Салтанат Байқошқарова: ДТҰ-дан «туған» қызымыз 15 жасқа толды
Денеден тыс ұрықтандыру (ДТҰ - ЭКО) әдісінің Қазақстанда қолданылып жүргеніне 15 жылдан асыпты. Біз бұдан бұрын да осы тақырып жайында сөз еткен едік (www.masa.kz/article/view/id/1449). Таяудағы министрлер кабинетінің отырысында соңы күлкіге айналған ДТҰ-ның біраз тұстары көпшілік қауымға әлі күнге түсініксіз болып келеді. Сол түсініксіз жайттың түйткілдерін тарату мақсатында Адам ұрпағын өрбіту институтының директоры Салтанат Байқошқарова ханымға Қазақстандағы ДТҰ әдісіне қатысты көкейде жүрген сұрақтарға жауап алған едік.
- Салтанат Берденқызы, Жасанды жолмен ұрықтандыру (бұдан былай ДТҰ) медицинада қай жылдан бастап қолданылып келе жатыр? Бұл әдіс Қазақстанға қашан келді?
Денеден тыс ұрықтандыру (ДТҰ - ЭКО) әдісінің Қазақстанда қолданылып жүргеніне 15 жылдан асыпты. Біз бұдан бұрын да осы тақырып жайында сөз еткен едік (www.masa.kz/article/view/id/1449). Таяудағы министрлер кабинетінің отырысында соңы күлкіге айналған ДТҰ-ның біраз тұстары көпшілік қауымға әлі күнге түсініксіз болып келеді. Сол түсініксіз жайттың түйткілдерін тарату мақсатында Адам ұрпағын өрбіту институтының директоры Салтанат Байқошқарова ханымға Қазақстандағы ДТҰ әдісіне қатысты көкейде жүрген сұрақтарға жауап алған едік.
- Салтанат Берденқызы, Жасанды жолмен ұрықтандыру (бұдан былай ДТҰ) медицинада қай жылдан бастап қолданылып келе жатыр? Бұл әдіс Қазақстанға қашан келді?
- Денеден тыс ұрықтандыру (адам ағзасынан тыс ұрықтандыру) әдісі дүниежүзінде сәтті қолданысқа енгеніне биыл 33 жыл болды. Мұны алғаш рет 1978 жылы Англияда сол кездегі қатардағы ғалым-биолог, қазіргі таңда профессор Роберт Эдвардс ойлап тапты. Алғашқы дүниеге келген cәби Кембридж университетінің лабороториясында пайда болған Лиза Браун жақында 33-ке толады. Күйеуге шығып, табиғи жолмен бала туып алды. Лизаның сіңлісі де осы әдіспен өмірге келген. Ал Ресейде алғашқы бала 1986 жылы дүниеге келді. Қазақстанда менің қолымнан Құдай қолдап,1996 жылы қыз бала дүниеге келді. Бұл істі 1995 жылы бастағанбыз, содан бері 16 жыл өтіпті. Тұңғыш ДТҰ нәтижесінде дүниеге келген қызымыз, құдай қаласа, биыл 15 жасқа толады.
- Елімізде ДТҰ коммерциялық жолға қойылған ба, әлде мемлекеттің қарауында ма?
- Мұны негізі коммерциялық жолға қойылған деп айтуға болмайды. Себебі, қазіргі таңда мемлекет те, мемлекеттік емес медициналық орталықтарда да бұл іспен айналысып жатыр. Қазақстан бойынша қазірдің өзінде ірілі-ұсақты 7-8 орталық бар. Соның екеуі - мемлекеттік, қалғандары - жекеменшік. Жұрт ДТҰ-ны коммерциялық жолға қойылған деп дұрыс түсінбей жүр. Осыдан ақша жасайды деп ойлайды. Негізінде ДТҰ әдісімен бала көтерудің мемлекеттік орталықта да, жекеменшік орталықта да құны бірдей. Үкіметтің өзі осы шаруаны қолға алғанына 2-ақ жыл болды. Ақысыз, яғни квотамен емделуге болады, мысалы, былтыр 100 әйелге квота берілді. Ал биыл 350 квота бөлініп отыр. Мемлекеттен бөлінген квота дәрі-дәрмегін қоса алғанда операция құны 675 000 теңгені құрап отыр. Біреу бірден жүкті болады, біреу бесінші реттен соң көтереді. Ол кәдімгі табиғи жүктілікпен бірдей құбылыс. Өйткені табиғи жүктілікте аналарымыз ай сайын көтере бермейді ғой. Қалыпты жастағы дені сау әйелдің табиғи жолмен бала көтеру қабілеті бір айда орта шамамен 15-20% ғана, 30 жаста - 10% , 40 жаста - 5 %. Бұл әдіс сол пайыздық көрсеткішті екі есеге дейін арттырады. ДТҰ-ны дені сау әйелдерге жасайды. ДТҰ бұдан арзан болуы мүмкін емес. Қазақстанда бұл әдіс ТМД елдерімен салыстырмалы түрде арзанырақ. Басқа мемлекеттерде ең кем дегенде екі есе қымбат. Жаңағы айтып отырған 675 000 теңге үкіметтің бір әйелге бөліп отырған ақшасы, ал ақылы түрде жасатса, одан 1,5-2 есе арзан - шамамен 300-350 мың, 400 мың теңгенің айналасында.
- Сонда мемлекеттік квотаға кімдер ілінеді? Оған қалай қол жеткізуге болады?
- Квота жергілікті денсаулық департаменттеріне таратылады. Әр облысқа, мысалы, былтыр 4-5 орыннан, биыл 15-20 орыннан бөлінді. Аймақтық ауруханалардың бас акушер гинекологтары әйелдердің жалпы денсаулық жағдайына қарай квотаның иесін анықтайды. Алдымен ерлі-зайыптылар Алматы немесе Астана қалаларындағы ана мен бала денсаулығын зерттеу институтынан тексеруден өтіп барып, рұқсат қағазын алады. Бірақ оның әуресі көп, өз қалтаңнан шығарып 100 000 теңгеге тексерілуі керек, ары-бері жол қаражатымен 200 000 теңге кетеді. Көпшілігі тексеруден өтіп, қайтып келген кезде квота таусылып кетеді. Осындай қиындықтар болып жатыр. Бәрі дұрыс, бәрі жөнге қойылған деп айту қате. Риза емес адамдар көп. Бұл әдісті Израиль ғана тегін жасайды, өйткені олар - өздерінің халқының санын көбейтуге мүдделі болып отырған ел.
- Елімізде ДТҰ-ға квота берудің басқа да қандай шарттары бар?
- Квота кез келген әйелге беріле бермейді. Жасына қарай 20-35 шамасындағы әйелдерге, оның үстіне әйелде де, еркекте де ұрық болуы керек. Әрине, үкімет ақшасын далаға шашқысы келмейді. Дені сау бала пайда болуы үшін ұрығы жақсы, жасырақ әйелдерді алған дұрыс. 40-тан асқан әйелдерде ондай нәтиже болмайды.
- Қазіргі кезде әйелдерде ғана емес, ер адамдар арасында «бедеулік» дұрысы - белсіздік жиі кездесіп жатыр, оның себебін қалай түсіндіресіз?
- Бедеулік еркектерде де жиі кездеседі, ол бұрын да болған. Дегенмен, көрсеткіш жылдан жылға ұлғайып келе жатыр. Ол тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл дүниежүзінде қалыптасып отырған жағдай. Оны экологиямен, адамдардың өмір сүру салтының өзгеруімен түсіндіруге болады.
- Ал, осы бедеуліктің алдын алу үшін маман ретінде қандай ақыл айтар едіңіз?
- Менің айтарым, адам денсаулығының 55 % -ы өмір сүру салтына байланысты, 25% -ы табиғи мүмкіндігіне байланысты, 20 % -ы ғана денсаулық сақтау мамандарының жұмысына байланысты. Адам бойындағы дерттің 80%-ы ішімдікке салынудан, суық тигізуден, дұрыс жүрмеуден, есірткіні пайдаланудан қалыптасады. Бізге келетін әйелдердің ішінде 70-80 % - ы бұрын жасанды жолмен түсік тастаған әйелдер. Сондықтан, кездейсоқ жыныстық қатынастан абай болу керек, ерте жыныстық қатынастан сақтану қажет. Алматы қаласында жастар жыныстық қатынасқа 12 жастан барады деген деректер бар. Бұл бұқаралық ақпарат құралдарының «сыйы». Толып жатқан музыкалық арналардың көрсететіні жартылай жалаңаштанып алып аймаласқан еркек пен әйел. Алдында бір мультфилмді қарап отырып, «но иногда хочется размножаться» деген сөздерді естіп қалдым. Тіпті қазір барлық нәрсе жыныстық қатынасты меңзейтін болыпты. Теледидар, интернет жастарды ерте жетілуге, жыныстық қатынасқа ерте түсуге итермелейді. Қазір жын-ойнақтың заманы болды ғой. Әлі буыны бекіп, белі қатпаған кішкентай балалар, жасөспірімдер жыныстық қатынасқа ерте барады, дәрі дәрмекті ерте ішеді, содан әртүрлі гармондық өзгерістерге ұшырайды. Әбден жатырлары сүрленіп, бойларына дәрі сіңіп алған. Өсе келе олар бедеу болмағанда кім бедеу болады? Сондықтан бедеулікке берілмеудің ең негізгі қағидасы - нәпсіні тыйып жүру.
Сұхбаттасқан
Эльмира Асқарқызы