Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3872 0 пікір 14 Шілде, 2011 сағат 07:29

Думан РАМАЗАН. Жан

Әңгiме
Адам адамға, жан денеге қонақ.  Халық нақылы

Жастайынан атын естiп, шығарма­ларын жата-жастана оқып өскен жазушы ағасы кейiнгi кездерi күндiз есiнен, түнде түсiнен шықпайтын болды. Екеуi бiр ауылдан. Ол орта мектептi бiтiрi­сiмен арман қуып Алматыға аттанып, оқуға түсiп, оны үздiк тәмамдағаннан кейiн бiлдей бiр баспаға редакторлық қызметке орна­ласып, дәм-тұз бұйырып, астанада тұрақтап қалып қойған.
Сынаптай сырғыған уақытпен бiрге жасы да ұлғайып, қызметi де өсiп, мәртебесi жоғарылай бердi. Содан өмi­рiнiң соңына дейiн осы әсем шаһарда тiршiлiк етiп, мәндi де мағы­налы ғұмыр кештi. Ырыздық-несiбесiн есе­леп, пешенесiне жазылған дүние­нiң бар қызық-шыжығын басынан өткердi.
Шаңырақ көтердi, бала сүй­дi, немере көрдi. Жалынды шығармаларын да осында жаз­ды. Ақ-адал еңбегiнiң арқа­сында атақтың да бал дәмiн татып, даңқ тұғырына көтерiлдi. Мем­ле­кеттiк сыйлық алды, халық жазу­шысы атанды. Кешегi бiр тал шыбықты ат қып мiнген ауылдың қарадомалақ баласы араға жылдар салып елiне елеулi, халқына қалаулы, қайталанбас дара тұлғаға айналды.

Әңгiме
Адам адамға, жан денеге қонақ.  Халық нақылы

Жастайынан атын естiп, шығарма­ларын жата-жастана оқып өскен жазушы ағасы кейiнгi кездерi күндiз есiнен, түнде түсiнен шықпайтын болды. Екеуi бiр ауылдан. Ол орта мектептi бiтiрi­сiмен арман қуып Алматыға аттанып, оқуға түсiп, оны үздiк тәмамдағаннан кейiн бiлдей бiр баспаға редакторлық қызметке орна­ласып, дәм-тұз бұйырып, астанада тұрақтап қалып қойған.
Сынаптай сырғыған уақытпен бiрге жасы да ұлғайып, қызметi де өсiп, мәртебесi жоғарылай бердi. Содан өмi­рiнiң соңына дейiн осы әсем шаһарда тiршiлiк етiп, мәндi де мағы­налы ғұмыр кештi. Ырыздық-несiбесiн есе­леп, пешенесiне жазылған дүние­нiң бар қызық-шыжығын басынан өткердi.
Шаңырақ көтердi, бала сүй­дi, немере көрдi. Жалынды шығармаларын да осында жаз­ды. Ақ-адал еңбегiнiң арқа­сында атақтың да бал дәмiн татып, даңқ тұғырына көтерiлдi. Мем­ле­кеттiк сыйлық алды, халық жазу­шысы атанды. Кешегi бiр тал шыбықты ат қып мiнген ауылдың қарадомалақ баласы араға жылдар салып елiне елеулi, халқына қалаулы, қайталанбас дара тұлғаға айналды.
Бiр таңғаларлығы, қарымды қалам­гер қайтыс боларынан аз-ақ күн бұрын бұның әке-ше­шесiнiң түсiне кiрiп, бiр кескiн-кейiпте көрiнiптi. Маңдайында күндей жарқыраған алтын жұлдыз бар екен дейдi. Соны өз қолымен жұлып алып, бұлардың алақанына салып кетiптi. Үлкендер жағы оны жақсылық­қа жорып, әрдайым мақтанышпен айтып отыратын. Содан жылдар бойы бала көтере алмай жүрген шешесiнiң аяғы ауырлап, тоғыз ай, тоғыз күннен кейiн дүниеге бұл келiптi. Ата-анасы сол бiр жақсы түстi естерiне алысып, “€мiрде жұлдызы жансын!” деген ырыммен есiмiн Жұлдызжан қойыпты.
Жұлдызжан жазушының көзiн көрген жоқ. Бұл шыр етiп жарық жал­ған­ның есiгiн ашқан жылы сыршыл суреткер о дүниеге аттанып кете бар­ған. Бiрақ ауылдастарынан есiмiн жиi естiп, кiтаптарын құныға оқыды. Қалам­гер жайлы неше түрлi әңгiмелерге жасынан қанығып, көп жайтты көңiлiне тоқып өстi. Көркем шығармаларында баяндалатын кейбiр оқиғалар осы маңда өткендiктен, ондағы суретте­летiн кейiпкерлердiң басым көпшiлiгi сол ауылдың көзi тiрi тұрғындары болатын. Сол себептi де жарық көрген әр туындысы ауылдастар арасында қызу тал­қыға түсiп, үнемi талас-тартыс тудырып жататын. “Жа­зу­шы болсам!” деген аңсар-арманын оятқан да сол ағасының әдеби еңбек­терi едi. “Ауылда туып та осындай әйгiлi жазушы болуға болады екен-ау!” – деп алғаш ой түйген. Сол бiр бала кезден кеудесiне ұя салған қиял құсының жетегiмен мектептi бiтiре сала Алматыға жол тартқан. Құдай қолдап, сапары сәттi болды. Ағаның салған iзi адастырған жоқ, алғашқы асуынан алқынбай асты. Қабылдау сынақтары­нан сүрiнбей өтiп, студент атанды.
Оқуға түсе сала сол өзi пiр тұтқан суреткердiң мұражай-үйiне баруға асыққан. Тұрған пәтерiн, тұтынған заттарын көргiсi келген. Сабақтан қолы босамай, кешеуiлдете берген. Соның сәтi бүгiн түскен сияқты.
Қаланың қақ ортасындағы бес қабатты сары үйдiң алдына келгенде азырақ аялдап, жан-жағына бағдарлай көз тастады. Тұңғыш рет жолы түсiп тұрса да, бұрын көрген, талай келген жерi сияқты. Үй де көзiне оттай басылды. Тiптi ешкiмнен сұра­май-ақ үшiншi қабаттағы мұ­ражай орналасқан пәтердi де дәл тауып кiрдi. Еркiнен тыс бiр тылсым күш жетелеп әкел­гендей. Табалдырықтан атта­ғаны сол едi, алдынан ақша бет, аққу мойын сұлу бикеш сылаңдап шыға келдi.
– Сәлеметсiз бе? – Именшiк­тей басып iшке кiрдi.
– Амансыз ба? – дедi қыз жылы жүзбен. – Мұражайды тамаша­лауға келдiңiз бе?
– Иә, – дедi сұлуға сұқтана қарап. – Әдемi екенсiз!
– Ой, рақмет! – Көзi күлiмдеп кеттi. – Жүрiңiз!
Ол аяғын ақырын басып, ар­тынан iлестi.
– Мыналар жазушы өмiрiнен сыр шертер суреттер, – дедi қыз кiре берiстегi қабырғаға iлiнген фотосу­реттердi көрсетiп. – Мiне, мынау – жазушының туған үйi...
– Бiлем!
– Бұрын келiп пе едiңiз?
– Жоқ, алғаш рет.
– Онда қайдан бiлесiз?
– Мен сол ауылда туып-өскем. Бұл үйде бертiнге дейiн жазушы­ның iнiсi тұрған. Кейiннен бұзып тастады.
– Кiм?
– Ауылдағы бiр кәсiпкер бiр жыл­қыға сатып алды да, жермен-жексен қылып қиратып, керек-жарақтарын бас­қа бiр құрылысқа пайдаланды. Ал iнiсi көршi ауылға көшiп кеттi.
– Жазушы жайлы жақсы бiлетiн сияқ­тысыз ғой?!
– Иә, бiр кiсiдей бiлемiн! – Бойын мақтаныш сезiмi биледi.
– Олай болса сiзге айтып түсiндiрудiң қажетi жоқ шығар? Мүмкiн өзiңiз көре берерсiз?!
– Жоқ, мен мұнда бiрiншi рет келiп тұрмын. Сондықтан кейбiр жайларды айтып түсiндiргенiңiз артық болмас. Әрi жауабын таба алмай жүрген сауал­дарым да бар.
– Онда жақсы. Мынау – ас үй, – дедi алғашқы бөлмеге кiре берiп, – осындағы дүние-мүлiктiң бәрi бәз-баяғы қалпында тұр. Ештеңе өзгертiлген, жаңартылған жоқ!
Кенет ас үстелiне зер сала қарай берiп едi, көз алдына оны жағалай жайғаса тамақ iшiп отырған жазушының отбасы елестеп кеттi. €зi, жұ­байы, ұлы мен қызы емен-жарқын шүйiрке­лесiп отыр. Бұл көрiнiс жарқ-жұрқ еткен найзағайдың жарқылынан пайда болғандай қасқағым сәтте елес бердi де, жоқ болды. Жұл­дызжан не болғанын өзi де түсiне алмады, бiрақ ештеңе сездiргiсi келмедi.
– Сiз ештеңе байқаған жоқсыз ба? – дедi сынай қарап.
– Ненi? – дедi қыз таңданған пiшiнмен.
Жұлдызжан түсiне қойды да:
– Жазушының бiр ұл, бiр қызы ғана болған ғой! – Түк болма­ғандай әңгiмесiн жалғастырып әкеттi.
– Иә, дұрыс айтасыз! Ұлы қазiр үлкен қызметте отыр. Бұл мұ­ражайды ұйымдастырған сол кiсi. Қызы қарапайым мұғалiм, осын­дағы 47- мектепте сабақ бе­редi. Бәйбiшесi ертерек қайтыс болған.
– Бiлем.
– Сiз өзi бәрiн бiледi екенсiз ғой!
– Бәрiн болмаса да, шет-жағалап бiлемiн. Бұл кiсiнiң тағы бiр көңiлдес келiншегi болған ғой! Содан да бiр ұлы бар екенiн бiлетiн шығарсыз?
– Жоқ, ондай әңгiме естiген емеспiн!
– Қалайша?! Сiз осы мұра­жайдың қызметкерi емессiз бе?
– Бұл өсек-аяң жинайтын орын емес.
– Мұражай бiр жағынан ғы­лыми орталық қой!
– Ғылыми орталық екенi рас. Бiрақ ондай ұсақ-түйекке бола бас қатырмаймыз!
– Ол ұсақ-түйек емес қой, жазушы өмiрiнiң ажырамас бiр бөлшегi, талайлы тағдыры емес пе?! Одан неге қашқақтай­сыздар?
– Дәлелiңiз бар ма, өзi?
– Бар. Тiптi ол әйелдiң кiм екенiн де жақсы бiлемiн. Керек бол­са ұлын да танимын, аға­мыздың атына жазылған. Оны мен ғана емес, бiздiң ауылдың бәрi бiледi. Сiздер қалай бiлмей­сiздер?!
– Сiз өзi қызық адам екен­сiз! Бұл жазушының абырой-беделiне көлеңке түсiру үшiн кейбi­реулердiң әдейi ойдан шығарып алып жүрген өсек-аяңы. Сiз оған сене бермеңiз!
– Бұдан жазушының абырой-беделiне қандай көлеңке түспек? Ата-бабаларымыз үш-төрт әйел алған ғой!
– Бұрын болса болған шығар. Қазiр ондай жоқ қой!
– Неге, қазiр де тоқал алып, жыр­ғап жатқандар жетерлiк. Сiз көрмей жүр екенсiз!
– Сiз өзi бұнда не үшiн келдi­ңiз? – дедi қыз түсiн суытыңқырап.
– Мұражайды көру үшiн.
– Ендеше артық-ауыз әңгiменi не қыласыз, одан да мұражайды тамаша­ламайсыз ба?
– Жақсы, кешiрiңiз! – дедi са­бырлы қалпын сақтап.
– Мынау – жазушының каби­нетi, – дедi бойжеткен екiншi бөлмеге кiре бере, – Анау – жазу үстелi, үстiндегi қағаз-қарын­дашына дейiн көзi тiрiсiнде өзi тұтынған заттар.
Кенет тағы да қаламгердiң жазу жазып отырған айшықты сәтi елес бердi. Қауырсын қанат қаламын ақ парақтың бетiне асығыс-үсiгiс сүйкеп жатыр. Бұны елес деп те айтуға болмас, кәдiмгi күнде көрiп жүрген жұмыр басты пенденiң тiрi бейнесiн анық көрдi.
– Сiз... сiз... – деп келе жа­тыр едi, лезде көзден ғайып болды.
– Кешiрiңiз, сiз кiмге сөйлеп тұрсыз? – дедi қыз үрпие қарап.
– Мен... мен... – Не айтарын бiлмей тұтыға бердi. – Мен...
– Сiзге не болды?
– Ештеңе... – дедi басын шайқап.
–             Ендеше былай қарай жү­рi­­ңiз. Мынау – қонақ бөлме. Осында атақты адамдардың көбi болған, жеңгемiздiң қолынан дәм татқан.
Тағы да көз алдында тiрi бейнелер пайда болды. Үлкен ас үстелдi жағалай жайғасып, ет жеп, қымыз iшiп, мәз-мәйрам болып отыр. Бәрi де сырттай танитын танымал өнер адамдары. Кiлең кiл жүйрiктер. Iшiнде қаламгерлермен қоса ғалым, артист, сазгер, әншi-күйшiлер де бар.
Жалма-жан қасындағы қызға көз қиығын қадады. Ол аузы-аузына жұқ­пай әлденелердi айтып түсiндiрiп жатыр. Бiрақ құлағына ештеңе кiрiп-шығар емес. Шуыл күшейiп барады. Қос қолымен құлағын тас қып жаба кiлт бұрылды.
– Сiзге не болды, өзi? – дедi қыз таңырқай.
– Жайсызданып тұрғаным...
– Бәсе, сұрыңыз қашып кеттi ғой! Сiзге демалу керек шығар?! Үйiңiзге тезiрек жетiп алыңыз. Кейiн тағы келерсiз.
– Ендi келсем, тек сiз үшiн келермiн! – дедi сонда да сыр алдырғысы келмей. – Сiздi көру үшiн ғана!
– Келiңiз! – дедi қыз да қарап қалмай. – Сағындырмай келiп тұрыңыз!
– Түсiнiгiңiз мол екен!
– Қазақтың қызы емеспiз бе, әзiл-қалжыңды түсiнемiз ғой!
– Бұл қалжың емес, шыным.
– Шындықты айта бiлгенге не жетсiн! – Қыз сыңғырлай күлдi. – Әйтеуiр өтiрiктi шындай қыл­масаңыз болды да.
– Ондай жаман әдетiм жоқ, тек сұлу көрсем жүрiсiмнен жаңылып қалатыным рас. Танысуды да тарс есiмнен шығарыппын-ау! Кешiрерсiз, есiмiңiз кiм?
– Айжан.
– О, атыңыз затыңызға сай екен!..
Кенет терезе жаққа көзi түсiп кеткен. Ауладағы үлкен бiр жалғыз теректiң жанынан гараж пайда бола кеттi. Оның алдыңғы жағынан жазушының сұлбасы көрiндi. €зi суреттен талай көрген ақ жейдесi мен ала шалбарын киiп алыпты. Басында ақ қалпақ. Тап бiр тiрi кезiндегiдей аяғын алшаң басып барып, гараждың есiгiн айқара ашты да, ақ волгасын айдап сыртқа шығарды.  
– Сонша неге тесiле қалды­ңыз? – Қыз да терезеге көз салды. – Не көрiп тұрсыз?
– А, жай әшейiн, ойыма бiр­деңе түсiп кетiп... – Ештеңе бiлдiрмеуге тырысып, түк бол­мағандай қызға қарады. Сұлудың көзi жыпылық қағады. Түкке түсiне алмай тұрғаны состиған сұрынан-ақ көрiнiп тұр. Алаң көңiлмен қайтадан терезе жаққа көз қиығын сала берiп, таң-тамаша қалды. Жаңа­ғы көрiнiс көзден бұл-бұл ұшып, iзiм-қайым жо­ғалған. Жалғыз терек қана жаймен тербелiп тұр.
– Ана теректi көрiп тұрсыз ба?
– Иә, не болды?
– Соның жанында гараж болып па едi?
– Шынымды айтсам, бiлмей­мiн. Бiрақ осында көптен берi қызмет iстейтiн бiр адам бар. €зi де танымал қаламгер. Бiр бiлсе, сол кiсi бiлер!
– Жолығуға бола ма?
– Неге болмасын, жүрiңiз!

<!--pagebreak-->
Қыз туфлиiн тық-тық еткiзiп, қаздаңдай басып жүре бердi. Жұлдызжан салпақтап соңынан ердi. Екi-үш бөлменi қиып өтiп, түпкi жақтағы бiр есiктi ашып қалып едi, iркес-тiркес қойылған жазу үстелдерiне жағалай жай­­ғасқан екi-үш кiсi өзара шүл­дiрлесiп отыр екен. Әңгiмелерiн қоя салып, бұларға жалт қарасты. Қыз бiрден шеттеу отырған ақ­басты ақсақалға жақындап барып:
– Мына жiгiт сiзден бiрдеңе сұрасам дейдi, – дедi де, ол кiсiнiң жауабын да күтпестен керi бұрыла бердi.
– Сәлеметсiз бе? – дедi Жұл­дызжан сыпайы сәлемдесiп.
– Амансың ба, айналайын! – дедi ақсақал да жылы шырай танытып. – Кел, отыра ғой!
Ол орындыққа жайғасып отырған соң:
– Иә, балақай, бұйымтайың­ды айта бер, – дедi тағы да сөздi өзi бастап, – Не сұрайын деп едiң?
– Менiң бiлейiн дегенiм, ана ауладағы көк теректiң түбiнде гараж болып па едi? – дедi терезе жаққа жалтақтап.
– Иә, болған. Сен оны қайдан бi­лесiң?
–             Естiп едiм. – €тiрiк соғып қал­ды. – Ағамыздың ақ волгасы болып па едi?
– Иә, болған. Менiң құр­дасым шайқап өмiр сүрдi ғой! Бәрi болды онда!.. Саған оның не керегi бар?
– Жазушының өмiрi мен шы­ғармашылығын зерттеумен айналысайын деп едiм! – Тағы да амалсыздан өтiрiк айтты.
– А, онда жақсы екен! Тала­быңа нұр жаусын, қарғам! Иә, тағы қандай сұрағың бар?
Жұлдызжан “сұрасам ба, сұрамасам ба екен” деген екi­ұштылау оймен сәл кiдiрiп қалды да, “шешiнген судан тайынбас” дегендей:
–             Жазушының заңды екi ба­ла­сынан басқа тағы бiр ұлы бар ғой. Сiз оны бiлетiн шығарсыз? – деп қойып қалды.
– Саған оның не қажетi бар? – Ақсақалдың қас-қабағы түйiлiп, түсi бұзылып кеттi. – Мен ондай қитұрқы сұрақтарға жауап бер­меймiн! Сен өзi журналист емессiң бе?
– Жоқ, әлi студентпiн!
– Сенi мұнда кiм жiбердi?
– Ешкiм жiберген жоқ, өзiм келдiм!
– Бiлем, бiлем... кiмдердiң жiбергенiн... Ештеңе бiлмейтiн аңқау қазақты тапқан екенсiң! Солар ғой, сенi әдейi жiберiп отырған... Көзi тiрiсiнде де түртпектеп маза бермеп едi, өлгеннен соң да тыныш жатқызар емес!.. Ендi қойса болар едi ғой!.. Селкiлдеп-қалтылдап жүрсе де, жан-жағына зәр шашуын тыяр емес... Әй, сен бала, оларға iлеспе! Айтағына ерiп, айдауына жүрме! Олар бүлiнген, бұзылған, кiрленген адамдар... Ар-иман жоқ, сенi де бiр күнi боққа батырады! Сондықтан ондай иттерден аулақ жүр!..
– Олар кiмдер? – деген са­уалдың аузынан қалай шығып кеткенiн өзi де байқамай қалды.
– Бәсе, олар кiмдер? – Ақ­сақалдың әжiмдi жүзi одан сайын сұрланып, көзi ақшиып кеттi. Қолы дiр-дiр етедi. – Түк бiлмей қалуын қарашы-ей, мұның! Шық бұл жерден, жоғалт көзiңдi! Ана айтақшыларыңа айта бар, мен ендi оларға қарсы жаңа шабуыл бастаймын. Ажалда­рынан бұрын өлтiрiп, көздерiне көк шыбын үймелетемiн! Әй, сен бала, естiп тұрсың ба, солай айт, айта бар ана қаусаған қара бүлдiр­гiлерге... – дедi түкiрiгi шашырап.
Жұлдызжанның зәресi ұшып кеттi. Ештеңенiң байыбына бара алмаса да, орнынан атып тұрып, шығар есiкке қарай тұра жүгiрдi. Шығып бара жатып та:
– Иә, солар ғой, бұл сү­ме­лектi жiберген, көрлерiңде өкiргiр иттiң балалары... – деген сөз­дердi құлағы шалып қалды.
Ерiксiз езуiне күлкi үйiрiлдi. Басын шайқай бердi. “Ақсақал неге сонша ашуланды екен? – деп ойлады. – Олар кiмдер, кiмдердi меңзеп отыр? Әй, кiм болса, ол болсын, менiң қандай қатысым бар? Ата сақалы аузына түскен адам, жазушы деген дардай аты тағы бар. Соншама кәрiн төккенi несi?! Менiң не жазығым бар? Оларды танымақ түгiл, кiм екендерiн де бiлмеймiн ғой! Мұнысы несi екен, ә?! Жазушы боламын деймiн, мынандай болса, жазушы болу да оңай емес қой! Бiрiн-бiрi көре алмай, бiр-бiрiнiң жағасына жармасып, етегiнен тартып, айтысып-тартысып жа­тады деп естушi едiм. Сол шын болғаны ма?! Әйтпесе, жоқ жерден жау iздеп не керек? Сонда мен жазушы болуды не үшiн армандадым?! Осы үшiн бе? Жо... жоқ!.. Мен бәрiбiр жазушы боламын! Алған бетiмнен қайт­паймын, бағытым­нан айнымай­мын! Мұндай дау-шарларға мүлде араласпаймын, жазумен ғана айналысамын! Түптiң-түбiнде ұлы жазушы болып, мақсатыма жетемiн!”
Ол сыртқа шығып, ауладағы көк теректiң түбiндегi орындыққа келiп отырды. Бағанағы өзi көрген гараждың орнына қадала ұзақ қарады. “Менiң көзiме гараж қалай елестедi. Елестеген жоқ, мен оны анық көрдiм ғой! – дедi терең ойға батып. – Тiптi жазушыны да... оның ақ волгасын да... Бұл не сонда? Түк түсiнсем бұйырмасын! Иә, анық көрдiм. Бұл түсiм емес, өңiм ғой! Ендеше бұл қалай болды? Бұл не? Ненiң белгiсi, жақсылықтың ба, жоқ әлде жамандықтың ба?”
Төңiрек тып-тыныш. Жанға жайлы салқын самал еседi. Маңайда қыбыр еткен пенде жоқ. Көк кептерлер ғана ұшып-қонып жүр. Кенет бiр ақ көгершiн ұшып келiп, қарсы алдына қонды да, айналшықтай бердi. Шегiр көзiнiң сұғын қадап, iшiп-жеп барады. Қанатын қағып-қағып, мойнын созып-созып қояды. Гууг-гууг етiп гуiлдейдi. Бiрдеңе айтқысы келетiн сияқты. Бiрақ Жұлдызжан құстың тiлiн қайдан ұқсын?! Аузын ашып, көзiн жұма бердi. Ақ көгершiннiң ештеңеге қарай­лайтын түрi жоқ, өңменiнен өтер­дей сұқтана қарайды. Кенет көзiне көзi түсiп кеттi. Қасқағым сәтте қарсы алдында әйел пайда болды. Қолаң шашын жайып жiберген, ашаң жүзiнен нұр төгi­лiп, тал бойынан шуақ шашы­райды.  
–             Сiз кiмсiз? – дедi бұл сас­қалақтап.
Ақмаңдайлы ару тiл қатар емес. Жауаптың орнына өткiр жанарынан отты жалын жарқ ете қалғандай болды. Жұлдызжан көзiн тас жұмып, алақанымен бетiн бүркей бердi. Бiрақ бәлендей оқыс ештеңе бола қойған жоқ. Жасқаншақтай көзiн қайта ашты. Әйел ұшты-күйлi жоқ, қарсы алдында ақ көгершiн мөлие қарап әлi тұр. Жәутең-жәутең етедi. Кенет секiрiп орындыққа шықты. Онда да тұрақтай алмай, қолына қонды. Тыпыршып тыныш тұра алар емес. Жұлдызжан да жатсынбай көгершiннiң жотасынан жаймен сипалады. Сол жақ қанаты сәл майырылып қалыпты. Үстi-басы жып-жылтыр, жып-жылмағай. Әсiресе мойын тұсы қызылқоңыр түске боялып, күн көзiне шағылыса жалт-жұлт етедi. Қимыл-қозғалысы сондай ширақ. Бiр кезде қанатын қаға секiрiп, иығына қонды. Қайта-қайта мойнын соза қарап қояды.
Жұлдызжан жаңағы көрiнiстiң әсерiнен арыла алмай, мең-зең күйде мәңгiрiп отырып, тағы да ой теңiзiне шомып кеттi: “Бүгiн маған не болды өзi?! Көзiме не көрiндi?! Адам ба, әлде жын-шайтан ба? Бұл неғылған ару? €зi сондай сұлу екен! Перiнiң қызы емес пе?! Жазушының әйелi баяғыда өлiп қалмап па едi? Иә, ендi есiме түстi. Бұл шыны­мен сол ағамның үйiндегi жеңгей ғой! Бiрге түскен суреттерiн талай көргем. Иә, бұл сол, жазушының бәйбiшесi. Ол менiң көзiме не үшiн көрiндi? Мұнда қандай құпия-сыр бар? Әлде менi шынымен жын-шай­тандар иектеп алғаны ма?! Бұл бiр сәтсiз күн болды-ау! Мына көгершiнге не жоқ?! Иығыма шығып алып, тайраңдап тұрғанын қарашы! Тап бiр менiң асыранды тотықұсым сияқты, қорқу, үрку, жатсыну жоқ. Әй, бiрақ, мен бiлсем, бұл тегiн көгершiн емес. Бойынан бiртүрлi бiр жылылықты сезiнiп тұрмын. Көзiнiң өзi көп сыр айтып тұр. Қасиетiңнен айна­лайын, адалдықтың ақ перiштесi, не айтқың келiп тұр, сарнашы бiр көсiлiп. Тыңдайын бiр зейiн қойып. Айтшы, кәне, не дейсiң?”
Ол назарын көгершiнге қайта аударды. О тоба, құстың көзi жасаурап тұр. Ойланып та үлгермей жатып, көгершiннiң мөлт-мөлт еткен жанарынан бiр тамшы жас үзiлiп түстi. Тағы бiр тамшы... Жанары жасқа толып кеттi. Мөп-мөлдiр мойыншақтар бiрiн-бiрi қуалай, сынаптай сырғып барады.
Жұлдызжан құстың жылағанын ал­ғаш рет көрдi. Бiрақ оған таңданып, таңдай қаға қойған жоқ. €йткенi ол да бiр бойында жан, тамырында қан бар тiршiлiк иесi ғой. Оның да адам секiлдi жүрегi, бауыры, бүйрегi бар. Сөз жоқ, жаны қиналады, жүрегi сыздайды, бауыры езiледi, бүйрегi бүлкiлдейдi.
Көгершiннiң көзiнен пора-пора жас парлап тұр. Екi-үш тамшы жас алақанына тамды. Жайлап жалап көрiп едi, дәмi ащылау татыды. “Құстың да жасы ащы болады екен-ау! – деп ойлады. – Көзiнен сорасын ағызып, неменеге егiлiп тұр?! Осыған не жетпейдi екен?! Әй, бiрақ құс екеш құстың да бiз бiле бермейтiн өз өмiрi, тағдыр-талайы болады ғой! Қайғы жамылып, қасiрет арқалап жүр ме екен?! Сыңарынан айырылды ма, жоқ әлде бауыр етi – бала­пандарын жоғалтты ма?! Кiм бiлсiн! Әйтеуiр, бiр мұң бар-ау! Бұлардың да бiрге туған ет-жақындары болады емес пе?! Әлде басына бiр iс түсiп жүр ме екен?! Ой, өзi мен не қиялдап кеттiм? Егер осы ойымды бiреу-мiреу оқып қойса, артын ашып күлер едi-ау!.. Әсiресе қу тiлдi Қуан бiлмей-ақ қойсын! Ол естiсе, бүкiл елге жайып, мас­қарамды шығарады-ау!.. Неге екенiн бiлмеймiн, сол-ақ менi аңдиды да жүредi. Әй, қойшы соны, ит те болса досым ғой!..”
Ақ көгершiн секiрiп басына шықты. Төбе-құйқасы шымырлап қоя бердi. Бiрақ мысқалдай да ауырлығы бiлiнер емес. Тек қозғалған сайын тырнақтары батыңқырап, жыбырлатып әкетiп барады. Жанынан қиыс өтiп бара жатқан бiр аққұба қыз бұған қарап мырс етiп күлiп жiбердi. Бұл да жылы жымиып, көзiн қысып қалды. “Сасқан үйрек артымен жүзедi” демекшi, не үшiн көз қысқанын өзi де анық ажыратып жатпады. Қысылыңқырап қалған бойжеткен жүзiн жылдам бұрып әкеттi де, ләм-мим деп тiл қатпастан, аяғын асыға басып, жөнiне жөней бердi.
Кенет төбесi суланып кет­кендей болды. Ол құстың басына саңғып жiбергенiн сездi де, қолымен қаттырақ қағып жiберiп, орнынан атып тұрды. Көгершiн анандай жерге ұшып барып топ ете түстi. Жалма-жан қалтасынан қол орамалын суырып алып, төбесiн сүрте бастады. Алға­шында ашуға мiнсе де, артынша-ақ балаша қуанды: “Құстың төбеңе саңғығанын жақсы ырымға балап жатушы едi ғой көнекөз қариялар. “Басыңа бақ қонып, дәулетiң артады, ырыс-құтың молаяды” демеушi ме едi! Бұл жақсылықтың нышаны шығар?! Құдай бiрдеңе берер! Мүмкiн, аяқ-астынан байып кетермiн! Әй, бiрақ кiм бiледi?! Қой, құр босқа қиялдай бергенше, жатақханама барып, ертеңгi сабаққа дайын­далайын. Алдымен тездетiп барып жуынып алайын, қуаяқ Қуан басымдағы боқты көрсе, өмiр бойы аузынан тастамай жыр ғып айтып жүрер! Ойбай, ол бiлмей-ақ қойсын!”
Ол iлби басып, аялдамаға қарай аяңдады. Жан-жағына көз тастап қояды. Адам аяғы аз, көше бойлап ағылған машиналар зу-зу етiп, зуылдап өтiп жатыр. Аялдамаға келiп, бос тұрған орындыққа отыра бергенi сол едi, ақ көгершiн секеңдеп жанына жетiп келдi: “€й, мынау менiң артымнан қуып келген бе?!” – деп таң-тамаша қалды. Әй-шай жоқ, қайтадан қолына келiп қонды.
Аялдамадағы адамдар бұ­ларға қарай мойын бұрған. €зiнен-өзi қысылып-қымтырыла бастады. Абырой болғанда тап осы кезде күткен автобусы да келе қалды. Атып тұрып, жүгiрiп кiрдi. Автобус көп аялдамастан жүрiп кеттi. Арт жағына көз тастап едi, ақ көгершiн қалмай ұшып келедi екен. Келесi аялдамаға тоқтаған кезде, бұл тұрған терезе жаққа тақап келiп, қанатын сабалай бердi. Қоштасып тұрған сияқты.
Автобус қозғала бердi. Көгершiн қалысар емес. Бiр кезде автобус солға қарай кiлт бұрылды. Бейбiтшiлiк құсы әдейi iстедi ме, жоқ әлде өзiн-өзi тоқтата алмай қалды ма, ұшқан бойы екпiндеп келiп алдыңғы терезеге дүңк етiп соғылды да, жалп етiп құлады. Жүргiзушi автобусты тоқтата қойған жоқ, түк болмағандай таптап өте шықты. Жұлдызжан адамдарды қаға-маға автобустың арт жағына қарай тұра ұмтылды. Жапалақша жарбиып жатқан ақ көгершiн ағылған көлiктердiң астында мыжылып қала бердi. Тек шар сияқты дөңгеленген көкшiл жалынның көкке көтерiлiп бара жатқанын байқап қалды.
Көңiлi сеңдей бұзылып қоя бердi. Жанарына жас iркiлдi. Арт жақтағы бос тұрған орындыққа сылқ етiп отыра кеттi. Маңдайы­нан суық тер бұрқ ете қалды.
Көз алдына бағанағы әйелдiң бейнесi қайыра елес бердi. Қан-сөл жоқ, сұп-сұр, сұп-суық. Қудай қуарған жүзiнен өлiмнiң табын танығандай болды.
Жұлдызжан шошына селк ете түстi. Жүрегi дүрсiлдеп кеттi.
– Бiссiмiллә... бiссiмiллә!.. – Iштей күбiрлеп, көзiн жұма бердi. – Құдайым сақтай гөр!.. Құдайым сақтай гөр!..

Думан РАМАЗАН

http://zhasalash.kz/ruhaniyat/4971.html

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5566