Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3111 0 пікір 5 Мамыр, 2011 сағат 03:05

Сейітхан Азат. Өлімге апаратын жол...

Қазір  еліміздің құқық қорғаушылары кәмелетке толмағандардың темекі шегуіне және спирттік ішімдіктерді ішуіне қарсы күрес жүргізіп жатыр. Заңмен  қатаң бекітілген бұл тәртіп осы кезге дейін дұрыс қадағаланбай келген болатын. Соның кесірінен сыраны сіміретін және түтінді будақтататын жастар, оқушылар көбейіп кетті. Бұл өз кезегінде жастардың денсаулығына әсер етуде, ұлттың болашағына қауіп төндіруде.

Қазір  еліміздің құқық қорғаушылары кәмелетке толмағандардың темекі шегуіне және спирттік ішімдіктерді ішуіне қарсы күрес жүргізіп жатыр. Заңмен  қатаң бекітілген бұл тәртіп осы кезге дейін дұрыс қадағаланбай келген болатын. Соның кесірінен сыраны сіміретін және түтінді будақтататын жастар, оқушылар көбейіп кетті. Бұл өз кезегінде жастардың денсаулығына әсер етуде, ұлттың болашағына қауіп төндіруде.

Ресми деректерге қарағанда елiмiзде 13-15 жас аралығындағы әрбiр үшiншi жасөспiрiм темекi шегетiн көрiнедi. Мамандардың пайымдауынша, бұл көрсеткiш әлемде аса жоғары көрсеткiштiң қатарына жатқызылады. Қазiр оқушылар арасында шылымға тәуелдiлер санының артуына көшелерде iлiнген парақшалар, теледидар мен газет-журнал беттерiнде темекi жарнамасының жиi берiлуi мен басылуы айтарлықтай әсер етiп отыр. Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының өкiлдерi темекi өнiмдерiн жарнамалайтын насихаттық шаралар толық әрi тұтас тоқтатылса, шылым шегетiндердiң саны 16 пайызға төмендейтiнiн көлденең тартады. Сондықтан көшелерде, бұқаралық ақпарат құралдарынан (газет, журнал, теледидар, радио, интернет сайттары, плакаттар мен билбордтар, қоғамдық көлiктердiң сырты т.б.) никотиндiк өнiмдердi аластау өте маңызды. Егер жарнамалық тұрғыда насихат жасауға тыйым салынбаса, 2025 жылға барғанда 1,5 млрд. пенде темекiнiң құрбанына айналады. Ал шылым шегетiндердiң 95 пайызы өкпенiң қатерлi iсiгiне ұрынады екен. Жер шарындағы 2 миллиард жасөспiрiм мен жастардың санасы никотинмен уланған. Қазақстанда бұл көрсеткiш - 120 мың. Сорақысы сол, жыл сайын 25 мың, күн сайын 70 қазақстандық темекiнiң кесiрiнен туындаған дерттен көз жұмады... Езуiне темекi қыстырғандардың ең жасы - 8-де. Бұл - ресми дерек. Бейресми деректердi сөйлетсек, небiр сорақылықтың бетi ашылары анық. Ал, Қазақстанда нәпақа тауып жүрген темекi компаниялары, тапқан табыстарының 80-90 пайызын өз елдерiне қарай шекара асырады екен. Демек, қазақ жастарының санасын улаған темекiден түскен пайданың қызығын жатжұрттықтар көруде.
Ал Қазақстан халқының 27 пайызы (4 миллион адам) темекi тартады. 4 миллионның 600 мыңнан  астамы қыз-келiншек болса, 120 мыңы - 13-15 жас аралығындағы жасөспiрiмдер. Езуiне шылым қыстырғандардың үштен бiрi, кейде тiптi, тең жартысы ажалынан 15 жыл бұрын өледi екен. Олардың 95 пайыздан астамы өкпенiң қатерлi iсiгiне ұшырайды. Отандастарымыздың басым бөлiгi 20-ға толмай жатып, шылымның "дәмiн" татады екен. Оқу орындарында оқушылар мен студенттер қоңырау кезiнде бұрқыратып темекі тартады. Оқу орнында темекі тартуға болмайды деп, қанша ереже шығарғанымен оны қадағалап жатқан ешкім жоқ.  Бiзде құзырлы заң болғанымен, күнi бүгiнге дейiн қоғамды темекiнiң зиянынан сақтау шарасы орындалмай келедi. Оны тартып көрмеген адам да айналадағы "шеккiш" адамдардың түтiнiнен уланып жататынын байқамай қалады. Негiзiнде заң бойынша республиканың барлық тұрғынына қоғамдық орында темекi тартуға және оны жарнамалауға толықтай тыйым салынады делiнгенмен, бұл орындалып жатыр ма? Елiмiзде кәмелетке толмаған жасөспiрiмдерге темекi сатуға тыйым салынғанмен, қазiр кiшкентай балаларға дүкендер мен дүңгiршiктерде сата беретiнi бәрімізге белгілі. Әлеуметтiк сауалнамадан белгiлi болғандай, қазiр жасөспiрiмдердiң 80 пайызы дүкендерден темекiнi еш қиындықсыз сатып алады екен. Тіпті сатушылардың әрбiр үшiншiсi кәмелеттiк жасқа толмағандарға сатуға болмайтындықтарын бiлмейтін болып шыққан.
Бүгінде әйел адамдардың темекі шегуде белсенділік танытып жүргені белгілі. Болашақ ана-қыз балалардың темекіге жақын болуы өте қауіпті. Әсіресе, қазақ қыздары арасында темекі шегушілер көбейді. Ол денсаулыққа зиян. Қыз деген болашақ ана, ертең одан туған бала да аурушаң болады. Темекіні бір бастаса тоқтату қиын. Жүкті болғанда да әйел адамдар шеге береді, ертең ұлттың қатарын аурушаң ұрпақ толықтыратын болады, бұл дегеніңіз, нағыз қасірет.

Адамдар тартатын темекінің түтіні тәнге зиянды және улы заттардың жиынтығы болса, олардың ең қауіптісі - никотин, синиль қышқылы, көмір қышқылы, сірке қышқылы, азот, эфир майы және өкпе рагіне ұшырататын әртүрлі радиоактивті элементтер (бензпирен, полоний, висмут, т.б.). Никотин ең улы. Салмағы 16-20 келі итке бір тамшы, жылқыға 7-8 тамшы никотин берсе, олар бір минуттың ішінде-ақ өліп қалады. Адамды да бір тамшы никотин сеспей қатырады. 1 тамшы никотин 10-12 тал темекіде болады. Тек темекі тартқанда адам ағзасы никотинді төте қаннан емес, тыныс жолымен қабылдайтындықтан адам бірден уланып өлмейді.

Мамандар темекіні тастау, никотинге деген құмарлық алкоголь мен наркотикке қарағанда оңай екендігін айтады. Тіпті бүгінде темекіні тастауға арналған медициналық көптеген препараттар шығарыла бастады, олар темекіге тәуелділіктен тез айығуға көмектеседі. Құмарлық ұстаған кезде ауызға салатын сағыз, конфеттерде шығарылуда. Дегенмен мұның ешқайсысы да адамның өз ерік-жігеріне сеніп әрекет етуіне жетпейді.

Ұлт болоашағын ойласақ, темекіні шектеу туралы заңдарымызды күшейтіп, жас ұрпаққа дұрыс тәлім-тәрбие, өнеге көрсетуіміз керек.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5345