Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 6166 0 пікір 21 Сәуір, 2011 сағат 03:15

Сейітхан Азат. АЭС – үміт пен күдік...

Қазіргі кезде әлемде энергия тапшылығы байқалуда. Бұрыннан пайдаланып келе жатқан көмір, мұнай, табиғи газ сынды энергия көздерінің сарқылуы немесе қорының азаюы, қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерінің күн санап артуы адамдарды бей-жай қалдырмады. Бүкіл әлем Энергия тапшылығынан құтылып, қоршаған ортаны ластамайтын альтернативті энергия көздеріне қол жеткізуге кірісіп кетті.

Міне, сол энергия көздерінің бірі ретінде АЭС- пайдаланылуда. АЭС - атом электр станциясы, атом энергиясын электр энергиясына айналдырады. Әлемде қазіргі кезде өндірісте ядро электр энергиясын пайдалану бойынша АҚШ   (836,63 млрд кВт·сағ/жыл), Франция (439,73 млрд кВт· сағ/жыл), Жапония (263,83 млрд кВт· сағ/жыл), Россия (160,04 млрд кВт· сағ/жыл), Корея (142,94млрд кВт· сағ/жыл) және Германия (140,53 млрд кВт· сағ/жыл).

Қазіргі кезде әлемде энергия тапшылығы байқалуда. Бұрыннан пайдаланып келе жатқан көмір, мұнай, табиғи газ сынды энергия көздерінің сарқылуы немесе қорының азаюы, қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерінің күн санап артуы адамдарды бей-жай қалдырмады. Бүкіл әлем Энергия тапшылығынан құтылып, қоршаған ортаны ластамайтын альтернативті энергия көздеріне қол жеткізуге кірісіп кетті.

Міне, сол энергия көздерінің бірі ретінде АЭС- пайдаланылуда. АЭС - атом электр станциясы, атом энергиясын электр энергиясына айналдырады. Әлемде қазіргі кезде өндірісте ядро электр энергиясын пайдалану бойынша АҚШ   (836,63 млрд кВт·сағ/жыл), Франция (439,73 млрд кВт· сағ/жыл), Жапония (263,83 млрд кВт· сағ/жыл), Россия (160,04 млрд кВт· сағ/жыл), Корея (142,94млрд кВт· сағ/жыл) және Германия (140,53 млрд кВт· сағ/жыл).

Қазақстан республикасыда өз кезегінде Маңғыстауда және Балқашта АЭС салатындығын неше мәрте мәлімдеді, сонымен бірге бұл жобаны Ресеймен бірігіп жүзге асыратындығында айтты. Жапонияның «Фукусима-1» АЭС-да болған жарылыстар әлемнің алпауыт елдерінің өздерін әбігерге салып, АЭС-тен бас тартуына әкеліп соқтырғанда, бұл жағдайлар бізді титтейде алаңдатпағаны белгілі болды. Қазақстанда АЭС салу мәселесіне әлі де те­рең зерттеулер жүргізілуі керек. Мәселен, Жапонияда бір ғана атом электр стансысында жарылыс бол­ды. Оның зардабын жапон халқы әлі тартудай-ақ тартып келеді. Ал бірнеше АЭС-та жарылыс болғанда жағдай не болар еді?

Жапониядағы жарылыстан, Чернобыльде болған апттан сабақ алыуымыз керек. Беретін энергиясының көптігімен қоса, АЭС-тің өзіндік проблемалары жетерлік, қазіргі кездегі ең озық үлгідегі АЭС-тің ғұмыры 45-60 жылдан әрі аспайды. Осы уақытта оны салуға кеткен қаржыны бірнеше еселеп қайтарып алатындай, мүмкіндік болама? Немесе «Қазсат»-тың аяғын құшып жүрмей ме деген сұрақтар мазалайды. Маңғыстау өңірі сесмикалық қауіпті аймақтардың бірі, егер мұнда АЭС-салынса, тәбиғи зіл-зала бола қалған жағдайда, Жапонияның тағдырын қайталауы бек мүмкін. Ал Балқаштағы жағдай мүлде басқа. АЭС-суды өте көп қажет етеді, онсызда суы тартылып, құрып кетудің аз-ақ алдында тұрған Балқаштың жағдайын АЭС-арқылы тіпті де ауырлатып жібереміз. Ал, АЭС-тен шыққан қалдықтарды бір жақтылы ету әлемде ешқандай елдің қолынан келмей отыр. Осы жағдайларды ескерсек, АЭС-тің бізге пайдасынан зияны көбірек. Сондықтан АЭС-тен бас тартып, энергияның басқа көздерін тапқанымыз дұрыс болады.

Қазақстан республикасы үшін алып айтқанда бізге қуат боларлық энергия көздері көп-ақ. Мысалы күн энергиясын пайдалануға толық мүмкіндігіміз бар. Оңтүстік облыстарда бір жылдың ішінде 180-250 рет күн ашық болып, орташа температура 370С құрайды. Бұл дегеніңіз біз үшін, ең тұрақты, ең арзан, таусылмайтын энергия көзі күн сәулесінің энергиясы болмақ деген сөз. Күн сәулелерін шоғырландырып, оларды кремний батериясына бағыттау жарық сәулесін өзгертіп, электр энергиясына айналдырады. Халық шаруашылығы, металлургия, ауылшаруашылық, энергетика саласында күн энергиясын пайдалануға болады. Қытайда 18 қабаттан тұратын, тек қана күннен қуат алатын ғимарат былтыр қолданысқа берілді, әрине, мұндай жағдайды бізде де жасауға болады.

Жел энергиясыда экологиялық тазалығымен тиімді. Оны пайдалану мүмкіндіктері Қазақстанда жүзеге асырылдмай келеді, оның тиімділігі әлдеқашан дәлелденген. Шағын жел электр станциялары ауылшаруашылығы үшін өте тиімді. Шығыс қазақстандағы «Жоңғар қақпасы» біз үшін жел енрегиясының негізгі көзі болмақ.

Тау өзендеріне салынатын шағын гидростанцияларды да тиімді энергия көзі деп қарауға болады.

Сарқылмайтын энергия көздері бойынша Қазақстан жан басына шаққанда алдыңғы қатарда. Оңтүстік және оңтүстік шығыс тау өзендерінде жалпы қуаты қазіргі жылу электр станцияларына тең келетін шағын су электр станцияларын салуға болады, ал жел электр станцияларының мүмкіндігі одан ондаған есе артық..

Шағын су, жел электр станцияларының тиімділігі де жоғары. Мысалы, Алматы облысында қажетті қуаты 500 мВт жылу электр станциясын салуға 6-8 жыл керек, ал республика бойынша жел энергия қондырғыларының бір күнде екеуін құрып пайдалануға болады екен. Сонда бір ЖЭС, АЭС салынатын жылда бірнеше мың жел энергия қондырғысын салып, одан ЖЭС-тен екі есе артық  энергия алуға болады. Бұл дегеніңіз жел энергиясы атом энергиясына бәсекелес бола алады деген сөз. Жапониядағы апаттарды көре отырып, тәуекелге бел буғанымыз ойландыратын жағдай. Сондықтан альтернативті энергия көздерін пайдаланып АЭС-тен бас тартқанымыз оң.  Жарты ғасыр Атом бомбасының сынағына айналып азап шеккен қазақ  даласын, енді бір қауіптің мазалауына жол бермейік...

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1498
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3268
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5646