Жексенбі, 29 Желтоқсан 2024
Дін мен тін 4967 8 пікір 17 Сәуір, 2019 сағат 09:52

Мемлекеттің дін саласындағы саясатын қолдау керек

Қазіргі алмағайып заманда әр мемлекеттің дін саласындағы саясатын тиімді жүргізуі ел тыныштығының тұрақты кепілі саналады. Дін мен мемлекет заңды тұрғыдан бөлінгенімен, елімізде өмір сүріп жатқан азаматтар діни ғұрыптарын еркін өтеуде. Мемлекетіміздің дін саласындағы саясаты дегеніміз Кеңес өкіметіндегі дінсіздендіру режимі емес, керісінше неше түрлі діни сенімдер мен ғибдат ерекшеліктеріне қарамастан татулықта, келісімде өмір сүруін нығайту болмақ.

Қайсы мемлекетті алып қарасақ та діннің өзекті мәселе екенін көруге болады. Оған себепте жоқ емес. Мәселен 2019 жылдың 15 наурызында мұсылмандар үшін қасиетті саналатын жұма күні Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласында теракт болып, 49 адам қаза тауып, тағы сонша тұрғын жарақат алғанына бүкіл әлем куә болды. Бұл оқиға мұсылмандар мен христиан діндері арасында сызат түсе жаздағанын ескерген жөн. Сондай-ақ, Сириядаға мұсылмандар мұсылмандарға қарсы соғысып бір-бірінің жазықсыз қанын діни себеппен төгуде. Осындай қайғылы жағдайды болдырмас үшін, қазақ қоғамында радикалдық идеяны азайту мақсатында мемлекет тарапынан бағдарламалар жасалынып, жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, Тұңғыш президент  Елбасы Н.Назарбаевтің жарлығымен Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілген. Осы тұжырымдаманың негізінде халқымыздың дін саласындағы мемлекеттік саясаттын қолдауының деңгейі 2020 жылы 90%-ға, мемлекеттің зайырлы даму қағидаттарын қолдауының өсу деңгейі 2020 жылы 63%-ға, діни экстремизм мен оның деструктивті идеологиясына қарсы іс-қимыл туралы хабардар болуының деңгейі 2020 жылы 78%-ды құрауы тиіс.

Осы бағдарлама тәрізді Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілген. Бұл бағдарламаның мақсаты діни экстремизмнің зорлық-зомбылық көріністері мен терроризм қауіптерін адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Бағдарламаға сәйкес 2022 жылы діни алауыздықты немесе араздықты тудыруға бағытталған экстремистік идеяларды жақтайтын адамдар санын 65%-ға дейін азайту көзделуде. Аталған мақсатқа жету үшін Жамбыл облысында дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері діни құндылықтарды қазақтың мұсылмандық дүниетанымына  сәйкес жүргізіп келеді. Сондай-ақ, елімізде заңды тіркеуден өткен 18 конфессиялардың діни сенімін кемсітуіне жол берілмеуін ескеру жөн болады. Себебі әр конфессияның артында әлемде миллиондаған жақтаушылары кездеседі. Әр жақтаушы азаматтың діни сенімі өзі үшін қасиетті болып саналғандықтан, осындай нәзік мәселені ескере отырып, діни алауыздықты турдырмас үшін жалпы адамзаттық құндылықтарды насихаттаған ел бірлігі мен татулығы үшін жемісті болмақ.

Осы саясатты жеткізу мақсатында Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» дінтанушы, теолог мамандары тарапынан жастарға, оқушыларға, жұмыссыздарға және шетелден оралған қандастарға әр түрлі форматта кездесулер өткізіп діннің ең басты қазынасы адам және оның өмірін сақтау керектігі туралы насихаттар жүргізілуде. Қоғамдағы қарым-қатынасты реттеу мақсатында ең әуелі адам өзіңді рухани тәрбиеге, имандылыққа баулу керек. Сонда ғана жеке адам түзелсе, қоғам да түзеледі. Бұл дегеніміз елімізде тұрып жатқан жүз отыздан аса ұлттар өздеріне тән болмысын сақтап, татулықта өмір сүру деген сөз. Төле би бабамыздың әкесі, Әнет баба Кішікұлы айтпақшы «Бақ қайда барасың, ынтымаққа барамын» дегендей ынтымағымыз жарасу үшін мемлекетіміздің дін саласындағы саясатын қолдау маңызды деп білемін.

Ерзат Жасқанбайұлы Жақыпов, Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» бөлім басшысы 

Abai.kz

 

 

8 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2092