Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2143 0 пікір 14 Сәуір, 2011 сағат 05:36

Бақтыбай Айнабеков. Адвокат іздеткен сот отырысының артында не тұр?

Алматы қалалық сотының төрағасы Т. Бәрпібаевтың назарына!

Адвокат іздеткен сот отырысының артында не тұр?

(Әбсаттар қара басын қорғауда, елдегі Исламды кім қорғайды?)

Бисмиллаһир Ирахманир Рахим

Республика мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ә.Дербісәлінің жеке айыптау шағымына байланысты осы көкек айының 5 жұлдызында, Алматыдағы Каменка мешіті маңындағы екі жерде діни лаңкестер жарылыстар жасап, қаншама адам қанға бөгіп жатқанда, менің  үстімнен Медеу аудандық соты қылмыстық іс қозғады. Осыдан бес жыл бұрын бүкіл елге сауға айтып, жалақысын 100 000 теңгеге көтеруді өтінген  Әбсаттар («Әбсаттар қажы жалақысын өсіруге халықтан рұқсат сұрады», «Айқын» газеті) қайдан қаржылы мырза бола қалғанын  қайдам, сот отырысына  екі бірдей қорғаушы жалдағанын көрген судья Д. Әбдіхалықов маған міндетті түрде адвокат жалдау керектігін түсіндіріп, сот өндірісін жүргізуді тағы бір аптаға шегерді...

Алматы қалалық сотының төрағасы Т. Бәрпібаевтың назарына!

Адвокат іздеткен сот отырысының артында не тұр?

(Әбсаттар қара басын қорғауда, елдегі Исламды кім қорғайды?)

Бисмиллаһир Ирахманир Рахим

Республика мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ә.Дербісәлінің жеке айыптау шағымына байланысты осы көкек айының 5 жұлдызында, Алматыдағы Каменка мешіті маңындағы екі жерде діни лаңкестер жарылыстар жасап, қаншама адам қанға бөгіп жатқанда, менің  үстімнен Медеу аудандық соты қылмыстық іс қозғады. Осыдан бес жыл бұрын бүкіл елге сауға айтып, жалақысын 100 000 теңгеге көтеруді өтінген  Әбсаттар («Әбсаттар қажы жалақысын өсіруге халықтан рұқсат сұрады», «Айқын» газеті) қайдан қаржылы мырза бола қалғанын  қайдам, сот отырысына  екі бірдей қорғаушы жалдағанын көрген судья Д. Әбдіхалықов маған міндетті түрде адвокат жалдау керектігін түсіндіріп, сот өндірісін жүргізуді тағы бір аптаға шегерді...

Республика мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Әбсаттар Дербісәлі  аудандық сотқа жазған жеке айыптау шағымында мені ҚР ҚК-нің 129 бабының 2 және 130 бабының 2 тармақтарында көзделген қылмысты жасады деп  қылмыскер етіп көрсеткісі келіпті. Бұл өкінішке орай ел алдында да, мүбәрәк дініміз алдында да ұят жағдай болып отыр. Қазақта мақал бар; «Көп жүрген жылан аяғын көрсетеді», « Көп жорытқан түлкі терісін сылдырады» деген. Көз алдында болып жатқан лаңкестер қимылына баға беруге уақыт таппай  отырған Әбсаттарға да соның кезі келген шығар...

Біріншіден, менің  «Қазақстан Қажылары» діни бірлестігінің төрағасы ретінде 7 қазан 2010 жылы «Абай.кz.» интернет сайтына жолдаған, соңынан республикалық төрт-бес БАҚ өз беттеріне көшіріп басқан  «Елбасы Н.Назарбаевтың назарына!  Хазіретке хат жаздым, құлағдар бол жамағат.  «Қазақстанның Құрметті муфтиі» Рәтбек Нысанбайұлына Ашық  хатым» оқып-танысқан жанға  А.Дербісәлінің мүддесі үшін аудандық сот өндірісінде  қарайтын мәселе емес, ел болып талқылап,  бұзылғалы тұрған ел тыныштығы мен тағдырына жұртшылық  назарын аудару болатын. Бұл - қазіргі таңда Өкімет пен Үкіметтік дәрежеде қаралуы тиіс өте жауапты шаруа. Сондықтан да, еліміздегі біз білетін жалғыз дін хазіреті, «Қазақстанның Құрметті муфтиі» Рәтбек Нысанбайұлы атына  жазылған бұл Ашық хатта, өзі жұмыстан кеткен соңғы он жыл көлемінде республика көлеміндегі дәстүрлі Ислам дінінде  орын алып отырған ел бірлігі мен қауіпсіздігіне қатер тудырар өрескел олқылықтар ортаға салынған еді...

Қазір Ислам әлеміндегі бірсыпыра мемлекеттерде толқулар мен төңкерістер орын алып отырғанын барша халық көгілдір экран арқылы көріп-біліп, көп нәрсеге көздері жетіп отыр. Басты себеп -  Ислам мемлекеттері бола тұра ол елдерде имансыздықтың өріс алуы. Діні мен иманы мықты елде еш уақытта мұндай жаппай бас көтерулер мен масқара көріністер болмаған...

Осы орайда біздің елдегі Республика мұсылмандары дініи басқармасын дінсіз(!) атеист адам, коммунист Ә.Дербісәлінің  басқаруымен, еліміздегі Ислам  бетімен кетіп, басқа діни ағымдар орасан зор мүмкіндікке иелік етіп, еліміздің тағдырына үлкен қауіп төніп отыр.

Осы орайда өткен жылы  «Орда-kz» (№3, 30.07.2010 ж.) газетінде «Діни басқарманы тарату керек» деген (Сотқа бергіш болса осы басылымды неге бермейд?  Мен Ашық хатта негізінен осы мақалада айтылған деректі талдадым ғой. Бере алмайды...Б.А.) тақырыппен   Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының депутаты, дәрігер Б. Әлімбетовтың жан-айқайы сұхбаты жарияланды.   Оқыған адамның құйқа тамыры шымырлайтын бұл  жанайқай-сұхбатта, өткен жылдың 22 маусымында Ақтау қаласы маңындағы қатаң тәртіпті режимдегі түрмеден қашып шықан 21 тұтқынның құқық қорғаушыларға көрсеткен қарулы қарсылығын, бірнеше күнге созылған әбігерден кейін олардың басым бөлігінің қаза тапқанын, солардың арасында Біржанның өз ұлы Дәурен Әлімбетовтың қайдағы бір жат дін содырларының насихатына еріп,  қыршын жасында тектен-текке «шаһит» болып, оққа ұшқандығын әңгімеге өзек етті. Әрине, жан түршігерлік аянышты да қайғылы жәит...

Осы бір қанды оқиғаға байланысты, газет тілшісінің сұрағына орай,  қайғыдан қан жұтқан әке  өз  әңгімесінде  бұрыннан да ел біліп жүрген, бүгінгі таңда ешкімнен жасыруға болмайтын күрделі екі мәселенің басын  ашып көрсетті. Бірінші, қаралы әкенің сөзіне илансақ, баласы «Аллаһу акпарлап» өзін-өзі жарып жіберген. Өйткені, денесінің бәрі күл-талқан болып шашылып кеткен. Әдетте, жәй оқ тиген адамның денесі бұлайша шашылып кетуі мүмкін емес қой. Қисынды уәж. Сонда бұл жігіт кім үшін, не үшін, қандай мақсатпен жас жанын «шаһит» құрбандыққа тігіп, өзін-өзі жарып жіберіп отыр? Бұлардың артында қандай күш, қандай саясат  тұр?.. Екінші, сұхбат тақырыбында айқайлап тұрғандай қаралы  депутат өзі діндар болмаса да, ел үміт артып келген ұйым Республика мұсылмандары діни басқармасын таратуды талап етеді. Неге?..

Әңгімені алғашқы «Аллаһу акпарлап» өзін-өзі жарып жіберген мәселеден бастайық. «Жау жоқ деме, жар астында» деген.  Біз ойлаймыз, «елімізде бәрі тыныш, жұрт жаппай мешітке барып жатыр ...», «елдің иманы күшейіп келе жатыр» деп. Сонда өз жандарын көзсіздікпен құрбан еткен жастарымыздың мына «шаһит» жарылыстарын елге қалай түсіндіріп, олардың  үрейін қалай басуға болады? Бұрын мұндай «шаһит» жарылыстар шет елдерде орын алып жататынын БАҚ-тар арқылы ғана білуші едік, енді өз елімізде, тіпті ұрықсатсыз жан баласының аяғы жете бермейтін қапастағы түрмеміздің төрінде орын алуын кім қалай  ұғынады?..Біз соңғы жылдары түрмелерде мешіттер ашып, қылмыскерлерді имандылыққа  шақырып  жүргенде, ондағы жатқан жанкештілер осылайша   бастарын қосып, «мақсатты сабақтарын» жетілдіріп, өз білгендерін қапаста отырып-ақ жүзеге асыруға  дайындалып жатса,  сойқанның көкесі өз  төбесін көрсетіп тұрғаны емес пе?  Бұл бұрынғы бас муфти Рәтбек Нысанбайұлы дін басынан аластатылған соңғы он жылдың көлемінде қалыптасқан жағдай.

Әбсаттардың титей де болса, елі мен діні үшін жаны ашитын болса, бұлайша қара басының қадірін сот жағалап қорғалағанша, алдымен дін басы ретінде ар сотына өзін салғаны жөн емес пе? Елде дәл қазіргі таңда күні кеше Ақтауда, бүгін Алматының қақ ортасы Каменка маңында  орын алып отырған ертеңі қатерлі бұл мәселені менен де бұрын Республикалық мұсылмандар діни басқармасы көтеруі тиіс қой. Олай етуге Әбсаттардың азаматық та, патриоттық та шамасы жетпейтініне көзіміз жетіп отыр. Мен мұны бұдан он жыл бұрын «Көтере алмас шоқпарды қарыңа ілме, Әбсаттар» («Қазақ елі» газеті) деген мақаламда нақтылы фактілермен айтқанмын. Тыңдағысы келмеді. Дін басы дәрменсіздігінің зардабын қазір ел мен дін шегіп отыр.

Біздің еліміз - зайырлы мемлекет. Заң жүзінде дін мемлекеттен бөлінген. Дін қайраткерлері мен ұйымдары арасындағы жазылған хат діни мәселелер туралы болғандықтан, бұл мәселені сотпен емес дін қайраткерлері мен ұйымдары өз ара келісіп шешкені мақұл болатын. Бұған қосымша қазір еліміздегі қалың оқырман Құрметті муфти Р.Нысанбаевтың өз атына  жазылған  Ашық хатқа БАҚ-тар бетінде беретін жауабын асыға күтіп отыр. Газеттегі хатқа  қысылып-қымтырылмай сотқа жүгінген Ә.Дербісәлі де өз жауабын, не пікірін жазуы керек қой. БАҚ-тар заң талаптары бойынша ол жауапты кідіртпей басады.  Осы жауаптар беріліп жатса   ел мен дін алдында  кімнің айыпты, кімнің қылмыскер екенін қалың жұртшылық сотсыз-ақ ұғынар еді.  Сондықтан, Әбсаттардың жеке талап арызына байланысты қылмыстық іс қарау сот өндірісі бұдан әрі  жалғасатын болса, менің  «Қазақстан Қажылары» діни бірлестігінің төрағасы ретінде 7 қазан 2010 жылы «Абай.кz.» интернет сайтына жолдаған, соңынан республикалық төрт-бес БАҚ өз беттеріне көшіріп басқан  «Елбасы Н.Назарбаевтың назарына!  Хазіретке хат жаздым, құлағдар бол жамағат.  «Қазақстанның Құрметті муфтиі» Р.Нысанбайұлына Ашық  хат»атты мақалама тұтастай кешенді сараптама талап етуіме тура келеді...

Екіншіден, «бұдан әрі сот өндірісі жалғасатын болса» деп күдіктеніп отырғаным, Әбсаттардың бұл жеке шағымын 28.02.2011 жылы Алматы қаласы №2 Жетісу аудандық сотының судьсы Н.Сейтова өз өндірісінде қарап,  Ә.Дербісәлінің себепсіз сот  өндірісіне келмеуіне байланысты қысқартылған Қаулы алған және алынған қаулыға 15 тәуілік ішінде Алматы қалалық сотына жеке шағым немесе жеке наразылық келтіруге болатындығын ескерткен. Бұл Қаулыны Алматы қалалық сотының апелляциялық алқа төрағасы міндетін атқарушы А.Қадырбаеваның менің атыма жазған  жауабы да растайды.

Ендігі әңгіме, сол соттың соңғы екі отырысына (24 және 28 ақпан 2011ж.) жеке айыптаушы Ә.Дербісәлі немесе оның  заңды өкілі Д.Дәулетиярдың келмеуі жайлы. Соттың екінші отырысында мен судьяға заңды талап қойдым.  Әдетте сын материял БАҚ -тарға тексеріліп барып басылады. Іс сотты болған жағдайда осы талапқа орай алдымен сынды жариялаған басылым басшысын, сонан соң барып қылмысы анықталып жатса, авторды жауапқа тартуы тиіс. Оның үстіне Әбсаттар өзінің жеке айыптау арзында «Жұмадағы жүздесу», «Қазақстан» газеті мен менен өз пайдасына ынтымақтастық негізде 50 000 000 (Елу миллион) теңге рухани шығын өндіруді талап етіпті. Сондықтан да сот отырысына менің осы мақаламды басқан барлық БАҚ басшыларын қатыстыруды талап еттім. Себебі діни басқармаға қарайтын мешіттерге түсіп жатқан есепсіз қайыр садақадай табыс қай БАҚ-қа   түсіп жатыр. Әбсаттар талап еткен елу миллионды беретіндей оларда ешбір мүмкіндік жоқ қой. Оның үстіне Әбсаттардың менің мақалама қарсы өзін ақтай алатын жауабын баспай отырған олар жоқ. Мен сот барысында орын алған  осы ерсіліктерді алға тартып «Абай.кz.» интернет сайтына « Елбасына хат жаздым, құлағдар бол жамағат!» деген тақырыппен Н.Назарбаевтың атына  тағы бір мақала жарияладым. Бәлкім, осыдан қаймыққан болар...

Әбсаттар Медеу аудандық сотына жазған соңғы шағымында Ашық хатты жариялаған БАҚ-тардан талап еткен рухани шығынды қалыс қалдырып, мені ғана қылмысты жауапқа тартуды талап етіп шыға келіпті. Мен  Жетісу ауданының тұрғынымын, БАҚ-тардың қатысы болмаса, мұндай жағдайда сот өзімнің тұрғылықты мекен жайым бойынша қаралуы тиіс. Сондықтан істі бұлайша заңсыз қарау, арнайы тапсырыспен сыбайластық бойынша қаралып отырған сияқты көрінеді маған. Мұндай күдіктің келуіне Медеу аудандық сотының судьясы Д. Әбдіхалықов мені 30 науырыз күні телефонмен шақырып алып, қолыма 5 көкек күнгі сот отырысына повестка ұстатты. Әдетте сотта іс қаралатын болса,  повесткамен  бірге шағым және оған тіркелген құжаттар мен дәлелдемелер көшірмесі алдын-ала айыпталушыға жіберілуші еді, ондай хатты әлі күнге алғаным жоқ.

Үшіншіден,     Республика мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Әбсаттар Дербісәлі  жеке айыптау шағымында 2005 жылы 22 сәуір күні Оңтүстік Қазақстан мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Сарағаш аудандық прокурорының талабымен ҚМДБ филиялы «Таяқты ишан» мешіті жанындағы қызметі тоқтатылған «Убай Ибн Кааб» медресесін өзі барып қайта тіркеуге алуын  түсінгісі келген мені,   қылмыскер етіп көрсеткісі келуі тым артық. Бұл медреседе 2004 жылы тұтастай Орталық Азияны дүр сілкіндірген әйгілі Ташкеттегі жарылыстан соң Қибрай ауданындағы милиция бекетінде «шаһит белбеуін» іске қосып, көз жұмған «Семей жамағаты» содырлық тобының лидері Иса Еруов алғаш діни білім алған. Білім министрлігі медресеге қайта білім беруге ұрықсат берген болса, соңғы заң талаптарындағы қосымшаларға сәйкес, олар ең алдымен діни басқарма ұсынысына арқа сүйеуі керек. Демек, министрлікті алға тартып ақталғысы келген Әбсаттар өз жауапкершілігінен еш ақтала алмайды. Оның үстіне бұл салтанат жайлы мен емес менен бұрын жарты жыл бойы қаншама БАҚ-тар терең талдап мақалалар жазды. Әбсаттарға медресе директоры Смановтың қалай қолына алтын сағат таққанына дейін тәптіштеп жазып, көрсетті. Менікі жұрт әлде қашан біліп қойған осы жағдайды қайыра еске салу  ғана. Бәрін айтпай-ақ қояиын,  GEO kz.tv қазақстан информациялық порталында 14.06.2010 және 15.02.2011 жылы жарық көрген екі мақала мен Әбсаттардың өзі жетекшілік жасайтын «Асыл арна» телеарнасының өткен жылғы 21 маусым күнгі түнгі хабары бұл сөзіме толық дәлел болады. Бұл аз болса оқиғаның жілік майын шағып жазған «Үш қиян» газетіндегі «Мәнсіз мәжіліс» (29.10.2010ж.), «Бурятскидің қазақстандық бауырлары» атты мақалаға назар аударсын. Осы мәселеге қосымша Әбсаттардың М.Телібековпен болған айтысы және сот шешімімен де  ел таныс қой. Сондықтан бұл мәселеге орай маған тағылар ешбір  айыпты  жайды көріп отырған жоқпын. Соттасқыш болса алдымен осы басылымдарды кезінде неге  сотқа бермеген. Бере алмайды...

Ә.Дербісәлі Республика мұсылмандары діни басқармасының төрағасы болса мен де сонымен құқығы бірдей «Қазақстан қажылары» діни бірлестігінің төрағасымын. Үстімнен қылмыстық іс қозғайтындай мен оны ұрып-соғып, не балағаттағаным жоқ. Ішіп жеп қойды деп жалған ақпар таратқаным жоқ. Cондықтан бұл соттың емес, алдымен екі діни бірлестік басшыларының өз ара кездесіп шешетін мәселесі. Әбсаттар соңғы кезде өз қылмысын республикалық құқықтық мекеме орындарын орынсыз пайдалану арқылы шешуді, сөйтіп шындықты айтқан адамдарды заң арқылы қуғындауды кәсіпке айналдырып алды. Оған көне қоятын заман өтіп кеткенін сезінбейтін сияқты...

Төртіншіден, Республика мұсылмандары діни басқармасының 23 мамыр 1996 жылы Әділет министрлігіне тіркелген Жарғысының 9 тарау 4-ші тармағында «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас муфти жоғары діни білімі бар, араб тілін жетік білетін және дін басқару жұмысында кемінде 10 жылдық тәжірибесі бар, денсаулығы шариғат үкіміне сәйкес келетін адам болуы қажет» деп жазылған. Біз әлем мойындаған құқықтық мемлекетпіз.    Діни бірлестіктер мен топтардың заңды құжаттары ҚР Әділет министрлігіне тіркеуден өткен соң ол заңды тұлға болып саналып, оның бұзылмауы заңдық тұрғыда қорғалады.  Солай бола тұра  2000 жылғы маусым айында өткізілген Құрылтай үкімет адамдарының араласуымен Жарғы талаптарын белден басып,  басқарма төрағалығына  жоғары діни түгілі, арнайы орта білімі де жоқ, діни басқару жұмысында он жыл түгілі, он күн де жұмыс жасамаған, діни ортаға бейтаныс, өзінің  коммунистігін қасақана жасырған - атейст, филолог-ғалым Ә.Дербісәліні  зорлап сайлаттырды. Бұл - әрі заңсыздық, әрі дініміздің өркендеуін он жылға тұралатқан үлкен қателік болды. Артынша-ақ діннен құқ етпейтін  жаңа дінбасы  айт,  жұма намаздарын өткізе алмай діннің де, елдің де абройын түсіргені жалпақ жұртқа жария болды. Жаңа дінбасының бұл діни сауатсыздығына ашынған республиканың он екі имамы "Жаңа Төраға жағдайды жақсартты ма? Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев мырзаға Ашық хат", "Қазақ Елі" №7, 2001 жыл/  деген  мақала жариялап, Мұсылмандар діни басқармасында орын алып отырған осы олқылықты Елбасы назарына салуға талпыныс жасады. Хаттың тиісті жерге жеткен-жетпегендігінен хабарымыз жоқ.  Дегенмен, бұл мақаладан кейін дін түгілі кеудесінде иманы бар адам бұл орында отырмақ түгілі, діни ортадан кешірім сұрап, әлде қашан өз жөнін тапқан болар еді.   Дүбірлі дабыл аяқсыз қалды. Қысқасын айтқанда, құдайдан қорықпаған "құдай жолында" қалып, құдай деген «арызқой имамдар» қуғынға ұшырап, имамдық қызметтерімен қоштасты. Ислам діні жолындағы діндарларды дінсіздер айдың, күннің аманында осылайша дегеніне көндірді. Дініміз тұралады. Діндарларымыз дәрменсіз болып шықты... Сондықтан, уақыт өтіп кетті деген сылтауды алға тартпай, осы сот жалғасып жатса 2000 жылғы маусым айында Жарғы талаптарын қасақана бұзып өткен, осы құрылтайды заңсыз өтті деп тауып, әділ Үкім шығаруды талап ету керек шығар.

Бесіншіден, Ә.Дербісәлі  болмысынан Исламның қас дұшпаны. Бұған  жауапты Әбсаттардың  1982 жылы "Мектеп" баспасынан жарық көрген "Араб әдебиеті" кітабынан табуға болады. Осы кітаптағы «Құран - Араб әдеби ескерткіші» деген мақаладан үзінді келтірелік;

"...Ислам негізін салушы Мұхаммед алланың әмірін, тілегін жердегі  адамдарға жеткізуші пайғамбар деп есептелінеді. Жалпы ислам оқуы бойынша адамзат тарихында Адам, Нұх, Ибраһим, Мұса, Иса, Мұхаммед сияқты алты  пайғамбар болған. (Құрандағы аты аталған пайғамбарлардың да санын білмегені ме? Б.А.). Ал  енді осы пайғамбарлардың оқуы мен ісін жалғастырушы екінші кезектегі (Ол қандай және кім шығарған кезек? А.Б.).  пайғамбарлар қатарына Мұхаммед Библияның кейіпкерлері Лұт, Айиуб, Қарун, Дауд, Сүлейман, Иляс, Исхақ, Иакуб, Иунис, Идрис,Иусуф, Закария, Иахия, Мариямды(?) (124 мың пайғамбардың ішінде әйелден пайғамбар болған емес. Б.А.) жатқызған. Өзін ұлы пайғамбарлардың кішісі әрі соңғысы деп жариялаған..."(?)

...Құран суралары төрт топқа бөлінеді. Біріншісіне Мухаммедтың өзі құрастырып (?!), құдай сөзі деп жариялаған(?!) суралар (Мына сөзімен таза кәпір болды емес пе?.. Пайғамбарымыз бірде-бір сүрені ойдан құрастырған емес. Автор пайғамбар өтірік айтады деп отыр. Астапыр Алла! Бұл туралы "Нақыл" сүресінің 36 аятында "Жердің жүзін кезіңдер де Пайғамбарды өтірікке шығарушылардың соңы не болғанын көріңдер"-деп ескерту жасайды. Өйткені, ол елге өте ауыр зілзала әкелуі мүмкін. Б.А.)  екіншісі жаңа дін насихаттала бастаған тұстағы, үшіншісі болашақ өмірді суреттеуге арналған, ал соңғысы медициналық кезеңге жататын суралар кіреді...

... Құранда композициялық тұтастық жоқ(?!). (Құран - мұғжиза. Мұғжизаға қандай композиция қажет? Б.А.). Мұхаммедтың уағыздары, діни жарлықтар, дұғалар және күнделікті тірлікке байланысты заңдар жүйесіз орналастырылған. Сондай-ақ мұндағы сан салалы және түрлі материялдардың ішінде иуда, християндық парыздар (?!)  мен мұсылмандық праволар және  арабтың фольклорына (?!)  да көп орын берілген..."

Кітап осылай кете береді...

Дүние жүзі  мұсылмандарының ашу ызасын тудырған, содан бергі жиырма үш жыл (1988ж.) көлемінде өзі де өң мен түс, өлі мен тірінің ортасында күн кешіп келе жатқан   "Сайтани жырлар" атты  тексіздіктен туған аты шулы романның авторы, тегі үнділік жазушы Салман Рушдидтің  кітабы жарық көргеннен соң, бір жылдан кейін 1989 жылдың 14 ақпанында Иран Ислам Республикасының рухани басшысы Аятолла Хомейни "фатуа" жариялап, Англияға жасырынған жазушының сыртынан өлім жазасын кесіп, басын бес миллион АҚШ долларын бағалаған еді. Осылайша өз басына өлім тілеп алған жазушы өз романында  Құдай ілімін түсіндіріп кеткен пайғамбарымызға жала жауып, "мүміндердің анасы" атанған Айша, Зейнеб, Мария т.б. аналарымыздың аттарын өзгертпей «Джаһилия шаһарының жезөкшелері» деген ат таңады. Бұл кітабтың толық мазмұнын айтудың өзі тәрбиесіздік болар. Дегенмен, жазушының өлімге кесілгендегі басты кінасы осы -жалған  жаласы. Аты өшкір сол Салман Рушдидке осындай діни жаза қолданылған кезде, сол жазушыдан бес жыл бұрын дәл сондай пікірмен кітап жазып, одан да сорақысы Құранға тіл тигізіп, ол мақаласын ширек ғасыр бойы жоғары оқу орындарында оқытуға ұсынып келген Әбсаттарды  жауапқа тарту орынына, Республика Мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы етіп ұстап отыру қай ақылға саяды? Әбсаттардан да діни жауапкершілік сұрап, кітабын ел алдына шығарып масқаралап өртеуіміз керек емес пе? Бәлкім, Иран Ислам Республикасының рухани басшысы Аятолла Хомени мырзадан немесе Ислам конференциясы ұйымынан бізге де фатуа сұрау қажет болар.

Міне,  еліміз сенім артып отырған Мұсылмандар діни басқармасы қандай «ғұламаның» және кімнің қолына өтіп кеткен. Бұл  деген сұмдық емес пе! Қазіргі таңда дәстүрлі дінімізде орын алып отырған осындай нақтылы кемшілікті қалай  жасырамыз. Елден де, діннен де ұят болып отыр!..

Ел алдында осындай масқаралыққа барып отырған Әбсаттар, барлық ұятты жинап қойып, сотты қол шоқпар етіп пайдалана отырып мені тұқыртып алғысы келетін сияқты. Сондықтан  сот өндірісі барысында Әбсаттардың осы еңбегіне кешенді сараптама жасаттырып, жоғары оқу орындарында күні бүгінге дейін оқулық ретінде пайдаланып келген «Араб әдебиеті» кітабын ел алдында сот шешімімен өртететін, Үкім шығаруын талап ету керек болар.

Алтыншыдан, Әбсаттар Дербісәлі «Казахстанская правда» газетіндегі (21.11.2000ж.)  «Ислам должен возвышать человека»  деген мақаласында «Айнабеков Бақтыбай Ислам партиясын құру туралы ұран шақырды» деп жалған сөзбен мені масқаралап, айыптады. Қазақстанда бұлай ұран көтеріп өз мақсатымен ел алдына шығатын  мұндай діни бірлестік Әділет министрлігіне әлі күнге тіркелмеген. Ал  мұндай ұран шақыру менің де тарапымнан еш уақытта болған емес. Сондықтан, бұл сот өндірісі одан әрі жалғасатын болса,  діни басқармасының төрағасы Ә. Дербісәліге қарсы   ҚР ҚК-нің 129 бабының 2 және 130 бабының 2 тармақтарында көзделген қылмысты жасады деп маған да қайта жеке айыптау шағымын түсіру керек болар.  Бірақ...  Алматының қақ ортасында күні кеше Каменка мешіті маңында республикалық мұсылмандар діни басқармасына қарасты "Нұр-Мүбәрак" университетінің түлегі Рузенбай Чимбетов жетекшілік еткен діни лаңкестердің  жарылысын ойласам ойым он саққа жүгіреді... Осы оқиғаның алдын алумен айналысуға тиісті дінбасы қара басын қорғаштап сот жағалап жүр, елдегі діннің жайы болса мынау. Не болар екен түбі? Қиын... өте қиын... Алла қайырын берсін, әйтеуір...

Бақтыбай АЙНАБЕКОВ,

«Қазақстан қажылары» діни бірлестігінің төрағасы

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5659