық қысымға төтеп беруі тым қиындап бара жатқан күндері сырттай келіскен сыңай танытқан да, өзінің ең сенімді серіктері арқылы қарсылықты үдеткен. Сол айласы, Жұмаш Көкбөрі тап басып айтқандай, сөйлеген сөздерінің түйінінен анық аңғарылды, ал аңғара алмағандар, әсіресе Кешірімнің батылдығын, табандылығын о баста-ақ мойындағысы келмеген «күрескерлер» оны ғайбаттап сөйлеуге дереу кірісті, тіпті «сатылды» деп жазуға дейін барды. Ал кешірімдер болса, бастапқы бағыттарын өзгертпеді, мақсаттарына жетті - полигонды жаптырды.

«Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады» деген қазекем. Егер мен қаламдасым Олжасқа дұшпан болсам, оның ешбір қателігін аузыма алмай, кейбір аға-інілерінше оған табынып, беталды мақтап, мысалы, Сәбит Досановша: «ХХ-ғасырдың Махамбеті, ХХІ-ғасырдың Мағжаны» деп жүрер едім Сәбиттің «Айқын» гәзетінің 11. 02. 2011 ж. санында шыққан «Ардың жүгі нардың жүгінен де ауыр» атты осы сайтта да болды. Автор Қасым  Аманжолов  шығармашылығын жақсы талдап, жоғары да  орынды баға бере отырып, марқұм ағамызға Махамбеттің де, Мағжанның да «рөлін» қимапты.

Жағымпаздыққа тән жалаң мақтау қазақы намысыма кереғар болғандықтан, мен Олжасты да, одан зорларды да шашбаулаған емеспін, ал атақты ақынның ағаттықтарын  өзіне атап-атап жазып жүрдім. Лажы барлар оған 16. 07. 2009-жылы жазған хатымды өзінен алып оқысын. Сонда ненің шындық, ненің мазақ  (Тұрсынша)  екенін  түсіне алар.

Өкінішке қарай, даңқ пен дақпыртқа ерте бауыр басқан Олжастың шындықты мойындағысы жоқ. Менің сынымды шаншу көріп, кері серпіп тастауға тырысады. Ол өзінің жекеменшігіндей болған «Свобода слова» гәзетіндегі кезекті сұхбаттарының бірінде маған қарата былай депті:

«Этот назойливый автор уже несколько лет ходит по редакциям с этой версией...  Может быть диссертацию защитит».

«Версиясы» - «Полигонға қарсы ресми күресті 1989-жылғы 20-ақпанда Кешірім Бозтаев бастады» дегенім. Дер кезінде Мәскеуден бері нақты құжатпен бекітілген, жалпы жұртқа жақсы мәлім болған бұл ақиқатты аяқасты ету бір жерімен диірмен тартатын «күштілердің» ешқайсысының қолынан келмейтінін әйгілі ақын әлі де ескермей жүр. Қандай шындықтың болсын уақытша бүркеп тасталатыны болады, бірақ көне тарих өйткендердің дертесін қайырмай қоймаған.

Меніңше, ақиқат үшін «назойливый» (мазасыз) болу - кімнің болсын өзін өзі насихаттауы мен өзін өзгеге насихаттатуынан әлдеқайда абыройлы әрекет.

Мақалаларымды редакцияларға тықпалап, күштеп шығартып жүрген жоқпын. Сүлейменовтің аузынан «данышпандық» пікір шыққан кезде гәзет басшылары  соған шын ашынып, намыстанып, жауап жазып беруді менен ғана емес, басқа авторларынан да өтінеді. Яғни, ақынның көпе-көрінеу ағат ойларын  жалғыз мен емес, орысы, қазағы бар басқалар да сынап жүр.

Иә, ақынның долбары дұрыс, мен «диссертация қорғамақпын», тақырыбы - «Аруақтан ары-бері аттағыштардың әурешілігі».

Олжастың жақсы ақындығында дауым жоқ. Бірақ ол қазақ поэзиясына жаңа леп, жаңа түр әкелген емес. Әкеле де алмайды. Ал оның жыр қуаты «Адамға табын, Жер, енді!» деген саяси мәні күшті өлеңімен танылды. Жер - Ана десек, нендей жағдайда болсын Анаға балаңа бас ій, табын деу қандай тапқырлық? Космосты игеру жарысында АҚШ-ты артқа тастағандықтың нышаны болған Ю. Гагарин ерлігін аспандатуда КСРО басшыларына Олжастың ол өлеңі көп көмек болды. Дұрыс. Кезінде бәріміз де намысқа шаба шексіз қуандық.

Ақынды асқақтатқан екінші жәйт «АЗ и Я» кітабы болды. Оны да қуаттап, Олжасқа бір ауыз сын айтқанның бәрімен  ауызша да, жазбаша да жауластық. Бүгін де солаймыз. Десем де, әйгілі түріктанушы Лев Гумилевтің ол кітап туралы не дегеніне назар аударайық: Гумилев. Л.Н Спор с поэтом

По поводу статьи А.Кузьмина "Точка в круге, из которой вырастает репей" [журнал "Молодая гвардия" 1975. No12.]

Олжас Сулейменов написал книгу "A3 и Я" (Алма-Ата, 1975), чтобы "вместе с раздражением чувств читателя вызвать и раздражение мысли". Читая отклик А. Кузьмина на эту книгу, видишь, что О. Сулейменову удалось выполнить только первую часть задачи. Количество фактических ляпсусов в книге Сулейменова превышает число страниц (304), и, видимо, многие из них сделаны нарочно, чтобы упрекнуть будущего рецензента в том, что он даже таких общедоступных вещей не знает. Кузьмин попался на эту удочку первым.

Вместо того чтобы отметить десяток-другой фактических ляпов и тем самым показать, что перед читателем поэтическая мистификация, Кузьмин пускается в длинное рассуждение о преимуществе диалектического материализма над позитивизмом, что само по себе верно, но в Советском Союзе ни для кого не ново и, главное, не имеет никакого отношения к эмоциональным фантасмагориям Сулейменова. Огюст Конт никогда не предлагал смотреть на историю "глазами поэта" (отрывок из статьи.).

Осы мысалдар да жетер. Әлбетте, түсінгісі келген, шындыққа қарсы шабуды  әбестік деп білетін  ағайындарға.

Мен Олжаспен құшағы айқасқан дос та, кездігі кезеулі қас та емеспін. Өлең-дастандарын кемсітуді ойлаушы бәсекелес ақын да еместігім анық. Мен дарынды ақынымыздың  азаматтығындағы «әттеңдерге»:  өз  халқын ара-тұра кемсітетініне, К. Бозтаевтың атын өшіргісі келетініне, «Невада -Семипалатинск» қоғамы қорының көмегіне зәру болған мыңдаған семейліктерді  шетке қағып, қайдағыбір құлқынқұлдарын жарылқағанына, биліктің бір «бұлбұлы» болып алғанына налимын, ол үшін намыстанамын! Мұны өзіне жолдаған хатымда атап айттым. Амал не, ол  бері бұрылар емес.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443