Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2398 0 пікір 24 Наурыз, 2011 сағат 02:59

Мұхтар Шерім. Көже ішіп кетіңіз...

Итім ырылдап, өзім пырылдап ұйықтап жатқанымда, әйелім Әйгерім табанымнан қытықтап оятты... «Жаңа жылыңмен, Сіңірбай! Наурыз мерекеміз құтты болсын! Ауыл, аудан әкімдері үйлерді аралап, наурыз көже ішеді екен, тұр­­саң­шы!»

Орнымнан ирелеңдеп тұрып, иір-иір бүйірімді тыр-тыр қасып қойдым. Терезеден далаға көзімді «лақтырып» жіберсем, әйелім үш аяқты темір ошаққа қазан қойып, наурыз көже пісіріп жатыр екен... Сілекейім қыдырып келсе де, жұтынған жоқпын, ауылдың жағдайын білесіз бе, білмейсіз бе, сылдыр су ішіп, шандыр шайнап жүрген жайымыз бар, жапырақтан қайнатқан шайымыз бар, табағымыздың түбінде жылтырап жатқан майымыз бар, үкімет ауылға қаржы бөлсе, толтырып алатын ұртымыз бар,  жүрек талып бара жатса, сора қоятын құр­тымыз бар...

- Наурыз көжеде жеті түрлі нәрсе болуы керек,-деп мұңайды әйелім. Сосын күрсінді. Күрсініп еді, итім де басын салбыратып, күрсінгендей, «сендер беретін тамақ та жоқ»,-деп, жағдайымызды түсінгендей дыбыс шығарды.

- Қазанда не бар?-деп сұрадым мен.

- Су.

- Су саналмайды ә?

- Саналмайды...

- Суға су қоссаң... Бір...

- Жеті рет су қосып қойғанмын...

- Екеуміздің пенсиямыз қайда кетті өзі?

- Үкімет бес теңге қосқан пенсияң қалада оқып жатқан балаңның оқуына да жетпеді...

- Осы Америкадағы зейнеткерлер алатын пенсиясын қалтаға басып, курорт­тарға кетеді екен... Қандай көп десеңші! Біздікі жалауға жетпейді...

- Наурыз көже пісіріп жатырмын. Не қосайын?-деп қиылды әйелім.

- Бір тамшы көз жасыңды қос.

- Қазанға су құйып жатқанымда, көңілім босап, бір тамшы жасымды қосып қойған­мын...

- Бәріміз жер басып жүрміз. Шіренген байлар да, шенеуніктер де. Жер - қасиетті ұғым, ендеше, бір уыс топырақ сал.

Әйелім қайнап жатқан суға бір уыс топырақ салды...

- Тағы не қосайын?

- Жапырақ қос, исі жақсы болады.

- Ал, қостым. Екеу болды.

- Мына білезігіңді қос. Наурыз көжеміз қазақыланып, әщекейлене түседі...

- Сенің кебісіңді турап жіберейін де?

- Жоқ. Резеңкенің исі жаман болады. Дәмі жоқ...

Бір кезде алдында ауыл әкімі, соңында өзге нөкерлері бар аудан әкімі Қаржыбай Жепқойғанов кіріп келе жатыр ауламызға! Құрақ ұшып қарсы алдым.

- Мерекелеріңізбен! Наурыз құтты болсын!-деді аудан әкімі.

- Ақ мол болсын!-деді ауыл әкімі.

- Сиырымыз қыста шөп болмай, ауыр науқастан қайтыс болып кеткен... ақ мол болмай тұр,--деп міңгірледім мен...

- Ақсақалға жайылым жер беріп пе едіңдер?-деп сұрады Жепқойғанов.

- Бергенбіз...

- Ия, берген. Өзеннің астындағы жерді пайдалана алмай жатырмын...

- Шал, наурыз көжеге не қосайын?-деп кемсеңдеді кемпірім.

- Ауыл әкімінің  майланып кеткен бір жамбасын кесіп қос, аудан әкімінің  ауыл тұрмысын көре алмайтын көздерін ойып, майдалап тура... Орынбасарының есеппен еститін құлақтарын қос. Аудандық мәслихат хатшысының  қалың бетінен кішкентай кесіп ала ғой...

- Енді біреу ғана қалды... Жеті нәрсе болу керек қой,- деген кемпірім пышағын қайрай жөнелді.

- Кәсіпкерліктен келген, беретін жеріне беретінін берген, енді сол бергенін жинап жүрген, халықты сүлікше сорып, қинап жүрген кеуекбас аудан әкімінің басын ас! Ертегі кейіпкерлеріндей есемізді жібермейік!-дедім мен.

Бір қарасам, аудан әкімі де, ауыл әкімі де безіп қашып барады екен.

-Әй, әй, ойнап айтамын, көктемнің көтерем көжесінен ішіп кетіңіздер!-деп айқайласам да, арттарына қарар емес... «Бар, шақырып кел, нан ауыз тисін!» десем де, кемпірім қитығып, барар емес... Айтпақшы, Наурыз мерекелеріңізбен, жамағат! Біздің үйден көже ішіп кетіңіздер!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572