Қазақстандағы Монархиялық Капитал жүйесінің эволюциясы (жалғасы)
Монархиялық капиталдың құрылу кезеңдерінің этаптары
1. 1. кезең 1991-1997 жылдар
1991-1997 жылдары билікте капиталистер тобы болды.
Қазақстандағы бүгінгі таптар 1991 жылдан бастап құрыла бастады. Осы жылдан бастап 1997 жылға дейін елдің жетекшісі капиталистер тобына үміт артты. Неліктен деген сұрақты шешу керек?
Оның екі себебі болды.
Бірінші себебі, осы жылдары бірыңғай орталықтанған шешімдер қабылданған жоқ, сондықтан не шығару керек? Қайда шығару керек? Қаншаға сату керек? Және т.б. сұрақтар туындай бастады, бірақ не істеу керек екенін аз адамдар ғана түсінді. Тек қана капиталистер мұндай аласапыранды жағдайда шешімдер таба білді. Олар Қазақстан тауарларын шетелге сатуды және басқа елдерге тауарларды жеткізуді, ел аумағы бойынша тауарларды сатуды және жеткізуді қысқа мерзім ішінде жөнге келтірді.
Монархиялық капиталдың құрылу кезеңдерінің этаптары
1. 1. кезең 1991-1997 жылдар
1991-1997 жылдары билікте капиталистер тобы болды.
Қазақстандағы бүгінгі таптар 1991 жылдан бастап құрыла бастады. Осы жылдан бастап 1997 жылға дейін елдің жетекшісі капиталистер тобына үміт артты. Неліктен деген сұрақты шешу керек?
Оның екі себебі болды.
Бірінші себебі, осы жылдары бірыңғай орталықтанған шешімдер қабылданған жоқ, сондықтан не шығару керек? Қайда шығару керек? Қаншаға сату керек? Және т.б. сұрақтар туындай бастады, бірақ не істеу керек екенін аз адамдар ғана түсінді. Тек қана капиталистер мұндай аласапыранды жағдайда шешімдер таба білді. Олар Қазақстан тауарларын шетелге сатуды және басқа елдерге тауарларды жеткізуді, ел аумағы бойынша тауарларды сатуды және жеткізуді қысқа мерзім ішінде жөнге келтірді.
Сөйтіп олар, қандай тауарлардың өндіруін қалпына келтіру және сақтап қалу туралы шешім қабылдады. Олар, сұраныс көп болған тауарларды өндірумен қатар, шетелден тасымалдай бастады. Айтып кететін жайт, сол тауарларды өндіру кезінде капиталистер осындай әрекеттер жасау арқылы қоғамның игілігі туралы мүлде ойламады. Олар өздерінің жеке бастарының қамын, өзіндік қорды қайтіп ұлғайтсам деп қана ойлады. Бірақ, капитализм заңы, адамдарға қажетті тауар мен қызмет түрін ұсыну арқылы ғана қорды ұлғайтай алатыны белгілі. Өзге жағдайда капиталист ерте ме, кеш пе, әйтеуір, құлдырау шегіне жететіні айқын.
Екінші себебі, бұрынғы социалистік идеология жеңіліс тапқан жағдайда, жаңадан жеңген идеологияның өкілдері сол капиталисттер болды. Бұл қажетті платформа идеологиялық тұрғыдан қарағандa, жаңа пайда болған капиталистерге қысқа уақыт ішінде қоғамдағы билікті өз қолына шоғырландыруына жағдай туғызды. Eгер 1997 жылдан кейін, қазіргі басқарушы, капиталистерге деген сенімін әрі қарай жалғастырып, соңында билікті солардың қолына табыс еткенде, бұл жағдай былайша аяқталар еді. Сонда ол экономикалық тұрғыдан капиталистерді, алғашқы жинаған қорларын ұлттық өнеркәсіп пен ауылшаруашылығына жұмсауға мәжбүр ететін еді, ал шикізаттан түсетін ұлттық табысты өндірісті қайта қаруландыруға, аймақтық тауар өндірушілерге тура және қосымша субсидия ретінде жіберуге жұмсалатын еді. Бұл жағдайда Қазақстан Оңтүстік Корея, Сингапур, Малайзия сияқты мемлекеттердің жолымен бағыт алатын еді, ал біздің жетекшіміз Мұстафа Кемал, Ли Куан Ю, Мохатриха Мухамад сияқтылардың қатарында болар еді. Бірақ сонда да, монархиялық капитал жүйесін құруға бет бұрылды.
2.2. кезең 1997-2002 жылдар
Монархиялық капитал мүшелері өте аз (бірнеше жанұядан көп емес), сондықтан монархиялық капиталдың жүйесін құруда, көп санды таптардың көмегі қажет. Осы кезде Монархиялық капитал қандай тапқа сүйене алады? Ол, тек кана адамдарға шынайы билік жүргізе алатын таптарға сүйенеді. Адамдарды жақсы билей алу қабілетіне қандай таптар ие? Бұл екі тап. Әрине, - капиталистер мен бай-шенеуніктер. Мысалы, капиталист зауыттың иесі ретінде өзінің қызметкерлеріне бұйрық беру мүмкіндігіне ие, сондай-ақ милиция бастығы немесе әкім де осындай мүмкіндікке ие. Аталған екі тапқа да бірдей сүйенуге бола ма? Жоқ, әрине болмайды.
Оның екі себебі бар.
Бірінші себебі, капилалистер, бай-шенеуніктер үшін таптырмайтын асыраушы тап болып табылады, бұл екі тап - антогонистер. Екінші себебі, Монархиялық капиталдың және капиталисттердің негізгі мақсаты мен қызығушылықтары әртүрлі, соған қарамастан олар екеуі бірігіп бай-шенеуніктерге қарсы шыға алады. Сондықтан Монархиядық капитал сүйеніш ретінде бір ғана тапты таңдайды. Бұл, әрине, бай-шенеуніктер. Неге? Адамдарды капиталисттермен тең билейтін шенеуніктер Монархиялық капиталдың берген бұйрықтарын орындамайтын болса, оларды жұмыстан босатып, орнына бұйрықтарын орындайтын өзге біреуді қоюға болады. Ал, капиталистті орнынан босата алмайсын, өйткені, оның күші оның қызметінде емес, оның күші оған тиесілі өндіріс жабдықтарында. Олардың активтерін де алып қоюға болады, бірақ оны алып қойғаннан кейінгі басталатын шуы мен машақаты, бай-шенеунікті жұмыстан босатуға қарағанда әлде қайда көп болады. Сондықтан, монархиялық капитал заң шығару мен құқықты қорғау тәжірибесін енгізуге, «әрбір басатын қадамыңа» шенеуніктің рұқсатын алуға мәжбүрлеуге бет бұрды.Бұл Монархиялық капиталдың байларға қолдау көрсетуде төлемі және бай-шенеуніктерге сүйенетін бастапқы құрылым жүйесінің қалыптасуының басталу кезеңі.
ҚДТ құрылуы капиталистердің осы құрылым жүйесімен күресуге әрекеті болды, олар бай-шенеуніктер мен Монархиялық капиталдың күшіне қарсы дайын болмағандықтан, жеңіліс тапты.
Енді осы суреттеп отырған кезеңнің басынан бастап аяғына дейін Қазақстандағы барлық таптардың жағдайын қарастырайық. Таптар туралы мәліметтерді біз 2001 жылдан бастап келтіреміз, өйткені, Қазақстанның статистикалық қызметі тек қана осы кезден бастап адамдардың табыс деңгейі мен бұл таптарға кіретін адамдардың санын шамамен бағалауға болатын мәліметтерді жариялай бастады.
2001 ж. Таптардың жағдайы |
||||
Тап |
Кіріс көздері |
Саны |
Доллармен шаққандағы жылдағы таптың жалпы кірісі |
Доллармен шаққанда жылына 1 адамның орташа кірісі |
Монархиялық капитал (билеуші тоб) |
Шикізат сатқаннан келген кіріс |
8 |
207 937 954 |
25 992 244 |
Бай-шенеуліктер |
|
94 804 |
546 682 357 |
|
1. Тендер өткізгеннен кейінгі пайда. |
10% тендер өткізуден келген кіріс, 50% жер сатудан келген кіріс |
2 244 |
270 233 257 |
120 425 |
2. Парақорлықтан алған пайда. |
Пара алу үшін заңды қолдану |
92 560 |
276 449 100 |
2 987 |
Капиталисттер |
Бизнестен келген кіріс |
105 191 |
2 481 467 421 |
|
Қалалық |
|
97 345 |
2 137 352 938 |
|
1. ірі |
|
11 |
197 836 800 |
17 985 164 |
2. орташа |
|
2 648 |
1 293 157 163 |
488 352 |
3. майда |
|
94 686 |
646 358 975 |
6 826 |
Ауылдық |
|
7 846 |
344 114 483 |
|
1. ірі |
|
3 |
32 373 295 |
10 791 098 |
2. орташа |
|
591 |
206 771 282 |
349 867 |
3. майда |
|
7 252 |
104 969 906 |
14 475 |
Пролетариат |
жалақы |
1 305 900 |
854 385 075 |
|
1. Қалалық |
|
1 110 015 |
800 320 815 |
721 |
2. Ауылдық |
|
195 885 |
54 064 260 |
276 |
Қызметкерлер |
жалақы |
2 557 400 |
2 421 694 834 |
|
1. Интеллигенция |
|
1 617 966 |
1 155 227 724 |
714 |
2. Жалдама қызметкерлер |
|
658 934 |
932 391 610 |
1 415 |
3. Мемлекеттік қызметкерлер |
|
280 500 |
334 075 500 |
1 191 |
Өзіне өзі жумыс істейтіндер |
Дербес кіріс |
2 835 500 |
4 480 285 026 |
|
1. Қалалық |
жалақы |
981 615 |
2 369 618 610 |
2 414 |
2. Ауылдық |
жалақы |
1 748 688 |
2 110 666 416 |
1 207 |
Люмпен пролетариат |
Тұрақсыз кіріс |
1 452 033 |
|
|
Зейнеткерлер |
Зейнет ақы |
1 749 126 |
708 396 030 |
405 |
Студенттер |
стипендия |
440 700 |
61 257 300 |
139 |
1-17 жасқа дейінгі балалар |
|
4 324 948 |
|
|
Қазақстан халқының барлық жиыны |
|
14 865 610 |
|
|
2002 ж. Таптардың жағдайы |
||||
Тап |
Кіріс көздері |
Саны |
Доллармен шаққандағы жылдағы табтың жалпы кірісі |
Доллармен шаққанда жылына 1 адамның орташа кірісі |
Монархиялық капитал (билеуші тоб) |
Шикізат сатқаннан келген кіріс |
8 |
184 777 115 |
23 097 139 |
Бай-шенеуліктер |
|
94 804 |
729 967 941 |
|
1. Тендер өткізгеннен кейінгі пайда |
10% тендер өткізуден келген кіріс, 50% жер сатудан келген кіріс |
2 244 |
364 367 739 |
162 374 |
2. Парақорлықтан алған пайда. |
Пара алу үшін заңды қолдану |
92 560 |
365 600 202 |
3 950 |
Капиталисттер |
Бизнестен келген кіріс |
115 841 |
3 179 062 526 |
|
Қалалық |
|
107 869 |
2 745 829 138 |
|
1. ірі |
|
11 |
247 296 000 |
22 481 455 |
2. орташа |
|
3 000 |
1 780 212 418 |
593 404 |
3. майда |
|
104 858 |
718 320 720 |
6 850 |
Ауылдық |
|
7 972 |
433 233 388 |
|
1. ірі |
|
3 |
40 466 618 |
13 488 873 |
2. орташа |
|
600 |
263 931 958 |
439 887 |
3. майда |
|
7 369 |
128 834 812 |
17 483 |
Пролетариат |
жалақы |
1 364 400 |
1 395 099 000 |
|
1. Қалалық |
|
1 227 960 |
1 349 528 040 |
1 099 |
2. Ауылдық |
|
136 440 |
45 570 960 |
334 |
Қызметкерлер |
жалақы |
2 665 800 |
2 860 997 872 |
|
1. Интеллигенция |
|
1 691 384 |
1 393 700 416 |
824 |
2. Жалдама қызметкерлер |
|
694 016 |
1 104 179 456 |
1 591 |
3. Мемлекеттік қызметкерлер |
|
280 400 |
363 118 000 |
1 295 |
Өзіне өзі жумыс істейтіндер |
Дербес кіріс |
2 678 700 |
4 356 965 316 |
|
1. Қалалық |
жалақы |
911 601 |
2 286 295 308 |
2 508 |
2. Ауылдық |
жалақы |
1 651 252 |
2 070 670 008 |
1 254 |
Люмпен пролетариат |
Тұрақсыз кіріс |
1 380 658 |
|
|
Зейнеткерлер |
Зейнет ақы |
1 690 500 |
769 177 500 |
455 |
Студенттер |
стипендия |
514 700 |
76 690 300 |
149 |
1-17 жасқа дейінгі балалар |
|
4 345 648 |
|
|
Қазақстан халқының барлық жиыны |
|
14 851 059 |
|
|
«Дана жол ынталы тобы»
«Абай-ақпарат»
Жалғасы бар