Жексенбі, 24 Қараша 2024
3178 0 пікір 14 Ақпан, 2019 сағат 15:21

Елбасы жолдауы – маман даярлаудағы бағыт-бағдарымыз

Жоғары білім беру жүйесінің түбегейлі жаңартылуының басты  мақсаты - жаңа әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге  бейімдеу. Білім беру саласындағы үздік әлемдік тәжірибелерге сай келетін жоғары білім сапасының жоғары деңгейіне қол жеткізу,  «өмір бойы білім алу» жүйесін жүзеге асыру,  жас ұрпақ  бойында белсенді азаматтық ұстаным мен отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік, көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру, жоғары білімнің еуропалық аймағына бірігуді және білім, ғылым, өндірістің бірігуін қамтамасыз ету, бейіндік мектептер үшін мұғалімдерді мақсатты даярлауға басымдық беру жоғары білім беру жүйесінің басты бағыттары болып табылады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында жоғары білім беру жүйесіне қатысты  ЖОО-да білім беру сапасын арттыру қажеттігіне, жоғары оқу орындарынан сапалы білім беру қолжетімдігін қамтамасыз ететін білім ордаларының іріктелуі қажеттігін, осымен байланысты жоғары оқу орындарын ірілендіру саясатын жүргізу қажеттіге баса мән беріледі. Елбасы: «Нарықта жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз ететіндері ғана қалуға тиіс. Назарбаев Университетінің тәжірибесіне сүйеніп, үздік шетелдік топ-менеджерлерді жұмысқа тарту арқылы әлемнің жетекші университеттерімен әріптестік орнату маңызды»,  ал «Жоғары оқу орнының табыстылығын бағалаудың басты өлшемі  түлектердің жұмыспен қамтылуы мен жалақысы жоғары жұмысқа орналасуы» -деп атап айтады.

Жолдауда «Педагогтардың мәртебесі» туралы Заң қабылданатыны туралы  мәселенің көтерілуі  қоғамымызда  ұстаздың беделі артуы жолыңдағы маңызды қадам болып есептеледі. Осы тұста педагог маман даярлайтын ЖОО-ның басты міндеті   - жаһандық бәсекеге қабілетті маман даярлау. Елбасы «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» атты стратегиялық мақаласында: «Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін. Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында. Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы», - деп көрсетті.

«Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жас­тары­мыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді», - деп ойын қорытады.

Қазақстанның білім берудегі басты мақсаты - көшбасы мемлекеттердің қатарындағы елдердің білім беру жүйесіне кірігу. «Қазақстан-2050» Стратегиясы,  «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам»,  «ҚР Білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» жоғары білім беру жүйесінің мақсаты адами капиталды дамыту және ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыру, ЖОО-ларды жоспарлы түрде автономды басқару жүйесіне көшіру мәселелері қарастырылған.

Бәсеке үдерісінде адам ресурсын сапалы дамытудың маңызы өте зор, сондықтан нарықтық экономикаға бейімделген бәсекеге қабілетті, жаңа заманда жаңаша ойлайтын, кәсіби құзыретті жеке тұлғаны дайындау шарт. Жоғары мектепте білім беру мазмұнының негіздері қоғам дамуы заңдылықтарына сәйкес өмірмен тығыз байланыста болуымен, оқыту үдерісінің педагогикалық ынтымақтастыққа құрылып, ізгілік сипат алуымен, білімнің жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға бағытталуымен сипатталады, яғни білім мазмұны қоғам мұқтажын өтеп, қоғам дамуымен біте қайнасуы қажет.

Республика үшін жоғары білікті педагог маман даярлауда 75 жылға таяу тағылымды тарихы бар Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық  университетінің  қосқан үлесі зор. Оның ішінде университет құрылғалы іргесі қаланған ірі факультеттердің бірі – Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультеті.  Қазақ филологиясы әлем тілдері факультетінде 100-ден астам профессор-оқытушылар табысты қызмет етуде.

Университетіміздің ректоры, п.ғ.д., профессор Г.Т.Алдамбергенова атап көрсеткендей, білім ордамыздың «басты ерекшелігі ретінде білім беруде халқымыздың ұлттық құндылықтарын басшылыққа алу», осыған орай,  «тағылымға толы іс-шаралар арқылы қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін дәріптеп, қаракөз қыздарды құндылықтар мен ізгі қасиеттерге баулып, ар тазалығын жоғары ұстайтын тұлға, қоғам қажеттілігін қанағаттандыратын ұстаз маман дайындауды мақсат ету».

Қазіргі кезеңде факультет «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс тілі мен әдебиеті», «Шетел тілі: екі шетел тілі», «Қазақ тілін оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс тілін оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті», «Филология», «Аударма ісі» мамандықтары бойынша бакалаврлар, «Қазақ тілі мен әдебиет», «Шетел тілі: екі шетел тілі», «Қазақ тілін оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс тілін оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті», «Филология» мамандықтары бойынша магистрлер, «Филология» және «Қазақ тілі мен әдебиеті»  мамандықтары бойынша PhD  докторларын даярлайды.

Білікті маман даярлау – жоғары мектептің біртұтас  құрамдас бөлігі, оның негізгі субъектісі ЖОО оқытушысы болып табылады. Факультет оқытушыларына   әлеуметтік-кәсіби топтардың бірі ретінде қоғамдық екі маңызды міндет жүктелген: қоғам мен өркениет мұрасын сақтап, қорғау және дамыту, тұлғаның белгілі бір қалыптасу кезеңіндегі әлеуметтенуіне үлес қосуы. Оқытушыларға  қойылатын талап  өте ауқымды, осымен байланысты  оның атқаратын қызметі де көпқырлы. Оның ең маңыздысы – өз ісіне қалтқысыз қызмет қағидасын жүзеге асыруы, өз ісіне берілгендігі. Осы қасиеті арқылы оқытушының студент алдында абырой-беделі артатыны белгілі. Ал оқытушы беделі студенттің табысты оқып, жетістіктерге жетіп, жеке тұлға болып қалыптасуына ықпалы зор. Оқытушы мен студент арасындағы өзара сенім, ынтымақтастық студенттің шығармашылық ойлауы мен тұрақты оқу-танымдық уәжінің, кәсіби құзыреттілігінің қалыптасуына мүмкіндік береді. Факультеттің білікті профессор-оқытушы құрамы  болашақ маман даярлау үдерісінде білім мазмұнын кәсіби бағдар беруге сәйкестендіріп, оқытудың жаңа формалары мен оқытудың жаңа технологиялары негізінде студенттердің білім алуға ынта-ықыласын оятып, білікті маман болуға, білімді саналы да берік игеруге барлық мүмкіндіктерді жасауда, дәріс оқуда, кеңес беруде, өздік жұмыстарын орындауда студентің өмірлік құндылықтарын қалыптастыруға, оның мәдениеті мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға барынша ықпал етуде. Оқытушылар оқыту үрдісінде  тәрбие аспектісін де өзінің басты міндеті ретінде қарастырады. Оған дәлел – факультеттегі эдвайзерлер мен оқытушылардың студенттермен бірге өткізетін тәрбиелік маңызы зор іс-шаралар.

ЖОО-да маман даярлау ісіне қойылатын жаңаша талаптар, негізінен, халықаралық талаптарға сәйкес әзірленген білім беру бағдарламаларына сәйкес болашақ мұғалімнің қоғамдағы әлеуметтік белсенділігін арттыру, маманның жалпы педагогикалық, әдіскерлік даярлығын қалыптастыру, өз бетінше білім алуға тәрбиелеу, педагогикалық шеберлігін үздіксіз арттырып отыру іскерлігін қалыптастыру. Осы тұрғысынан  факультет кафедралары мен Алматы қаласындағы жалып білім беретін мектептермен қатар,   мектеп-гимназиялар, Назарбаев Зияткерлік  мектебі, педагогтік колледждер секілді білім беру мекемелері арасында келісімшарт жасалып, байланыс орнатылған. Бұл білім алушылылардың теориялық білімін тәжірибеде жүзеге асуына мүмкіндік береді.

Факультеттегі қосымша білім бағдарламалары бойынша болашақ филологтар  аудармашы, журналист, құжаттанушы т.б. мамандықтарын да игеріп, мемлекеттік үлгідегі сертификаттарға иеленеді.

Жалпы, оқыту үдерісін оқу іс-әрекеті деп танысақ, ол - оқытушының ұйымдастырушы, нұсқаушы, бағыттаушы, жанашыр ретіндегі басқару әрекеті мен студенттің білімді ұғуы, түсінуі, ой қорытындысын жасауы, тұжырымы және жүзеге асыра білу іскерлігі, дағдысы, яғни белсенді, саналы тұтастықтағы, оқу әрекеті. Болашақ маманның кәсіби-әдістемелік даярлығын қалыптастыру үшін өзі таңдаған мамандығына сәйкес  арнайы ғылыми пәндерден терең, жан-жақты білімі болумен қатар, білім беру саласындағы негізгі құжаттарды, Мемлекеттік білім беру стандарты, оқу жоспары, бағдарлама, оқулық, оқу-әдістемелік құрал, ғылыми әдебиеттерді, озық тәжірибелерді меңгеруі қажет, сондай-ақ білім берудің халықаралық стандартқа бағытталған  кеңістігінде көптілді тұлға болуға талпынуы қажет. Осыған орай талапты студенттер тәжірибелі оқытушылар ұйымдастырған «Жас әдіскер», «Ізденіс», «Інжу маржан», «Назқоңыр», «Үміт», «Иранист» танымдық клубы, «Сөз зергері», «Мастерская филолога», «English club»  ғылыми-әдістемелік үйірмелерінде білімдерін толықтыруға мүмкіндіктері бар.

Факультеттегі халықаралық байланыс даму үстінде. Оқытушылар әлемнің, атап айтқанда,  АҚШ, Қытай, Франция, Германия,  Түркия, Үндістан, Малайзия секілді мемлекеттердің белгілі жоғары оқу орындарында ғылыми тағылымдамалардан өтіп, үнемі  біліктілігін көтеріп отырады.

Факультеттегі арнайы мамандандырылған кабинеттердің (А.Байтұрсынұлы атындағы зертхана, профессор Ә.Құрышжанов атындағы түркітану кабинеті, С.Исаев атындағы және профессор З.Ахметов атындағы ғылыми-әдістемелік кабинеттер, «Латын әліпбиі», орталығы, Парсы тілі, Түрік тілі, Қытай тілі, Әдебиеттануға  арналған т.б. кабинеттердің білім алушылардың игілігіне ашылуында факультет оқытушыларының үлесі зор.

Қорыта айтқанда, Елбасының көздеген мақсаттарына сәйкес еліміздегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістерде табысты әрекет ете алатын кәсіби құзыреттілігі қалыптасқан болашақ маманның қалыптасуында ЖОО мектеп оқытушыларының маңызды рөл атқаратынын, сондықтан қоғамдағы  оның мәртебесін  арттыру басты міндеттердің бірі екендігін баса айтқымыз келеді.

Жанар ҚИЫНОВА, ф.ғ.д., профессор,

ҚазМемҚызПУ Қазақ филологиясы және

әлем тілдері факультетінің деканы,

Жарқынбике СҮЛЕЙМЕНОВА,

Қазақ тіл білімі теориясы мен әдістемесі

кафедрасының профессоры, п.ғ.д.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1498
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3268
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5644