Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
46 - сөз 8192 8 пікір 8 Қаңтар, 2019 сағат 15:30

Мирзоян туралы

Көріңде өкіргір Голощекиннен кейін билікке Сталин деген иттің баласы Мирзоянды аттандырғанын білеміз. Ақкөңіл қазақ, аңғал қазақ оны "Мырзажан" деп те атапты.

Сол Мирзоянды қатты ұлықтап, қызғыштай қоритын топтар бар. "Ол қазаққа мемлекеттік алып берді", "жазушылардың басын қосып, съезд өткізді", "театр ашты" және т.б.

1936 жылы республика статусын алғанымыз рас, бірақ оны алуға Мирзоянның үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Сталиннің саяси ойындағы шешімі солай болды. Бітті.

Театр ашқаны, жазушылар съезін өткізгені шындық. Бірақ сол театрда жұмыс атқаруға тиіс өнер майталмандарын, шындықты айтқан жазушылар мен зиялы қауымды қырып салғаны одан асып түсер ақиқат.

Сталин бастап, Ежов қостаған қан қасапта дәл осы Мирзоян қазақ зиялыларын атуға ерекше қатысқан-ды. Тіпті екі мәрте адам ату квотасын көбейтуді сұрап, құпия хат жазғаны бар.

Ол қазақтың зиялы қауымын қырып қана қоймай, қазақтың жер-су аттарын да тартып алмақ болды. Хан-Тәңірі шыңын "Мирзоян шыңы" деп өзгертті. Тараздың 1936-38 жылдары "Мирзоян" деп аталғаны тағы бар. Аудандар мен көшелер, колхоздар мен совхоздарды өз атымен атады.Сәл болмағанда Қазақстанды "Мирзоян" деп өзгертер ма еді, кім білсін. Жеке басқа табынуды қатырған еді. Тіпті ол ісіне Сталиннің өзі таңданған деседі.

Осындай әрекетке барған Мирзоянның атын өшірсек айып па?! Билік Мирзоян атындағы біраз көшені жойып, ескерткішін алып тастағанын білемін. Қос қолдап қолдаймын. Сондықтан армян басылымдары бұл тұлғаға қатысты өтірік байбалам көтермесін.

Асхат Қасенғалидың facebook парақшасынан

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048