Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3365 0 пікір 31 Мамыр, 2011 сағат 01:21

Нұра Матай. Батькамен орыс баспасөзінің ойыны келмесін

Қарап тұрсақ, құлдықтан құтылудың жолы көп екен. Тек ниет пен жігер һәм рух күшті болсын.  Орысқа бізден бір табан жақын түбі де, түрі де бір славян тектес Белорустің басшысы Лукашенко «орыс баспасөзінің ел аумағына таралуына тыйым салу қажет» деп отыр.  «Орыс баспасөзінің Белоруссия территориясында таралмауы үшін барды салып бағу керек», - дейді ол. Ал, іле-шала Ресей сыртқы істер министрлігі Лукашенконың бұл сөзіне «өкінішті-ақ» дей келіп, мәлімдеме екі ел арасындағы қарым-қатынасқа сызат түсіріп, бірлесе жүзеге асыруға тиісті келісімдерге кесірін тигізбесе қайтсін деп өз мүддесін өлермендікпен қорғап шыға келді. Әлбетте, ақпараттық бодандық және сол арқылы зор ықпалды ұстап келе жатқан бұрынғы бұртаналардан Ресей өлсе айырылғысы жоқ. Ресей: «Шіркін, бәрі Қазақстан сияқты айтқаныңнан шықпайтын момақан» болса екен деп тілейді.  Өйтетіні, Қазақстанның тәуелсіз ақпараттық саясаты жоқ. Жиырма жылдан бері. Жиырма жылдан бері дербес ақпараттық кеңістік қалыптастыру, оны дамыту туралы біздің елде сөз болып көрген емес. Тек қазақ баспасөзі жиырма жыл бойы талмай көтеріп келе жатқан мәселе демесеңіз. Егер Қазақстан Ресейдің ақпараттық отары емес деп өрекпісеңіз санға қараңыз: елдегі  8000-ға жуық бұқаралық ақпарат құралының 7551-і орыстілді, 453-і ғана қазақ тілінде екен.

Қарап тұрсақ, құлдықтан құтылудың жолы көп екен. Тек ниет пен жігер һәм рух күшті болсын.  Орысқа бізден бір табан жақын түбі де, түрі де бір славян тектес Белорустің басшысы Лукашенко «орыс баспасөзінің ел аумағына таралуына тыйым салу қажет» деп отыр.  «Орыс баспасөзінің Белоруссия территориясында таралмауы үшін барды салып бағу керек», - дейді ол. Ал, іле-шала Ресей сыртқы істер министрлігі Лукашенконың бұл сөзіне «өкінішті-ақ» дей келіп, мәлімдеме екі ел арасындағы қарым-қатынасқа сызат түсіріп, бірлесе жүзеге асыруға тиісті келісімдерге кесірін тигізбесе қайтсін деп өз мүддесін өлермендікпен қорғап шыға келді. Әлбетте, ақпараттық бодандық және сол арқылы зор ықпалды ұстап келе жатқан бұрынғы бұртаналардан Ресей өлсе айырылғысы жоқ. Ресей: «Шіркін, бәрі Қазақстан сияқты айтқаныңнан шықпайтын момақан» болса екен деп тілейді.  Өйтетіні, Қазақстанның тәуелсіз ақпараттық саясаты жоқ. Жиырма жылдан бері. Жиырма жылдан бері дербес ақпараттық кеңістік қалыптастыру, оны дамыту туралы біздің елде сөз болып көрген емес. Тек қазақ баспасөзі жиырма жыл бойы талмай көтеріп келе жатқан мәселе демесеңіз. Егер Қазақстан Ресейдің ақпараттық отары емес деп өрекпісеңіз санға қараңыз: елдегі  8000-ға жуық бұқаралық ақпарат құралының 7551-і орыстілді, 453-і ғана қазақ тілінде екен. Ресей газеттері мен журналдары негізі атауына «Казахстан» деген сөзді жалғап қана біздің көпес үкіметтің бюджетінен қазақ баспасөзінің түсіне кірмеген қаражат алып, орыс мүддесін жүргізіп жатса, оған таңқалмаңыз. Бәрі де мәңгілік достық үшін! Ақпараттық қауіпсіздік деген өзекті, мемлекеттік маңызы бар мәселе жөнінде бұдан кейін бірдеме деу ұят. Себебі, дербес ақпараттық кеңістігін қалыптастыра алмай отырған биліктен қандай ақпараттық қауіпсіздікті талап етесіз? Ресейдің ел аумағында түгелдей тарайтын телеарнасы мен радиосын, газетін, журналдарын айтпаған күннің өзінде біздегі санаулы отандық арналардың өзі орыс телеарнасының көшірмесіне айналғанын таяқты әліп деп танымайтын жанның өзі жатқа айтады. Мысалы, КТК арнасы орыс хабарларының көшірмесімен, орыс фильмдерін күні-түні көрсету арқылы Ресейдің  ақпараттық отарлау саясатын ашық түрде қолдайды, соған жұмыс істейді. Ұлттық арна деген атауы бар «Қазақстан» арнасы да орыс бағдармаларының қазақша нұсқасын жаңа әлем ашқандай етіп көрсетеді. Ендеше, ұлттық арна да Ресейдің ақпараттық отарлауына кет әрі емес. Бұл бер жағы. Кешке телевизорды қосып, әр арнаны жіті қарап шықсаңыз, көзіңіз одан сайын бақырайды. Бұл телеарна басшыларының құлдық санасынан шығар десең, олар үкіметке сілтейді. Айналып келгенде бәрінікі -  мансап пен бас айналар байлық үшін бүтін елді  Ресейдің ақпараттық көгеніне байлап беріп отыр. Есілдің сол жағалауы есінеумен келеді. Ол жақ Ресей деп ән салады, Ресей деп би билейді. Тек қазақ журналистері ғана «Қазақстан  Ресейдің ақпараттық отарына айналып бітті» деп зарлаумен келеді. Амал не, қазақтың асын ішіп, жерін басып, билігін жүргізіп отырғанымен орысша ойлап, орысша түс көріп, әлемді, болашақты Кремль арқылы ғана көруге әдеттенген билік мұны мәселе деп қарамайды. Нәлет біздің жүріске!

Біздің Ақорда ішіндегі ақ жағалы ұлықтардан бастап министрлерге дейін Ресейдің баспасөзімен есептестіп, турасына көшсек қорқып отырады. Ал, былайғы кезде ресейшіл, славяншыл болып көрінетін Беларусь басшысы болса орыс баспасөзін ел аумағынан айдап шықпақ ниетте. Дұрыс оныкі. Қысқасы, орыс баспасөзінің батькамен ойыны келмесін!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5286