Бақтыбай Айнабеков. Соттар жарысы кімді кінәлар екен?
Бисмиллаһир Ирахманир Рахим
Өткен көкек айының басында, Алматыдағы Каменка мешіті маңында Мұсылмандар діни басқармасына қарасты «Нұр Мүбәрәк» университетінің түлегі Рузембай Ишімбетов жетекшілік еткен діни лаңкестер жарылыстар жасап, қаншама адам қанға бөгіп жатқанда, діни басқарма төрағасы Ә.Дербісәлінің жеке айыптау шағымына байланысты менің «Қазақстан Қажылары» діни бірлестігінің төрағасы ретінде 7 қазан 2010 жылы «Абай.кz.» интернет сайтына жолдаған, соңынан республикалық төрт-бес БАҚ өз беттеріне көшіріп басқан «Елбасы Н.Назарбаевтың назарына! Хазіретке хат жаздым, құлағдар бол жамағат. «Қазақстанның Құрметті муфтиі» Рәтбек Нысанбайұлына Ашық хатымдағы» айтқан сындарыма орай үстімнен Медеу аудандық соты қылмыстық іс қозғады. Мақаламен танысқан жанға А.Дербісәлінің мүддесі үшін аудандық сот өндірісінде қарайтын мәселе емес, көпшілік болып талқылап, бұзылғалы тұрған ел тыныштығы мен тағдырын қорғауға жұртшылық назарын аудару болатын. Айтып аузымызды жиғанша соның нақтылы көрінісін Алматыдан көріп отырған жоқпыз ба?...
Бисмиллаһир Ирахманир Рахим
Өткен көкек айының басында, Алматыдағы Каменка мешіті маңында Мұсылмандар діни басқармасына қарасты «Нұр Мүбәрәк» университетінің түлегі Рузембай Ишімбетов жетекшілік еткен діни лаңкестер жарылыстар жасап, қаншама адам қанға бөгіп жатқанда, діни басқарма төрағасы Ә.Дербісәлінің жеке айыптау шағымына байланысты менің «Қазақстан Қажылары» діни бірлестігінің төрағасы ретінде 7 қазан 2010 жылы «Абай.кz.» интернет сайтына жолдаған, соңынан республикалық төрт-бес БАҚ өз беттеріне көшіріп басқан «Елбасы Н.Назарбаевтың назарына! Хазіретке хат жаздым, құлағдар бол жамағат. «Қазақстанның Құрметті муфтиі» Рәтбек Нысанбайұлына Ашық хатымдағы» айтқан сындарыма орай үстімнен Медеу аудандық соты қылмыстық іс қозғады. Мақаламен танысқан жанға А.Дербісәлінің мүддесі үшін аудандық сот өндірісінде қарайтын мәселе емес, көпшілік болып талқылап, бұзылғалы тұрған ел тыныштығы мен тағдырын қорғауға жұртшылық назарын аудару болатын. Айтып аузымызды жиғанша соның нақтылы көрінісін Алматыдан көріп отырған жоқпыз ба?...
Бұл - қазіргі таңда Өкімет пен Үкіметтік дәрежеде қаралуы тиіс өте маңызды шаруа. Сондықтан да, еліміздегі біз білетін жалғыз дін хазіреті, «Қазақстанның Құрметті муфтиі» Рәтбек Нысанбайұлы атына жазылған бұл Ашық хатта, өзі жұмыстан кеткен соңғы он жыл көлемінде республика көлеміндегі дәстүрлі Ислам дінінде орын алып отырған ел бірлігі мен қауіпсіздігіне қатер тудырар өрескел олқылықтар ортаға салынған еді...
Қазір Ислам әлеміндегі бірсыпыра мемлекеттерде толқулар мен төңкерістер орын алып отырғанын барша халық көгілдір экран арқылы көріп-біліп, көп нәрсеге көздері жетіп отыр. Басты себеп - Ислам мемлекеттері бола тұра, ол елдерде имансыздықтың өріс алуы. Діні мен иманы мықты елде еш уақытта мұндай жаппай бас көтерулер мен масқара көріністер болмаған...
Осы орайда біздің елдегі Республика мұсылмандары діни басқармасын) атеист - коммунист Ә.Дербісәлінің басқаруымен, еліміздегі Ислам бетімен кетіп, басқа діни ағымдар орасан зор мүмкіндікке иелік етіп, еліміздің тағдырына үлкен қауіп төніп отырғаны да өтірік емес.
Осы орайда өткен жылы «Орда-kz» (№3, 30.07.2010 ж.) газетінде «Діни басқарманы тарату керек» деген (Сотқа бергіш болса осы басылымды неге бермейді? Бере алмайды...Б.А.) тақырыппен Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының депутаты, дәрігер Б. Әлімбетовтың жан-айқай сұхбаты жарияланды. Оқыған адамның құйқа тамыры шымырлайтын бұл жанайқай-сұхбатта, өткен жылдың 22 маусымында Ақтау қаласы маңындағы қатаң тәртіпті режимдегі түрмеден қашып шықан 21 тұтқынның құқық қорғаушыларға көрсеткен қарулы қарсылығын, бірнеше күнге созылған әбігерден кейін олардың басым бөлігінің қаза тапқанын, солардың арасында Біржанның өз ұлы Дәурен Әлімбетовтың қайдағы бір жат дін содырларының насихатына еріп, қыршын жасында тектен-текке «шаһит» болып, оққа ұшқандығын әңгімеге өзек еткен. Әрине, жан түршігерлік аянышты да қайғылы жәйт...
Мен аталынған Ашық хатта негізінен осы мақалада айтылған деректер төңірегіндегі жағдайларды талдағанмын... (Ол Хатта айтылған жайларды қайталағым жоқ. Б.А.)
Осыдан бес жыл бұрын бүкіл елге сауға айтып, жалақысын 100 000 теңгеге көтеруді өтінген Әбсаттар («Әбсаттар қажы жалақысын өсіруге халықтан рұқсат сұрады», «Айқын» газеті) қайдан қаржылы мырза бола қалғанын қайдам, сот отырысына екі бірдей еңгезердей қорғаушыны жалдағанын көрген Медеу аудандық сотының судьясы Д. Әбдіхалықов көзі алақандай болып, маған да міндетті түрде адвокат жалдау керектігін түсіндіріп, сот өндірісін жүргізуді тағы бір аптаға шегерді...
Талап арыз иесі аудандық сотқа жазған жеке айыптау шағымында мені ҚР ҚК-нің 129 бабының 2 және 130 бабының 2 тармақтарында көзделген қылмысты жасады деп қылмыскер етіп көрсеткісі келіпті. Бұл өкінішке орай ел алдында да, мүбәрәк дініміз алдында да ұят жағдай. Оның үстіне Әбсаттардың бұл жеке шағымын 28.02.2011 жылы Алматы қаласы №2 Жетісу аудандық сотының судьсы Н.Сейтова өз өндірісінде қарап, Ә.Дербісәлінің себепсіз сот өндірісіне келмеуіне байланысты қысқартылған Қаулы алған. Сол соттың үшінші отырысында мен судьяға заңды талап қойдым. Әдетте сын материал БАҚ-тарға тексеріліп барып басылады. Іс сотты болған жағдайда осы талапқа орай алдымен сынды жариялаған басылым басшысын, сонан соң барып қылмысы анықталып жатса, авторды жауапқа тартуы тиіс. Оның үстіне Әбсаттар өзінің жеке айыптау арызында «Жұмадағы жүздесу», «Қазақстан» газеті мен менен өз пайдасына ынтымақтастық негізде 50 000 000 (Елу миллион) теңге рухани шығын өндіруді талап етіпті. Сондықтан да сот отырысына менің осы мақаламды басқан барлық БАҚ басшыларын қатыстыруды талап еттім. Себебі діни басқармаға қарайтын мешіттерге түсіп жатқан есепсіз қайыр садақадай табыс қай БАҚ-қа түсіп жатыр. Әбсаттар талап еткен елу миллионды беретіндей оларда ешбір мүмкіндік жоқ қой. Оның үстіне Әбсаттардың менің мақалама қарсы өзін ақтай алатын жауабын баспай отырған олар жоқ. Мен сот барысында орын алған осы ерсіліктерді алға тартып «Абай.кz.» интернет сайтына « Елбасына хат жаздым, құлағдар бол жамағат!» деген тақырыппен Н.Назарбаевтың атына тағы бір мақала жарияладым.
Әбсаттар Медеу аудандық сотына жазған соңғы шағымында Ашық хатты жариялаған БАҚ-тардан талап еткен рухани шығынды қалыс қалдырып, мені ғана қылмысты жауапқа тартуды талап етіп шыға келіпті. Мен Жетісу ауданының тұрғынымын, БАҚ-тардың қатысы болмаса, мұндай жағдайда сот өндірісін жүргізуге бұл ауданда еш негіз жоқ. Осы пікрді ұстанып «Абай. кz.» интернет сайтына «Алматы қалалық соты төрағасы Т.Бәрпібаевтың назарына! «Адвокат іздеткен сот отырысының артында не тұр?.. Әбсаттар қарабасын қорғауда, ал елдегі Исламды кім қорғайды?» деген тақырыппен тағы бір мақаланы жариялай қойдым. Мақсатым қалалық сот басшылығының назарын аударумен бірге ел дүрлігіп жатқанда Әбсаттардың өзіне де ой салу болатын. Әбсаттар ойланбақ түгілі, осы аралықта қос қорғаушыларын жүгіртіп жүріп, өзі қайта Медеу аудандық сотына іс қаратып отырып Жетісу аудандық сотының қысқартқан ісіне қанағаттанбай, қалалық сотқа апелляция жазыпты. Өткен көкек айының 20 жұлдызында Алматы қаласының апелляциялық сатыдағы соты судья А.Есдәулетова Ә.Дербісәлінің сол шағымын қарап, істі Жетісу аудандық сотына қайта қарауға Қаулы шығарды.
Қызық, қазір Медеу ауданда осы мәселеге орай қызу сот өндірісі жүріп жатыр. Заң - бір мәселеге байланысты екі адамның ісін екі сотта қатар қарамайды. Әбсаттар мырза Елбасы сенім артқан сотты өзінің қол шоқпарына айналдырып алғысы келген сияқты... Телефонмен жұмыс жасайтын біздің соттар да соған бейімделіп бара жатқандай...
Менің қолымдағы Жетісу аудандық соты Қаулысының Анықтауында; «...Сот отырысның болатын күні туралы тиісті түрде қабарланған жеке айыптаушының заңды өкілі Д.Ә.Даулетяри сот отырысына дәлелді себептерсіз келмеді. Сондықтан істі қарау кейінге, сағат 10.00 - ге 28.02.2011 ж. кейінге қалдырылды. Алайда аталған күні және де 28.02.2011ж. істі қараудың кейінге қайта қалдырылғандығы туралы өзіне нақты мәлім болғанына қарамастан Д.Ә.Дәулетяри сот отырысына дәлелсіз себептермен келмеді .Сондай-ақ, ол іске қатыса алмайтындығы немесе айыптан бас тартатындығы туралы хабарламады. Жоғарыда келтірілген мәселелерге сүйене отырып, сот жеке айыптаушы Д.Ә.Дәулетяри сот отырысына келмеуі жеке айыптау ісін қысқартуға негіз болады деп есептейді» деп көрсетіп, Қаулысында; « Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас муфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлінің Айнабеков Бақтыбайды ҚР ҚК-нің 129 бабының 2 тармағында, 130 бабының 2 тармағында көзделген қылмысты жасауда жеке айыптау қылмыстық ісі жеке айыптаушының себепсіз сот отырысына келмеуіне байланысты қысқартылсын» деп жазса қалалық сот өндірісінде қараған төрағалық етуші А.Есдәулетова өзі дайындаған Қаулы Анықтауында «Іс материалындағы басты сот талқылауының хаттамасына сәйкес, 24 және 28.02.2011жылғы сот мәжілістеріне жеке айыптаушы Ә.Дербісәлі қажы, оның өкілі, айыпталушы Б.Айнабеков белгісіз себептермен келмеген» деп мені де көзін жұмып сот тәртібін бұзушы, күнәкәр етіп көрсетіп жіберіп, өз әріптестері Жетісу аудандық сотының қаулысын бұзып, қайта сол сот қарауына жіберді. Судья «Тым болмаса сот абыройын ойласаңдаршы, бұл іс Әбсаттардың жеке талап арызы бойынша Медеу аудандық сотында қаралып жатыр. Сіз бұл істі бұзып Жетісуға қайта жібергенмен, бұл істі қатарласа қарауға негіз жоқ қой» деген жазбаша алып барған пікірімді қыстырмады да. «Жаппар құлда жан бар ма...». Бүгінгі таңда Жоғары соттағы судьялар қора- қорасымен жауапқа тартылып жатқанда, өз өндірістеріне салғырт қарайтын судьялардың мына қаулысынан соң маған заңда көрсетілмеген заңсыздықпен Жетісу мен Медеу аудандық сотының арасында болып жатқан сот өндірісіне қатысу үшін жүгіріп жүріп қимыл жасауға тура келіп отыр. Сот заңға қарамаса басқа амал қанша...
Ойлаймын, сотта істі бұлайша заңсыз қарау, арнайы тапсырыспен сыбайластық бойынша іске асып отырған сияқты... «Өлтірем деп біреу жүр, өлтірместен құдай жүр» деген мақал да ойға оралады. Осы мақалды айтатын
Қазақта тағы да мынадай мақал бар: «Көп жүрген жылан аяғын көрсетеді», « Көп жорытқан түлкі терісін сылдырады»... Дінді қорғадым деп мен жүрмін, соны ойлаудың орынына «мені қорладың» деп сот жағалап Әбсаттар жүр. Үміт артар соттарымыздың тірлігі болса мынау. Жалпы бұл мақаланы ден қойып оқыған адамның тентек болып қалуы да ғажап емес. Соттар өз жарысын қыздырып жатыр. Қайсысы жеңерін алдағы тіршілік көрсете жатар. «Мен не істесем екен?»... деген ой да мазалайды.
Бірақ... Алматының қақ ортасында күні кеше Каменка мешіті маңында Мұсылмандар діни басқармасына қарасты «Нұр Мүбәрәк» университетінің түлегі Рузембай Ишімбетов жетекшілік еткен діни лаңкестердің жарылысын ойласам ойым он саққа жүгіреді... Осы оқиғаның алдын алумен айналысуға тиісті дінбасы қара басын қорғаштап сот жағалап ол жүр, елдегі діни лаңкестердің тірлігі болса мынау. Соттар өз жарыстарын қыздырып жатыр... Ой дөйт шіркін... Не болар екен түбі? Алла қайырын берсін, әйтеуір...
Бақтыбай АЙНАБЕКОВ,
«Қазақстан қажылары» діни бірлестігінің төрағасы