Сенбі, 23 Қараша 2024
3355 0 пікір 20 Сәуір, 2019 сағат 09:26

Төрт негізгі партиялық жоба талқыланды

Халықтың әлеуметтік жағдайын ел билігі ең негізгі назарда ұстап отыр деп сеніммен айта аламыз. Себебі, бірінен-кейін қабылданған әлеуметтік бағдарламалар мен бастамалар ел халқының тұрмыс өресін өсіру үшін үлкен үлес қосуда. Бұл тұрғыда Елбасының атақты "Бес ірі бастамасының" өзі неге тұрады. Осындай бағдарламалардың арқасында Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайы жылдан-жылға жақсарып келеді.

Бұл тұрғыда елдегі бас партия - «Nur Otan» партиясының алар орны ерекше. Шынын айту керек, біздің елде «Nur Otan» партиясы қолға алған істердің оң шешім таппағаны жоқ. Атқарылған осынша көп істің бәрі де халықтың игілігі үшін екені тағы анық. Біз бұл сөздерді бос мақтан үшін, ел ағалары ұйтқы болып, іске асырған маңызды жұмыстарын елге жеткізу мақсатында жазып отырмыз. Ақпарат құралдарының басты міндеті де осы емес пе?!

Мемлекет тарапынан талай жақсы бағдарлама жасалды деп жатырмыз, сол секілді «Nur Otan» партиясы ұсынған игі бастамалар да аз емес. Мәселен «Бақытты отбасы, «Халыққа көмек», «Ауыл ел бесігі» және «Құтты мекен» атты төрт негізгі партиялық жоба дәл қазіргі таңда өзекті болып тұрған әлеуметтік жағдайларды шешуге бағытталған. Бәріміз білетіндей, кезектен тыс президенттік сайлауға байланысты жақын арада партияның кезектен тыс съезі өтеді. Осы жиналыс жақындаған тұста Көкшетау қаласында бастауыш партия ұймының отырсы өтті. «Гормолзавод» ЖШС-нде өткен кездесу барысында делегаттар партияның жоғарда біз сөз еткен негізгі партиялық жобаларды талқылады.

Айта кетерлігі, «Гормолзавод» бастауыш партия ұйымының құрылғанына көп болған жоқ. Алайда жалындап тұрған жас жетекшілерінің арқасында бұл бапсауыш партия ұйымы өте ауқымды шаруаларды тындыруда. Тіпті елдегі партия бөлімшелерінің үздіктер тізімін толтып жүр. Бүгін өтіп отырған жиналыс та осы сөзіміді дәлелдей түссе керек.

Ақпан айында өткен «Nur Otan» партиясының кезекті съезінде еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел халқының әлеуметтік жағдайын барынша көтеруді тапсырған болатын. Дәл сол жиналыста еліміздегі көп балалы және аз қамтылған отбасылар үшін арнайы әлеметтік бағдарламалар жасауды тапсырды. Әрі көпбалалы аналарға берілетін әлеуметтік көмектің көлемін ай сайын әр балаға 21 мың теңгеге жеткізуді міндеттекен. Міне осындай игі шаралардың арқасында елімідегі төрт мыңнан аса көп балалы отбасылардың әлеуметтік жағдайында оң өзгерістер орын алды.

Елбасының бастамасына үн қосқан Үкімет аталған жұмыстармен қызу айналысып жатқанын бәріміз білеміз. Тіпті Премьер министрдің өзі де, орнбасарлары да облыстарды аралап халықтың жағдайымен танысып шықты. Әр облыстың, қаланың әкімдері көмекке мұқтаж аналармен жолығып, әлеуметтік көмек беруге шындап кірісіп кеткенін көз көріп отыр.

Біз бұл ретте «Nur Otan» партиясы ұсынып отырған «Бақытты отбасы», «Халыққа көмек», «Ауыл ел бесігі» және «Құтты мекен» атты 4 негізгі партиялық жобаның артықшылығын айта кетуге тиістіміз. Жиналыс барысында төрт негізгі партиялық жобасының әр қайсына жеке –жеке тоқталып, талқыланды.

Бұл бағдарламалардың қай-қайсысын алып қарасақ та халықтың әл-аухатын жақсарту үшін жасалғанын байқайсыз. Осы бағдарламалар арқылы кез-келген көмекке мұқтаж отбасы үй алып, жағдайын түзеуге мүмкіндігі бар. Мәселен, «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдауға үлкен мүмкіндік бар. Аталған бағдарлама аясында жеңілдетілген ипотека, қайта оқыту және жұмысқа орналастыру, шәкіртақылар мен тегін балабақшалар қатмылады. Сонымен қатар, жергілікті бюджеттен бір жолғы төлемдер көлемін арттыру да көзделген.

Ал «Халыққа көмек» партиялық жобасының мақсаты да көп балалы отбасылар мен жағдайы төмен жанұяларға көмек қолын созып, демеушілік жасау. Сонымен қатар, бұл бағдарлама да тұрғындарды жұмыспен қамту мәселесін шешу мәселесімен айналысады.

Осы бағдарлама аясында өңірлерде атқарылып жатқан істер аз емес. Жақында «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің сарапшысы Гүлзихан Тасқымбаева сол өңірде қолға алынған жобалармен таныстырды. «Халыққа көмек бірыңғай әлеуметтік терезе» жобасы аяында, қоғамдық қабылдауға келген әйелдер қауымының жұмысын жеңілдету үшін көп жұмыс атқарылып жатқанын айтты. Оның айтуынша, қоғамдық қабылдауға келетіндердің көбі әйел адамдар. Қоғамдық қабылдау кеңсесіндегі қызметкерлер бұл адамдарға кеңес беріп қана қойма, атаулы әлеуметтік көмек, мүгедектікті анықтау, жұмысқа тұру, тұрақты баспана жоқтығына орай тіркеу мәселесі бойынша өз көмектерін ұсынады.

Біз сөз етіп отырған тағы бір тамаша бағдарлама - «Құтты мекен». Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасмен қолға алынған бұл жобаның мақсаты да қарапайым халықтың тұрмыс өресін көтеру. Қазақтың қадым заннан бергі құтты қонысы ауылдарды жағдайын жақсарту. Өңірлердегі инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуды басты назарда ұстау керек.

«Ауыл ел бесігі» бағдарламасы ауылды жерлердің жағдайын көтеру үшін жасалған болатын. Ауыл қашаннан бері қарапайым қазақтың алтын бесігі болып келді. Бұл ауылдар бүгінгі күнде де өз өзектілігін  жоғалытқан жоқ. Шынын айтқанда, қазіргі таңда көп ауыл қаңырап бос қалудың алдында тұр. Ауылдағы жастар жұмыстың жоқтығынан өзге қалаларға жұмыс іздеп кеткен. Содан ауылдың көне күйін өзгерткісі келетін адамдар азайған. Көп халық барға қанағат етіп күн көруге мәжбүр. Алайда мемлекет ұсынған "Ауыл ел бесігі" жобасы осы олқылықтың орнын толтыруға ат салысып жатыр.

Нақты мысалмен айта кетер болсақ, биыл жыл басындағы санақ бойынша «Ауыл – ел бесігі» арнайы мемлекеттік жобасы аясында қолдауға мұқтаж 1500 елді мекен анықталған. Осындай ауылды жерлерге әр жыл сайын 30 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінетін болады. Осы бойынша есептегенде,  үш жыл ішінде қаржыландыру көлемі 90 млрд теңгені құрайтын болады. Бұл қаржылар аталған ауылды жерлердің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарын, сонымен қатар әлеуметтік нысандарды жоғары деңгейде дамыту үшін жұмсалады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407