Нұрлытай Үркімбай. Әр баланың өз несібесі бар
«Ұлт болам десең, бесігіңді түзе» деп жатамыз. Жөн-ақ сөз! Дегенмен ең әуелі сол бесіктің ішінде сіз бен біздің тәрбиемізге мұқтаж ұрпақ тербелуі тиіс қой. Демек, елімізде балалардың көптеп дүниеге келуіне жағдай жасау жалпыұлттық жауапты іске айналып отыр. Және ол ұрпақтың саны бар да сапасы жоқ, жай бір тіршілік иелері боп өспеуін қадағалау - мемлекеттік дәрежеде, жоғарғы ресми билік деңгейінде қолға алынуы тиіс жауапты іс. Олай болмаған жағдайда бүгінгі күні жасалып жатқан елдегі материалдық нығметтеріміз - ертеңгі күні кімдердің қолында кетері белгісіз байлық. Құдай ондайдың бетін аулақ еткей! Яғни демография саласында сан мен сапа - өзара бірлікте қаралуы тиіс мәселелер.
«Дүниеге бір перзент келсе, бір қозы артық туады; бір қозы туылса, бір уыс шөп артық шығады» дейді қазақ атам. Тереңінен толғап айтылған ой екені дау тудырмаса керек. Демек, мынау шексіз үйлесіммен құрылған Жаратылыс әлемінде ұрпақ жаю ісі адамзат баласына ең басты міндеттері қатарында жүктелген. Терең бір заңдылыққа негізделген.
Өкінішке қарай, ішкі-сыртқы толып жатқан жағдайларға байланысты сол заңдылық, сол келісім ғасырлар мен жылдар белестерінде едәуір кері өзгерістерге ұшырап, мазмұнын әлсіретіп алды.
КӨП БАЛАЛЫ БОЛУДЫ ҚҰБЫЖЫҚ КӨРСЕТІП...
«Ұлт болам десең, бесігіңді түзе» деп жатамыз. Жөн-ақ сөз! Дегенмен ең әуелі сол бесіктің ішінде сіз бен біздің тәрбиемізге мұқтаж ұрпақ тербелуі тиіс қой. Демек, елімізде балалардың көптеп дүниеге келуіне жағдай жасау жалпыұлттық жауапты іске айналып отыр. Және ол ұрпақтың саны бар да сапасы жоқ, жай бір тіршілік иелері боп өспеуін қадағалау - мемлекеттік дәрежеде, жоғарғы ресми билік деңгейінде қолға алынуы тиіс жауапты іс. Олай болмаған жағдайда бүгінгі күні жасалып жатқан елдегі материалдық нығметтеріміз - ертеңгі күні кімдердің қолында кетері белгісіз байлық. Құдай ондайдың бетін аулақ еткей! Яғни демография саласында сан мен сапа - өзара бірлікте қаралуы тиіс мәселелер.
«Дүниеге бір перзент келсе, бір қозы артық туады; бір қозы туылса, бір уыс шөп артық шығады» дейді қазақ атам. Тереңінен толғап айтылған ой екені дау тудырмаса керек. Демек, мынау шексіз үйлесіммен құрылған Жаратылыс әлемінде ұрпақ жаю ісі адамзат баласына ең басты міндеттері қатарында жүктелген. Терең бір заңдылыққа негізделген.
Өкінішке қарай, ішкі-сыртқы толып жатқан жағдайларға байланысты сол заңдылық, сол келісім ғасырлар мен жылдар белестерінде едәуір кері өзгерістерге ұшырап, мазмұнын әлсіретіп алды.
КӨП БАЛАЛЫ БОЛУДЫ ҚҰБЫЖЫҚ КӨРСЕТІП...
Мысалы, толып жатқан соғыстар мен нәубет, індеттерден жапа шеккен халқымызға патшалық Ресейдің баз бір саясаткерлері: «Көшпенділердің қолына қасық ұстауды үйретіп әуре болғанша, оларды жер бетінен сыпырып тастап, оңтүстіктегі жерімізді босатып алуымыз керек», - деп өзеуреді.
Одан бері келе, қызыл Кремль «адам факторы» деген бірдеңені ойлап тауып, «халық санын жоспарлау» деген саясатын жүргізіп бақты. Ол үшін ең әуелі ұлттық республикалардағы әйелдер қауымына «әйел теңдігі» деген ғажайып ұғымның тонын теріс айналдыра түсіндіріп, «эмансипированный әйелдер бір-екі баламен шектелсе - абзал» деген идеясымақпен олардың қолтықтарына су бүркумен болды. Бұл астарлы саяси науқан өз «жемісін» бермей қалмады. Нәтижесінде, қаланы былай қойғанда, кең-байтақ ауылдық жерлерде әже, апа, басқа да туған-туыстарымен, яғни «тегін нянялармен» бірге тұрған біздің құрбыластарымыз да екі-үш баламен шектелу деген ауруға душар болғаны белгілі. Оның кесірі халық санының өсуіне, яғни демографиялық көрсеткіштерімізге кері әсер еткен болатын.
Аллаға шүкір, өткен ғасырдың алпысыншы, жетпісінші жылдарындағы ақ жаулықты, аяулы апаларымыздың арқасында әр отбасында кемінде жеті-сегіз, әйтпесе он-он бес баладан дүниеге келіп, ұлтымыздың саны да, мәртебесі де бір көтеріліп қалған еді. Тіпті соңғы екі-үш баласын тұңғыш келіндерімен жарыса дүниеге әкелген мәрт мінезді апаларымыздың ұлт өркендеуіне қосқан үлестері шын мәнінде қандай марапатқа болса да лайық еді. Ол кісілер Кеңес үкіметі жылдары орын алған түрлі репрессия, соғыс, нәубет атаулыда көз жұмған боздақтарымыздың құдды бір орынын толтырып, тұяғын бүтіндемекке ұмтылған сияқты ғой, ойлап қарасақ.
Осы үдерістен шошынған болуы керек, қызыл Кремль әлгі айтылған «адам факторы» деген сойқанды идеясын сопаң еткізіп алдымыздан шығара қойды. Сол ақпараттық науқан жүргізілген жылдары республикалық «Лениншіл жас» газетінде қызметте болғандығымнан шығар, әйтеуір осы бір астарлы саясаттың жүргізілу тәсілі алақанымыздағыдай байқалып тұратын. Советтік ұлттық республикаларда «аз бала туу әйелдің мәдениеттілігін көрсетеді» деген тектес сумақай пікір әдемі, әшекейлі сөздермен әдіптеліп, кеңінен насихатталып жатқан тұста Ресей ақпарат құралдары бұл тақырыпқа аяқ баспаушы еді. Бұл нағыз «двойной стандарт» болатын. Бәлкім, мұның өзі сол баяғы Столыпин үкіметінің қазақ сияқты «бұратана» халыққа қатысты жүргізбекші болған реформасын Кеңес үкіметі кезінде көзге шалына бермес осындай иірімдер арқылы одан әрі жалғастыру саясаты болды ма екен?!
АТА-ӘЖЕЛЕР ТӘЛІМІ
АУАДАЙ ҚАЖЕТ
Әйтеуір, сексенінші жылдардан былай қарай көп бала туу «модадан қала» бастағандай еді. Оған тоқсаныншы жылдардағы экономикалық ауыртпалықтар «жақсы сылтау» боп тағы келіп қосылды. Ол аз дегендей, әке-шеше денсаулығына экологиялық ахуалдарымыз кері әсерін тигізіп, ол да бір жанайқайына айналды. Денесін бүркеп, басына орамал тартқан қыздарымызды, яғни болашақ аналарды көрсек, құдды бір сұр жылан көргендей жиырыла шу шығарып, ал кіндігі мен май бөксесін былқылдатып, омырауын салпылдатып, яғни болашақ перзентіне құрсақта жатқан кезінде-ақ дарытуы тиіс жан жылуын, рухын көлденең көздер алдында шашып-төгіп, ашық-шашық жүрген әйел балаларына сүйсіне қарайтын дәрежеге жеттік. Кіндігі жылтылдаған әлгілер дүниеге жарымжан бала әкелсе, оған қайырымдылық ұйымдарын жұмылдырмаққа жанталасудамыз. Апыр-ау, артық қаржы, артық айқай-шу шығарғанша, әлгілерге «қарыныңды жылтыратпай жап» десек болмас па еді!
Ресми деректерге қарағанда, отыз жастан бастап еліміздегі ерлер саны мен әйелдер саны түрлі себептерге байланысты пропорциялық жағынан біртіндеп бұзылатын көрінеді. Нақтылай айтқанда, әрбір 100 ер адамға 140 әйелден келетін боп шықты. Ал арақ пен шылымнан аузы босамайтын ер адамдардың денсаулық мәселесі жайлы бұл жолы сөз қозғамай, қоя қойыңыз! Бұл «Шаңырақтың» келесі сандарының үлесіне қалсын.
Тәуелсіздігімізбен жағаласып, бәлкім, дәрігерлердің қалта-қаржы мүдделеріне жармасып, әйтеуір ұлттық демографиямыздың ілгерілеуіне кесе-көлденең «кесарь тілігі» деген де жиілеп кетті. Осыған орай қоғамымызда мынандай пікірлер де айтылуда: «Ақша үшін мұндай операцияны оңды-солды жасаушы дәрігерлер сотталсын. Ал аяғы ауыр ананы табиғи жолмен босандыруға ұмтылған дәрігерлер ынталандырылсын». Несі бар, ғылыми, медициналық және заңдық тұрғыдан орайы келсе, қоғам болып талқылап, шешімін қарастыруға әбден мүмкін ұсыныстар сияқты.
Ұрпақ санын өсіруге қатысты келесі бір ұсынысымыз: қыздар мен жігіттерді болашақ ата-ана болу жауапкершілігіне баулитын республикалық деңгейде бағдарламалар түзіп, тәрбие ұйымдарын, институттарды ашу.
Жасыратын несі бар, соңғы жылдары ана мен бала ғана емес, болашақ әке денсаулығының да ұлт қабырғасын қайыстыратын дәрежеге жеткені белгілі. Мұның бәрі де - ел болып жұмылып, кешенді түрде жүзеге асырылуы тиіс істер. Бала күтіміне арналған жәрдемақы көлемін көбейту. Және оған қол жеткізудегі толып жатқан бюрократиялық кедергілерді мейлінше жою сөзден іске көшудің нақты көрінісі болар еді. Сонда ғана қолы бос, жұмыссыз келіндер көп балалы ана болуға ынталанар ма екен!
Яғни бұл көкейкесті мәселелердің барлығына да мемлекеттік деңгейде мән беріліп, бағдарламалар жасалып, оның орындалуына үкіметтік дәрежеде бақылау орнатылса. Әйтпесе, «Алты ұл тапқан ананы ханым десе болады!» деген үкілеген бүгінгі үмітті арманымыз сандық тұрғыдан одан да бетер төмендеп кетуі ғажап емес.
Тәуелсіздігіміз қолға тиген жиырма жыл ішінде сырттағы қандас ағайындарымыздың елге оралған көші бірде көбейіп, бірде саябырсығанымен, толастаған емес. Оралмандар көші-қонына бөлінген қаражат тиімді пайдаланылып, олар жатсынбай, ата-баба жеріне тезірек сіңісіп кетсе, нұр үстіне нұр!
«ЖАҚСЫ ҰЛ
ӘКЕ-ШЕШЕНІҢ... БАСЫН ТӨРГЕ СҮЙРЕЙДІ»
Соңғы кездері кейбір зиялы қауым өкілдері тарапынан «ойнастан болса да бала тапқыз» деген ұрансымақ көтеріліп жүр. Мұндай пікірдің «беттің арын белбеуге түйгендігін» былай қойғанда, келер ұрпақ болмысына көлеңкесін түсірер, ең бастысы, Жаратушы алдында күнәға батырар, Тозақ отына апарар ұсыныс екенін ашып айтқанымыз жөн. Ұрпағымызды сандық жағынан ғана емес, сапалық жағынан да өсірмек ниетте болсақ, олардың иманды да салауатты әрі ел мен жердің бүгіні мен болашағы үшін жауапкершілікті сезінетін азамат боп өсуін де қаперімізде ұстағанымыз абзал. Себебі «Ұят - иманнан!» делінген шынайы хадистердің бірінде. Ал ғұлама әбу-Ханифа өмірден нақты мысалдар келтіре отырып, некеде туылған ұрпақтың екі дүниедегі артықшылықтарын дәлелдеп кеткен екен.
Одан да ең дұрысы - шариғат жолымен некелі әйелдер санын көбейтіп, болашақ сәбидің ұятына да нұқсан келтірмеу, ата-анасының отқа түспеуіне де жағдай жасау жөн шығар деген ойдамыз. Себебі Алла Тағала қасиетті Құранның «Хужурат» сүресінің он үшінші аятында: «Ей, адам баласы! Шүбәсіз, сендерді бір ер және бір әйелден жараттық. Бір-біріңді танып, біліп жүрулерің үшін сендерді әртүрлі ұлттар мен тайпалар етіп жараттық. Әлбетте, сендердің іштеріңдегі Алла алдындағы ең құрметтілері - тақуаларың. Шексіз, Алла толық білуші, барлық нәрседен хабардар», - деп бұйырған құлдарына. Демек, Жаратқан Иеміз біздің жеке-жеке ұлт ретінде өсіп-өнуімізге, ең бастысы, иманымызды сақтай отырып, тақуа түрде ұрпақ жаюымызға пәрмен берген екен. Хақ бұйрықты орындау бақытқа, табыстарға кенелтеді. Бұйыртса, бұл тақырыпқа да «Шаңырақтың» алдағы сандарында оралармыз.
«Бала тусам, оны қалай асыраймын?» - дегендерге жауап: «Кедейліктен қорқып, балаларыңды өлтірмеңдер!» - деп бұйрық еткен аспан мен жердің және олардың арасындағылардың Тәңірі әр баланың несібесін Өзі беретініне сендіреді. Ал бала туу машақатынан қашатын аналардың есіне сала кетейік: олардың әрбір толғағына, күндіз я түнде тұрып баласын емізген әрбір сәтіне сандаған сауаптар жазылады екен.
Шариғат ғұламаларының айтуынша, үйленіп, үй болуда алға қойылатын екі мақсат бар: біріншісі - ұрпақ сүю, екіншісі - әділетсіз істерден сақтану. Ұрпақ болғанда да инабатты, ата-анасының соңынан дұға жасап отыратын салиқалы ұрпақ жаю. Демек, демографиядағы сан мен сапаның тоқайласатын тұсы дәл осы ара болса керек.
Бір сөзбен айтқанда, отбасымызда, тұтас әулетімізде, бүкіл халқымызда мейірім мен әділдік салтанат құрғанда ғана ұрпағымыз «ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп» қызмет ететін перзент болмақ. Яғни отбасыңызды бақытты ете алсаңыз, тұтас халықтық Бақытқа өз үлесіңізді қосқаныңыз.
Ал сіз қалай ойлайсыз, қадірменді оқырман? Қайтсек, өсіп-өніп, көркейеміз, өркен жаямыз? «Шаңырақ» пікірлеріңізді күтеді.
«Шаңырақтың» арнаулы бетін әзірлеген
Нұрлытай ҮРКІМБАЙ
Кесарь тiлiгiнiң келiншектерге кесiрi тиiп жүр ме?
Ұлт санын өсiру мемлекетiмiздiң бүгiнгi күнгi ең басты мәселелерінің бірі болып отырғаны белгiлi. Бұл жөнiнде Елбасымыз өзiнiң халыққа Жолдауында үздiксiз айтып келедi.
Ұлт санын өсiру ұрпақ санын көбейту арқылы жүзеге асырылатыны - бiз айтпасақ та түсiнiктi жайт. Дегенмен заман ауысып, уақыт өзгерген сайын ұрпақ, яғни бала санын көбейту күрделi мәселелердiң бiрiне айналып барады. Оған, ең алдымен, өмiрге ұрпақ әкелер, ертең әке, шеше атануға тиiстi ұл-қыздарымыздың жауапкершілігінің аздығы, олардың денсаулықтарының жарамсыздығы себеп болып тұр.
Бұл орайда біз бірнеше мамандармен пікірлескен едік. Салауатты өмiр салтын қалыптастыру проблемалары Ұлттық орталығының директоры Сәуле Диқанбаеваның мәлiметiне сүйенсек, қазiргi қыздарымыздың 70 пайызының денсаулығы сын көтермейдi. Ал Б.Жарбосынов атындағы урология ғылыми-зерттеу орталығының директоры, медицина ғылымдарының докторы Мырзакәрiм Алшынбаев 2009 жылдан берi ұрпақ өрбiтуге жауапты ер-азаматтардың тексерiлген әрбiр екiншi ер-азаматтың жыныстық қабiлетi төмен болса, әрбiр үшiншiсi бала туғызуға қабiлетсiздiгi жөнiнде дабыл қағып, аналармен қатар ер-азаматтардың да денсаулығын жақсартуға септiгi тиер мемлекеттiк бағдарлама қажеттiлiгiн айтуда.
Иә, өмiрге ұрпақ әкелу үшiн әкенiң де, шешенiң де денсаулығы мықты болуы тиiс. Бiрақ бiз келтiрген деректер бұл үмiтiмiздi үкiлей алмайтын секiлдi. Бұл өз алдына бөлек әңгiме десек, бүгiнгi бiздi толғандырып отырғаны - қазiргi жас аналардың өз күшiмен емес, кесарь тiлiгiмен босануларының жиiлеп бара жатқандығы. Көпшiлiктiң сөзiне құлақ түрсек, акушер-гинеколог мамандар «сен өз күшiңмен босана алмайсың, сондықтан операция, яғни кесарь тiлiгi арқылы босануың керек. Оған көнбесең, балаңды аман тууың екiталай. Өз өмiрiңе де қауiп төнуi мүмкiн», - деп жас келiншектердi осы әдiспен босануға мәжбүрлейдi-мiс.
Шындығы солай ма? Бұл мәселенiң мән-жайын бiлу үшiн бiз Алматы қаласындағы бiрқатар емдеу мекемелерiнiң әйелдер дәрiгерлерiмен (гинекологтармен) әңгiмелескен едiк.
Гүлсiм Стамқұлова,
Алматы қалалық онкологиялық аурулар диспансерi жанындағы емхананың гинеколог-дәрiгерi:
- Кесарь тiлiгi - босану кезiнде немесе жүктi әйелдiң денсаулығы өз күшiмен босануға жарамсыз болып, ана мен нәресте өмiрiне қауiп төнген және сондай-ақ жатырдағы нәресте өлi туу мүмкiн жағдайда ғана ананы да, баланы да аман сақтап қалу үшiн қолданылатын тәсiлдердiң бiрi. Денi сау, табиғи жолмен босана алатын әйелдердi ешкiм күштеп, мәжбүрлеп кесарь тiлiгiмен босандыруға құқығы жоқ. Оның үстiне қазiр адамдардың барлығы құқықтық жағынан сауатты. Сондықтан кез келген адам заңсыз әрекеттерге қарсы шыға алады деп ойлаймын.
Гүлнар Тұрарқызы, Алматы қалалық ұрпақ өрбiту орталығының бас дәрiгерi:
- Қазiргi таңдағы ана өлiмiнiң ең басты себебi жүктiлiк кезеңi мен босану кезiндегi асқынулардың салдарынан болуда. Аналардың 48,9 пайызы осы себептерден көз жұмып жатады. Осындай қиын әрi бақытсыз сәттерден ананы аман алып қалу үшiн дәрiгерлер кез келген медициналық тәсiлдердi қолданады. Соның бiрi - жұрт арасындағы бала санын көбейтуге кесiрi тиiп отыр деген кесарь тiлiгi.
Кесарь тiлiгi бойынша бұрын 2 балаға дейiн ғана рұқсат етiлсе, қазiргi медицинаның жаңа жетiстiктерiнiң нәтижесiнде 1,5-2 жас аралығында 4 балаға дейiн тууға болады. Мiне, сондықтан кесарь тiлiгi ұрпақ санын көбейтуге кесiрi тиiп тұр деген пiкiрдi қолдай алмаймыз. Дәрiгерлер, оның iшiнде әйелдер дәрiгерлерiнiң ең басты мiндетi - ананың да, баланың да өмiрiн аман сақтап қалу болғандықтан, келiншектерiмiз дәрiгер айтқанда ақыл-кеңестерге мұқият ден қойса, дұрыс айтылған пiкiрлерден терiс пiкiр туындатпаса деймiн.
Камал Ормантаев, қоғам қайраткерi, белгiлi балалар хирургі, академик:
- Ана мен нәресте өлiмi бойынша, өзге елдi айтпағанда, ТМД-ны таңғалдырып тұрмыз. Бұл жөнiнде айта-айта шаршап та жүрген адаммын. Кесарь тiлiгi деген отаға дәрiгер өз бетiнше бара бермейдi. Демек, қазiргi жас аналардың денсаулығы табиғи босануды көтере алмайды деген сөз. Босанатын әйелдiң, өмiрге келер нәрестенiң тағдырын ойлаған дәрiгер оған жәрдем болар амалдарды қарастырады.
Хирургке ота жасау деген оңай шаруа емес. Дәрiгер үшiн ота жасаудан гөрi, адамның денсаулығының жақсы болғаны керек. Сол секiлдi хирург - акушер-гинеколог үшiн де әйелдiң кесарь тiлiгiмен емес, өздiгiмен босанғаны тиiмдi. Бiз кесарь тiлiгiнен келер кесiрдi дәрiгерлерден емес, өздерiн болашақ анамыз деп бағалай алмай жүрген қыздардың өзiнен iздеуiмiз керек. Жас аналардың денсаулық көрсеткiшi өте төмен. Неге? Себебi қыздың бала кезiнен денсаулығын күтiмдей алмаймыз. Қазiр тiптi қыз дегендi еркiне жiбердiк. Денелерi ашық-шашық, кiндiгi көрiнiп, киген шалбары мықынына әрең iлiнiп тұр. Одан қалса, тартқандары темекi. Темекi тартқан қыз-келiншек арақ iшуге де бейiм деген сөз.
Кiндiк - деген әйел баласының жанөзегі десек болады. Ана жатырындағы нәресте осы кiндiк арқылы нәр алады. Ал әбден кiрленiп, көрiнгеннiң көзi түскен кiндiктен болашақ сәби қандай нәр алады. Жас нәрестелер арасында туа бiттi жүрек талмасы ауруы көбейiп барады, оның себебiн көбiне бiз сырттан iздеймiз, ал мен, ең алдымен, сол нәрестенi өмiрге әкелер әке мен шешенiң өз ұрпағына деген жауапсыздығынан дер едiм.
Ұлт санын көбейтiп, өмiрге денi сау ұрпақ келсiн десек, бiз, ең алдымен, ұлттық тәрбиенi қолға алуымыз керек. Қыз бала тәрбиесiне қатаң қарауымыз қажет. Ұлттық тәрбиенi күшейтiп, жас ұрпақ санасына иман әлiппелерiн сiңiрмейiнше, бiз уақытымызды тек бiр-бiрiмiздi жазғырумен өткiземiз. Қыз баланың тәлiм-тәрбиесiне ғана емес, ана болу тағдырына да аналар жауапты.
Өзi бiрдi-екiлi баламен шектелген ана қызына «көп балалы бол» деген ақыл-кеңес бере ала ма? Мiне, мәселенiң мәнi қайда жатыр. Кесел - кесарь тiлiгiнде ғана емес, тағы қайталап айтам, тәлiм-тәрбиеде. Тәлiм-тәрбие дұрыс болса, кез келген адамның денсаулығы да мықты болады.
Кесарь тiлiгi төңiрегiндегi бұл жолғы әңгiмемiзді академик ағамыздың пiкiрi қорытындылап бергендей. Дегенмен кесарь тiлiгiмен босанатын келiншектердiң көбейiп бара жатқанына дәрiгерлер кiнәлi ме, әлде тоғыз ай, тоғыз күн күткен сәбиiн алпыс екi тамырын иiтiп, толғақтың ләззатын сезiнiп, өмiрге әкелуге қабiлетсiз болып тұрған келiншектерiмiздiң денсаулығы кiнәлi ме?
Сiз не дейсiз, «Шаңырақ» оқырмандары, Сiз не дейсiз, ана мен бала тағдырына жауапты ақ желеңдi абзал жандар?..
Нұржан ҚОҢЫР
«Ана тілі» газеті