Сенбі, 23 Қараша 2024
Мәйекті 4594 3 пікір 22 Қазан, 2018 сағат 10:20

Ерте ме, кеш пе...

(азаматтық қоғам туралы ойлар)

- Азаматтық қоғам - әлеуметтік жауапкершілікті мемлекет дегенді білдіреді.
- Азаматтық қоғамның сайланбалы билігі болады. Ол билік азаматтық қоғамға қызмет етпесе - ауыстырылады.
- Билік жүйесіндегі және мемлекеттегі қаржылық, әлеуметтік, экологиялық және т.б. жобалар қоғамның қатаң бақылауында!
- Билік тарапынан сыбайластық болуын азаматтық қоғамның заңдары мейлінше шектейді.
- Коррупциялық лоббизм болуы мүмкін екені ескеріліп, оған қарсы заңдар да жетілдіріліп отырады.
- Азаматтық қоғамның билігі өзінің "өмір сүру шарты" әлеуметтік, экономикалық, территориялық, демографиялық, экологиялық және басқа қауіпсіздікті, яғни - мемлекет дамуындағы тұрақтылықты сақтау екенін табиғи тұрғыда түсінеді және мойындауға мәжбүр болады.
- Яғни, мұнда Мемлекет пен Қоғам арасндағы қатынас Билік арқылы жүзеге асады, әрі, Мемлекеті "Халыққа қызмет етудің" үлгісі болып табылады.

- Егер, белгілі бір билік түрі (авторитаризм, тотолитаризм...) мемлекеттік билікті жаулап алса, онда "жаулаушы билік" тек қана өз тұғырын қорғауға кіріседі. - - -
- Оның "халықтың мүддесімен" айналысуы да "өзін-өзі сақтау" шеңберінде жүзеге асырылып отырады.
- Алайда ол іс-әрекеттердің түпкілікті нәтижесі, пайдасы, жемісі мен жеңісі - тек биліктің есебіне жазылады.
- Пайда көзі "мемлекеттік билік" болып отырғандықтан, "билікке талас" өршиді.
- Ол өршу тек қана коррупциялық және сыбайластық жолмен жүзеге аса алады.
- Мемлекеттегі шығарылған заңдар Лоббистік сипатта болып, заңдар мемлекет пен халықтың емес, ұйымдасқан билік жүйесінің мақсаты мен мүддесіне қызмет ете бастайды.
- Бұл жағдай ұзаққа созылса, қоғам саяси-экономикалық-әлеуметтік апатияға тап болады.
- Мемлекет дамуы өзінің объективті мүмкіндігінен алшақтап, белгілі бір топтар мен кландардың субъективті шешімдеріне толық тәуелді болып қалады.
Бірақ, ол топтың субъективті ойлары мен шешімдері ешқашан да мемлекеттің тәуелсіздігінің Кепілі бола алмайды.
Себебі, "мүдде векторы" жекеге қарай ауысып кеткенінен.

Бірақ, түптің-түбінде - егер сыртқы күштерден қауіп болмағанда - бұл жағдай Халықтың мүддесіне бұрылады: ұлт - ұлт болады, азамат - азамат болады...

Ерте ме, кеш пе...

Әбдірашит Бәкірұлы

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5485