Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 3776 0 пікір 6 Наурыз, 2011 сағат 15:28

З. Жандарбек. Қазақ идеясы

Дүниедегі кез-келген халықты бір-бірінен ерекшелендіріп тұратын оның мәдениеті мен салт-дәстүрі, тілі екендігі баршаға аян. Ал мәдениет пен салт-дәстүрдің қалыптасуына діннің шешуші рөл атқаратынын кешегі атеистік қоғамнан шыққан біздер оншалықты мойындай бермейміз. Алайда, діннің халықтың мәдени, рухани болмысы мен әдет-ғұрып, салт-дәстүрін қалыптастыратын негізгі қайнары екендігін өзге халықтар әлдеқашан мойындаған.

Дүниедегі кез-келген халықты бір-бірінен ерекшелендіріп тұратын оның мәдениеті мен салт-дәстүрі, тілі екендігі баршаға аян. Ал мәдениет пен салт-дәстүрдің қалыптасуына діннің шешуші рөл атқаратынын кешегі атеистік қоғамнан шыққан біздер оншалықты мойындай бермейміз. Алайда, діннің халықтың мәдени, рухани болмысы мен әдет-ғұрып, салт-дәстүрін қалыптастыратын негізгі қайнары екендігін өзге халықтар әлдеқашан мойындаған.

Мысалы, немістің ойшыл ақыны Элиот Христиан діннің Еуропа халықтарының тарихындағы рөлін былай бағалайды: «Основным в создании общей культуры народов, каждый из которых имеет свою культуру, является религия... Я говорю об общей христианской традиции, которая сделала Европу тем, что она есть и об общих элементах культуры, которые это общее с собой христианство принесло ... Именно в христианстве развилась наше искусство, в христианстве до недавнего времени коренилась правовые системы Европы. Именно на фоне христианства приобретает значение наша философия. Отдельный европеец может не верить в истинность христианской веры, и все же то, что он говорит, производит, делает - все обретает смысл в христианском наследии. Только христианская культура могла пародить Вольтера и Ниции. Я не верю, что европейская культура переживет утрату христианской веры»1. Неміс ойшылының бұл тұжырымына бір ойды қосып-алу мүмкін емес. Христиан діні еуропалықтардың тағдыры. Бұл ой орыс ойшылы Н.Бердяевтің «Русская идея» атты шығармасында мынадай үндестік табады: «Русская мысль, русские искания начала ХІХ в. и начала ХХ в. свидетельствуют о существовании русской идеи, которая соответствует характеру и призванию русского народа. Русский народ - религиозный по своему типу, и по своей душевной структуре. Религиозное беспокойство свойственно и неверующим ... Даже у тех русских, которые не только имеет православной веры, но даже воздвигают гонения на православную церковь, остаются в глубине души слой, формированный православием»2. Демек, орыс халқын халық етіп қалыптастырған православ діні. Олай болса кез-келген халықтың рухани, мәдени болмысы мен әдет-ғұрып, салт-дәстүрін қалыптастыратын сол халықтың діні болып шығады. Бұл діннің адамзат қоғамындағы ролінің қаншалықты терең екендігін байқатады. Осы жерде қазақ халқын халық етіп қалыптастырған, ғасырлар қойнауына жұтылдырмай бүгінге дейін жеткізген қандай күш, қазақ идеясы бар ма?- деген заңды сұрақ туындайды. Бұл сұраққа бір жағынан жауап беру оңай, екінші жағынан қиын. Оңай болатыны - қазақ халқының рухани бай мұрасында; аңыз-әңгімелері мен жыр-дастандарында, шежірелерінде, материалдық мұраларында. Қазақ халқын халық етіп тарих сахнасына шығанған рухани күштің ізі сайрап жатыр. Оларды алып орын-орнына қойса, қазақ идеясын - қазақ халқының рухани өзегін танып алу қиын емес. Қиын болатыны - ғылыми танымы евроцентристік көзқарас пен тарихты материалистік тұрғыдан тану методологиясы негізінде қалыптасқан бүгінгі зерттеушінің қазақ халқының рухани мұрасын түсіне алмауы немесе менсінбеуі. Басқаша айтқанда, қазақ халқының рухани, мәдени болмысына европалықтардың көзімен қарауы. Осы көзқарастың салдарынан қазақ әлі күнге өзін-өзі тани алмай келеді. Қазақ халқының қалыптасуына ықпал еткен басты күш, өзек ретінде көшпенді өмір салты алға тартылып, қазақ халқының рухани болмысы зерттеушілер назарынан тыс қалды. Мысалы, белгілі этнограф, марқұм Н.Масанов, Қазақ кім? - деген сұраққа былай деп жауап береді: «И наконец следует ответить на третий вопрос, кто такой казах? ... Групповая принадлежность человека определялось не происхождением, а только образом жизни и типом хозяйства. Если тот или иной индивидиуум родился хоть за тридевять земель, но ночует среди казахов, он кочевник, он-казах. Если его же родители казахи, но живет в городе Испиджабе, он-сарт. Он не казах. Казахом был кочевник-номад»3. Жалпы осы пікірдің қоғамдық ғылымдардың бар саласында қалыптасқан пікір екендігі және бұл бұлжымас шындық ретінде қабылданатыны өкінішті. Бірақ көшпендінің бәрі қазақ еместігі, атасы бөлек қалмақ түгіл, тіптен кешегі күні қазақтан бөлініп шыққан түркімен, ноғай, қарақалпақ сияқты халықтар көшпелі өмір сүрсе де өздерін қазақ ретінде мойындамайтынын ескерер болсақ, онда олар неге қазақ емес деген заңды сұрақ туындайды. Бұл - халықтың өмір сүру жағадайы халықты ұйыстыруға негіз бола алмайтынын көрсетеді. Халықтарды солардың ішінде көшпенділерді де бір-бірінен ерекшелеп тұратын мәдениеті мен сол мәдениетті қалыптастыруға негіз болған діні мен сол дін негізінде қалыптасқан мәдениеті барлығын көрсетеді. Демек, европалықтарда немесе орыстарда емес, діни, рухани фактордың түркі халықтарында да рухани мәдени болмысын қалыптастыратын негізгі қуат көзі екенін көрсетеді.Әсіресе, батысы мен шығысы, оңтүстігі мен солтүстігі мыңдаған шақырымды алып жатқан сайын даланы мекен еткен қазақ халқының рухани мәдени тұтастығы мен әдет-ғұрып, салт-дәстүр бірлігін қамтамасыз еткен идеяның, ол идеяны ту еткен иделогияның негізінде аса қуатты күш болғанын сезіну қиын емес. Қазақ даласындағы осы тұтастықты Ш.Уалиханов былай деп суреттейді: «Қазақ өздерінің көне аңыздарымен сенім нанымдарын қайран қаларлықтай тазалықта сақтай білген. Оданда өткен ғажабы сол, байтақ даланың әр шалғайындағы, әсіресе өлең жырлар еш өзгеріссіз, бір қолдан шыққандай қайталанатынын қайтесіз. Көшпелі сауатсыз ордадағы ауызша тараған үлгілердің бір-бірінен қылдай ауытқымайтыны адам айтса нанғысыз қасиет, алайда күмән келтіруге болмайтын шындық»4. Соншалықты кең сахараны алып жатқан халықтың мұндай тұтастықты сақтай алуы, бұл халықтың рухани бірлігінің мықты болғандығының дәлелі. Бұл жерде сонда қазақ халқын қалыптастырған қандай күш деген сұрақтың туындары анық. Ендігі кезекте сол сұраққа жауап беріп көрейік.
Түркі халықтары ислам дінін VIII-ғасырдың екінші жартысында қабылдады. Жаңа дінді қабылдау түркі халықтары мәдениетінің жаңа сатыға көтерілуіне ықпал етсе, екінші жағынан өзінің дәстүрлі мәдениеті мен әдет-ғұрпынан, тілінен ажырап, парсылануына әкелді. Тек ХІІ ғ. тарих сахнасына Қожа Ахмет Йасауи сынды тұлғаның шығып, сопылық жолдың түркілік бағытын қалыптастыруы ислам дінін қабылдаған түркілерді халық ретінде жойылып кетуден аман сақтап қалды. Дәстүрлі түркі мәдениеті қайтадан қалпына келді. Ең бастысы түркі тілі дін тілі, ғылым-білім тілі, мемлекет тіліне айналды. Ол өз хикметтерінде былай деп жазды:
Қоштамайды ғалымдар біздің
айтқан түркіні,
Білгендерден есіткіл,
ашар көңіл мүлкінің.
Аят-хадис мағынасы,
түркі болсаң муафиқ,
Мағынасына жеткендер
жерге қояр бөрігін.
Қожа Ахмет Йасауидің рухани мұрасын зерттеп жүрген философ Д. Кенжетай Йасауи ілімі туралы былай дейді: «Йасауи ілімі-қоғамдық әлеуметтік ынтымақ пен бірлікке ұйытқы болатын даналықтың кені. Яғни, оның ілімі адамдар арасындағы өзара тең сұхбаттың, бауырластықтың, махаббаттың діни рухани ұстанымдарын қамтитын бір тұтас тұжырымдамалар жүйесі болып табылады6. Демек, Йасауи ілімі алғашқы кездің өзінде толық жетілген ілім болып қалыптасты.
Осы кезеңнен бастап Йасауи жолы түркі мәдениетінің өзегіне айналды. Шыңғысхан шапқыншылығы өзге халықтар үшін қасіретті болғанымен, түркі мемлекеттігін қайта қалпына келтірілуіне мүмкіндік берді. Жошы ұлысының құрылуы Хорезмшах экспансиясынан қираған түркі мемлекеттігінің қайта қалпына келуі болатын. Алайда, алғашқы кезеңде бұл мемлекет әлі толық түркілік сыйпат алған жоқ еді. Өйткені, Жошы ұлысының құрамында тілі, діні бөлек қаншама халықтар өм ір сүрді. Мұсылман дінін қабылдаған түркілерден басқа, өзге діндердегі қаншама түркі тайпалары болды. Олардан басқа христиандық бағытағы православие мен католик шіркеулері болды. Олардың арасында мемлекеттік идеологияға айналу жолындағы күрес басталды. Сол күресте мемлекеттің негізгі тірегі болған, түркілердің рухани қажетін толық өтей алатын Йасауи жолы жеңіп шықты. Йасауи жолы мемлекеттік идеология дәрежесіне көтерілгенен кейін тек діни рухани мәселелермен шектеліп қалған жоқ. Мемлекеттің құрылымдық жүйесін толық өзгертті. Қазіргі қазақ халқы құрамындағы рулық, тайпалық жүйелердің, жүздердің тарих сахынасына шығуы, осы Йасауи жолының Жошы ұлысында мемлекеттік идеологияға айналуымен тікелей байланысты. Міне осы кезеңде Жошы ұлысы құрамындағы түркілердің рухани, мәдени тұтастығын қалыптастырған Йасауи жолының өкілдері - әулиелер болатын. Қазіргі қазақ шежірелеріндегі әр рудың, тайпаның басында тұрған тұлғалар осы Йасауи жолы өкілдері еді. Сол кезеңнен бері Йасауи жолы түркі халықтарын ұйыстырушы рухани негізге айналды. Түркі-ислам өркениетінің шекарасын қазіргі кейбір зерттеушілер айтып жүргендей, түркі жылқысының тұяғы тиген жер емес, Йасауи жолының, Йасауи идеясының тараған жері болатын. Осы жолдан шегінген әрбір қадам түркі мемлекетінің тарих сахынасынан кетуіне ықпал етіп отырды. Алтын Орда сияқты алып империяның күйреуі, осы Йасауи жолынан Жәнібек ханның бастартып, орнына ислам дінінің ирандық формасын мемлекеттік идеология дәрежесіне көтеруімен тікелей байланысты болды. Өзгенің діни танымын қабылдамаған халық Жәнібек ханнан бастартып жеке ел болуға әрекет жасады. Тарихи жазбаларда ізі қалмаған, қазақ және өзге түркі халықтарының аңыздарында сақталған Алаш мемлекеті осы кезеңде өмір сүрді. Қазақ атауының алғаш айтылуы да осы Алаш пен Алаша хан дәуіріне сай келеді:
«Кеше Алаш, Алаш болғанда,
Алаша хан болғанда,
Үйіміз ағаш болғанда,
Ұранымыз Алаш болғанда,
Үш жүздің баласы емес пе едік?!»
Демек, қазақ атауының алғаш шығуы өзінің дәстүрлі діні мен рухани, мәдени дербестігін сақтап қалу үшін Сарайдан бөлінген халықтың Алаш мемлекетін құруымен байланысты екендігін көруге болады. «Қазақ» атауының осы кезеңде тарих сахнасына шыққанына тағы бір дәлел «Ер Едіге» жырында кездеседі. Ол жырдан мынадай жолдар бар:
«Ханнан қайрат кеткенде,
Биге медет жеткенде,
Хан қашып, би қуғанда,
Хан Тоқтамыс қорланып,
Байтағым деп зарланып,
Айтып жылай жөнелді.
Ей, байтағым, байтағым,
Бастатып сені алдырттым,
Ал аман бол менен соң
Он сан елім ноғайлы,
Сені тағы алдырттым,
Он сан ноғай ішінде
Үш жүз алпыс отау қазағым,
Сені тағы алдырттым»6.
Тоқтамыс ханның абсолюттік билікке жету үшін өз халқынан бас тартып, өзге халықтарға арқа сүйеп, өз халқына қарсы шыққанда Едіге бастаған билердің оған жүргізген күресінің нәтижесі осылай аяқталған болатын. Жырдағы «360 отаулы қазақ» деп отырғаны, сол кезеңде Йасауи жолының  Жалпы бұл деректер*өкілдері - билердің соңына ерген халықты атайтын. қазақ атанған халықтың Йасауи жолына мойын ұсынған, осы идеяның айналасына топтасқан халық екендігін, қазақ халқының рухани, мәдени болмысы мен әдет-ғұрып, салт-дәстүрін қалыптастырған басты рухани өзек - Йасауи жолы болғандығын дәлелдейді.
Одан кейінгі кезеңдерде қазақ даласындағы тарихи оқиғаларда да Йасауи жолы өкілдері белсенді рөл атқарды. Халықтың басын біріктіріп, он жеті жасар Әбілхайыр сұлтанды таққа отырғызып, «Өзбек ұлысы» атты мемлекетті құрды. Бұл мемлекет өзінің құрылымдық жүйесі мен діни идеологиясы жағынан Өзбек хан кезіндегі Алтын Орда мемлекетін қайталайтын еді. Сол себепті, бұл мемлекет Өзбек ұлысы атанды7. 1446 жылы Әбілхайыр ханның Сығанақ қаласын алғаннан кейінгі әрекеті, Йасауи жолынан бас тартып, соғды-тәжік, парсы мәдениетіне негізделген нақшбандийа тариқатын қабылдауы, қасындағы Йасауи жолы өкілдерін биліктен шеттетіп, ордасының беглербегі болған Едігенің немересі Уаққас биді өлтіртуі мемлекет құрамындағы халықтың бір бөлігінің Әбілхайырдан бас тартып, көшіп кетуге мәжбүр етті. Көшкен халықтың басшылары-билер Жәнібек пен Керей сұлтандарды шақырып, жеке мемлекет құрды. Бұл бөлінген халық та, мемлекет те «Қазақ» атауын алды. Сөйтіп, Қазақ хандығы тарих сахнасына Йасауи жолын ұстанған мемлекет ретінде шықты. Өзгенің рухани, мәдени ықпалын қабылдамай, өзінің дәстүрлі діні мен мәдениетін бәрінен артық көрген халық қана қазақ атанды. Бұл халық үшін Түркістан қаласы мен ондағы Қожа Ахмет Йасауи кесенесі киелі, қасиетті мекен саналды. Мұның солай екендігін орыс зерттеушісі А.И. Левшин де растайды. Ол былай дейді: «Едва ли кто-нибудь из киргиз-казаков был в Мекке, но они почитают Туркестан святым местом, и многие из них, особенно из кочующих близ сего города ездят в онный для поклонения гробу святого Кара Ахмета ходжи, черезвычайно им уважаемого»7. Қазақтың хандары мен билері, батырлары бақилық сапарға аттанар алдында өздерін Түркістанға, Әзірет Сұлтан қасына апарып жерлеуді аманат етті. Демек, қазақ халқының рухани өзегі - исламдағы сопылық жолдың Йасауи негізін салған түркілік бағытында. Басқаша айтқанда, Қазақ идеясының негізі - Йасауи ілімінде. Қазақ үшін өзге жолдың қажеті жоқ.

«Жас қазақ үні» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048