Сенбі, 23 Қараша 2024
4657 0 пікір 27 Қараша, 2018 сағат 17:21

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы өңірлерде қалай жүзеге асырылуда?

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында ерекше атап өткен болатын. Ақпараттық технологиялардың қарыштап дамып бара жатқан мына заманында IT саласын дамытпасақ, дамыған 30 елдің қатарынан көріну бізге жай арман боп қалары анық. Өйткені, өркениетті елдердің барлығы осы сандық жүйеге көшіп, өнеркәсібінің дамуын және халқының әл-ауқатын жылдан-жылға жақсартып келеді.

Түркістан облысы

Түркістан облысы білім саласындағы цифрландыру жүйесін республикада ең бірінші қолға алған өңір. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың қолдауымен жүзеге асқан бұл жүйе білім саласындағы ашықтық пен қолжетімділікке бағытталған. Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте білім басқармасы басшысының орынбасары Ардақ Садықова осылай мәлімдеді.

Оның айтуынша, облыстағы 1371 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына 140 034 бала қамтылған. «Бүгінгі таңда «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына жолдама беру және кезекке қоюды автоматтандыру» жобасына – 481 мекеме, яғни 35 пайызы қамтылған. Balabaqsha.sitcen.kz порталына қосу арқылы 2018 жылдың соңына дейін бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу жоспарлануда. Сонымен қатар, мектепке оқушыларды электронды қабылдау жүйесі бойынша ағымдағы жылдың шілде айынан бастап облыстағы 902 мектептің барлығы mektep.sitcen.kz порталы арқылы білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау сынды қызметтер автоматтандырылды. Аталған жүйе Түркістан облысының барлық аудандарындағы мектептерінде қосылып, бүгінгі күні жүйе арқылы 54 751 оқушы электронды түрде 1-сыныпқа қабылданды», – деді Ардақ Мәдіханқызы.

Айта кетерлігі, жүйенің тиімділігі ата-ана мектепке бармай-ақ үйінде отырып қалаған мектебіне 1-сыныпқа қабылдауға өтініш беріп, өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама ала алады. Сол сияқты Түркістан облысының барлық мектептеріне jumys.sitcen.kz порталы арқылы қатардағы қызметкерлер мен педагогтарды жұмысқа қабылдаудың автоматтандырылған жүйесі енді. Аталған жүйе жалпы орта білім беру ұйымдары педагогтарын жұмысқа қабылдауды және мектеп ди⁠ректорларын конкурстық тағайындау барысын автоматтандырады. Сондай-ақ, білім ұйымдарындағы техникалық қызметкерлердің бос орындары жайлы хабарламалар орналастырылған. Білім басқармасы басшысының орынбасары Ардақ Садықованың айтуынша, бүгінгі күнге дейін аталған электронды жүйеде 1571 педагог пен техникалық қызметкердің бос жұмыс орындары туралы хабарлама жарияланған.

«Қазіргі таңда jumys.sitcen.kz порталы арқылы 837 адам жұмысқа орналасқан. Жүйеге жалпы жұмыс іздеушілер тарапынан қызығушылық танытып, бүгінгі күні 62 778 қолданушы тіркеліп отыр. Сондай-ақ, 4632 жұмысқа қабылдау туралы өтініш келіп түскен. Сонымен қатар, 2019 жылдан бастап дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттарына қабылдау mektep.sitcen.kz порталы арқылы жүзеге асырылатын болады. Аталған жүйеде мектепке қабылдау конкурсын өткізу толық автоматтандырылған», – деді Ардақ Мәдіханқызы.

Айта кетерлігі, ата-ана өзінің баласын портал арқылы кез-келген дарынды балаларға арналған мектепке конкурсқа қатыстыра алады және порталдағы онлайн тестілеуден жоғары балл алған бала мектепке қабылданады. Сонымен қатар, облыстағы мектептер «Bilimland» цифрлық білім беру ресурстарымен 100 пайыз қамтамасыз етілген. Ағымдағы жылдан бастап, күні бүгінге дейін 594 000 сабақ қаралымы болды. Облыстық бюджеттен цифрлық білім беру ресурстарымен қамтамасыз ету мақсатында 1500 дана «Bilim Book» компьютер-планшет шалғай ауылдағы 195 мектепке таратылып, цифрлық білім беру ресурстарына интернетсіз қол жеткізуде.

Тағы бір маңызды жайт, алдағы жылы Түркістан облысының білім саласында педагогтардың аттестациясын және олардың білім жетілдіру курстарынан өтуін автоматтандыру, білім ұйымдарындағы кітап қорын пайдалануды және оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуын автоматтандыру жүйелері жүзеге асады деп жоспарлануда. Аталған жоба білім саласындағы сыбайластық заңбұзушылықты тоқтатуға үлкен серпін береді.

Батыс Қазақстан облысы

Батыс Қазақстан облысында Елбасы тапсырмасына сәйкес денсаулық сақтау саласын цифрландыру жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» РМК БҚО филиалының директоры Сандуғаш Кеңесова мәлім етті.

Сандуғаш Жолдасқызының айтуынша, Елбасы 5 қазан күнгі Жолдауында медициналық қызмет сапасына айрықша назар аударған болатын.

Мемлекет басшысы атап өткеніндей, алдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық емханалар мен ауруханалар медициналық құжаттарды қағазсыз, цифрлық нұсқада жүргізуге көшуі тиіс.

Осы орайда Батыс Қазақстан облысында пилоттық режимде биылғы қаңтардан медициналық құжаттарды қағазсыз жүргізу енгізіле бастады. Жоба аясында қағаз түріндегі нұсқалар біртіндеп алынып тасталады.

Сандуғаш Кеңесованың сөзіне қарағанда, өңірдегі медицина ұйымдарында «Kazmedinform» медициналық ақпараттық жүйесі, қаланың 6 емханасында электрондық кезекті басқару жүйесі, жедел медициналық жәрдемді басқарудың "АДИС" автоматтандырылған жүйесі енгізілді.

2017 жылдың қараша айынан бастап k-vrachu.kz мобильдік қосымшасы енгізілді, оны PlayMarket, App Store дүкендері арқылы тегін жүктеп алып, Android, iOS операциялық жүйесінде жұмыс істейтін мобильдік құрылғылар арқылы дәрігердің қабылдауына жазылуға болады. Аталған мобильдік қосымшада тіркелген пайдаланушылардың саны 22 548-ке жетті.

Мобильдік қосымшаның тиімділігі мынада, сол арқылы дәрігерлер жұмысының кестесімен танысуға, тұрғылықты жері бойынша тіркелген учаскені анықтауға, дәрігер карточкасын қарауға, облыстың медициналық ұйымдарын қарауға және оларды картада табуға, дәрігерді үйге шақыруға, дәрігердің қабылдауына жазылуға және қажет болған жағдайда жазылуды өзгертуге болады, Push хабарламалар және дәрігерге бару жөнінде ескерту қызметтері бар.

Тағы бір айта кететін жайт, дәрігердің қабылдауына жазылуға арналған k-vrachu.kz веб-порталы жұмыс істейді. Веб-портал арқылы тіркелген учаскені іздеуге, дәрігердің (жалпы тәжірибелік дәрігер) қызмет көрсететін ауданын қарауға, дәрігерді үйге шақыруға, дәрігердің қабылдауына онлайн жазылуға, дәрігердің кестесін, оның біліктілігін қарауға, дәрігерді бағалауға болады.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында кезектілікті азайту үшін қаланың барлық емханаларында «Электронды табло» электрондық кезекті басқару бағдарламасы енгізілді. Қаланың алты емханасында және «Деркөл» дәрігерлік амбулаториясында «Казмединформ» медициналық ақпараттық жүйесімен интеграцияландырылған электрондық кезекті басқару жүйесі жұмыс жасайды.

Барлығы 105 мекеме (121-ден) қағазсыз түрге көшірілді. Дәрігерді электронды цифрлық қолтаңба арқылы авторизациялау мүмкіндігі бар.

Сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесін ақпараттандыру аясында облыстық жедел медициналық жәрдем қызметінің онлайн режимінде жұмыс істеуі үшін ситуациялық орталықты орнату арқылы жедел медициналық жәрдемді басқарудың автоматтандырылған жүйесі жаңғыртылды, бұл науқасқа жетудің уақытын 12 минуттан 9 минутқа дейін, 3 минутқа қысқартуға, сонымен бірге диспетчерлік қызметке келіп түскен шақыртуды өңдеудің уақытын 5 минуттан 3-4 минутқа дейін қысқартуға  мүмкіндік берді, ауруханаға дейінгі қайтыс болу жағдайы 0,8 промилиден 0,4 промилиге дейін төмендеді. Қалалық жедел жәрдем станциясы 32 дана мобильдік АРМ (планшеттермен) жарақталды, қамту 100 пайызды құрайды, облыс бойынша 138 дана санитарлық автокөлік GPS - мониторингке қосылды (қамту 100 пайыз). 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап бағдарлама бойынша 16918 шақыртуға қызмет көрсетілді. Аталған бағдарлама облыс бойынша жедел медициналық жәрдем бригадаларының геолокациясын көріп отыруға мүмкіндік береді, диспетчер шақырту туралы ақпаратты (шақыртудың себебі, пациенттің аты-жөні, мекен жайы) бригаданың планшетіне жібереді.

Филиал директорының мәлімдеуінше, инфрақұрылымдық индикаторлар бойынша бүгінгі таңда медициналық ұйымдар 4477 компьютермен жарақталды, 2016 жылы 1064 дана (152,3 млн теңге), 2017 жылы - 656 дана компьютерлік техника сатып алынды, сатып алу жергілікті бюджет (162,5 млн теңге) және медициналық ұйымдардың өз қаражаты есебінен жүргізілді, облыстың медициналық ұйымдары компьютерлік техникамен 100 пайызға қамтамасыз етілді. Оған қоса медицина ұйымдарын 510 дана компьютерлік техникамен жаңарту үшін 242,5 млн теңге сомасына бюджеттік өтінім берілді.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында денсаулық сақтау басқармасы «Батыс Қазақстан облысында денсаулық сақтау басқармасын цифрландыру жөніндегі жол картасын» әзірлеп, ол БҚО әкімінің орынбасарымен бекітілді.

«Күні бүгін 383 медициналық мекеменің 263-і интернет желісіне қосылған. Бұл ретте шалғайдағы шекаралас аудандардың медициналық пункттері, фельдшерлік-акушерлік пункттері (барлығы 120 нысан немесе 30 пайызы) интернетке қосыла қойған жоқ. Осы бағытта «Қазақтелеком» АҚ-мен медицина ұйымдарын кең жолақты интернетке қосу жұмыстары жүргізілуде», деді С.Кеңесова.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5351