Арнұр Асқар. Душанбеде «жунго» операциясы басталды
«Қара қытай қаптаса», тәжіктер тасада қалмақ емес. Тәжікстан халқының геноқорына қауіп төндіретін маскүнемдік, нашақорлық, қандас туыстардың бір-біріне үйленуі, еңбек миграциясы сынды факторлардың қатарына енді қытайлану үрдісі де қосылды. Жуырда Орта Азияның тұрғылықты халықтарының жай-күйін кешенді түрде зерттеп жүрген ғалым, профессор С.Райт Тәжікстанда таяу жылдары қытайлану процесі белең алатынын жеткізді. Оның айтуынша, жыл сайын Тәжікстанға жұмыс істеуге келген жүздеген «жунго» тәжік қыздарымен отау құрады екен.
- Қытай азаматтары осы арқылы өзге елдің аумағында өсіп-өнуді көздейді. Бөтен елде өзі орнығып алып, басқа да қандастарының көшіп келуіне жағдай жасаған қытайлықтар отанында ұлттық батыр болып саналады, - дейді профессор С.Райт.
Көп балалы тәжік отбасылары қыздарының қытайлықтармен көңіл қосуына қарсылық көрсете алмақ емес. Кедейлік қамытын мықтап киген халықтың тұяқ серпуге мүмкіндігі қайдан болсын?! Оны айтасыз, соңғы жылдары жұмыссыздық пен кедейліктің зардабын тартқан елде өз қыздарын көршілес шетелдің азаматтарына түрлі құпия жолдармен сатып жіберетін ата-аналар да көбейіп кетіпті.

Профессор С.Райттың келтірген дәйектерін осы елдің статистикалық агенттігі де растайды. Мәселен, қазіргі таңда Тәжікстан аумағындағы еңбек мигранттарының 60 пайыздан астамы, яғни, 1427-сі қытайлық екен. Шетелден келген жұмыс күшінің бар болғаны 136-сын нәзік жандылар құрайтынын ескерсек, қалған 2 мыңнан астам еркек кіндік тәжік қыздарына көз сүзбей тұра алмасы хақ.
Тәжікстанда мұқтаж отбасылардың кәмелетке толған қыздарын шетелдік фирмалардың жұмыскерлеріне, қытайлық жеке кәсіпкерлерге бар-жоғы 2000-3000 мың долларға басы-бүтін сату фактілері де жиілеген. Мәселен, өткен жылы шілде айында тек Душанбе қаласының өзінде 20-дан астам «интернационал» отбасы құрылып, қытайлық азаматтар отағасы атанған көрінеді. Осы тектес жайттардан секем алған Тәжікстан астанасының әкімшілігі құқық қорғау құрылымдарына ҚХР азаматтарымен азаматтық некеге тұру және олардың екінші, үшінші әйел ретінде тұрмысқа шығу фактілерін ескерту мәселесіне қатысты шара қабылдауды тапсырды.
Айта кетерлігі, бірқатар сарапшылар тәжік қыздарының шетелдіктермен некеге тұруы бұл елге Аспанасты елінен қаржылай капиталдың көптеп құйылуына ықпал етіп, Тәжікстан экономикасының аяқтан тұруына көмектеседі деген пікірде. Ал енді бір сарапшылар бұл үрдіс тәжік ұлтының онсыз да әлсіреген геноқорының түбіне жетеді, тәжіктер біржола қытайланып кетеді деп дабыл қағуда.
Қазіргі таңда қытайлану факторынан қауіп жеп отырған жалғыз Тәжікстан емес. Басқалардың қотырын қасымақ түгілі, Қазақстанда да Аспанасты елінің компанияларын қалқалап келген «жунголардың», яғни «нағыз қытайлардың» қатары еселеп артып жатқаны ақиқат. Жыл сайын Қазақстан-Қытай шекарасынан бері қарай өткен 40-60 мың қытайлықтың тек жартысына жуығы ғана өз еліне қайтады екен. «Жунголармен» көңіл жарастырған қаракөз қарындастарымыз да көп кездеседі. Осыдан кейін, «жунго» операциясы қазақтың болашағына қауіп төндірмесіне кім кепіл?! «Туып тұр ел басына бұл күн деген» деп Шернияз бабамыз жырлағандай, қазаққа қауіп «жунго»-дан келетін түрі бар!
«Нұр Астана» газеті